- •Менеджмент дегеніміз не?
- •3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім ?
- •Менеджмент эволюциясы
- •Басқарушы және басқару жүйесі
- •Менеджменттің сыртқы ортасы
- •Менеджерлер деген кімдер?
- •Жұмыс уақыты және жеке еңбегін жоспарлау
- •Ұйымның сипаттамасы
- •Ұйымдағы байланыстың маңызы
- •Қызметкерлерді басқару ұғымы және кадр саясаты
- •Басқарушының стилі
- •Шешімдер және олардың түрлері
- •Стратегиялық жоспарлау
- •Бизнес-жоспар
- •I. Мәтінгеберілгентапсырмалар.
- •Глоссарий
- •Кәсіби қазақ тілі пәнінен сөж-ді жүргізудегі әдістемелік нұсқау
- •Сөж тақырыптары
Менеджменттің сыртқы ортасы
Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен ұсынысы, сондай-ақ шикізат пен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да сұраныстарын ескереді.
Барлық басқарушылар қандай жұмыста болмасын сыртқы элементтерге мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс.
Кез келген ұйымдасқан кәсіпорын жүйе ретінде алуан түрлі заттарды сыртқы экономикалық ортаға шығаруы және одан кез келген өнімді немесе қызметті алуы, сөйтіп, сыртқы экономикалық ортамен белсенді қатынас орнатуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық орта элементтеріне жататыны:
- Капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;
- Жұмысшы күші. Қойылған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету. Адамдарсыз күрделі технологияны, капиталды және технология материалдарын тиімді пайдалану мүмкін емес;
- Баға деңгейі. Мәселен, инфляция (ақшаның құнсыздануы) коммерциялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді. АҚШ-та барлық ұйым түрлеріне ықпал етудің басты факторы - еңбек өнімділігі болды. Олар көптеген жылдар бойы еңбек өнімділігін арттыру арқылы дүние жүзілік нарық бәсекелесіне ойдағыдай қатысып келеді. Әсіресе, мұның өзі ауыл шаруашылығында өте жоғарғы деңгейде;
- Жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады. Фирма ішінде жоғары білікті менеджерлерді тарту және қабілетті басшыларды баулу өте маңызды мәселе.
- Сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта білу үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және алғысы келетіндігін біліп отыруы тиіс. Бизнес мақсаты - сатып алушыларды қызықтыра білу. Ұйымның өмір сүруі де, олардың жұмысының нәтижелі, табысты болуы да, тұтынушыларды таба білуіне, солардың сұранысын қанағаттандыруына байланысты.
белсенді |
активные |
білікті |
квалифицированный |
кәсіпкер |
предприниматель |
жұмысшы күші |
рабочая сила |
жүйе |
система |
жабдық |
оборудование |
қабілетті |
способный |
салық |
налог |
сыртқы орта |
внешняя среда |
қор |
фонд |
үкімет |
правительство |
шикізат |
сырье |
іскерлік |
деловитость |
Мәтінгеберілгентапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Басқарушы сыртқыортаға байланысты нені ескеру қажет?
2)Сыртқы орта кәсіпорын үшінқандай рөл атқарады?
3) Сыртқы экономикалық орта элементтеріне не жатады?
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз
4-тапсырма.
Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма.
Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
ОНЫНШЫ САБАҚ
Менеджмент тарихынан
Жеті жарғы
Жеті жарғы - Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті.
Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды.
Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
1.Мәтінде кім туралы айтылған? (Сұраққа толық жауап беруге тырысыңыз) |
|
2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз. |
|
3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз. |
|
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.
ОН БІРІНШІ САБАҚ
