- •1 ) Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- •2)Әлеуметтанудың құрылымы. Әлеуметтанудың функциялары
- •3)Қоғам оның негізгі белгілері
- •4)Әлеуметтанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегіорны және ерекшелігі.
- •5)Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •6)Әлеуме-дың құрылымы. Әлеу эмпирикалық, теор мәсел.
- •7)Қоғамның типтері, қызметі
- •8)Әлеуметтану ғылымының рефор жолынд рөлі
- •9)Әлеуметтік стратификация
- •10)Әлеуметтану пәнінің негізгі категориялары
- •11)Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары
- •13)Әлеуметтік мобильдік
- •14)Қазіргі заманғы әлеуметтанудың негізгі парадигмалары
- •15)Қазақстандағы орта таптың қалыптасуы:нәтижесі проблемалары
- •16)Тұлға әлеуметтануы
- •17. Қазақ ойшылдарының әлеуметтік саяси көзқарастары.
- •19. ХіХғасырдың аяғы мен хХғасырдың бас кезіндегі қазақ ойшылдарының әлеуметтік проблемалары туралы ой пікірлері.
- •20. Тұлға және әлеуметтендіру процесі.
- •21. Қазақстан қоғамының қазіргі саяси әлеуметтік проблемалары.
- •22. Әлеуметтендіру процесінің негізгі деңгейлері
- •24. Ұйым әлеуметтануы
- •25. М.Вебердің әлеуметтанулық ілімдері.
- •26. Аномия-қазіргі қоғамдағы негізгі фактор. Жасөспірімдердің нашақорлыққа үйірсек болуының себептері.
- •27. .Еңбектің әлеуметтік өлшемі.
- •28. Адамзат еңбегінің дамуының негізгі кезендері.
- •29)Отбасының типтері мен циклдары
- •31)Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде
- •36)Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері
- •37)Отбасының функциялары
- •38)Әлеуметтік инженерия, өндірістің әлеуметтік қорлары
- •39.Инженердің кәсіби мобильдігі
- •40. Қазақстандағы демографиялық саясат және отбасының әлеуметтік дамуы
- •41.Қоғам және білім берудің бір-біріне тәуелділігі
- •42.Әлеуметтік рөл
- •43.Білім беру және әлеуметтендіру процесі
- •44.Әлеуметтік мәртебе
- •45.Әлеуметтік институттар
- •46.Қазақстандағы дін жағдайы
- •47.Ауытқыған міңез-құлық
- •49.Зерттеу бағдарламасының құрылымы
- •50.Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан- 2050 стратегиясы-Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазаұстан-2030 стратегиясының негізгі қорытыңдылары
- •51.Әлеуметтік зерттеудің бақылау мен тәсілдері
- •52.Әлеуметтік зерттеудің түрлері
- •53.Зерттеудің негізгі әдістері, олардың сипаттамасы
- •54.Ақпаратты жинау және өңдеу әдістері
- •55.Әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру
- •56.Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты-Елбасының Қазақстан халқына жолдауы
- •57.Қажетті ақпараттар мен гипотезаларды сұрыптау
- •58.Анкета сұрақтарының түрлері
- •59.Әлеуметтануды зерттеудің бағдарламасы туралы түсінік
- •60.Г.Спенсердің әлеуметтанулық тұжырымдамалары
- •61.Құжат талдау әдісі
- •62.Отбасының негізгі белгілері және зерттеулердің негізгі бағыттары
- •63.Әлеуметтануды зерттеудің міндеттерін анықтау.Міндеттердің түрлері.
- •64.ХХғ. Әлеуметтануының негізгі тұжырымдамалары
- •65.Некеге отыру мен ажырасудың себептері
- •66.Білім институтының сипаттамасы
- •67.Мәдениеттің функциясы
- •68.Мәдениеттің түрлері
- •69.Саясат әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәні
- •70.Қазақстандағы әлеуметтік саясат
- •71.Сұхбат-әлеуметтік зерттеудің объектісі
- •72. . Мәдениет социологиясы
- •73.Субмәдениет
- •74.Маркстік әлеуметтану ілімдері
- •75.Еңбек социологиясының категориялары: еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ықпалдандыру,еңбек түрлері
- •76.Адам талаптарының тұжырымдамалары
- •77.Президенттің Қазақстан халқына 2050 стратегиялық жолдауындағы әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары
67.Мәдениеттің функциясы
Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз:
1)мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті – қайырымды). бұл рухты көтеру, адамдар арасында адамгершілік қатынас жасау. Қалғандары онымен байланысты және одан шығып отырады.
2)мәдениеттің маңызды функциясы - әлеуметтік тәжірибе алмасу. Бұл адамдар ұрпағы арасындағы тарихи сабақтастыққа себеп болады. Мәдениет бұл адамзаттың әлеуметтік ұмытылмас белгісі, ол арқылы «адамзат шығармашылығы», тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылады.
3)алғашқы екі функциямен тығыз байланысты, танымдық функция. Мәдениет ұрпақтардың ең озық тәжірибесін шоғырландыра отырып, әлем туралы бай білім жинайды және сонымен оны тану және игеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды.
4)реттегіш (нормативтік) функция ең алдымен, қоғамдық және жеке қызметтің алуан жақтарын, түрлерін реттеумен байланысты. Тұлға аралық қатынастар еңбегінің, тұрмысының сферасында мәдениет адамдардың мінез-құлқына әсер етеді және олардың әрекеттерін, материалдық және рухани құндылықтарды таңдауды реттейді.
Осы аталғандармен коммуникативтік, белгілік функция тығыз байланыста болады, ол бірінші кезекте, адамдар қатынасының басты құралы болып табылатын тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Табиғи тілмен қатар мәдениеттің барлық облыстары – ғылым, өнер, техниканың өзіндік тілдері бар, онсыз мәдениетті игеру мүмкін емес. Шет тілдерін білу басқа ұлттық мәдениеттерге және барлық әлемдік мәдениетке жол ашады.
Тағы бір функция – құндылық, немесе аксиологиялық – үлкен мәнге ие. Ол адамда құнды қажеттіліктер мен бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, жақсы мен жаманды, жақсылық пен жамандықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты айыруға мүмкіндік береді. Мұндай айырмашылықтар мен бағалаулардың критерийі адамгершілік және эстетикалық құндылықтар болып табылады.
Мәдениеттің шығармашылық функциясы айрықша көңіл аударуды қажет етеді, ол жаңа құндылықтар мен білімді, нормалар мен ережелерді, салттар мен дәстүрлерді құруға, мәдениетке сыни қарап, қалыптастырудан, жаңартудан тұрады.
Соңында мәдениеттің ойын түріндегі, компенсаторлық функциясы маңызды мәнге ие, ол адамның дене және рухани күштерін қалыптастырумен, бос уақытын өткізумен, психологиялық жаттығумен байланысты
68.Мәдениеттің түрлері
Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады.
Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.
Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Материалдық және рухани мәдениет арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады, оның бастауында рухани басы – адамның материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары тұр.
Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір-бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдықққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық).
Моральдық мәдениет – адамдардың жасаған заттық және рухани құбылыстарының әлемі ретінде түсінілетін мәдениет аспектісі, онда дүниені игерудегі, адамның дүниедегі орнын анықтаудағы, адамның тірі жан және әлеуметтік субъект ретіндегі тектік қабілеттері мен мүмкіндіктері дамытылған, адамдық күштері іске асырылған. Мәдениет – бұл адамның текті жан ретінде қалыптасу нәтижесі, шарты және процесі.
Моральдық мәдениетті қоғам мен индивидтер қол жеткізген адамгершілік деңгей, әлеуметтік субъектілер қатынасындағы адамгершілік, адамға деген қатынастың мақсатқа және өзін-өзі бағалау бағыты ретінде анықтауға болады
