Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нускаулык китабы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мақсаты неде?

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.

1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестігін бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.

6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Бағалаудың мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

1) бақылау;

2) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

3) бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Бақылау

Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану Faculty of Education 58 Center of Excellence

керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет

Интерпретация

Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды оқытудың мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.

Оқыту үшін бағалау

ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы ары қарай дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.

Оқуды бағалау

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

Мұндай қысқа, кейде түсініксіз түрде ұсынылатын ұғым ата-аналар, кей жағдайда мұғалімді ауыстыруға келген жаңа мұғалім, жергілікті және ұлттық деңгейде мектептің білім беру қызметін бақылауға қызығушылық танытқан басшылар сияқты адамдарға есеп беруге қолайлы болады. Осылайша, есеп беру, іріктеу және мониторинг жүргізу ақпаратты бағалаудың негізгі сипаты болып табылады.

Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалануға бола ма?

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.

Мектептер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғысынан жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайды және мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрады.

Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау оқыту үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. Бірақ бұл тікелей оқытуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, ол оқыту үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда сыртқы тестілер анағұрлым проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде балдар мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне мұғалім жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.Faculty of Education 60 Center of Excellence

Қорытынды

Түпнұсқалық зерттеуде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік» ішіндегі жұмыс ретінде белгілі болды (13-сурет).

Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.

Білім салалары

Рефлексивті кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді. Осы Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген (14-сурет).

білімге апаратын екі жол Тәжірибелік білім Сынилылықтың артуы Құзыреттіліктің артуы

14-сурет. Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымыFaculty of Education 62 Center of Excellence

Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады (15-сурет).

Келесі тарауда аталған салалардың әрқайсысына түсініктеме беріліп, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын оқыту түрі анықталады.

Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады (15-сурет).

Келесі тарауда аталған салалардың әрқайсысына түсініктеме беріліп, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын оқыту түрі анықталады.

15-сурет. Білім салалары (http://tpack.org/)

Пәндік білімдер (ПБ)

Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, химия пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеулер жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.

Педагогикалық білімдер (ПедБ)

Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үрдісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 16-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқу мен оқытудың тоғыз түйінді ұстанымы сипатталған.

Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады.Faculty of Education 64 Center of Excellence

Білімдердің педагогикалық аспектісі (БПА)

Білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуінде көмектесу қабілетімен ажырамас байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.

БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай немесе қиын меңгеруінің себептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.

Технологиялық білімдер (ТБ)

Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Сондай-ақ, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнатуды және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.

Білімдердің технологиялық аспектісі (БТА)

Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ-ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.

Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген үлгілеулер (симуляциялар) бар. Үлгілеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми үлгілеу үшін жиі қолданылады. Үлгілеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды, шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, үлгілеу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не болмаса рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.Faculty of Education 65 Center of Excellence

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)

Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз бағдарламашылар мен тәжірибелі мұғалімдер сияқты технологиялық сарапшылармен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

АКТ-ны қалай қолдану керек

Т ехнологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.

Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

  1. Теледидар бағдарламалары;

  2. Сандық теледидар;

  3. Интернет/ WWW;

  4. Ұялы телефон;

  5. Ұтқыр қондырғылар;

  6. Компьютер/ноутбук.

Сандық бейнені (видео) қолдану

Бағдарламалық жасақтама (БЖ)

Windows-тың көшірмелерінің көбісінде бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін тегін және қолданыста өте жеңіл Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтамасы бірге жүреді. БЖ-ның тегін болуына қарамастан, бейнені редакциялауда таптырмайтын құрылғы. Осы БЖ-ның бізге ұсынатын мүмкіндіктері құны жүздеген фунтқа жететін басқа бағдарламалар ұсынатын мүмкіндіктерден еш кем түспейді. Бірақ бұл құрылғыда қолданушылардың көбі әдетте қолдана бермейтін бірқатар жоғары техникалық функциялар жоқ. БЖ орнатылған iMovie деп аталатын Macintosh компьютерінің көбісінде осыған ұқсас функциялар орналастырылған.Faculty of Education 66 Center of Excellence

Кейде бейнекамераны қолдану қиын болып жатады, дегенмен Сізде камерамен бірге жүретін диск және қолдану жөніндегі нұсқаулық болса, жұмысыңыз жеңілдейді. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде колданудың жалғыз жолы – оларды пайдалануды бастау. Ол үшін кез келген қысқа бейнеклипті жүктеп алып, өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңызға енгізіп, онымен мұқият жұмыс істеңіз. Бұл жұмыс алғашында біраз уақытыңызды алуы мүмкін, бірақ кейіннен жеңіл және жылдам жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді.

Жарықтандыру

Бұл нағыз проблема болуы мүмкін. Сандық камералардың көбінде автоматты жарықты икемдеу функциясы бар. Түсіп тұрған жарық көзі сай болып, әрі камераңыз жылжымай, бір жерде тұратын болса, бұл функция ыңғайлы болады. Ал камераңыз орын ауыстырып, жарық түсу деңгейі өзгеріп тұрса, бұл нағыз проблемаға айналуы мүмкін. Егер камераңыздың орнын ауыстырып тұруды жоспарласаңыз, орын ауыстыру жолын алдын ала ойластырыңыз, өйткені дұрыс емес орынға (мысалы, терезеге арқаңызбен) тұрып қалуыңыз мүмкін. Фотосуреттерде жарық деңгейін өзгерту айтарлықтай оңай, Windows MovieMaker сияқты кейбір бейнебағдарламалар да жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай алады. Бірақ жарықтандыру мәселесін алдын ала ойластырып алған дұрыс.

Микрофондар

Көптеген камералардың орнатылған микрофоны бар, бірақ Сізге түсіріп жатқан бейнеңіздің дыбыстық жолы маңызды болса, екінші микрофоныңыз болғаны дұрыс. Кейбір сандық бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған 3,5 мм ұясы болады, Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған микрофонның өшіріліп, теңшеулердің барлығын жөнге салғандығыңызды және микрофонды ұстау ыңғайлы екендігін тексеріңіз (ұзын сымы бар микрофон пайдаланыңыз). Тағы бір тәсіл – саундтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін оны қосу. Бейнені редакциялауға арналған БЖ Сізге саундтректерді кейіннен қосуға мүмкіндік береді (бірнеше рет те қосуға болады).

Аудио және подкастинг

Подкастинг – бұл балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Мектеп ұжымы не істеп жатқандары туралы айту үшін және балаларының жетістіктерін мерекелеу үшін Интернетті жиі пайдаланады, ал подкастинг – бұны көрсетудің тамаша тәсілі.

Подкаст деген не?

Подкаст радиоқойылымға ұқсас (интернетте орналастырылған, цифрланған бағдарлама). Бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кейіннен кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады. Жалпыға қызықты ойын-сауықтан бастап белгілі тақырыптар бойынша (мысалы, компьютерлер/ музыка/ білім) мамандандырылған мыңдаған қолжетімді подкасттар бар.

Қалай тыңдау керек

Сіз подкасттарды оларды жасаған адамдардың web-сайттарынан тікелей тыңдай аласыз (төмендегі кейбір мысалдарды қараңыз). Бірақ Сізге iPodder және iTunes сияқты БЖ пайдалана отырып, подкасттарға «жазылуға» болады. Бұл бағдарламалар соңғы шоуларды автоматы түрде жүктейді және Сіз оларды өз компьютеріңізден және/немесе mp3 плеермен тыңдай аласыз. Подкастқа жазылу үшін Сізде RSS таспа (бұл ақпарат подкасттың web-сайтында болуға тиіс) болу керек. iTunes-те анықтама бар, Сіз тек «Жазылу» («Subscribe») түймесін басып, шоуға жазыла аласыз.

Подкаст жасаудың балалар үшін қандай пайдасы бар?

  1. Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын әлеуетті аудиторияны құрады.

Faculty of Education 67 Center of Excellence

  1. Сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектеседі (сценарийлер, сұхбат жазу және т.б.) әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар олар АКТ-ны қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді.

  2. Подкасттар интерактивті болуы мүмкін және аудитория өз пікірлерін білдіре алады, бұл балаларға олардың жұмысы туралы бағалы кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

  3. Подкаст құру командамен жұмыс істеу машықтарын дамытуға да үлкен пайдасын тигізеді. Тамаша бағдарлама жасауға ұмтылғандықтан, балалар бір-бірімен ынтымақтасуға тырысады.

Подкастты қалай құруға болады?

Мектеп подкасты мектептің web-сайтына орналастырылатын бір оқиғадан бастап, келушілер RSS таспасы арқылы жазыла алатын музыкасы мен сұхбаты бар апта сайынғы радиоқойылымға дейін өзгере алады. Сіздің подкасттың қандай болатыны жеке өзіңізге ғана байланысты.

Подкаст құру үшін Сізге жазатын құрылғы (ішкі және сыртқы микрофон) мен Audacity бағдарламалық жасақтамасы (http://audacity.sourceforge.net/) бар компьютер қажет. Бұл бағдарламалық жасақтама тегін жүргізіледі және Сізге жазба жасап, содан кейін оны mp3 файл ретінде экспорттауға мүмкіндік береді. Кейінірек Сіз оны мектептің web-сайтына жүктей аласыз.

Сондай-ақ төмендегілерді пайдалана отырып, өзіңіздің подкастыңызды әзірлей аласыз:

  1. Жазбаны ғимарат ішінде емес, mp3 плеерінің жазба құрылғысын пайдалануға мүмкіндігі бар нақты бір жерде, мектептің жанында немесе ұжыммен серуенге шыққанда жазып көріңіз. Сонда Сіз бұл түсірілімді өз компьютеріңізге жүктеп, шоуыңызға қоса аласыз.

  2. Подкастшыларға арналған плей-парақтарының күйін келтіруге және подкасттардан тікелей mp3-ке жазуға мүмкіндік беретін күрделі бағдарламалық жасақтама Mixcast Live (PC) пайдаланыңыз. Сонымен қатар өзіңіздің мектеп подкасттарыңыз үшін iTunes және Nicecast комбинациясын пайдалануыңызға болады.

Подкастқа не қосуға болады?

  1. Мектеп жаңалықтары – балалар мен ата-аналарға мектепте не болып жатқаны туралы хабарлаудың тамаша тәсілі.

  2. Балалар жұмыстары – балалар өз жұмысын басқа біреулермен бөліскенді жақсы көреді. Олардан өз бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе мектепте жасап көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын сұраңыз.

  3. Мектеп өлеңдері.

  4. Сұхбат – мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық мүшелерімен және мектепке келушілермен.

  5. Музыка – авторлық құқықтың бұзылатынына байланысты подкасттарда коммерциялық музыканы пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми келісімін алған жағдайда ғана подкасттарда автор музыкасын пайдалануға рұқсат беріледі.

Wiki беттері

Wiki дегеніміз не?

Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай алады – бұл толық эгалитарлы (тең құқылы) болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені жасай отырып, кез келген адам wiki-дің жаңа беттерін жасай алады. Беттер иерархиялық қағидатпен емес, олардың арасындағы гиперсілтемелермен байланыстырылған.

Кейс-стади: wiki бетін жаратылыстану ғылымдарының сабақтарында пайдалану

Сабақ жоспарына қысқаша шолу

Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топты ұйымдастырдым. Мен оқушыларды тек олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді комбинациялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болуы мүмкін еді және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.

Мен жасаған wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын «бастапқы материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Әртүрлі топ үшін түрлі мөлшердегі материалды таңдауыма барлық оқушылар үшін тапсырмалар спектрін қамтамасыз ету себеп болды. Ал бір топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен атауы берілді.

Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тартуды қамтамасыз ету

Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта «Ви­кипедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ. Оқушыларды тарту және оларды әрекеттерге қатыстыру үшін, оларда біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті сенімділігі болуы тиіс. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, мен өзімнің wiki беттеріме белгісіз бір дереккөз араласып кеткендей етіп көрсетіп, одан әрі тақырыпты қайта қарау кезінде беттердің толық кешенінің болуы үшін оларды түзетуге сынып оқушыларынан көмек сұрадым.

Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір-бірінің wiki беттерін редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе болған жоқ, бұл «өзін-өзі жетілдіру» ретінде қаралды.

Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.

Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)

Сандық сауаттылық – бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін + сыни тұрғыдан ойлауын + әлеуметтік хабардарлығын + оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. Төмендегі диаграммада он­лайн және смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-жабдықтарының кейбір түрлері көрсетілген (17-сурет).

17-сурет. Web 2.0 құралдары

Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі

БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да машықтарды, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдерден өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.

Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді.

Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар

Шын мәнінде тыйым салынған деректерді онлайн-режимде көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекенжайы туралы жеке ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті.

Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызға жеке ақпаратты сақтауды үйрету Сіздің негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің балаларыңыз Интернетте өзінің атын, телефонының нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.

Технологиялық, педагогикалық және мазмұнды білім (ТПМБ)

5-кесте АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді.

5-кесте. Мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы тәсілдері

Кейс-стади

Бұл тапсырма менің тәжірибемде Менделеевтің периодтық кестесіндегі бір элемент туралы ақпарат жинау үшін оқушылар жеке жұмыс істейтін, барлығына аян «текшені қалыптастыру» қағидатына негізделген тапсырмаларды оқытуды қолдану нәтижесінде құрылды. Жиналған ақпарат, әдетте, тұсаукесер жасау үшін текше түрінде жинақталады. Мен бұл идеяны ақпарат жинау үшін лайықтауды және оқушылар оны маған ұсына алатын жаңа жолдарды қарауды ұйғардым. Мен сынаулар және қателер әдісімен оқушыларды шағын топ болып (3–4 адам) жұмыс істеу қажеттігі туралы қорытындыға келдім, онда әр оқушы жеке элементпен жұмыс істейді, кейін олар өздерінің зерттеген ақпаратын хабарлама немесе жарнамалық ролик түрінде ұсынуы тиіс.

Жұмыс сызбасы өзімнің жаратылыстану пәні бойынша екі сабағыма және тағы бір сабаққа негізделеді, бірақ бұны үш сабақта істеуге немесе екі сабаққа дейін қысқартуға болады. Сатып алушыларға әсер ету үшін БАҚ жарнамалық роликті қалай пайдаланатынына көп уақыт бөлуді ұйғардым. Мәселен, егер сабақта уақыт жеткіліксіз болса, оқушыларға өздерінің жарнамалық роликтерін ойлап шығаруға және айналысуға қосымша уақыт беруге болады. Бірақ мен осы идеялар қалай болғанда да, қысқаша болса да, көрсетілгенін, түсіндірілгенін ұсынамын, себебі оқушыларда еліктейтін үлгі болатындықтан, түпкі жарнама роликтерін анағұрлым ықшам әрі ұтымды етер еді.

Сабақтар топтамасында оқушыларға жарнамалық роликті редакциялауға және оларға әсер мен атаулар қосу үшін, содан кейін оны сыныппен көріп, ең жақсы роликке сынып қалай дауыс беретінін бақылау үшін мен соңғы сабақты пайдаландым. Дегенмен түсірілген роликтерді ғана көрсетіп немесе мұғалім оларды өзі редакциялауы арқылы уақытты үнемдеуге болады.

Мен роликтер түсіру үшін оқушыларды топпен үзіліс кезінде немесе түскі ас уақытында жұмыс істеуге шақырған пайдалы екенін анықтадым. Бұл шынында да нәтиже берді, себебі оқушылар роликтерінің сыныптан тыс таныстырылымының алдында өздерін сенімді ұстады және оларды жазып алу үшін барлығы қайтып келуге тырысты.

САБАҚ

Сабақ жарнамалық роликті түсіндіру және жарнамалаушылардың адамдарды өз өнімдерін сатып алуға қалай көндіретіндері туралы түсінік беруден басталды; бұл сондай-ақ PowerPoint таныстырылымы мен түрлі жарнамалардың сандық бейнеклиптерін көрсету түрінде ұсынылды. Біз аяқтағаннан кейін сыныпты 3–4 оқушыдан тұратын топтарға бөлдік. Әр топқа зерттеу үшін түрлі элемент берілді және олар кітаптар мен Интернетті пайдалана отырып, оның негізгі сипаттамалары туралы ақпарат жинады. Осыдан кейін, топтардан өз элементі туралы жарнаманы қалай ұсынатыны туралы ойлау сұралды. Оқушыларға көмек ретінде, әр топқа оқушылар қосуға тиіс ақпарат туралы нұсқаулығы бар жұмыс парағы берілді. Бірінші сабақ оқушылар өздерінің болашақ жарнамаларының жоба жазбаларын толтырумен және өздеріне қажет болатын қосымша материалдар (мысалы, қосымша слайдтар және т.б.) табумен аяқталды. Оқушыларға, сыныптан шыққанға дейін, үзіліске және түскі асқа берілген уақытты жарнама түсіру үшін пайдалану ұсынылды. Келесі сабақта бейнені жасауға, редакциялау және көрсету үшін Microsoft Movie Maker пайдалануға шамамен 30 минут бөлінді.