Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2258.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

72. . Мәдениет социологиясы

Мәдениет социологиясы — қоғам мәдениетінің дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Социологияда мәдениет, ең алдымен, әлеуметтік тұрғыдан, яғни әлеуметтік өзара іс-қимылдардың нәтижелері мен процестеріне көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ол мәдениет саласындағы шығармашылық мақсаттарда процеске әсер ететін материалдық, әлеуметтік және саяси факторларды талдайды. Мәдениет социологиясы мәдениетті жасаушы әрі оны тұтынушы ретіндегі халықтың әлеуметтік-демографиялық, тағыда басқа сипаттамаларын, оның қызығушылықтары мен талғамдарын, бейімделу мотивтерін, сондай-ақ мәдени ұйымдарды, мәдени іс-шаралар мен мәдени өмірдегі оқиғаларды зерттейді. Мәдениет социологиясы ғылылми-танымдық, білім беру және тәжірибелік, тағыда басқа қызметтер атқарады. ұыл.-танымдық қызмет арқылы Мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне, нәтижесіне әсер ететін әлеум. факторлар мен механизмдер, мәдени динамика заңдылықтарының өзіндік ерекшелігі туралы шынайы білімді қалыптастырады. Мәдениет социологиясының білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясат бағыттарының ғылыми негізін әзірлеу болып табылады. Мәдениет социологиясы жұртшылықтың мәдени өмірдегі оқиғаларға қатынасын білдіретін қоғамдық пікір, көркем сын мәселелеріне де назар аударады. Мәдениет социологиясы шеңберінде жүргізілетін зерттеулер мәдени дамудың өзіне тән белгілері мен тенденцияларын, оған әсер ететін әр түрлі әлеуметтіл-экономиқалық факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Мәдениет социологиясы зерттеу барысында сұрау, сұхбат, контент-талдау секілді социологиялық әдістерді қолданады. Оның теориясы мен әдістемесінің жетілдірілуі қоғамдық өмірдің барлық салаларында адам факторы рөлін көтеру, мәдени қызметті күшейтіп, байыту үшін маңызды.

73.Субмәдениет

Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды

74.Маркстік әлеуметтану ілімдері

Әлеуметтануды коғамдық ғылым деп танитын бұл ғылымның көптеген өкілдері қоршаған ортада өз түсінігіне орай, өз мақсаттарына және кызмет - қабілеттеріне қарай әрекет ететін жеке индивидтерді (жеке адамды) тарихи процестің негізгі субъектілері етіп алды. Маркстік әлеуметтану оған басқа тұрғыдан қарады. Маркс пен Энгельс тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара карым - қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарттар етіп қарастырудан бастады. Бүкіл әлемдік субъектілердің қоғамдық байланыстары мен қатынастарының жиынтығы қайсыбір қоғамды құрайды. Коғам өзіне тән коғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар кызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың манызды принципіне айналды, сөйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез - құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты материалистік тұрғыда түсіну келіп шықты..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]