Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прак.пос ГОРНГМ нов..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Құрылым картасы дегеніміз не?

А) ұңғылардың оқпанын құрайтын жыныстардың орналасуы

Б) бірнеше ұңғылар тілмесінің орташа қимасы

В) алаңда ұңғылардың орналасуын көрсететін сызба

Г) ұңғы тілмесінің кесіндісі

2. Абсолютті белгі қалай анықталады?

А) Ұңғы тереңдігінен мен саға альтитудасын алу арқылы

Б) ұңғы тереңдігін есептеу арқылы

В) ұңғының орналау жағдайын анықтау арқылы

Г) ұңғыдан керн алу арқылы

Д) ұңғыны бұрғылау арқылы

3.Құрылым картасында тектоникалық бұзылыстар қалай

көрсетіледі?

А) құрылым картасының көлеміне байланысты

Б) үлгі тастың құрамын сипаттау арқылы

В) ұңғылар тілмесінің қалыңдығын анықтау арқылы

Г) белгілі бір масштаб бойынша

Д) ұңғы тілмесінің орналасуын анықтау арқылы

Қолданылған әдебиеттер

1.Долицкий В.А.,Гришин Ф.А.Промысловая геология нефти и газа.Методическое руководства к лабораторным раотам.-М:1965:

2.Гординскйй Е.В.Методическое руководство к лабораторным работам.-М:1965.

3.Алешечкин О.Н.,Клолтухин А.Г.Графические по данным бурение нефтяных и газовых скважин.-Саратов:изд:Саратовского университета,1970;

4.Жданов М.А.,Гординский Е.В., Ованесов М.Г. Основы промысловой геологии газа и нефти.-М:Недра, 1975.

5.Михайлов Л.А. Промысловая геология нефти и газа. Методическое руководство к лабораторным работом.-Алма-Ата:1982.

Тәжірибелік жұмыс 5 Мұнай мен газдың қорын есептеу

Мазмұны:

  1. Мұнай қорларын есептеу

Жұмыстың мақсаты:

Студенттерге мұнай мен газдың қорын есептеуді үйрету.

Бақылау сұрақтары:

1). Мұнай-газ қоры дегеніміз не?

2). Мұнай-газ қоры қандай мақсатпен есептеледі?

3). Мұнай-газ қорын есептеудің қанша әдісі бар?

4). Көлемдік әдіс дегеніміз не?

Глоссарий

Геологиялық құжаттар-кен орнының геологиялық құрылымын көрсетуге арналған графикалық сызбалар.

Мұнайгаз қорлары- кен орнының кенішінен есептелген қорлар.

Категориялар- мұнайгаздың пайда болуына, көлеміне байланысты түрлері.

Балансты қорлар- кенішті игеруде пайдалы тиімді қорлар.

Баланстан тыс қорлар- игеруде тиімсіз қор мөлшерлері.

  1. Мұнай қорларын есептеу

Кен орындарының қор мөлшерін анықтау үшін оның геологиялық құрылымын білу қажет.

Мұнайдың қорын есептеу үшін мынадай әдістерді қолдану қажет. 1)көлемдік; 2) тұрақты; 3) материалды балансты.

Бос газдың қорын есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады:

1) көлемдік; 2) қысымның түсуіне байланысты әдіс.

Кен орындарының қорын есептеу арқылы мұнай газдың қабатттағы қор мөлшерін анықтайды.

Жанар газ деп- бос газ шамасы мен мұнайда еріген газдарды айтады. Мұнай-газ қорын есептеуде мұнай-газ судың құрамындағы барлық қосылыстардың мөлшерін анықтау керек (конденсат гелий, күкірт).

Мұнай газ қорын есептеуде әрбір кенішке бөлек -бөлек есептейді және кен орны бойынша жалпы есептейді. Мұнай-газ қорын екі негізгі топқа бөледі:

1. балансты (игеруге тиімді қорлар)

2. баланстан тыс (игеруге тиімсіз).

Мұнай газ қорлары мынадай категорияларға бөлінеді:

А, В, С1,С2

А- категориясы кеніштің формасы мөлшерін анықтап беретін тиімді газ бен қаныққан қабатты, мұнайдың сапасы мен құрамын, кеніштің жұмыс жасау тәртібін, ұңғыда қысымның тарауын көрсетіп беретін қорлар жатады.

Мұнай-газды игеруде А - категориясы есептеледі.

В-категориясы-үлгі тас пен геофизикалық көрсеткіштер бойынша анықталатын мұнай мен газдың ұңғының әр нүктесіндегі қорын айтады. Бұл қорларды есептеу арқылы мұнайдың қорын, құрамын, коллектор қабаттарды, газ ұңғысындағы мұнайдың мөлшерін анықтауға болады.

С1 -категориясы- мұнай мен газды қабат кейбір ұңғылардан ғана анықталған қорларды айтады.

Мұнай мен газдың орналасу жағдайы геологиялық, геофизикалық зерттеулер бойынша анықталады. Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттері әр ұңғыға бөлек-бөлек есептейді.

С2- категориясы - мұнай мен газдың бар екендігі геологиялық-геофизикалық зерттеулер бойынша анықталады.

С2 - категориясының қоры тиімсіз, баланстан тыс қорлар қатарына жатады және есептелмейді.

Жұмысты жүргізу тәртібі.Мұнай мен газдың қорын есептеуде қажетті деректер алынады.

Мұнай мен газдың қорын есептеуде мынадай деректер болуы қажет:

1). Есеп жазба;

2). Қорды есептеуге арналған деректер;

3). Графикалық материалдар;

4). Геологиялық барлау, геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарының документациялары, пайдалану көрсеткіштері.

Есеп-жазба мына тұрғыда жүргізіледі:

1). Кіріспе.

2). Кен орнының географиялық-экономикалық көрсеткіштері.

3). Кен онының геологиялық құрылымы.

4). Геологиялық барлау жұмыстары.

5). Геофизикалық зерттеу жұмыстары.

6). Кен орнының мұнай - газдылығы.

7). Кен орнының сулылығы.

8). Үлгі тас бойынша коллекторлы қабаттардың физиологиялық-литологиялық құрамын анықтау.

9). Мұнай-газ, газды конденсаттың физикалық, химиялық қасиеттерін анықтау.

10). Кен орнын пайдалану деректері.

Мұнай кеніштерінің корын есептеу

Мұнай қоры балансты немесе геологиялық және өндірістік болып бөлінеді.

Мұнай қорын есептеудің көлемдік әдісі жиі қолданылады.

Qm=F*h*m*Sм* м*10-3, бұндағы

Qm – мұнайдың балансты қоры, тн.

F - кеніштің мұнайлы алаңы, м:2

h – қабаттың орташа мұнайлы қалындығы, м

m - мұнай мен қаныққан жыныстардың ашық қуыстылық

коэффициенті

ρм - қабаттық жағдайдағы мұнайдың тығыздығы, кг/ м3

Sм - қабаттың орташа мұнайлылығы

Мұнайдың баланысты қоры мына формуламен есептеледі:

Qб.=FҺmSρг. м.*10-3∕Вм

Qb – мұнайдың балансты қоры, тн.

ρг.м - газсызданған мұнайдың тығыздығы, кг/м3

Rк = 4.75 km - кеніш радиусы.

Һ-орташа мұнайлы қабат қалындығы – 7 м.

m-ашық қуыстылық коэффициенті - 0,27.

ρг.м. – газсыыызданған мұнайдың тығыздығы - 808 кг/м3.

Го- мұнайдың газбен қанығуы Го = 149 м3/ м3

ρг.- газ тығыздығы - 1,165 кг/м3

Тқаб.- қабат температурасы - 72 °С

Рқаб.- қабат қысымы - 23,3 мПа

Шығару жолы:

Кеніштің мұнайлы аймағын есептейміз:

F = πRк = 3,14 * (4,75*103)2 ≈70,9 *10м2

Газсызданған мұнайдың тығыздығын есептейміз:

ρг.м.= ρг.м. ∕ ρс =808 ∕ 1000 = 0,8

Вм. =1,5 деп алып, қабаттық жағдайдағы мұнай тығыздығын есептейміз:

ρм.қ.= 1 ∕ Вм * (ρг. м. +ρг.*Го.)

ρм. қ.= 1∕ 1,5 * (808+ 1,165 * 149) =660кг∕м3

Енді балансты қорды есептейміз:

Qм. = F * Һ * m * Sм * ρм * 10-3 = 70,8 * 106 * 7 * 0,27 * 0,7 * 660 * 10-3 =61892744тн.

Qм.б. = 70,8 * 106 *7 * 0,27 *0,7* 808 * 10-3 * = 50 956 101 тн.

Qг= Qм.– Qм.б.=61892744-50956101=10936643 м3.

Qг.= Qм-Qм.б. – қабаттық жағдайда мұнайда еріген газдың мөлшері

Qг. = 10936643тн.

Блиц-тест