- •Менеджмент дегеніміз не?
- •3) Басқару теориясының негізін қалаушы кім ?
- •Менеджмент эволюциясы
- •Басқарушы және басқару жүйесі
- •Менеджменттің сыртқы ортасы
- •Менеджерлер деген кімдер?
- •Жұмыс уақыты және жеке еңбегін жоспарлау
- •Ұйымның сипаттамасы
- •Ұйымдағы байланыстың маңызы
- •Қызметкерлерді басқару ұғымы және кадр саясаты
- •Басқарушының стилі
- •Шешімдер және олардың түрлері
- •Стратегиялық жоспарлау
- •Бизнес-жоспар
- •I. Мәтінгеберілгентапсырмалар.
- •Глоссарий
- •Кәсіби қазақ тілі пәнінен сөж-ді жүргізудегі әдістемелік нұсқау
- •Сөж тақырыптары
Ұйымның сипаттамасы
Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.
Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек:
1. Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;
2. Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;
3. Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.
Осы сипаттарды біріктіру арқылы анықтама аламыз:ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.
Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді.Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады. Бейресми ұйымдар ресми ұйымдардың барлығы болады.
Бейресми ұйымдар- бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.
Күрделі ұйымдар- бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.
Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады.
Ұйымның ортақ сипаттары:
- Ұйымның ресурстары -көздеген мақсаттарға жету үшін қажетті ұйымның негізгі ресурстары және олар өндіріс қызметінің нәтижесінде құрылады: адамдар, капитал, технология, ақпарат. Ресурстарды қолдану аясындағы ұйымның басты міндеттері шығынының аз көлемінде және тиімділіктің жоғарғы дәрежесінде мақсатқа жету.
- Сыртқы ортаға тәуелділігі. Ұйымның аз ресурстарына қатысы тәрізді тұтынушылар сыртқы ортаның факторларына - экономикалық жағдай, тұтынушылар, мамандық одақтар, билік актілері, заңдылық, бәсеке, қоғам байлықтарының жүйесі, қоғамдық көзқарастар, техника, жыл технологиясына қатысты қоршаған ортаға тәуелді.
- Көлденең еңбек бөлінісі- еңбек процесіне қатысушылар арасында жұмысты құрайтын компоненттерге бөлу. Жұмыс маманды белгілер бойынша бөлінеді. Қол еңбек бөлінісінің өндірісті кәсіпорындағы классикалық үлгісі болып өндіріс, қаржы, маркетинг табылады. Олар фирма мақсатына жету үшін жетісті орындауға міндетті қызметтің негізгі түрлерін сипаттайды.
- Бөлімдер (ұйым құрылымы)- ұйымның мақсатына тиімді жету формасында құрылған функцияларды аумақпен басқару деңгейінің өзара қарым- қатынастары мен байланыстардың жиынтығы. Барлық ұйымдардың қызмет сферасына байланысты біртұтастық беретін, өз мақсаткерлігін жүзеге асыруға ықпал ететін құрылымы болады.
- Тік еңбек бөлінісі-жұмысты қозғалыстардын біріктіру бойынша және қозғалыстың өзіне бөлінеді. Басқа адамдардың жұмысын біріктіру қызметі басқарудың болуын қамтамасыз етеді.
аумақ |
регион |
бейресми |
неофициальный |
дәреже |
степень |
жылжымайтын |
недвижимое |
көлденең еңбек бөлісі |
горизонтальное разделение труда |
меншік |
собственность |
міндет |
обязанность |
одақ |
союз |
ресми |
официальный |
санасу |
считаться; принимать во внимание |
тік еңбек бөлісі |
вертикальное разделение труда |
шығын |
расходы, затраты |
Мәтінгеберілгентапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Ұйымдар қандай міндетті талаптарғасәйкес болу керек?
2) Ұйым деген не?
3) Ұйымның ортақ сипаттарына не жатады?
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз
4-тапсырма.
Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма.
Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.
ОН СЕГІЗІНШІ САБАҚ
Менеджмент тарихынан
|
Гаррингтон Эмерсон
(1853-1931)
|
Гаррингтон Эмерсон 1853 жылы 2 тамызда американың Трентон қаласының Нью-Джерси штатында дүниеге келді. Оның әкесі ағылшын әдебиетінің маманы, университет профессоры болды. Гаррингтон Франция, Германия, Италия, Грецияда оқып тамаша білім алды және 23 жасында Небраск университетінің лингвистикалық бөлімін басқарды.
1885 жылдан 1891 жылға дейін Эмерсон теміржолдың экономикалық және инженерлік істерін орындады. Содан кейін АҚШ, Мексика,Канадаға көптеген зауыттар мен кеніштерді біріктіру арқылы британдық синдикат қызығушылықтарын ұсынды. Бірнеше уақыт ол шыны шығаратын компанияны басқарды.
Ғылыми жұмыстың дағдылары мен талдаушының таланты Эмерсонға өз тәжірибесінде жинаған бай білім қолдануға көмектесті. Ол біртіндеп өз қағидасын тапты - «тиімділік» немесе «өнімділік». Бұл терминдерге ол жинақталған шығыстар мен экономикалық нәтижелердің қатынасын көрсетті. 1990 жылы оның «Өнімділік басқару мен еңбекақының негізгі ретінде» кітабы шықты. Ал 1912 жылы оның өміріндегі басты еңбек «Өнімділіктің он екі принциптері» дүниеге келді.
1901 жылы Эмерсонның менеджмент кеңесшісі қызметі басталды. Оның Санта-Фе теміржолында 1904-1907 жылдары енгізген жаңалықтарын атап айтуға болады. 1910-1911 жылдары теміржол тарифтері туралы сот ісінде басты куәгер болып Эмерсон осы теміржолда еңбекті басқару мен ұйымдастыру жүйелерінің өзгерістері барысындағы алған нәтижелеіне сүйенеді. Оның американдық теміржолдар, осы жолмен бір күнде миллионнан астам долларды үнемдеуге болатынын айтқан сөздері барлық елге жайылды. Ол алғашқы болып ғылыми іріктеу принциптері мәселелеріне және қызметшілердің оқытуға назар аударды, тіпті 1913 жылы осы тақырыпқа кітап шығарды.
Эмерсонның пікірінше, «Тиянақты жұмыс істеу-іске минималды күш жұмсау деген сөз». Осы принципке бағына отырып, ол қартайған шағына дейін кездесе бермейтін жұмысқа қабілеттілікті сақтайды. Эмерсон 2 қыркүйекте 1931 жылы Нью-Йоркте қайтыс болды.
Мәтінге берілген тапсырмалар.
1-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
2-тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақтардың жауаптарын кестеге жазыңыз.
1.Мәтіндекім туралы айтылған? (Сұраққа толықжауапберугетырысыңыз) |
|
2. Мәтіннің негізгі ойын үш сөйлеммен білдіріңіз. |
|
3. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бес түйін сөз жазыңыз. |
|
3-тапсырма.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз, жоспар негізінде әңгімелеңіз.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫСАБАҚ
