- •Мазмұны
- •Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер
- •Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- •Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- •Талантты және дарынды балаларды оқыту
- •I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
- •II деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
- •III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральді пайымдау
- •Оқытудағы басқару және көшбасшылық
- •Апқ (американдық психологиялық қауымдастық) талаптарына сәйкес жазба жұмыстарда сілтемелерді ресімдеу ережесіне шолу
- •Этикалық талаптар
- •Үшінші деңгей бағдарламасын игеру қорытындысы бойынша мұғалімдерді бағалау
- •2. Портфолионы бағалау
- •3. Таныстырылымдарды бағалау
- •1. Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
- •2. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану.
- •3. Оқыту мен оқудың жаңа практикасын енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Апқ (американдық психологиялық қауымдастық) талаптарына сәйкес жазба жұмыстарда сілтемелерді ресімдеу ережесіне шолу
Сілтеме АПҚ (Американдық психологиялық қауымдастық) стилінде болуға тиіс. Идея көзі ретінде жарияланған жұмыстарға сілтеме жасаған кезде, тіпті Сіз автор жұмысынан сөзбе-сөз үзінді келтірмесеңіз де, мәтінде автордың тегін және мақаланың шыққан жылын жақшада көрсеткеніңіз жөн, мысалы:
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейі әлі күнге дейін басқа адамдардың өмір сүру сапасынан артта қалғандығының дәлелдері бар» (Mittler, 2008).
Егер жеке абзацтан үзінді келтіргіңіз келсе, сол бетті көрсету керек, мысалы:
«Қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстарға қарамастан, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және олардың отбасыларының өмір сүру деңгейі басқа адамдардың өмір сүру сапасынан біршама төмен болып отыр» (Mittler, 2008, page 6).
Егер автордың аты Сіздің өз сөйлеміңіздің ішінде аталса, онда басылым көзінің жылы жақшаға алынуға тиіс, мысалы:
«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасының проблемалары тіпті, Митлер (2008), «қызмет көрсету саласындағы көптеген жұмыстар» (6 бет) деп белгілеген жағдайлардан кейін де сақталып отыр».
Егер екі автор болса, екеуінің де есімдерін көрсеткен жөн, мысалы: (Jordan and Powell, 1995). Егер авторлар екіден көп болса, онда олардың жұмыстарының аты мәтінде кездескен жағдайда барлығының есімдері көрсетіледі. Бұдан кейін «және басқалары» деп көрсетіп, бірінші автордың есімін ғана келтіру керек, мысалы: (Lewis et al, 2006).
Түпкі деректерге сілтеме жасаған дұрыс, бірақ бұл үнемі мүмкін бола бермейді, айталық сөз өте ерте немесе жеткілікті дәрежеде белгілі емес дерек көздері туралы болған жағдайда бұндай мүмкіндік жоқ. Кейде Сіз басқа автор атап өткен автордың жұмысына сілтеме жасай аласыз. Мұндай жағдайларда «үзіндіге сәйкес» деген тіркесті қолданыңыз, мысалы:
«Тизард (1962), Тилстондағы үзіндіге сәйкес (1991),… дәлелдер келтіреді».
Бөлімдегі соңғы жұмысқа сілтеме келтіріңіз (бұл жағдайда «Тилстон, 1991»).
Сіз келтірген сілтемелердің барлық дереккөздері (оның ішінде нұсқаулар және үзінділер) мәтін соңындағы «Пайдаланылған әдебиет» тақырыбында көрсетілуі керек. Осы дереккөздер, оның ішінде кітаптар, жарық көрген жинақтардағы жекелеген тараулар, журнал мақалалары, web-сайтта орналастырылған құжаттар, тест материалдары, нұсқаулықтар, анықтамалық буклеттер және жарнамалар авторлардың атымен әліпби ретімен тәртіпке келтірілуге тиіс, мысалы:
ББА (Біліктіліктер және оқу бағдарламалары жөніндегі аген
Купер, П., (1996). «Оқушылармен серіктес ретінде: оқушылардың мектеп басқаруына қосқан үлесі», К.Джоунс және Т.Чартон (ред). Оқушылармен бірлесе отырып, оқудағы және тәртіптегі қиыншылықтарды жеңу. Лондон: Раутледж.
Бір автордың екі жұмысына сілтеме жасаған кезде оларды хронологиялық тәртіпте келтіріңіз. Бір жылда жазылған бірнеше жұмыстарға сілтеме жасаған кезде белгілі бір тәртіппен шыққан күнін және әріптік кодын көрсетіңіз, мысалы: «DfES, 2005а; DfES, 2005б; DfES, 2005в».
Толық сілтемелер мыналардан тұрады: автордың аты-жөні, тегі; атауы, шыққан күні (тараулар мен мақалалар үшін тырнақшада; кітаптардың және журналдардың атауы курсивпен немесе астын сызу арқылы); тиісінше редакторлардың тегі; кітаптардың басылған жері және баспаның атауы; журналдық мақалалар үшін том нөмірлері, шығарылым нөмірі, бет нөмірлері.
Сіз дәрістерге және жарияланбаған зерттеулерге де сілтеме жасай аласыз:
Годбарт, Дж. И Ригби, Дж. (1989). «PMLD-да адамдармен өзара қарым-қатынас орнату». Манчестер Университетінің балалар және жасөспірімдер психиатриясының өңірлік зерттеу департаменті ұсынған құжат, 10 сәуір 1989 ж.
Уэа, Дж. (1987). «Оқуда біршама қиындықтары бар балалардың білім алуын қамтамасыз ету: арнайы күтім бөлімшелеріндегі оқушылардың – штаттағы қызметкерлер арасындағы өзара әрекетін талдауды қарау». Жарияланбаған тезистер PhD; Лондондағы Университеттің педагогикалық институты.
Егер Сіз Интернеттен алынған ресмилігі шамалы материалға сілтеме жасасаңыз, автордың тегін және аты-жөнін; күнін; тақырыбын, құжаттың орналасқан жерін және оны алған күнді көрсету қажет, мысалы: Лауенштайн, Л. Ф., (2007). «Алексимитиямен науқастану және оның алғашқы белгілері» (ASD) және анықтау кезіндегі проблемалар». [онлайн: www.nas.org.uk/nas/jsp] (2008 ж. 24 мамырда алынды).
Зерттеулеріңізге қосымша ретінде осы сияқты материалдардың көшірмелерін де қосуыңызға болады. Интернет кітапхана сияқты материалдарды сақтап отырмайтындығын ескеру қажет.
Сондай-ақ томдардың және нөмірлердің шартты белгілерін қолданбайтын, академиялығы шамалы журналдар мен газеттерді көрсете аласыз:
Эглстон, Дж., (1980). «Жоба кемшіліктері». Таймстың педагогикалық қосымшасы. 12.9.80.
Франкл, C., (2007). «Қатерлер», Арнайы шығарылым. Наурыз 2007, 18–20 бет.
Теледидар немесе радио бағдарламалары үшін:
BBC2., (1995). «Жайлы, қауіпсіз орын» «Ескі мектеп байланыстары». 7.9.95. Лондон: BBC ТВ.
Мұндай жағдайда сілтемелерді құруға арналған дереккөздер туралы мүмкіндігінше көбірек материал жинақтайды.
Сізге әртүрлі басылымдарда қолданылатын стандарттар мен тәсілдер туралы білген жөн. Жетекші педагогикалық журналдардағы әр мақаланы оқу сарапшылары тексеруге тиіс; бұқаралық ақпарат құралдарында журналистер нақты бағдарламаны тексеруі мүмкін және арнайы редакторлық режимде жұмыс істеуі мүмкін; кез келген адам сайттан бет аша алады.Faculty of Education 95 Center of Excellence
