- •23. Стандарттау тәсілі. Тікелей стандарттау тәсілінің кезеңдері, қолдануы.
- •30.Орта шамалар, олардың түрлері. Өлшемді орта
- •32. Статистикалық зерттеу бағдарламасының негізгі сұрақтары. Статистикалық кестелердің түрлері.
- •33.Варияциялық қатар анықтамасы, түрлері және олардың негізгі белгілері ( варианта, жиілік, бақылау саны және т.Б.).
- •34.Корреляция коэффицентін рангылы әдіспен есептеудің негізгі
- •35.Статистикалық зерттеулерде мәліметтерді жинау бағдарламасының негізгі сұрақтары.
- •38.Графикалық бейнелеу түрлері.Шеңберлік(секторлық) және радиальдық диаграммларды құруға қойылатын талаптар.
- •41.Критерийдің қуаттылығы (сезімталдығы).Сенім шегі.(интервал).
- •39.Нөлдік және балама (альтернативті) гипотезалар туралы түсінік,олардың қолданылуы.
- •40. Жай орташа арифметикалық және өлшемді орташа арифметикалық шамаларды есептеу әдістері.
- •50.Корреляция коэффициентін қолдануға қойылатын талаптар , корреляциялық байланыстың күшін сипаттау.
- •51.Дисперсиялық талдау туралы түсінік,олардың түрлері.Дисперсиялық талдау жүргізу әдісі.Р. Фишердің критериі(f- критериі).
- •52.Стандартизациялау әдісінің мәні және қолданылуы.Стандарттаудың тікелей әдісінің кезеңдері Стандарттау ұғымы
- •57. Кезеңдік(моменттік) әдісімен жай орташа арифметикалық шаманы
- •58.Статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Статистикалық
- •59.Салыстырмалы шамалардың түрлері. Үлестік көрсеткіштерді
- •60. Орта шамалар дың түрлері, оларды медицинада және денсаулық сақтауда қолдану.
52.Стандартизациялау әдісінің мәні және қолданылуы.Стандарттаудың тікелей әдісінің кезеңдері Стандарттау ұғымы
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.
Стандарттау әдісін қолдану шарты. Әдіс құрамы бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар жиынтықтардың қарқынды көрсеткіштерін салыстыруда қолданылады (мысалы, жасы, жынысы, мамандығы және т.б. бойынша).
Стандарттау әдісінің мағынасы. Ол жиынтықтар құрамындағы айырмашылықтарды салыстырылатын қарқынды көрсеткіштердің шамасына қандай да бір белгі бойынша жоюға мүмкіндік береді. Стандартталған көрсеткіштер - шартты, гипотетикалық шамалар, олар құбылыстардың нақты шамаларын сипаттамайды.
3. Стандарттау әдісінің маңызы. Осылайша, стандарттау әдісі қандай бір белгі бойынша жиынтық құрамдарының әртектілік факторының салыстырылатын қарқынды көрсеткіштердің айырмашылықтарына әсерін анықтау үшін қолданылады.
Стандартталған көрсеткіштерді есептеу кезеңдері
І кезең. Жалпы және жеке қарқынды көрсеткіштерді есептеу: жалпы — жинытықтар бойынша жалпылай; жеке — айырмашылық белгісі бойынша (жынысы, жасы, өтілі және т.б.).
II кезең. Стандартты анықтау, яғни салыстырылатын жиынтықтар үшін осы белгі бойынша (жынысы, жасы, өтілі және т.б.) ортаның бірдей сандық құрамын таңдау.
III кезең. І кезеңде есептелген қарқынды топтық көрсеткіштер негізінде стандарт топтарында құбылыстың күтілетін абсолют шамаларын есептеу. Салыстырылатын жиынтықтар бойынша қорытынды сандар топтардағы күтілетін шамалардың суммасы болып табылады.
IV кезең. Топтардағы күтілетін қорытынды шамаларды және жаңа стандар-ортаны қолданып, салыстырылатын жиынтықтар үшін стандартталған көрсеткіштерді есептеу.
V кезең. Стандартталған және қарқынды көрсеткіштердің қатынастарын салыстыру, шешім шығару.
56. Бір – бірімен байланысыз таңдамалы статистикалық жиынтықтар туралы түсінік. Параметрлік емес критерилерді қолдану . ( Уайта критериі, Колмогоров- Смирнов критериі).
Сапалық белгілермен жұмыс істегенде параметрлік емес критериилер қолданады, себебі зерттеулер нәтижесін салыстырғанда таралу түрін ескерудің қажеті жоқ және мұнда параметрлік критерилерді( М,m,C және т.б.) есептеудің қажеті болмайды.Сондықтан параметрлік емес тәсілдер таралудың қандай түрі болсада және бақылау саны өте аз болғанда да, көбіне сапалық белгілерді (емдеу нәтижесі, ауыртпалық түрі және т.б.)зерттегенде пайдаланады. Сонымен қатар параметрлік емес критериилерді есептеу жолдары қарапайым болғандықтан көп уақыт қажет болмайды.
Уайт критериі.
Есептеу реті:
1) Салыстырылатын нәтижелер екі катарға жазылады(Х, Y);
2) Кіші саннан бастап қандай қатарда тұрсада реттік орны белгіленеді;
3) Х, Y қатардағы сандарды қосады ;
4) Қосындының кіші саны арнайы кесте бойынша бағаланады.
Колмогоров-Смирнов критерийі - эмпирикалық және теориялық көрсеткіштердің бөлінуін салыстыруда; бір эмпирикалық көрсеткіштерді екінші эмпирикалық көрсеткіштермен салыстыруда қолданылады.
Бұл параметрлік емес критерилердің ішіндегі маңыздылық жағынан ең күшті болып есептеледі.
Есептеу реті:
1) Салыстырылатын нәтижелер (Х, Y) бір катарға жазылады;
2) Варианттар жиілігі (Рх , Ру ) екі қатарға жазылады;
3) Жиіліктер жинақталған ретімен орналастырылады;
4) Жинақталған ретімен орналастырылған жиіліктер сәйкес топтағы бақылау санына бөлінеді;
5) Х, Y топтардағы жинақталған жиіліктердің айырмашылықтары есепте леді (плюс, минус белгілер ескерілмейді);
6) Айырмашылықтардың (D) ең жоғары деңгейі анықталады;
7) формула бойынша ......есептеледі;
8)Есептелінген критерилер мәні салыстырылады
