Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
косылган билеттер.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

10 Билет

Суды тотықтырғышпен залалсыздандыру

Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит. Озондау судың түссізденуіне, оның құрамындағы темір мен марганецтің тотығуына, дәмді, иісті жоюға болады. Озонның бактерицидтік әсерінің механизмі микроағза жасушаларының ішіне кіру және өмірлік маңызы бар биологиялық белсенді қосылыстарды (ақуыздар, ферменттер, ДНҚ, РНҚ) тотықтыру болып табылады. Су көзінің аса бактериялық ластануы кезінде немесе онда дәстүрлі хлорлаудың әсерлеріне төзімді патогенді микроағзалардың, энтеровирустардың бар болуы кезінде озон ерекше тиімді болады. Суды залалсыздандыру үшін озонның мөлшері 1-2 мг/л-ге тең

Артықшылықтары :суға химиялық реагенттер қосылмайды, озонның қалпына келтіру өнімі оттегі болып табылады.

 Кемшіліктері:ұзақ уақыт әсер етудің жоқтығы,техникалық күрделі, қымбат жабдық, электр энергиясының көп жұмсалуын талап етеді.

Натрий гипохлориті (НГПХ) бүгінгі күні залалсыздандыру реагенттерінің ең жақсысы және қауіпсізі болып табылады. Гипохлорит-ион күшті антибактериялық әсерге ие. Бұл құрал микроағзаларды өте жылдам өлтіреді және өте аз мөлшері жеткілікті, себебі НГПХ ыдырауы бірқатар белсенді бөлшектердің (радикалдардың),синглетті оттегінің пайда болуымен бірге болады, ол жоғары биоцидтік әсерге ие. НГПХ ыдырауы кезінде пайда болатын бөлшектер (радикалдар) микроағзаларды қоршап тұратын биоүлдірді бұза отырып олардың жойылуына себепші болады. Натрий гипохлориті ерітіндісінің бірнеше түрлері бар: өнеркәсіптік әдіспен алынған НГПХ концентрацияланған ерітіндісі (белсенді хлор бойынша 120-190 г/л) және тұтыну орнында ас тұзы ерітіндісінің электролизімен алынған НГПХ ерітіндісі (0,6-0,9 %). 

Артықшылықтары 

  • хлорлау процесін жүргізудің қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі

  • судағы хлордың қалдық мөлшері (0,3-0,5 мг/л) ұзақ уақыт бактерицидтік әсерді қамтамасыз етеді тотықтыру-залалсыздандыру, жұқпасыздандыру әсерлерінің тиімділігі бойынша натрий гипохлоритінің ерітіндісі хлордың әсерімен бірдей, ал қауіпсіздік талаптары бойынша едәуір төмен.

  • микроағзаларға бактерицидтік әсер етудің жоғары тиімділігі

  • экологиялық қауіпсіздік

 Кемшіліктері

  • хлорлау қажетсіз хлорорганикалық қосылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін

Хлорлау әдісін қолданғанда бактериялардың өніп-өсуінен басқа органикалық заттектердің қышқылдануы да токтатылады, каогуляция процесі жеделтетіледі және иіс азаяды. хлорлау бірқатар жағдайларда ауыз суда зиянды заттектердің, соның ішінде мутагендер мен канцерогендер (мыс, диоксиннің) түзіледі.

2 ші сатылы тұндырғыш

2- ші сатыл тұндырғыш-аэротенкпен тазарған су арқылы түсетін белсенді лайды болмаса биологиялық сүзгіштерден түсетін биологиялық үлпекті тоқтату үшін қызмет етеді. 2-ші сатылы тұндырғыштар тік, көлденең жəне радиалды болады. Тік тұндырғыш өнімділігі 20 мың м3/тәул ке тең. 20 мың нан жоғары көлденең және радиалды тұндырғыш қолданылады.Тік 2-ші сатылы тұндырғыштардың конструкциясы 1-ші сатылы тұндырғышқва ұқсас, бірақ биіктігі төмендеу болады.

2-ші сатыл тұндырғыштарда тұнған белсенді лайдың ылғылдылығы 99,2 – 99,5 % болады.лайдың негізгі бөлігі регенерацияға түсіп қайтадан аэротенкке беріледі – бұл лай рециркуляциялы лай деп аталады. Микроорганизмдердің қызмет ету нəтижесінде белсенді лайдың үздіксіз көбейгендіктен артық белсенді лай пайда болады. Бұны рециркуляциялы лайдан бөліп келесі өңдеу ғимаратына (метантенкке,) жібереді.