- •13] Тық шығарады. Ол бауырға, гипоталамусқа өсер етіп, төбетті төмендетеді жөне организмде ыдырау үрдістерін күшейтеді;
- •Семірудің жіктелуі.
- •Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі.
- •Салдарлық (екіншілік) семіру
- •139Низм пролакгиннің көп өндірілуімен жауап қайтармайды. Көпшілік жағ-дайда гипоталамустық семіру белгілі мөлшерде гипогонадизммен қабат-тасады және бүндай адамдар тамаққа қомағай болып келеді.
- •Семіруден аддын-ала сақтандыру мен емдеу тәсілдерінің негіздері.
Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік семірудің патогенезі.
Майдың май тінінде жиналуы (липогенез) липопротеидлипаза ферментінің қатысуымен жүреді. Бүл фермент май тінінің қан қылта-мырларындағы эндотелий жасушаларының сыртқы беттеріне шығып, ішектерде және бауырда өндірілген липопротеидтерден үшглицеридтерді ыдыратып шығарады. Май қышқыддары эндотелиоциттерден өтіп, жа-суша аралық кеңістіктерге, артынан май жасушаларына ауысады. Олар-да глицериннің қайта әтірленуі және меншік үшглицеридтердің қалып-тасуы болады. Артық тамақтанғанда жөне біріншілік семіру кездерінде липопротеидлипазаның белсенділігі көтеріледі. Оның белсенділігі арту-
ына инсулин ықпал етеді.
Май жасушаларында май глюкозадан да түзіледі. Инсулин май тінімен • глюкозаның қамтылуын күшейтіп, одан май түзілуін арттырады. Липо-генез а2-адреномиметиктердің өсерлерінен де күшейеді. Глюкокортико-идтық гормондар майлардың әрі түзілуін, өрі ыдырауын арттырады. Олардың әсері катехоламиндердің май жасушаларына пермиссиялық (қолдаушы) әсерінен байланысты болады. Дененің әр түрлі бөлікгерінде орналасқан май тіндерінде катехоламиндерді қабылдайтын адреноре-цепторлардың жиынтықтары да әрқилы болудан гиперкортицизм кезінде глюкокортикоидтардың әсерлерінен май негізінен бетте, мойында және дененің жоғары жақтарында артық түзіледі. Бүл кезде аяқ-қолдарда липогенез, керісінше, азаяды.
Майлардың ыдырауын (липолизін) май жасушаларының іштеріңце болатын гормонға төуелді липаза ферменті қамтамасыз етеді. Ол ц-АМФ-тәуелді протеинкиназамен әсерленеді. Адипоциттердің сыртқы беттерівдегі рецепторларға норадреналин өсер етуден аденилатциклаза әсерленіп, май жасушаларының ішінде ц-АМФ көбеюден липолиз күшейеді. Бүл катехоламин май жасушаларына Ь3-адренорецепторлары арқылы әсер етеді. Осыған байланысты біріншіліх семіруге бейімділігі бар адамдардың адипоциттерінде Ь3-адренорецепторлардың өсерленуі төмен болады. Осыдан майлардың ыдырауы кеміп кетеді.
Аденогипофиздің гормондары: кортикотроішн, соматотропин, люте-отропин, тиреотропин, липотропин және қалқанша бездің гормондары, симпатикалық-адренергиялық жүйенің қозуы майлардың ыдырауына
136
өкеледі. Осыдан қавда май қышқыддары мен глицерин көбейеді. Май қышқыддары онда өлбуминмен байланысып бауырға тасымадданады. Біріншілік семіруге бейім адамдарда глицериннің көп бөлігі қайтадан үшглицеридтерге айналады. Сонымен, бүндай адамдардың адипоциттері үіпглицеридтгерден айырылғысы келмейді. Липолизге қажетті гормон-дық липаза ферментінің белсенділігін инсулин тежейді. Сол себептен ги-перинсулинизм кезінде (инсулинге тәуелсіз қантгы диабетгің 2-түріңде және инсулинома кездеріңце) адамның салдарлық толып кетуі байқалады.
Біріншілік семіру.
Біріншілік семірудің негізінде липостаздық жүйенің шеткері май тіні мен гипоталамустың арасындагы өзара қатынастардың бүзылуы мацызды орын алады. 1994-жылы Дж. Скотт "тоқтық" жағдайда адипоциттер пептидтік гормон — лептин өндіретінін ашты. Оның жалпы мөлшері организмдегі май тінінің мөлшеріне тікелей байланысты жөне әйелдер-де, еркектерге қарағавда, көбірек болады. Май жасушаларымен лептин өндірілуін инсулин, және аз мөлшерде глюкокортикоидтар, сергітеді. Лептин гипоталамустың вентромедиалдық ядроларына әсер етеді де той-ыну сезімін туындатады. Сонымен бірге, ол жылу өндіру орталығын сергітіп, симпато-адренергиялық жүйенің белсенділігін көтереді. Осы-дан термогенез артып, норадреналиннің әсерінен май тіндерінің ыды-рауы күшейеді. Оның өсерінен негізгі алмасу көтеріліп, оттегіні пайда-лану жоғарлайды және липолиздің басқа жолдары да артуы ықтимал. Лептиннің әсерінен аштық сезімінің орталығында (вентролатералдык ядроларда) нейропептид Ү өндірілуі азаяды. Бүл нейропептид:
— аштық сезімін туындатып, төбеттің ашылуына өкеледі;
— кейбір эндокриндік бездердің гипофиз арқылы жөне гипофизден тыс реттелулеріне қатысады;
— инсулин өндірілуін арттырады;
— тамақ қабылдауға түрткі болады;
— адипоцитгерде май жиналуына әкеледі.
Осылай май жасушалары мен гипоталамустың өзара байланыстары-мен денедегі май тінінің түрақтылығы қалыпты мөлшерде үсталынып түрады.
Осы жағдайларға байланысты біріншілік семірудің даму патогенезівде май жасушаларыңда лептинніц жеткіліксіздігі мацызды орын алады. Оның жеткіліксіздігі гендік ақаулардың нәтижесіңде:
— май жасушаларыңца лептиннің аз түзілуінен;
— гипоталамустың вентромедиалдық ядроларының нейрондарыңда лептиннің әсерін қабылдайтын рецепторлар болмауынан немесе аз бо-луынан байқалады. Соңғысында май тіндері лептинді жеткілікті өндіруіне қарамай оның гипоталамусқа өсері болмайды. Содан гипоталамустың аштық сезімінің орталығы үдайы нейропептид Ү-ді артық өвдіреді.
Осыдан адамдардағы біріншілік семіру дамуыңда түқым қуалаушы-лықтың маңызды екенін байқауға болады. Біріншілік семіруді, тамақта-
137нудың бүзылыстарымен қабаттасатын, полигеңдік дерттік жағдайға жат-қызады. Ата-анасының біреуінде семіздік болса, онда олардан туған ба-лалардың 56%-ьшда семіруге бейімдік байқалады. Ал, екі бірдей толық адамдардан туған балалардың 78%-ында артынан семіру пайда болады.
Біріншілік семірудің даму негізінде, тұқым қуалауға бейімділікгің нөтижесінде май жасушаларында лептиннің аз түзілуінің маңызы зор дегенмен де, организмге түсетін энергия мен оның шығындалуының арасындағы тепе-тендіктің бүзылуына мән бермеуге болмайды. Бүл кез-де адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы байланыстардың өзгерістерінен, денедегі май тінін жеткіліксіз деп қабылдайтын, дене салмағын орнықтыратын нүкте жоғарылап ығысып кетуі болады. Содан оны нейропептидтік реттеудің жаңа сапалы деңгейіне сәйкес организм-ге түсетін энергия оның шығындалуынан басым болып кетеді. Энергия шығындалуының азаюы адамның гиподинамиясынан байланысты. Сол себепті адам ішетін тамақты азайтып, қимыл-қозғалысты көбейту арқ-ылы дене салмағын қалыпты мөлшерде үстап түра алады. Семіру ішкен тамақтың мөлшерінен ғана емес, оның сапалық қүрамынан, қоректену тәртібінен де кеп байланысты. Тамақтың қүрамында нөруыздардың аз-дығы семіріп кетуге ықпал етеді. Тамақ ішу сирек және бір ішкенде мол болса, олда семіруге өкеледі. Бүл кезде организмдегі инсулиннің деңгейі жоғары деңгейде үзақ үсталып түрады. Тамақты тым кеш, жатар алдын-да ішуде дененің толуына қауіп төндіреді.
Біріншілік семіру кезіңде артық салмақтан арылу өлі адамның то-лық сауығуы емес. Бүл кезде көптеген дерттік өзгерістер сақталып қала-ды жөне олар әртүрлі бүзылыстарға өкелуі ықтимал. Артық салмақтан арықтаған адамдарда:
• зат алмасуларьіның бүзылыстары, соның ішінде лептиннің жеткіліксіздігі, содан нейропептид Ү үдайы артық түзілуі сақталып қалады;
• адипоциттер бүрынғыша май қышқыддары мен глицеринге өте үйір болады және оларда липолизден босаған май қышқыдцарын қайта өтірлеу жоғары деңгейде болады;
• май тінівде липопротеидлипаза ферментінің белсенділігі көтеріңкі
болады;
• тойыну сезімі орталығының серотонинге сезімтаддығы төмен бо-
лады;
• адипоцштердің р-адреномиметиктерге сезімтаддығы аз болады;
• гипоталамустың инсулинге сезімталдығы төмевдеген;
• гиперплазиялық және аралас семірулер кездерінде май жасуша-ларының саны көбейген.
Осыдан артық салмақтан арылған адамдардың біршама қызметтік
көрсеткіштері нашарлайды.
• гипоталамус қалыпты дене салмағын азсынып, арықтауға қарсы
жауап қайтарады;
• гипофизде тиреотропин өндірілуі азаюдан гипотиреоз дамиды. Содан бүвдай адамдардың суыққа төзімділігі төмендейді;
• негізгі алмасу төмендейді;
138
• әсіресе әйеддердің жыныстық қабілеті азаяды, етеккір келу ора-лымының бүзылыстары байқалады. Өйткені адипоцитгерде эстрогендер түзілуі азайған;
• арықтау үшін еркінен тыс қоректену адамның жан-дүниелік күйзелістеріне әкеледі;
• кейбір адамдарда лейкопения, брадикардия, гипотензия дамиды;
• қатты арықтаудың нөтижесінде иммунитет әлсіреуі мүмкін. Осы келтірілгендерге байланысты семірудің бүл түрін емдеу
қоректенуді азайту мен емдік гимнастикаларға ғана бағытталып қой-мауы керек. Негізгі патогенездік емшаралар организмде лептиннің деңгейін көтеруге бағытталғаны жөн.
Сонымен липостаздық жүйеде гипоталамус, ішек гормовдары, бүйрек үсті бездері, үйқыбездің (3-жасушалары және май тіні аралық қатынас-тарының маңызы өте зор. Олардың өзара әсерлері дене салмағының түрақтылығын және организмнің метаболизмдік мүқтаждығына сәйкес қоректену төртібін қамтамасыз етеді.
