Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция - тіл мәдениеті.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

Лекцияның тақырыбы: Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы

Лекцияның мақсаты: Мәтін туралы толық мағлұмат беру.

Лекция сұрақтары: - Мәтін теориясы.

- Мәтіннің зерттелуі.

- Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Аударма тілінің тіл мәдениетіне қатысы.

- Тіл мәдениеті және пуризм.

Әдебиет: 1. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959

2. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989

3. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А.,1996ж.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Жоспары:

  1. Мәтін жайында түсінік.

  2. Мәтіннің түрлері.

  3. Мәтіннің құрылысы.

  4. Тұтас мәтін синтаксисін білу – ойды жүйелі жеткізудің негізі.

Тіл ғылымында негізігі зерттеу объектісі болған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық нысандар тұтас мәтін синтаксисінің құрамына енеді. Яғни, мәтін - бөгде біреудің ойын танудың негізі.

Әрбір адам қарым-қатынас үрдісінде ой-пікір бөгде біреуге жүйелі жеткізуде және сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем, ал сөйлемдерден мәтін түзейді.

Тіл мәдениеті мәтінді дұрыс құраумен тікелей байланысты. Айтылатын пікір жеке сөздермен, сөйлемдермен берілмейді, тұтас мәтін арқылы жеткізіледі. Міне, сондықтан әрбір мәдениетті адам оның түрлері мен құрылысын, ерекшеліктері мен белгілерін т.б. білуі тиіс.

Мәтіннің өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны, өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Оны басқа категориялардан ажыратып тұратын мынадай белгілері бар: тақырыбының болуы, белгілі бір оқиғаны жүйелі баяндауы, нақтылы ой қортындының жасалуы, оның құрамына енетін барлық компоненттердің жалпы бір ортақ идеяға бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы және стильдік бірлікте болуы.

Мәтіннің негізгі категорияларына И.Р.Тальперин хабар (информативность), тұтастық (интеграция), уақыт бірлігі (ретроспекция), модальдың, подтекст категорияларын жатқызады. Ал бұл категориялардың мазмұны, түрлері, берілу жолдары мен формалары түрлі мәтінде әркелкі келеді. Мысалы, хабар көркем мәтінде бір түрлі берілсе, ғылыми мәтінде екінші түрде, ал көркем әдебиетте стиль мәтінінде басқаша түрде беріледі. Мысалы,

Ғылыми стиль

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылдарды суарудың бір әдісі. Су арнайы жауындатқан машина арқылы өсімдікке, топырақ бетіне жауындатып бүркеледі. Жердің кәдімгі арық ойыс арқылы суарумен салыстырғанда жауындату топырақпен қатар жер бетіндегі ауа қабатын ылғалдандырып, температураны төмендетеді, өсімдік топырақтарының шаңын жуып, тыныс алуын жақсартады. Жауындатуда ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

Көркем әдебиет стилі

Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқып, қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Желден ылғалдың исі аңқиды. Біс сәт өткен кезде тамызықтап, сіркіреп жаңбыр жауа бастады. Жауынның бытырадай салқын тамшылары жолда түйір-түйір тамшыға айналды. Сарышұнақтар үрейлене шиқылдайды. (М. Шолохов)

Мәтіннің үш түрі бар: хабарлау, сипаттау және пікірлеу.

Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады. Бұл көркем - әдеби жанырына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкер) іс-әрекеттері, тұрмыс-тіршілігі т.б. келтіріледі. Тағы бір ерекшелігі: онда ең басты оқиғалар мен фактілерге айырықша көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мәтін түрінде зат есімдер мен етістіктер молынан кездеседі. Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі. Мәселен кейіпкердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, септік негіздері, ой қорытындылары пікірлеуге жатады.

Сипаттау мәтінінде кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады. Мысалы: Күн батарда

Сәуеесі шашыраған қызыл күн қып-қызыл алтын табиғат болып аспан мен жердің арасына қыстырылды. Ол жер дүниеге шашылған алтын нұрын асығып жинай бастады. Қызыл күннің алтын нұрымен айырылыса бастаған жасыл жердің сұлу жүзі құбылып, демде мың түрге түсті. Ойды, қырды, даланы теп-тегіс қаптаған қою жасыл қалың шөп дүниені қаптаған жасыл теңіз тәрізді. Алтын нұрының ақырғы ұшықтарын аспанға шашыратып, тартылған қызыл табақ қыстырылған екі араға ақырын ғана жылжып жоқ болды.

Ойы, қыры, даласы жап-жасыл болып тұтасқан жердің жүзі енді жасыл емес, қара көк тәрізденді. Қара көк теңіз құбылып, бірте-бірте қошқыл тарта бастады. (С.Сейфуллин)

Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі. Пікір айту – мәтіннің қиын формасы. Өйткені ең алғаш болжам айтылады. Алынған көзқарастың зерттеулер, дәлелдену барысы баяндалады. Соңында ұсынылған болжам тәжірибеде дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы о қорытындысын жасайды. Мысалы,

Бақша ағаштары.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүлдерді көріп жүреді.

  • Мынау ағаш неге тіп-тік, ал ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

  • Оның себебі, балам, анау ағашта қисық бұтақтар болса, кесіп, бағу қағидасымен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.

  • Олай болса, бағу-қағуда көп мән бар екен ғой, - деді баласы.

  • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де әбірет алсаң іштеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсең, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - дейді.(Ы.Алтынсарин)

Ы.Алтынсариннің бұл әңгімесінде пікірлеу элементтері бар. (Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің кате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем,.. жақсы кісі болып өсерсің.) Ой қорытындысы жасалынған (бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің.)

Мәтінді қай жататынын білу үшін сөйлем мүшелері сияқты оған да сұрақ қоя білу керек. Егер мәтінге қанша? қайда? кім? не істеді? не болды? деген сұрақтарға жауап берсе, онда мәтін хабарлауға жатады. Ал қандай? қалай? қайтіп? сұрақтарына жауап берсе, мәтін сипаттауға жатады, ал кім үшін? не үшін? неліктен? деген сұрақтарға жауап берсе, пікір айту мәтіні болады.

Мәтін көлбеулік (линейный) және көлемдік (объемный) өлшемдер тұрғысынан құралады. Мәтіннің көлбеулік құрылымы – оның логикалық, грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан, әңгімелесу немесе хабарлау формасы тұрғысынан құрылды. Мұнда мәтінде баяндалатын сюжеттер мен эпизодтардың белгісі орналасу реті де ескеріледі. Басқаша айтқанда көлбеулік құрылым мәтіннің лексикалық, грамматикалық және композициялық, синтаксистік деңгейлерінде қалыптасуы, ол деңгейлерге өзара байланыстылығы, бір-біріне кірігуі.

Ал мәтіннің көркемдік құрылымы – тіл құралдарын пайдалана отырып оның дара және универсал мағыналарының бейнеленуі, сол мағыналарының қайталанбас өзіндік көрінісі. Мәтіннің универсал мағыналарына кеңістік пен уақыт жатады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нұсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер (тайпа, ру аттары), табиғаттың не үй-жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер және кісі есімдері. Сөздікте бұлардың кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштерінің аясы кеңейді. Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Мәтін мазмұнының белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады. (жыл, ай, апта, күн т.б. аттарын білдіретін сөздер) Олар уақыттың тура көрсеткіші болса, уақытты жанама түрде мегзейтін көрсеткіштер де болады. Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың есімдері, тарихи болмыс, қызмет (хан, сұлтан, болыс, әкім т.б.) адамдардың әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекеме- ұйым, саяси партиялардың т.б. аттары. Мәтінде суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғалар да уақыт көрсеткіштері болып табылады.

Енді мәтіннің құрылымына келсек, ол үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері. Мәтіннің кіріспесінде зат не құбылыс атауы, не оқиға болатын кеңістік пен уақыт сөз болады. Өйткені уақыт пен кеңістік үнемі қозғалыста болып отынатын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.

Мәтіннің негізгі бөлшегінде баяндаушы не жазушы, болымды не болымсыз сөйлемдерді пайдалана отырып субъект пен предикаттың қатынасын баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам әр түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысын жасайды.

Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытындысының бірін тұжырымдай келтіреді. Олар индуктивті, дедуктивті және аналогиялық.

Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен құбылыстарды зерттеп оның нәтижесіне сүйене отырып жалпы заңдылықтар, ережелер жасау жолын айтады.

Дедукция дегеніміз – жалпы заңдылықтары мен қағидалардан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы.

Ал аналогия дегеніміз- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасауды айтамыз.

Кісі тіл мәдениетін көтергісі келсе, мәтін жайында, атап айтқанда,оның негізгі белгілері, құрылысы, жасалу түрлері, құрамындағы сөйлемдер мен қайырымдардың өзара байланысы т.б. жайында мағлұмат болуы тиіс. Өйткені мәтін сөйлеушінің не жазушының бөгде адамдар

Лекция № 23-24

Лекцияның тақырыбы: Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

Лекцияның мақсаты: Тіл мәдениетінің ерекшелігін танытатын негізгі белгілер мен сапаларынан хабар беру.

Лекция сұрақтары: - Сөз этикеті дегеніміз не?

- Сөйлеу ізеті дегеніміз не?

- Сөз қуаты дегеніміз не?

- Тіл мәдениетінің негізгі сапаларын ата.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- «Жақсы сөз - жарым ырыс» тақырыбына шағын шығарма

- Тіл мәдениеті және норма.

- Белгілі қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің, тілші ғалымдардың сөйлеу мәдениеті.

- Жарнама тілінің мәдениеті.

Әдебиет: 1. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004. 114-137-беттер.

2. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа. 1980. – С.40-254.

3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 10-102-беттер.