Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Менеджмент.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
749 Кб
Скачать
☆

Менеджерлер деген кімдер?

Менеджерлер - ұйымды басқаруды жүзеге асыратын маманды басқарушы.

Басқару қызметіне әр түрлілік тән, сфераларда жетекшінің ортақ факторлары, ортақ қасиеттері бөлініп шығады:

- Басқару қызметінің мәні қысқа мерзімділігімен, әр түрлілігімен, орындалып отырған қызметімен сипатталады.

- Менеджер жұмысының мазмұнын талдай отырып, Минцберг жетекшілер рөліндегі ортақ қасиетті табады.Рөл - нақты бір міндетке сәйкес нақты бір іс-әрекеттің ережелердің жиынтығы. Менеджерлер белгілі бір ұйым бөлімдерінің жетекшісі ретінде белгілі бір міндетті орындай алады және бұл қызмет іс-әрекетті анықтайды.

Менеджерлерге қойылатын талаптар:

- Адамдарды түсіну. Психологиялық интуиция – тұлғаның техникалық ерекшеліктері мен жағдайын түсіне алу. Психологиялық сыпайылық қарым-қатынас жасаудың қажетті формасын таба біледі. Байланысқа бейімділікті байланыстыра қолданудағы қабілеттілік;

- Лидер ерекшелігі. Адамның қызығушылықтарын сипаттау және түсіну қабілеттілігі, өзіне жауапкершілікті алуды қалау. Айналадағыларға бейресми ықпал ету қабілеті;

- Қазіргі менеджмент негіздерін білу және оларды тәжірбиеде қолдана білу. Басқару стилін сауатты таңдау. Тиімді уәждеме. Шешімдерді дайындауды және қабылдауды ұйымдастыру;

- Құзыреттілік. Ұйым жұмысының өзіндік ерекшелігі мен бейімін анықтайтын арнайы сұрақтарды білу. Еңбектік және шаруашылық заңдылықтардың негізін білу;

- Оқиғаның дамуын алдын ала көре алу қабілеті;

- Мақсаттарды құра алу (жоспарлауға қажетті);

- Өзара байланысты ұйымдастыру және оларды тиімді бақылау қабілеттілігі (еңбекті ұтымды бөлу, бақылау амалдарын таңдау үшін).

құзыреттілік

компетентность

маман

специалист

мерзімділік

периодичность

міндет

обязанность

сыпайылық

вежливость

уәждеме

мотивация

ұтымды

выигрышный, выгодный

Мәтінгеберілгентапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Менеджер деген кім?

2) Басқару қызметінде жетекшінің қандай ортақ қасиеттеріболады?

3) Менеджерлерге қандай талаптар қойылады?

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4-тапсырма.

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5-тапсырма.

Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Менеджмент тарихынан

Әбілқайыр хан

(1693-1748)

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идиеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және ханы болып сайланды.

ХҮІІІ ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті.

1718 жылы Аягөзде Әбілқайыр мен Қайыптың 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.

1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге дейін көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды.

1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік-шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.

1731 жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 жылдың қазанның 10-ында Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату-тәтті тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді.Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады.

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.

1.Мәтіндекім туралы айтылған?

(Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз)

2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз.

3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз.

3-тапсырма.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.

ОН ҮШІНШІ САБАҚ