Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прак.пос ГОРНГМ нов..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Жыныстардың қуыстылығын анықтау

Өлшеген соң үлгіні ыдысқа салып, вакуумды қондырғыға салып,жұмысшы сұйықтығынан бөлек 3-5мм сынап бағанасына дейінгі қысымға дейін вакуумдейді. Содан соң, жұмысшы сұйықтығын ыдысқа ағызып, үлгі тас жұмысшы сұйықтығына 0,5см. дейін батқанша ағызады. Үлгі тас жұмысшы сұйықтығымен толық қаныққанша вакуумдеуді жалғастырады. Бұл үлгі тастың бетінің түсінің өзгеруімен байқалады. Капиллярлы сору аяқталған соң ыдыстағы сұйықтықтың деңгейін үлгі тас бетінен 2-3см биіктікке көтереді де, үлгіден ауа көпіршіктері бөлінуін тоқтатқанша вакуумдейді. Содан кейін вакуум қондырғысының қақпағынан ауа кіргізеді. Атмосфералық қысымның әсерінен жұмысшы сұйықтығы ауа ұстамайтын жыныс қуыстарына қарай ығыстырылады.

Қаныққан үлгіні жұмысшы сұйықтығынан көтереді және сұйықтықтың қалдығынан тазартады. Ол үшін үлгіні әйнекке қойып, оны құрғақ әйнек бетіне үлгі сұйықтықтан тазарғанша және үлгі беті тегістелгенше бірнеше рет айналдырады.

Салмақ өлшейтін қондырғының көмегімен сұйықтыққа қаныққан үлгінің салмағын өлшеу арқылы анықтайды. Үлгіні капрон жіппен байлап, жұмысшы сұйықтығында өлшейді. Ол үшін салмақ өлшегіштің ыдысы үстіне жұмысшы сұйықтығы құйылған стакан орнатылған мостикті қояды. Үлгіні сұйықтыққа батырып, жіппен салмақ өлшегіштің ілмегіне іледі. Капрон жіптің салмағын (Мж) анықтайды.

Тау жыныстарының ашық қуыстылығын мына формула бойынша анықтайды:

Mа = 100 (М 2 – М 1) / [М 2 - ( М 3 – Мн)], (1.2)

бұндағы: Ма – ашық қуыстылық коэффициенті, %;

М1 - ауадағы құрғақ үлгінің массасы, г;

М2 – жұмысшы сұйықтығымен қаныққан үлгінің массасы, г;

М3 – жұмысшы сұйықтығында жұмысшы сұйықтығымен қаныққан үлгі массасы , г;

Мж – капрон жіп массасы, г.

Жыныстардың ашық қуыстылық коэффициентінің нақтылығын 0,1% дейін анықтайды.

Блиц-тест

  1. Абсолютті өткізгіштік коэффициентін анықтау мақсаты неде?

А) жыныстардың газбен қанығуын анықтау

Б) жыныстардың газды өткізу қабілетін анықтау

В) жыныстардың тығыздығын анықтау

Г) жыныстардың газды өткізбеу мәнін анықтау

Д) жыныстардың текстурасын анықтау

2. ГК-5 аппаратурасын қандай мақсатта қолданады?

А) Газдың үлгі арқылы сүзілуін анықтайды

Б) Жыныс қуыстарын газбен толтыру үшін

В) Газ тығыздығын анықтау үшін

Г) Газ тұтқырлығын анықтау үшін

Д) Газ қысымын анықтау үшін

3. Абсолютті өткізгіштік ұңғы өніміне қалай әсер етеді?

А) абсолютті өткізгіштікке ұңғы тілмесі байланысты болады

Б) абсолютті өткізгіштік кіші болса, ұңғы өнімі жоғары болады

В) абсолютті өткізгіштік мәні ұңғы өнімін төмендетеді

Г) өткізгіштік мәні жоғары болса, ұңғы өнімі де жоғары болады

Д) өткізгіштік мәніне байланысты ұңғы терең болады

4. Ашық қуыстылық коэффициентін анықтау мақсаты неде?

А) жыныстардың сұйықтықпен қанығу дәрежесін анықтау

Б) жыныстардың сиымдылығын анықтау

В) жыныстардың құрамын анықтау

Г) жыныстардың тығыздығын анықтау

Д) жыныстардың текстурасын аықтау

5. Вакуум-сорапты қандай мақсатта қолданады?

А) Жынысты сүзу үшін

Б) Жыныс қуыстарын сұйықтықпен толтыру үшін

В) Жынысты цементтеу үшін

Г) Жынысты суландыру үшін

Д) Жынысты ауыстыру үшін

6. Ашық қуыстылық ұңғы өніміне қалай әсер етеді?

А) қуыстылық үлкен болса өнім жоғары болады

Б) қуыстылық кіші болса, өнім жоғары болады

В) қуыстылық мәні ұңғы жұмысына кері әсер етеді

Г) қуыстылық мәнінен ұңғы тілмесі байланысты болады

Д) қуыстылық мәніне байланысты ұңғы терең болады

Әдебиеттер

1. Кудинов В.Г. Основы нефтегазопромыслового дела

2. Гиматудинов Ш.К., Дунюшкин И.И. Лабораторный практикум по физике нефтяного и газового пласта. - М.: Изд. ЦНИИТЭИ, 1976.

3. Аминс Дж. Физика нефтяного пласта. - М.: Гостоптехиздат, 1962.

Тәжірибелік жұмыс №2