Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прак.пос ГОРНГМ нов..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Геохронология әдістері

Мазмұны:

  1. Жыныстардың жасын анықтау

  2. Геостратиграфиялық шкала

Жұмыстың мақсаты: Студенттерге тау жыныстарының сыртқы

белгілеріне қарап, жасын анықтауды үйрету. Тау жыныстарының жасын анықтайтын геология саласымен, геохронологиялық кестемен таныстыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Тарихи геология мақсаты неде?

2. Тау жыныстарының жасы қалай анықталады?

3. Палеонтологиялық әдіс дегеніміз не?

4.Геохронолгиялық кесте не үшін қажет?

5. Тау жыныстарынң жасын қандай мақсатта анықтайды?

Глоссарий

Геохронология-жер қабатының абсолюттік жасын көрсетеді.

Стратиграфия- кен орнының қабаттық жыныстарының жастарын көрсететін көрсеткіш.

Палеонтология- тау жыныстарында жануар мен өсімдіктердің қалдықтарын анықтайды.

Палеография- ежелгі геологиялық эпохалардың физикалық- географиялық жағдайларын анықтайды.

Петрография- қатар орналасқан тілмедегі жыныстардың құрамын, олардың айырмашылықтарын анықтап, өзгеріске ұшыраған жыныстардың тиісті жасын анықтайды

Жыныстарының жасын анықтау

Теориялык түсініктеме. Тау жыныстары дегеніміз бір немесе бірнеше минералдар жиынтығынан, және басқа жыныстар қалдықтарынан тұратын қосылыстарды айтады. Тау жыныстары әртүрлі геологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады. Пайда болу аймағына қарай тау жыныстары магмалык, метаморфтық және шөгінді болып бөлінеді.

Мұнайшылар үшін шөгінді тау жыныстары маңызды роль атқарады. Тау жыныстарының жасын анықтау мен тарихи геология ғылымы айналысады. Тарихи геология Жер қабаты пайда болғаннан бастап, Жердің тарихы мен даму заңдылықтарын зерттейді. Тарихи геологияның негізгі мақсаты мынадай: тау жыныстарын тиісті жасына қарай бөлу және тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау және органикалық әлемнің даму тарихын ерте кезеңнен қазіргі кезге дейін бақылау.

Шөгінді тау жыныстарының физикалық-географиялық жағдайларының өзгеруін, олардың түзілу жағдайларын бақылау.

Тектоникалық қозғалыстардың тарихы мен тектоникалық құрылымдардың дамуын зерттеу.

Магмалық құбылыстардың жүруі мен магмалық тау жыныстарының түзілуін анықтау.

Жер қабатында пайдалы қазбалардың кен орындарының орналасу заңдылықтарын анықтау.

Тарихи геология палеонтология, стратиграфия, петрография, минералогия, литология, тектоника және басқа да геологиялық пәндердің көрсеткіштеріне сүйенеді.

Жердің геологиялық өткен тарихын зерттеу үшін тарихи геологияның мынадай әдістері қолданылады: стратиграфиялық, петрографиялық, палеонтологиялық және палеографиялық.

Стратиграфиялық әдіс шөгінді, эффузивті, интрузифті жыныстар қабаттарының өзара қатынасы мен орналасу жағдайларын қарастырады.

Петрографиялық әдіс қатар орналасқан тілмедегі жыныстардың құрамын, олардың айырмашылықтарын анықтап, өзгеріске ұшыраған жыныстардың тиісті жасын анықтаумен айналысады.

Палеонтологиялық әдіс тасқа айналған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын зерттеумен айналысады. Органикалық қалдықтар шөгінді жыныстардың тиісті жасын анықтап, шөгінді қабаттың барлық стратиграфиясын ажыратуға мүмкіндік береді.

Палеографиялық әдіс ежелгі геологиялық эпохалардың физикалық- географиялық жағдайларын анықтауға негізделген. Әртүрлі физикалық- географиялық жағдайлар шөгінді жыныстардың түзілуін, литологиялық құрамын, палеонтологиялық белгілерін анықтайды. Бұндай жыныстар жиынтығы фация деп аталады.Пайда болу аймағына қрай фацияны үш топқа бөледі: теңіздік, лагундық, континентальдық.Мұнайшылар үшін литологиялық фация маңызды орын алады.Формация деп жастары әртүрлі, бірақ пайда болу жағдайы ұқсас жыныстар жиынтығын айтады.

Жер бетінде жануарлар мен өсімдіктердің дамуы өте күрделі деңгейде жүрді. Жердің кейбір бөліктері көтерріліп, кейбір бөліктері төмен түскен. Төмен түскен бөліктері теңіздер мен мұхиттардың суымен толып, кейбір бөліктері судан босады.Физикалық- географиялық жағдайлардың өзгеруі жануарлар мен өсімдіктердің түрлерінің көбеюіне, олардың үлкен топтарға бөлінуіне әкеліп соқтырды. Әрбір топ өзінің құрылысымен, өмір сүру жағдайымен ерекшеленеді.

Палеонтология классификациясына сәйкес, организмдер арасындағы өзара туыстық байланыстарға қарап, оларды түрге, түрді класқа, класты топқа, топты жүйеге бөлген.

Жануарлар әлемі 12 түрге бөлінеді: 1) жәй; 2) археоциаттар; 3) губкалар; 4) ішектілер 5) сақиналы құрттар; 6) мүшелі аяқтылар; 7) моллюскалар; 8) мшанкалар; 9) иықты аяқтылар; 10) инелі терілер; 11) жарты хордалылар 12) хордалылар;

Өсімдіктер әлемі 8 түрге бөлінеді: 1) қатпарлылар; 2) ихтар; 3) псилофиттер; 4) плаундылар; 5)мүшелі сабақтылар; 6)папортниктілер; 7) жалаң тұқымдылар; 8) жабық тұқымдылар;

Осы ған байланысты жер қабатының шөгінді бөлігін негізгі жеті топқа бөлу қабылданған. Топтар- жүйеге бөлінеді, жүйе- бөлімге , бөлім- ярустарға бөлінеді. Берілген топтыың шөгінділерінің жиналған уақыты эра, әрбір жүйенің шөгінділерінің жиналған уақыты- кезең, бөлімнің жиналған уақыты- эпоха, ярустың жиналған уақыты- ғасыр деп аталады.

Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерінің негізі тау жыныстардағы радиоактивті мөлшерін анықтап,оның жартылай таралу жылдамдығын және тұрақты элементтердің мөлшерін білу арқылы, арнайы формулалардың көмегімен тау жыныстарынң абсолютті жасын анықтауға болады.

Геологиялық зерттеулерде негізгі төрт әдіс қолданылады: қорғасын, гелий, сторнецті және аргонды.Жердің жасын анықтау атмосферадағы аргонның мөлшеріне, құрамына байланысты жүргізіледі. Аргон калийден бөлінген өнім болып саналады. Тау жыныстарының құрамындағы калийдің құрамын, және оның бөліну жылдамдығын білу арқылы Жердің жасын анықтайды. Осы анықтаулар бойынша Жер жасы- 4,6 млрд. жыл болып саналады.

Тау жыныстарының бетіне жабысып із қалдырған әртүрлі жануарлар, өсімдіктер қалдықтарына қарап, сол жануарлар немесе өсімдіктердің қай уақытта өмір сүргенін, қалай пайда болғанын, қанша жыл өмір сүргенін, пайда болу аймағына қарап, өмір сүру жағдайын анықтаумен бірге, абсолюттік жасын анықтауға болады. Осы көрсеткіштерге байланысты тау жыныстарының жасын анықтайды.Тау жыныстарының жасын геохронологиялық кестемен көрсетеді.