Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239 Кб
Скачать
☆

42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.

Көтерілістің алғышарттары Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің қозғаушы күштері. Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады.Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Көтерілістің тарихи маңызы: 1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. 2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі. 3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті. 4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті. 5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті. 6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр. 78}Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарғанСыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:Әскери күшпен салық жинауы; Бекіністер салуға Арал қазақтарын күштеп қатыстыруы.Көтеріліс жетекшісі Жанқожа Нұрмұхамедұлы.1836ж Амудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуа әскеріне қарсы күрес басталды.1842ж Хиуа бекінісі Бесқаланы қиратты.1843ж Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр Қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж коктем Жанқожа тобы хиуалық 2000мың әскерді жойып жіберді.Орыс әскери топтарының Сыр бойына келуіне арқа суйеген Жанқожа тобы Сырдың төменгі ағысын хиуалықтардан тазартты.Негізгі қозғаушы күші қазақ , қырғыз шаруалары.Көтерілісшілер Әулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан комек сұрап, комекке келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды.Қоқандықтар шабуылы қазақ ауылдарының Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуін тездетті:Сарысуға 12мың шаңырақ, Перовск фортына 4700шаңырақ кошті.1858ж мамыр көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорғанмен Түркістанды қоршады. Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худьярмен ымырластық келісімге келді:Ташкент билеушісі болып Мырза Ахмет орнына, інісі Мұрат Аталық сайланды.Котеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылығы.Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы.Тарихи маңызы :Қазақ, қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы.Оңт.Қаз.ды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.

43. Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. XIXғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне әкеліп соқты. Көтерілістің негізгі себептері. Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда) басып алған. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған агрессиялық саясат халықтың ашу ызасын тудырды. Үшіншіден сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отарлық қанау салдарынан тұрмысы нашарлаған еді, яғни жер мәселесі \Хиуа хандығының және оның қазақтар жеріндегі әкімдерінің озбырлығы халықтың ашу ызасын келтірді. Жанқожа егінші қазақтардың күресіне басшылық етіп 1843жылы Хиуа бекінісін талқандады. Екі жылдан соң Жанқожа бастаған көтерілісшілер Жаңақала бекінісін басып алды. 1847-48жылдары ол Райым бекінісі маңында орыс әскерінің хиуалыықтарға қарсы жүргізген шайқасына көмектесті. Негізгі шайқасы 1856жылдан басталды. Осы жылдың аяғында бүкіл Қазалы өңірін көтеріліс жалыны шарпыды. Қаруланған көтерілісшілер саны 1500-ге жетті. 1856-57жылдары шайқастарға патша үкіметі Қазалы фортының т.б. жерлерге зеңбірек пен ракеталық қондырғылары бар әскер жіберді. Жанқожаның 5000 мыңға дейін қарулы атты әскері болғанына қарамастан көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Көтерілісшілер мен 20шақты ауыл Хиуа хандығының жеріне өтті. Жанқожа Бұқар, Хиуа немесе Қоқан хандары тарапынан одақтас тапсам деген әрекетінен еш нәтиже шықпады. Көтерілісшілердің жеңілуінің басты себебі:Олардың нашар қарулануы, тактикасының мешеулігі, қамтыған аймағының аздығы, ескі ортағасырлық тәртіпке сүйенуі. Көтеріліске қатысқандар қуғын сүргінге ұшырады. Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін майдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты.Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақ салуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті нәрсе болатын.1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтеріліске шыққандардың жалпы саны 3 мың адамға дейін жетті. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар барлық бәленің басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын. 1857 жылғы қаңтарда көтерілісшілердің саны 5 мың адамға жетті. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды қарсы шабуылға шықты. 300 қазақ, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбіректер және ракеталы станоктармен қаруланған болатын. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Көтерілісшілерді жігерлендіру үшін олардың алдында желбірете ақ ту ұстаған Жанқожа батыр келе жатты. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.Көтерілістің негізгі күштері жеңілгеннен кейін Жанқожа батыр Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрікмендерден әскери жасақ құрап беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді. Бірақ Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты.Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты

44. Патшылық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы. Барысы және оның салдары:XVIIIғасырдың аяғы-XIXғасырдың басында кіші және орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен бірқатар қазақ жерлері орта азия хандықтарына тәуелді болды. Атап айтқанда, Оңт.Қаз., Жетісу жерлері.

Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларына, Жетісу жерлеріне шабуыл жасап отырды. Бұл хандықтар ағылшын үкіметінің жасырын қолдауына сүйенген. |Оңт.Қаз. мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда және саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. Қоқан мен Хиуа хандары Қазақстанның Оңтүстігі мен Қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуін қаламады. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалының күшейуінің кепілі:

Әскери бекіністер салды (Ақтау, Алатау, Қапал 1847жылы, Сергиополь Аягөз, Лепсі 1855 жылы) Бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті.XIXғасырдың 20сыншы, 30жылдары «Азия комитеті» құрылды.1862 жылы Қазан, Пішпек екінші рет алынды.1863 жылы Ресей құрамына 4000мың шаңырақ, 5000мың шаңырақ 5таңбалы рулары кірді.1864 жылы патша әскері Шу, Меркеһ, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды.1865 жылы шілдеде Ташкентті үш күндік шайқастан соң алды. 1868 жылы қаңтарда Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Хиуа хандығының қазақ халқына тәуелділігін жойды.XVIII ғасырдын 30 жылдарынан басталған қазақ елінің ресей құрамына қосылу процесі 1.5 ғасырға созылды XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардыңәлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Емба өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отыр­ды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әске­ри күштерді пайдаланды. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780–1860жж.) басқарды. Шекті руы басшыларының бірі – Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жы­лы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қира­тып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. 1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан Сырдария әскери желісі пайда болды. Алым барлық халықтардан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей – бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бас­тан кешірді. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басталуының себептері қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саяса­тында жатты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды.1856 жылы 19–23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жер­ден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856–1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отар­лау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді. XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды. 70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы, орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды. Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады

45. 1867-1868 жж. реформалар. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды. Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды. Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру. - Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу. - Алайда Ш.Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады. 1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 4) Отарлық басқару күшейді. 5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

46.1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.81}XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді. XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. 19ғ 60-жылдарында қабылданған әкімшілік,сот,басқару реформалары бірден іске аспады.Қазақстандағы байлықты игеру барысында капиталистік қатынастардың күрделенуі жаңаша реформа алып барды. 1886 жал 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару және жер салық өзгерістерін енгізу туралы заңы Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрды: 17 баптан жаңа патша заңы қабылданды, соттардың төтенше съезі әскери губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілдік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізілді,төменгі сот буыны халықтық сот болды, бірістіруші сот облыстық уездік билеушілердің мүддесін қорғады.

1891ж 25 наурызда ақмола сесей жетісу орал торғай облыстарын басқару туралы заңы бойынша: Түркістан өлкесі құрылып, орталығы ташкент болды; облыстары;Сырдария, Ферғаана,Самарқан; Дала ген губ құрылып, орталығы Омбы қаласы болды.Облыстары:Ақмола,Семей,Жетісу

Реформа бша ірі облыстық орталықтарда полиция басқармасы құралды.Уездік қалаларда полицейлік пристав құрылды; Болыстық басқарушылар мен мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери губернатор құзаранда болды.Жетісу, ОРал облыстық әскери губернаторлары атаман болып есептелінді.сот ісін басқару құрылымы: әскери – сот комиссиялары; уездік соттар – билер ен қазылар сотысОт мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды.1886-1891 ж патша өкіметі қабылдаған Түркістан жіне дала өлкелерін басқару туралы жаңа ережелерге сәйкес жалпы империялық соттар жүйесі – бітістіруші судьялар, облыстық, жоғарға сот инстансиялары қалыптасты. Бұл реформалардың да отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағыттаған еді. Сондықтан ол қазақтардың наразылығын тудырды.

47. 1868 - 1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер. Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдык езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді. Өсімқорлық саудамен айналыса бастаған ақсүйектер күнкөрісінің барысы еңбекшілерге әкімшілік басқару жағынан қысымды үдетті. Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге "Уакытша Ереженің" жерді пайдаланудағы жаңа кағидалары тіпті қолайсыз еді. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине, ауқаттыларды қоспағанда) шаңырақ салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік корғансыз жандарға тіпті ауыр еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілген салық қазақ шаруаларының басым көпшілігін ауыр жағдайға душар етті. Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек, шаруалар халінің мүшкіл болғанына көз жеткізу қиын емес. (3)Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды. Қыстау мен жаздық коныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді. Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868 - 1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын, 1870 жылы Маңғыстауды қамтыған казақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.(4)1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа карсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар өз артықшылықтарынан, ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылар еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, ел мұқтаждығына селқос қарады.Қаруланған казақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы мүшкілденіп, азық-түлігі және жемшөбі таусылған олар әскери шепке кайтып кетуге мәжбүр болды. (5Бұл көтерілістің сонымен қатар антифеодалдық сипаты да бар. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасады, оған жалпы саны 3 мың көтерілісші қатысты.Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырды.Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады. Көтерілістің жеке құрамаларына басшылық еткен сұлтан Хангали Арсланұлы, билер Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар Рысқұлұлы, Досұлы, т.б. солқылдақтықтың салдарынан шаруалардың үмітін ақтамады. Нашар қаруланған, араларында ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске, ұшырады. Маңғыстау түбегіндегі көтерілістің басты себебі де Орал, Торғай облыстарындағы қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868 жылдардағы "Уақытша Ереженің" қатал отаршыл талаптарымен байланысты еді. "Ережелерді" іске асырудағы алғашқы адамдардың өзі-ақ түбек тұрғындарының негізгі тобы — адайлықтардың қарсылығын туғызды. 40 мыңға жуық шаңырақтан тұратын адай елі екі жылдың ішінде 160 мың сом салық төлеуге тиісті еді.Көтеріліске түрткі болған — патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды. 1870 жылғы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин құрамында 36 казак, 4 офицер, тілмаш Бекметұлы, би Майұлы және 60 адамы бар топпен "Ережеге" қарсылық ретінде ел түкпіріне көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінің маңайында бақташылар - Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық қазақтар жазалаушыларға тұтқиылдан тап берді.Шаруалар қоршауында калған жазалаушылар ұйымдасқан қарсылық көрсете алмады. Жазалаушылар талқандалды, подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, бүкіл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны шарпыды. Көтерілісшілерді басқа да әлеуметтік топтар қолдады, Николаевск станицасы мен Александровск форты слободкасының балық аулау кәсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан өзінше "флотилия" құрған көтерілісшілер тобы он мыңға жетті.1870 жылғы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады. Форттың сыртындағы бірнеше маяк (бекініске ұқсас бақылау пункті) өртелді. Әскери гарнизонның азық-түлігі сақталған төменгі бекініс орны талқандалды, саудагерлердің үй-жайын от шарпыды. Тек патша өкілдерінің зеңбіректерді іске қосуы ғана көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті.Маңғыстаудағы көтеріліс Орынбор мен Оралдың отаршыл билеушілерін шошындырды. Орыс әскерінің бас штабында үрей туды. Бұл кезде Ирандағы ағылшын әскерінің күшеюіне байланысты, патша үкіметі өзінің оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру мақсатында Хиуа хандығына қарсы жорыққа әзірленіп жатқан. Осыған орай Красноводск маңайында ірі әскер тобы шоғырланған еді. Маңғыстаудағы көтеріліс осы күштің тылында қалды. Көтерілісті жаныштау Кавказ билеушісіне жүктелді. 1870 жылдың мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны екі атқыштар ротасы, шептік батальонның бірнеше ротасы, Терек қазақтарының 2 ротасы .және 4 зеңбірек жеткізілді. Бұл осал қаруланған көшпелі қазақтарға зор кауіп еді. (6)Көтеріліс аяусыз жанышталды. Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан кетпеді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннің "бұларды келістіріп жазалау" керек деген нұсқауына сай көтерілісшілерді кудалаудан аянған жок.Осы жеңіліске байланысты қозғалыстың басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы, И.Көлұлы және басқалар 3000-ға жуық шаңырақты ертіп, жазалаушылардан ығысқан бойы Хиуа хандығына өтіп кетті.Маңғыстаудағы көтерілісте антифеодалдық сипат әлсіз болды.

48. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІ. Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болдыОсы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. . Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды . зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады . Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.

Зар – заман ақындарының өлең – жырларында елмен қоштасу , туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер , ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке , бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып , өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң – шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып , басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады.. Бұл ақындардың ішінде өлең – жырдың бар қуатын пайдаланып, ата – баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.Консерватор ақындар күшті де , әділ хан билігін құп көрді. Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті , Қасым ханды , Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды , олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп тұсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің қайта орындалатынына сенді. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар , болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді

49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары.Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!»ээ деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық , мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылды Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы — ұлы философ-ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске сыншыл көзбен қарап, оны ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи тұйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шым-шытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрінен арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді. Абай исламды қазақ халқына тұрақты жаңа өркениетті, жоғары имандылықты қалыптастыру құралы ретінде уағыздады. 28-сөзінде ол былай дейді: «Құдайтағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен... Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдайтағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неден болады?» Жоғарыда келтірілгеннен Абай діншіл, ескіні жақтаушы тәрізді пікірлер тумауы тиісті. Оның мұраты — парасат және мәдениетке қолдаушы болатын ислам. Абайды ағартушы діни ғұлама деп бағалаған дұрыс. ады.Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді.