- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •5.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •12.Қимақ мемлекеті:этносаяси тарихы және шаруашылығы
- •15. Қарахан мемлекеті : этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •27.XV ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •30.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
- •50.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен ролі.
- •51.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •52. Қазақстан 1917ж. Ақпан рев.Нан кейінгі кезеңде.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері.
- •62.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары.
- •63.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933 Жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары
- •68.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •69.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •73.1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •77. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
- •4. Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары
- •5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
- •6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
82. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.
33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі: 1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар; 2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары; 3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар; 4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың –Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
83."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы. Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қол жеткен табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамуында бірден-бір үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Біз ғана емес, ЮНЕСКО тарапынан да бұл - дүниеде сирек кездесетін жоба, басқа елдерге де өнеге болатын құжат деп белгіленді.Естеріңізде шығар, біз біраздан бері әр жылға ат беріп, айдар тағуды дәстүрге айналдырдық. Сондай жылдардың бірі - “Ұлттық тарих жылы” болды. Жадымызды жаңғыртуға арналған сол атаулы жылы қазақтың тарихы мен тағдырына қатысты қаншама “ақтаңдақтар” ашылып, мұрағат түпкірінде шаң басқан жәдігерлеріміз жарыққа шықты.Кеңес Үкіметі кезінде бізге шығартқызбай, көрсеткізбей келген тарихымызды тәуелсіздігіміз кезінде елімізге паш етіп, өзіміздің жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеу деген ой болатын.Ендігі бір жылды “Мәдениетті қолдау жылы” деп құлдырап бара жатқан мәдениетімізді сақтап қалуға жұмыс істедік. Жабылып қалған, шашылып қалған кітапханалардың жер-жерде қайта жандануына, шағылып қалған клубтар мен мәдениет ошақтарының қайыра бой көтеруіне мұрындық болдық. Біраз қалаларда қазақ театрларының ашылуына негіз жасадық.Сайып келгенде, осы жылдар біз бүгін сөз еткелі отырған “Мәдени мұра” бағдарламасына дайындық, үлкен істің кіріспесі болатын. Экономиканың өсіп, жағдайымыздың жақсаруына байланысты бұл үлкен жұмысқа да кірісуге мүмкіндік туды.Адамзат тарихының күретамыры - мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры - адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер қойылды.Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынбаған еді.Оның өзіндік себептері де бар болатын.Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай жасқаншақтап, коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында жер-жерде шашыла орналасқан еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы тапсырма берілді.Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол - фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды!. Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-жұлып қана аударылған Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің туындылары.Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.
84.ҚР Президентінің Қ.ның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. ҚР жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Үйлестірілген Кеңес жанындағы инвестиция мен қаржылық құрал жөнінде жұмыс тобының кеңесі болды 13 тамыз Алматыда ҚР ИСМ қолдауымен ҚР жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша Үйлестірілген Кеңес жанындағы инвестиция мен қаржылық құрал жөнінде жұмыс тобының кеңесі болды. Мемлекеттік органдардың, даму институтының, мемлекеттік холдинг пен аймақтардың қызметін үйлестіру мақсатында ҚР Үкіметі қаулысымен Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес қызметі нақты жобалар мен саланы қолдау бойынша ұсыныстарды дайындауға, сондай-ақ бизнес бастамасына назарландырылған. Ү.ж. 10 шілдесінде Үйлестіру кеңесінің шешімімен инвестиция мен қаржы құралы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның негізгі міндеті – жеделдетілген индустриалды дамудың мемлекет пен бизнес үшін тиімді қаржыландыру тетігін қарау мен негіздеу, соның ішінде оны шешудің жолы ұсынылған және жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар, даму институттары, бизнес-құрылым, екінші деңгейдегі банктер өкілдері мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар енді. Кеңеске KAZNEX корпорациясынан Басқарушы директор Рустам Әбдусәламов қатысты. Оның сөзі бойынша «жұмыс тобы бүгінде Қазақстанда жалпы қандай қаржылық қор барын түсінуге, екіншіден Қазақстанның жеделдетілген инвестициялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға біз көмектесе алатындай қандай ақша қаражаты барына мақсатталған». Кездесу барысында жұмыс тобының төрағасы вице-министр Ерхат Искалиев, жұмыс тобының қызметі мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы мөлдірлікті сақтау қағидасын сақтау аясында құрылғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, «Бүгінде министрлік ИДҚҚ бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңа кешенді қаржылық қолдау құралын пайдалануға екпін қойып отыр, ішкі және сыртқы инвестролармен жұмыс жандануда, Қазақстанның барлық аймақтарында инвестициялық жобаны қолдаудың жолдары дайындалуда». Жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныстар қалыптастыру кеңес жұмысының қортындысы болды. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыҮдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы ақпаратАлматы облысы бойынша Индустрияландыру картасына 25 жоба енгізілді, 2,5 мың жұмыс орнын құрылуымен.2010 жылы он объекті іске қосылды.Ағымдағы жылы сегіз объектіні іске қосу жоспарланған. Бірінші жартыжылдықта бес объекті:1) «Кормовик-Евротехнология» ЖШС премикстер мен концентраттарды өндіру заводы, қуаттылығы жылына 1200 тонна жем қоспаларын өндіру;2) «ЮрИнвестСтрой» ЖШС асфальт өндіру заводы, қуаттылығы жылына 850 мың тонна;3) Жылына 1800 тонна сүт өнімдерін өндіру заводы «Байсерке Агро» ЖШС;4) Пішінді құбырларды өндіретін завод «Компания SONIK» ЖШС, қуаттылығы жылына 24 мың тонна құбырларды өндіру;5) Хундай жүк автомобильдері мен автобустарын ірі-тораптық жинақтау бойынша жоба «ХундайАвтоТранс» ЖШС, қуаттылығы жылына 500 автокөлікке дейін.Ағымдағы жылғы 4 шілде телекөпір арқылы тікелей байланыстың барысында Мемлекет Елбасына «Компания SONIK» ЖШС пішінді құбырларды өндіретін завод таныстырылды.2011 жылғы екінші жартыжылдықта үш жоба іске қосылады:1. Индустриялық (стационарлық) қорғасын-қышқыл аккумуляторларын игеру «Қайнар-АКБ» ЖШС, іске қосылуы қараша айында.2. Текелі қаласында 3,65 га жерінде жылыжайдың құрылысы «Green House - жасыл үй» ЖШС, іске қосылуы қараша айында.3. Вакуумдық орауышта блокты ет және ірі тілімді еттерді шығару бойынша етті қайта өндіру кешенін құру «Байсерке Агро» ЖШС, іске қосылуы желтоқсан айында.Сонымен қатар, Республикалық Индустрияландыру картасының аясында 2011 жылы 2 объектіні іске қосу жоспарланған: Шарын өз. Мойнақ СЭС және «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі.Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналғаниндустриалды - инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде,Алматы облысында іске асырылып жатқан жобалар жөнінде.Облыста индустриалды - инновациялық даму бойынша аумақтық Үйлестіру кеңесі құрылған, инвестициялық жобалардың мониторингі апта сайын жүргізіледі.Түпкілікті жобалардың тізбесі Индустрия және сауда министрлігімен келісілген.
85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы. Білім.Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.Мектептер мен жоғары оқу орнындағы жастардың білімін жетілдіру мақсатында республика көлемінде әр түрлі деңгей- дәрежедегі оқу орындарын лицензиялау мен аттестациялаудың нормативі белгіленді.Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.Бүгінгі таңда шетелге барып білім алу мәселесімен басқа да мемлекеттік емес білім ұйымдары, орталықтар, қорлар айналысуда. XXI ғасырда білім адамзаттың даңғыл даму жолын анықтайды, сондықтан республикада білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ең бастысы, білім беруді ұлттық экономика мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз ету қажет.Бұл талаптарға сай бүгінде Қазақстан Республикасы білім беру саласында халықаралық ақпарат кеңістігі жүйесіне қосылу әрекеті жүзеге асырылуда. Республиканың оқу орындары, қаржыландыру формаларына қарамастан, бүгінде халықаралық кәсіптік білім беру саласының коммерциялық және инновациялық қызметін қабылдауда.Дүниежүзілік білім беру үдерісіне сәйкес Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл бүгінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын жетілдіру жүйесін құрудан көрініс табуда, жекелеген жағдайларда бұл жүйе тұрғындарды еңбекпен қамту қызметімен бірлікте әрекет етеді. Нарықтық экономика маман кадрлар даярлаудың әр түрлі жүйесін талап етуде. Ғылым. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. 1994 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігі жанынан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімі құрылды. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді. Мәдениет. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді. Соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау. 2002 жыл біздің республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Әлемдік денсаулық сақтау саласы тарихында тұңғыш рет медициналық көмекке дүниежүзінің барлық елдеріндегі қоғамның кез келген өкілі қол жеткізе алуын мақсат тұтқан алғашқы маңызды құжат қабылданған-ды. Міне, биыл сол құжатқа күзде 30 жыл толмақ. 1998 ж. Қарағанды және Жезқазған қалаларында республика бойынша алғашқы диагностикалық орталықтар құрылды. Қазіргі кезеңде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық мамандармен бірлесе отырып денсаулық сақтау саласы жетекшілерін даярлау жөніндегі жағдайға сараптау жүргізді және денсаулық сақтау саласы менеджерлері институтын дамыту бойынша жоспарлар әзірлеуде. Медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелерге кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда. Бұл үшін медициналық ұйымдардың жетекшілерін оқыту басталды және 1618 маманды оқыту межеленуде. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында 783 Алғашқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінің және аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі ауруханалық ұйымдардың басшылық құрамы оқытудан өтетін болады.
86.Қ-әлемдік қауымдастықта.
Қазақстан өз тәуелсiздiгін алғаннан кейінгі жиырма жыл ішінде сыртқы саясат бағытында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткізді. Президент Н. Назарбаевтың жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен ядролық қарудан бас тарту мен Семей ядролық полигонын жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт – ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін халықаралық қатынастардың маңызды мүшесі ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда еліміз жетекші интеграциялық құрылымдар мен әлемдік қауымдастық өміріндегі өзінің сындарлы қызметiнiң арқасында заманауи әлемiнiң экономикасы мен саясатында белсендi рөл атқаруда. Республикамыздың халықаралық мәртебесiнің жоғары екендігінің мысалы ретінде Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, ЕврАзЭҚ, ЕҚЫҰ және ИКҰ сияқты беделді халықаралық құрылымдарға төраға ретiнде сайлануын алуға болады. Сонымен қатар өз кезегінде Қазақстанның бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауын тауып отыр.Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-шi сессиясындағы Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы әлем елдерінің қолдауына ие болды. Жаһандық саяси кеңiстiктің жаңаруы жағдайындағы Н. Назарбаевтың бұл ұсынысы ерекше өзектi болды. Елбасының Еуразиядағы бейбітшілікті сақтау мәселелері мен халықаралық қауіпсіздіктің кең белдеуін қалыптастыру жолындағы белсенді саясаты әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретіндегі жағымды беделінің қалыптасуына ықпал етті.Қазіргі таңда АӨСШК ұйымына жиырмадан астам азиялық ел мүше- мемлекеттер ретінде кірсе, әлемнің түрлі құрлықтарының оннан астам мемлекеттері бақылаушылар болып табылады. Сонымен бiрге Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралы жөніндегі кеңес жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ және АЕЛ секілді халықаралық ұйымдар ат салысуда. Республикамыздың азиялық және еуропалық қауіпсіздік құрылымдарында жауапты мүше ретінде араласуы оның беделін арттырып, түрлі пікіралмасу алаңдарындағы өкілеттілігін кеңейтті. Еліміздің басшылығы мен дипломатиялық кешенінің ерен еңбегінің негізінде еліміз көп жақты ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейiне шықты.Республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделінің өскендігін Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тағы да бір рет дәлелдеді. Бұл беделдi еуропалық ұйымның модераторы рөлiн орындай отырып, ҚР Президентi Н. Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларының саммитін өткiзу туралы бастама көтерді. Қазақстандық сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясаты 2–3 желтоқсанда халықаралық қауiпсiздiктiң көкейкестi мәселелерiн талқылау үшiн саясатшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi. ЕҚЫҰ-ның саммитіне ұйымның 56 мүше-мемлекеті мен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес-елдің мемлекет және үкiмет басшысы, ресми тұлғалары, сонымен бірге басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты. Он жылдық үзiлiстен кейiнгі ЕҚЫҰ елдерінің басшылары кездесуінде, қауiпсiздiкке сенiм және ашықтық негiзiнде қарайтын Ұйымының жалпыны қамту жолын қайта растаған «Қауiпсiздiктiң қауымдастығына апарар жолда» атты Астана декларацияны қабылданды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен Астанадағы өткізілген басқосу әлемдік қауымдастық пен шетел мемлекеттерiнiң ықпалды көшбасшылары тарапынан жоғары бағалағды.ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ секілді беделдi халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығы аясында Қазақстан аймақтық қауiпсiздiк жүйесiнiң нығаюуына және де көп жақты ынтымақтастықтың бұдан ары орнығуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қазақстан 2011 жылдың жазында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету мандатын қабылдап алады. Қазақстан 2003, 2006 және 2009 жылдары әлемнің негізгі конфессияларының діни өкілдерін жинаған «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» үш съезін өткізген болатын. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезi 2012 жылды Астана қаласында өткізу жоспарланған.Қазақстан сыртқы саясатының тағы бір маңызды векторы ретінде ТМД кеңістігіндегі интеграция мәселесін алуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев алғаш рет 1994 жылы наурызда Мәскеу мемлекеттiк университетi қабырғасында Еуразия одағын құру туралы бастамасын көтерген болатын. Еуразиялық бастаманың нақты жүзеге асуының мысалы ретінде бірнеше мемлекетаралық құрылымдардың жұмыс жасауын, оның ішінде ЕврАзЭҚ және соның негізінде құрылған Қазақстан, ресей және Белорусь елдерінің Кедендік одағын атауға болады.Осылайша, Қазақстан бүгiнгi таңда сыртқы саясаттағы алдына қойған барлық мақсаттарына жетті деп сеніммен айтуға болады. Бұған осыншама қысқа мерзімде қол жеткізілген халықаралық бедел мен еліміздің әлемдік танымалдығы мысал болады. Қазақстан әлемдік саясатта маңызды рөл атқара бастады, және де Қазақстан Республикасының кейбір бастамалары да әлемдік қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия секілді тұрақсыз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аралына айналып қана қоймай, сонымен қатар экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты үнемi артып келе жатқан гүлденген мемлекетке айналып келеді.
87.ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚР НЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны фйқындап алу қажет болды. Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар,студенттер,аспиранттар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсаттта Қазақстан президенті жанына Болашак бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып республикканың жоғарғы оқу орнынан жыл сайын жүздеген студенттер шет елдерге оқуға жіберіледі. 2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге артты. Ғылымды дамытуда бірқатар басым бағыттар белгіленді. Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2000 жылды Мәдениет қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Қорыта айтқанда мұның барлығы елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы.
88-89. «Қазақстан-2050» стратегиясы. XXIғ. Жаһандық мәселелері.
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде.
Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі.Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады.Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады. Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда.
Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд - адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас - 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.
Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек.
Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады.
Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы. Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.
Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.
Бесінші сын-қатер- жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда. 2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.
Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.
Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады.
Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы. Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі. Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.
Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция. Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі - күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі - әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.
Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет -қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.
Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейілді болуға тиіспіз. Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.
Оныншы сын-қатер -әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы. Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.
ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін. Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты «домино әсерін» тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін. Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін.
