Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
косылган билеттер.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

11 Билет

Коагуляциялауда судың мөлдірленуі және түссізденуі тез жүреді де, оның тиімділігі жоғарылайды. Коагуляциялау процессінің өзі екі кезеңде жүреді:

-бірінші кезеңде судағы қоспалардың атрегаттық тұрақтылығы бұзылып, олар бір-біріне жабысады.

- екінші кезеңде коагулянттың  үлпектері түзіліп, олардың беттерінде  қоспалардың дисперсті және коллоидты бөлшектері сорбцияланады.

Коагуляциялаудың екі түрін ажыратады:

1. Бос көлемде (үлпек құрау  камерасында);

2. Жанаспа жағдайда (жанаспа  сүзгіштердің түйіршікті қабатында)

Судағы қоспаларды коагуляциялау деп бөлшектердің молекулярлық тартылу күштерінің әсерінен олардың бір-біріне жабысу нәтижесінде өтетін, коллоидты және дисперлирленген бөлшектерінің ірілену процессін айтады.

Табиғи судың лайлығын және түс беретін көптеген заттар коллоидты түрде болып келеді.

Коагулянттар ретінде мынадай химиялық реагенттер қолданылады: адюминий тұздары – AL2(SO4)3 немесе хлорлы темір- FeCL4, темір купоросы - FeSO (4) және күкірт қышқылды үшвалентті темір - Fe(SO4)3

Қазіргі кезде коагуляция процессін тездету үшін флокулянттар деп аталатын арнаулы қоспалар қолдана бастады. Оларға жататындары:

1.белсенді кремний қышқылы

2.сілтілі крахмал

3.синтетикалық препарат – полиакриламид

4. катионды типті флокулянттар.

Коагулянттар мен флокулянттарға белгілі гигиеналық талаптар қойылады:

1.улы болмауы керек;

2. зиянсыз болуы;

3.судың құрамы мен қасиеттерін нашарлатпауы керек;

4.оларды жасауы арзан және оңай болуы;

5.жақсы коагуляциялық нәтиже беруі керек.

Суды өңдеуде осы реагенттер оған ұнтақ немесе гранула түрінде (құрғақ дозалау), немесе су ерітінділері немесе суспензиялар түрінде (дымқыл дозалау) қосылады.

Коагуляциялау үшін қолданылатын қондырғылар кешеніне мыналар кіреді:

1.Оларды даярлау және дозалау қондырғылары (реагенттік шаруашылығы).

2. Реагенттерді өңделетін  сумен араластыру қондырғылары (араластырғыштар).

3. Үлпек құраушы камералар.

Коагуляциялауға бақылау. 

Су құбырында суды коагуляциялауына зертханалық бақылау, сынақтық коагуляциялау реакциясын қоюмен қатар, судың мөлдірлігіне, түсіне, оның сілтілігіне әрдайым бақылау жүргізіледі. Коагулыциялау процессі тиімді өтті деп судың лайлығы 1.5 мг/л аспайтын болса саналады. Суды тазалаудың келесі сатысы – ол әртүрлі тұндырғыштарда үлпектерді шөтіру арқылы суды мөлдірлендіру және соңынан суды сүзу және залалсыздандыру жүргізіледі.

Ластанған суды зарарсыздандыру

Лас суды зарарсыздандыру, құрамында патогенді (ауру тарататын) микробтарды жою үшін жəне суатқа тазартылған суды тастаған кезде осы микробтар жұғу қаупін жою үшін өндірілген. Лас суды тұндырса да, не жасанды биологиялық тазартса да патогенді микробтардың толық жойылуы мүмкін емес. Жасанды биологиялық тазарту ғимараттарында (биосүзгіде жəне аэротенкте) бактериялар 91-ден 98 %-ке дейін жойылады. Сондықтан механикалық жəне жасанды биологиялық тазартқаннан кейін суатқа тастау алдында лас суды з

арасыздандыру керек. Су құрамында қалқымалы заттар болмаған жағдайда ғана ол тиімді болуы мүмкін. Бактерия Coli бойынша анықталатын зарарсызданды

рудың тиімділігі практикада 100 % болу керек. Бактерияның жоюдың сенімді тəсілі биологиялық тазартудың жер қабатты тəсілі (суландыру алаңдарында жəне сүзу алаңдарында) болып келеді. Бұл жағдайда дезинфекцияның қажеті жоқ.

Лас суды дезинфекциялау əр түрлі тəсілдермен жүргізілуі мүмкін. Бірақ хлорлау солардың ішінде көп тарағаны. Лас судың тазартылған құрамы біркелкі емес, сондықтан судағы артық хлорды бақылап отыру жəне оның концентрациясын берілген санының шегінде ұстап отыру керек. Лас судағы артық хлордың анықтамасы иодометриялық тəсілмен жүргізіледі. ҚН жəне Е бағына отырып, белсенді хлордың дозасын былай қабылдайды:

а) механикалық тазартқаннан кейінгі лас су үшін 10 г/м3;

б) аэротенктерде немесе биік жүктелген биосүзгілерде тазартылған лас су

үшін 5 г/м3;

в) толық тазартылған лас су үшін 3 г/м3.

Лас суды дезинфекциялау үшін қажет белсенді хлордың жалпы саны былай анықталады: Vmax=Qmax*a

мұндағы а – белсенді хлордың дозасы, г/м3;

Qмах – судың максималды шығыны, м3 /сағ.