- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •5.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы
- •15. Қарахан мемлекеті : этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •50.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •51.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
- •62.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.
- •63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары
- •68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •73.1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •77. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
- •4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.Республикаға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне де ие болды.1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын.312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар: Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 жылы Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған.
