- •Жоспары:
- •Лекцияның тақырыбы: Адам өміріндегі тілдің ролі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы.
- •Жоспар:
- •Тілдің қоғамдық қызметі
- •Тіл және ойлау
- •2. Балақаев м. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. А.,1965
- •Жазылуы Айтылуы
- •Айтылуы Жазылуы
- •Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер.
- •Жоспары:
- •Орфографиялық норма
- •Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері
- •Жоспары:
- •4. Синтаксистік қателер. Бұндай қателерге сөз бен сөздің баланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі.
- •1. Сүтті ұлғайтудың үш жолы бар. 2. Малшылардың үстерінде стандартты үй, алдарында жиюлы шөп. 3. Жыл бойына ешқандай шара өткізілмепті. 4. Осы өңірдегі астықшылардың алды.
- •Лекцияның тақырыбы: Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы
- •Жоспары:
- •Жоспары:
4. Синтаксистік қателер. Бұндай қателерге сөз бен сөздің баланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі.
а)Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен қате жібереді.Мысал:Алыстан ағаш басы қарауытып көрінеді.
ә) Сөйлемдені сөздердің орын тәртібінен қате жібереді, сөздердің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәні ескермейді. Содан адамдар инверциядан қате жібереді. Мысалы: Ұзақ сапардан арып-ашып келді Ер Төстік.Бұл сөлемде бастауыш (Ер Төстік) өз орнында тұрған жоқ.
б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыратылмай араластырып, бір-бірімен байланыстырмай, айтайын деген ойы шашыраңқы берулі кездеседі.Мысалы: Интернатқа Борштың апасы келіп, анасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.
в) Сөйлемде екі бастауыш қатар қолдану кездеседі. Мысалы: Ғабит Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.
5. Логикалық қате. Ойды көркемдеп әдеби тілдің нормасында жеткізуде әр сөз, сөз тіркесін және сөйлемді сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты пайдалану тілімізде жеткіліксіз.
Кей адамдардың ауызекі сөздері мен жазбаша жұмыстарында атайын деген ойын шашыратып, сөйлемдеріндегі ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды пікір айту мен қорытынды жасауда кемшіліктерге жол береді. Бір ой аяқталмай-ақ екінші ойдыбастайды немесе араластырып қолдана бареді. . Логикалық қателерге негізінде мынадай қателер жатады.
а) Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі белгісіз болып қалады.Мысалы: Амангелді сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берді.
Бұл сөйлемдегі Амангелдінің сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берген өзі ме, әлде басқа ме екендігі белгісіз.
ә) Сөлемдегі ой бір-бірімен байланысқа түспей түсініксіз берілуі. Мысалы: 1. Әкесі мен баласының қоштасар сәті келді. 2. Екеуі құшақтасып ұзақ уақыт тұрды. 3.Оның көзінен жас шықпады. Бұл сөйлемде кімнің шықпағаны белгісіз күйде қалған.
Қорыта айтқанда, адамдардың сөйлеуінде осындай қателер кездеседі. Әрбір мәдениетті адам қарым-қатынас үрдісінде осынау қателерге жол бермеуі тиіс.
2-модуль.
Лекция № 8
Лекцияның тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма
Жоспары:
Лексикалық норма.
Фразеологизм – кісі ойын мәнерлі жеткізу үшін жұмсалатын сөздер тобы.
Мақал-мәтелдер.
Қанатты сөздер.
Әдебиет: 1. Айтбаев Ө. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі. Жинақ. Сөз өнері. А., 1978, 90-98-беттер.
2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1989, 43-56-беттер.
3. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988, 115-135- беттер.
4. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986, 42-65- беттер.
5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
6. Серғалиев М. Келісті сөз – көркемдік кепілі. «Жұлдыз», 1975, № 11, 195-200 беттер.
7. Төреқұлов Н. Нақыл сөз – тілдің нәрі. Жинақ: Өрелі өнер, А., 1976, 126-128 беттер.
Лексикалық норма. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі көркем әдебиетте жиі қолданылып жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек пайдаланылады. Ауызекі тілде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүде сөздері кейбір сөз зергерлерінің туындыларында кездескенімен, бірақ олар әдеби тіл нормасына жатпайды. Олардың орнына қала, және, қораз, өте сөздері әдеби болып табылады.
Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтың қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден енген сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің т.б. әр алуан терминдерінен құралады.
Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сан алуан сөздердің әдеби тілге жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, сөйлеу тіліне ғана жататындары бар.
Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:
1. Диалектизмдер. Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сиапт алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді.Мысалы:
Әдеби Диалектизм
салдары зарпы
беймаза бейана
кебек буызді
үкімі бойлай
әрең шаққа
2. Профессионализм.
Бұған белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың пайдаланатын сөздері жатады. Мәселен бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп ететін оңтүстік аймақтарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, құлақ, қауашақ, собық, қарық, атыз сияқты сөздер бар.
Кейбір кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып тілдің лексикалық байлығын арттыруға болады.
Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер.
Кейбір кісілердің тілінде өздері әбден қалыптасып кеткен «бұралқы» сөздер кездеседі. Мысалы « Ол кеше нені нетіп келді», «Олар, жаңағы, енді, тап тартысы, жаңағы, күшейтті». Міне осындай «нені», «жаңағы», «сосын», «сонан соң», «иә», «яки», «тағы» т.б. сөздерді жиі қолданады. Әрбір адам мұндай қоңырсық, былапыт сөздерден аулақ болуы тиіс.
Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Қазақ тіліне термин сөздер орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енеді. Терминология қай салада болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен бай- ланысты дамып отырады. Терминдер тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, жаңа мағынаға ие етіп те пайда болады. Мұндай жаңа атаулар баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминология комиссиясының ұйғаруымен әдеби тілдің нормасына айналып отырады.
Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік-эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады.
Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.
Сонда фразеологиздер дегеніміз не? Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрлымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық тіркес деп аталады. Мысалы, қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит арқасы қияда, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, ата мекен, ата жау, су ми, су жүрек т.б. сияқты сөз тіркестері фразеологизмге енеді. Мысалы, Басқарма маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді. Салым суға кеткендей жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен (Ғ.Мұст.).
Лекция №9
Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі (жазудағы) қолданысы Лексикалық норма, оның шарттары. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі қолданысы.
Лекцияның мақсаты: Сөйлеуде лексикалық норманы сақтауға үйрету.
Лекция сұрақтары:
- Лексикалық нормаға жатпайтын сөздерді ата.
- Диалектизмдер дегеніміз не?
- Кәсіби сөздер дегеніміз не?
- Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер дегеніміз не?
Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары:
- Көркем әдебиетте кездесетін диалект сөздерге шолу жасау, қолданылу ерекшелігіне тоқталу.
- Дөрекі, былапыт және жаргон сөздерге мысаодар келтір.
- Тіл мәдениетінің орфографиялық және орфоэпиялық нормасы.
- Тіл мәдениетінің лексикалық нормасы.
Әдебиет: 1. Айтбаев Ө. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі. Жинақ. Сөз өнері. А., 1978, 90-98-беттер.
2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1989, 43-56-беттер.
3. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988, 115-135- беттер.
4. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986, 42-65- беттер.
5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
6. Серғалиев М. Келісті сөз – көркемдік кепілі. «Жұлдыз», 1975, № 11, 195-200 беттер.
7. Төреқұлов Н. Нақыл сөз – тілдің нәрі. Жинақ: Өрелі өнер, А., 1976, 126-128 беттер.
Фразеологизм мен күрделі сөздерді салыстыру. Мысалы, бас тарту. 1. Байсал ақсақалға қой сойып , бас тартты. 2. Бауыржан оларды қоштаудан бас тартты. Жағасын ұстау. 1. Марат келіп Мұқанның жағасынан ұстай алды. 2. Шұбар соны естіп жағасын ұстап келді (М.Әуезов).
Қазақ тілінде фразеологиялық тіркестер үшке бөлінеді: идиома, фраза және мақал-мәтелдер. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында оды әсерлі, образды етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы, қара қылды қақ жару, қой үстінде боз торғай жұмыртқалау, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, аузымен орақ ору т.б. бұл идиомалардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарынан келіп шықпады. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген идиоманың білдіретін бір бүтін мағынасы (ұялмастан, шімірікпестен) осы тіркестің құрамындағы аузы-мұрны қисаймастан деген сөздердің білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді.
Фраза ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, мидай дала, асқар тау, шалқар көл, ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа қыпша бел т.б. осы сияқты тұрақты сөз тіркестер енеді. Идиоманың құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразелогиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (жазық дала, кең дала, ұлан-ғайыр дала, терең көл, үлкен көл, кішкене көл т.б.) фразелогиялық байлаулы мағынасында мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл сөзімен ғана тіркеседі.
Тіліміздегі тұрақты тіркестердің бір түрі – мақал-мәтелдер. Олар халық данышпандығының айнасы. Сонау ата заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілдің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге қонымды, ұтымды келеді.
Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Мысалы, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!»- десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер деміз?! МСақал-мәтел аз сөзді, терең мағыналы, әрі ұтымды болғандықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу жоғары мәдениеттілікті, ойлылықты байқатады. Өйткені «Сөздің көркі –мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей мақал-мәтел айтылайын деген ойға мазмұндылық дарытады. Мысалы, «Шегірткеден қорыққан егін екпес», «Еңбек түбі – береке», «Еңбексіз егін бітпес, оқусыз білім бітпес» сияқты мақалдар еңбекті ұйымдастыру барысында әңгімеде пайдалану сөз мазмұнын жандандыра түседі. Осындай орынды қолданған мақал-мәтелдер ауызекі сөзді де, жазбаша сөйлеуде де шешендік, көркемдік элементтерінің бірі болғандықтан халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін үйренемін деушілер оларды көп біліп, дұрыс пайдалануы қажет. Мақал-мәтел адамды образды ойлатуға үйретеді.
Қанатты сөздер. Қанатты сөздерді айтылатын оймен орайластырып дұрыс қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұлай қалатын, дәл, әрі көркем болады. Бұлар бұрын-соңды шешендер мен көркем ақын-жазушылардың аузынан, қаламынан шығып жұртшылыққа тарайды да, олар бүкіл халықтың қасиетіне ие болып жалпылық сипат алады. Мысалы,, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бида», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды», «ит үреді, керуен көшеді», «Сырдың суы сирағынан келмейді» сияқты қанатты сөздерді о баста қашан? кім? айтқаны белгісіз, сондықтан олар халықтың нақыл сөздері деп айтылады. Бірқатар қанатты-нақыл сөздердің авторы белгілі. Мысалы, «Баяғы жартас бір жартас», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» (Абай), «Достың сыры досына паш» (С.Торайғыров), «Жаңылмайтын – жан, сүрінбейтін тұяқ жоқ» (Ғ.Мүсірепов).
Қанатты сөздер – ұшқыр ойдың қанаты. Айтылатын ой-пікірдің көркем бейнелеудің құралы. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда сөйле алу – үлкен өнер. Қазақ халқының айқын ойлы данышпан ұлдары мен классиктері сөз шығармаларында қанатты-нақыл сөздерді мол пайдаланған. Мысалы,
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай)
Дүниенің қазіргі кетігі көп, кез келген жерде барып қалана беруге болмайды, бірақ ұлы ақынның қалауы ол емес, халқыңа керекті кетікті толтыр дегенді білдіреді.
М.Әуезов «Абай жолы» романында Абайдың болашақтан үлкен үміт күтетін жаңашыл адам екенін көрсету үшін оған мына сөздерді айттырады:
- Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей ме? Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас! – деген қазақ неткен дана! Ғ.Мұстафин «Миллионерде» Игіліктің ерте-кеші жоқ, жоспарыңызды қалдырып кетіңіз,-дейді. І.Есенберлиннің «Алтын ордасында». «Бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма», Сұлу әйел - өмірдің көркі, ақылды әйел – үйдің көркі, опалы әйел – төсектің көркі», «Адамның катесін, білместігін кешуге болады, ал опасыздығын кешуге болмайды», «Жылан шаққан адам ала жіпті аттауға қорқады», «Антын бұзған оңбайды», «Көкті сүюге жаратылған қыран жерде жатып өлгісі келмейді», «Тарихты халық жасайды, бірақ сол тарихтың барысын жылдамдататын, не кібіртіктететін де жеке ұлы адамдар», «Жалғанда құлап қалған дәреженің биігі жаман, жаныңдай жақсы көрген әйелдің күйігі жаман» т.б.
Қорыта айтқанда, көркем тілмен бейнелеген кестелі сөздерді жазған (сөйлеген) кезде өз сөзінде пайдалану- тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, ойына о қосып, қиялына қанат бітіреді. Сөйлеуші тіліндегі қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ұшқыр да ұтымды афоризмдер айтылатын ойдың ажарын ашып, көркемдігін арттырады. Тыңдаушының (оқушының) зейінін өзіне еріксіз аударады.
Лекция № 10
Лекцияның тақырыбы: Өзара сөйлесу принциптері (термин, диалект, кәсіби сөздер, жаргон) қолдану аясы, әдеби тіл нормасындағы жаңа сөздер.Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану.
Лекцияның мақсаты: Сөйлеуде бейнелегіштік және көркемдегіш құралдарды қолданудың тиімділігін таныту.
Лекция сұрақтары: - Сөйлеудің бейнелеуіш құралдары дегеніміз не?
- Сөйлеудің көркемдегіш құралдары дегеніміз не?
- Суреткер тіліндегі образдылық дегеніміз не?
- Сөзді мәнерлеп айтудың элементтерін ата.
Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :
- Көркем әдебиеттерден көркемдегіш және бейнелегіштік құралдарға мысалдар жинау.
- Сөз зергерлерінің тіл мәдениетін дамытуға қосқан үлесі.
- Шешендік сөз мәдениеті.
- «Сізге сөз беріледі...» шағын шығарма.
Әдебиет:
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973ж.
Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөздің мәдениеті.
Жапбаров А. Оқушылардың тіліндегі лексика-стилистикалық қате және олармен жұмыс. «Қазақстан мектебі», 1975, №11 36-38-беттер.
Жарықбаев Қ Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1961, №2,83-84 –беттер.
5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
Жоспары:
Сөзді мәнерлеп айтудың элементтері: екпін, интонация, дауыс күші т.б.
Тілдің бейнелеу тәсілдері.
Сөйлеуде көркемдегіш құралдарды пайдалану.
Суреткер тіліндегі образдылық.
Сөз әсерлілігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.
Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.
Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.
1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.
2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.
3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.
4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.
5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.
6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.
7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.
8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.
Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.
Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.
Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу – нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.
Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді». (М.Әуезов)
Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.
Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады. Енді осы тәсілдерге қысқаша тоқталайық.
Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысу белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынасының көп жағдайында туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні дегендердің төркін мен қыздың төркіні дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз «қыздың ата-анасы, туған-туыстары» дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалда «түп негізгі, тегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді.
Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, үйі мәз боп, қой сойды, шүйіншіге шапқанға (Абай) деген сөйлемдегі үй деген сөз өзінің негізгі мағынасы «баспана» дегенді емес, бір үйдің адамдары, үй іші, отбасы дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан... (Абай) Бұл сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес, «сусын» деген мағынаны білдіреді.
Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Мысалы, кейде, отбасыңда неше жан бар? – деудің орнына басың нешеу? дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына қолданып тұр. Синекдоха грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзден жасалған термин. Кейде мал дегеннің орнына тұяқ «бөлшек ретінде» сөзі қолданылады. Мысалы, төрт-бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны – «мал» дегенді білдіреді.
Теңеу де зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады. Мысалы,
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай,
Апаңнан сені туған айналайын,
Күлімкөз, оймақ ауыз, жазық маңдай. (Сегізсері)
5. Эпитет. Бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау
үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды. Мысалы,
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)
Күздің күні көк әлемін торлаған бұлт жазғы бұлттан өзгеше сұр бұлт жай сұр
бұлт емес, түсі суық сұр бұлт. Күздің айнымас тағы бір серігі – тұман, бұл
жай тұман емес, дымқыл тұман. Ұлы ақын күздің басқа жыл мезгілінен
айырмашылығын ашық, айқын таныту үшін осындай анықтауыш сөздерді
әдейі қолданып отыр.
Қорыта айтқанда, сөз ауыспалы, келтірінді мағынады қолданылуы арқылы мағыналық жақтан түрленіп, өзгеріп отырады. Айтайын деген ойды образды да әсерлі беруге икемді болады. Міне, сондықтан сөйлеуші (жазушы) өз сөзінде тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, образды мағыналарды суреттеудің ең ұтымды құралы ретінде пайдаланады.
№ 19-20 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Тіл мәдениеті және грамматика.
Лекцияның мақсаты: Грамматикалық тәсілдерді пайдалану өрнегін таныту.
Лекция сұрақтары: - Грамматикалық құрылыстың қызметін ата.
- Грамматикалық нормадан жөнді ауытқу.
- Грамматикалық нормадан жөнсіз ауытқу.
Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :
- Көркем әдебиеттен грамматикалық нормаға жатпайтын тілдік бірліктерге мысалдар жинау.
- Морфологиялық тұлғаларды талғай біл
Әдебиет:
Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.
Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.
Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.
Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.
Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.
6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
Жоспары:
Сөз тіркесімділігі, оның мәні мен қасиеті.
Лексикалық түйдек.
Грамматикалық тіркестер.
«Жаңа» тіркестер.
Сөйлем-ойды тиянақты етіп тұратын тұлға.
Ойды білдіру, қарым-қатынас жасау себепші болатын басты синтаксистік амал, ең кіші тілдің единица сөйлем болса, сөз тіркесі-сол сөйлем жасаудың материалы.
Сөйлем құрауға негіз болатын сөздер бір-бірімен белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысакды. Балық өмірі суда болатындай, сөз бен сөз тіркесінің өмірі сөйлем құрамында көрінеді. Сөз сөз тіркесінің құрамында, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой-пікір тұтастығын құрастыра қатысады.
Егер сөйлем адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі, сөз-сөйлем құраудың материалдары.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды білдіреді. Олар қажеттігіне қарай өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының санасы әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады ( ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөз тіркесі синтаксистік тізбек жасайды ( қарлы тау, желсіз түн, жыл сайын көріну, соған бола келу т.б.).
Лексикалы және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика – грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса байланысып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептелінеді. Сөз тіркесінің өзіне тән мынадай белгілері бар.
1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса байланысады.
3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста болады. Осындай, синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысы нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды. Мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (мысалы: анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық) мағына пайда болады.
Сонымен, кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. Мысалы, Кең үйдің үлкен екі терезесі ашық тұр деген сөйлем мынандай сөз тіркестерінен түзілген; кең үй, екі терезе, үлкен терезе, үйдің терезесі.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі басыңқы сыңары, екіншісі бағыныңқы сыңары. Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар: 1. Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы)
2. Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы)
Сөйлеген сөз айтылатын ой түсінікті де айшықты болу үшін сөйлемдегі әрбір сөз, әрбір сөз тіркесі мінсіз құрылуы тиіс. Олай болмаса ой күңгірттеніп, оқу оқырманды (тыңдаушыны) жалықтырып жібереді. Сөзіміз дәлелді болу үшін Әбіш Кекілбаевтің «Елең-алаң» романынан сәтсіз құрылған сөз тіркестерін мысал келтірейік. Ақыл ит қашақ аттай шығынып кеткен. Бұл сөйлемдегі ақыл ит деп қолдану еш қисынға келмейді. Ат қашақ емес, қашаған аттай болуы керек еді, қашақ деген сөз бұқаға жанасқанымен, бұзауламайтын қысыр сиырға айтылатын сөз.
Сөз тіркестерінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Кейбір кісілердің ауызекі тілінде немесе көркем әдебиетте де « терең бұрғы», « аналық қой», « аудан нүктесі», « жеңіліс тапты» сияқты тіркестер кездеседі. Мұндайлар өз сыңарын таппай тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі.
Жоғарыда келтірген романда өзінің қалыпты орнын таппай, адасып жүрген сөздер де ұшырасады. Мәселен, бүгінгі әдеби норма бойынша, қыс қақшаңдаған емес, қақаған болса керек еді, аула айнадай жылтырамайды-жалтырайды, жалпы дала емес- адам, бұл еркек емес, әйел деп айтылады. Сол сияқты тазыны сүйреп салмайды-қосады, қол-аяққа кісен кигізбейді-салады т.б.
Соңғы кезде тілге шорқақ , дүмбілез баяндамашылар, тіпті жазушылар жарымжан сөз тіркестерін одан құрап, оқырманның (тыңдарманның) көңілін қалдыруда. Олар өз туындыларында; « қойлар ұйықтап жатыр», «нәресте күшіктер», «ата қысқыр», «екі аузы екі құлағында» т.б. деп жататынды шығарды.
Лекция №21-22
Тақырыбы: Тіл мәдениеті және синтаксис
- Сөлекет тіркестер – сөз ұсқынын қашырады.
- Тіл мәдениетінің грамматикалық нормасы.
Әдебиет:
Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.
Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.
Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.
Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.
Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.
6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін көркемдеуге болады. Ондайда әдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долданып, буырқанып... дегенде ұлы Абай асау өзен Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестерін айту ол өзеннің көркем бейнесін көз алдына елестете қояды. Сондай-ақ асау әдетте, асау ат, асау тай, асау бел сияқты сөз тіркестерінде кездесетін болса, көркем әдебиетте асау жел (Иса), асау қиял ( Жамбыл) , асау жүрек ( Абай) , тәтті қылықтарын, есалаң тілек (М. Жұмабаев ) тәрізді тіркестерде де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз.
Метафоралық тіркесті де таңдап талғап пайдаланбаса айтылатын ой бейнелі шықпай керісінше құлаққа түрпідей тиуі мүмкін. Мысалы, буаз ешкі деуге болса, буаз бұлт деу қисынға келмейді .
Әңгіме барысында сөйлеушінің, тіпті жазушы- журналистердің сөйлем құрауында әттеген-айлар кездесіп қалады. «Оңтүстік Қазақстан»(1.04.1981) газетінен байқалған тілдегі түйткілдерден мысалдар келтірейік:
