Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - тіл мәдениеті.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

Айтылуы Жазылуы

қарала қара ала

қарағаш қара ағаш

келе мекен келе ме екен

қаралтын қара ағаш

Түбір мен қосымшаның, екі сөз аралығында дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен пайда болған өзгерістерді жазуды ескермей, тілдің морфемалардың барлық жерде бір қалыпта олардың графикалық бейнесін қалыптастырады.

Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер.

1. Сөйлеу стилінде эмоцианалды сөздер жиі қолданылады. Мысалы, тәлпіш, зымия, ақымақ , мес қарын,таз.

2. Сөйлеу стилінде кейбір сөздер айтылуы бойынша жазылмайды. Мысалы, құлын, жұлдыз, жүрек т.б.

3. Сөйлеу стилінде диалектизм сөздер де айтыла береді. Мысалы, падашы-бақташы, келімдәрі-бұрыш т.б.

4. Сөйлеу тілінде кісі аттары қысқартылып айтылуы жиі кездеседі. Мысалы, Гүлмира-Гуля, Ақтолқын-Толқын, Мағауия-Мағаш т.б.

5. Сөйлеу тілінде сөздердің орын тәртібі еркін түрде болады. Мысалы, Дәл осылай айтса,сал Біржан сенің сыңарың дағы!-деді де тұрып кетті орнынан ол.

6. Сөлеу тілінде одағай сөздер жиі айтылады. Мысалы, Әй, байғұсым-ай, балаң келіп көзайым болдың ба?

7. Сөйлеу тілінде көп мағыналы сөздер пайдаланылады. Мысалы, өмірдің гүлі.

8. Сөйлеу тілінде синоним сөздер жиі қолданылады. Мысалы, Біздің ауылдың қыздары әрі көрікті, әрі сұлу, әрі әсем.

9. Сөйлеу тілінде сөздер қайталанып айтыла береді. Мысалы, Көке, көкежан, көке-ай, аға, ағажан, аға-ай.

10. Сөйлеу процесіне қосымша құралдар: мимика, понтомимика, мәнерлі қимыл- қозғалыстар қатысады.

11. Сөйлеу тілінде ой автоматты түрде дайындықсыз айтылады. Мысалы, қымыз ішесіз бе, көже ішесіз бе? қымыз, көже.

12. Сөйлеу тілінде қазақша сөзге орысша қосымша қосып айту кездеседі. Мысалы, Айнура, балашка.

13. Сөйлеу тілінде кейбір жағымды мағыналы сөздер жағымсыз мағына береді. Мысалы, батыр, данышпан т.б.

Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын - о р ф о э п и я дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін кісілердің сөзінде болады. Әдеби тілде сөйлемейтін қарапайым кісілердің сөздерді айтуда өзіндік ерекшеліктері бола береді

Қазақ сөздерінің айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс.

Лекция №9-10

Лекцияның тақырыбы: Сөз қолдану мәдениеті

Лекцияның мақсаты: Тілдік бірліктерді (сөз, сөзтіркесі, сөйлем т.б.) дұрыс қолдана білуге үйрету.

Лекция сұрақтары : - Сөз қолданудың негізгі принциптерін ата.

- Сөз және шеберлік дегеніміз не?

- Жазудың түрлерін ата.

- Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері қандай?

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Жаңа сөз жасауда жазушылардың тигізетін әсері.

- Сөз зергерлерінің шеберлігі туралы.

- Н.Уәлиев сөз мәдениеті туралы.

- Сөйлеу мәдениеті.

Әдебиет: 1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті.А,1971.

2. Жексенбаев Т. Қысқарған сөздер және олардың орфаграфиясы мен орфоэпиасы. Жинақ: Өнерлі өнер А,1976.

3. Ермеков Ә., Оспанұлы А. Дұрыс жазу-мәдениеттілік. Жинақ: Өнерлі өнер.А,1976.

4. Қалиев Б. Біріккен сөздердің жазылу жайында. Жинақ: Сөз өнері.А,1978.

5. Қарағұлов Ә. Әр түрлі жазу жөн емес. «Қазақ әдебиеті», 1978.

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.