- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.Шаруашылық субьектінің басқару мүшесінде есеп берудің ақпараттық ресурстарының рөлі.
- •3.Қаржылық есеп беруді құру үшін талап етілетін заңды тұлғаның аспаптары.
- •4.Қаржылық есеп берудің мазмұны мен құру кезеңділігін реттейтін нормативтік база.
- •5.Қаржылық есеп беруді құрудың мақсаты.
- •6.Қаржылық есеп берудің қойылатын талаптары.
- •8.Бухгалтерлік баланс түсінігі
- •9.Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларының сипаттамасы.
- •11.Баланстың активі.
- •12.Баланстағы өзгерістердің негізгі түрлері.
- •10.Баланстың пассивтері және оның құрылымына сипаттама.
- •13.Баланс активінің негізгі баптарының интерпретациясы.
- •14.Баланс пассивінің негізгі баптарының интерпретациясы.
- •15.Пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің мақсаты.
- •16.Пайдалар мен зияндар туралы есеп құрудың негізі болып табылатын реттеуші құжаттар мен шоттар.
- •17.Пайдалар мен зияндар туралы есеп берудің негізгі баптарына жалпы сипаттама.
- •18.Ақша қаражаттары туралы есебін құрудың мақсаты.
- •19.Ақша қаражаттары туралы есебін құрудың тәртібі.
- •21Ақша қозғалысын ашу әдістері.
- •22.Капиталдағы өзгерістер туралы есеп берудің мақсты.
- •23.Капиталдағы өзгерістер туралы есеп беруді құрудың логикасы.
- •24.Капиталдың түрлері бойынша өсуінің көрсеткіштері.
- •25.Капиталдың түрлері бойынша төмендеуінің көрсеткіштері.
- •26.Субъектінің есептік саясатына енгізуімен негізгі ережелер.
- •27.Түсініктеме хатта баланс бөлімдері бойынша алынатын сұрақтар.
- •28.Түсініктеме хатта пайдалар мен зияндар туралы есеп беру бойынша алынатын ақпарат
- •30 Қауымдастырылған есеп берудің мәні және оны құрудың себептері
- •31 Қауымдастырылған есеп беруді құрудың мақсаты.
- •32 Қауымдастырылған есеп беруді құруға қойылатын талаптар
- •33 Бухгалтерлік балансты қауымдастырудың процессі.
- •34Қаржылық есеп беруде басқада нысандарын қауымдастыру әдістері.
- •41 Қаржылық есеп берудің түрлері.
- •Есеп беру қаржылық сипаттағы шешімдерді негіздеудің ақпараттық базасы ретінде.
3.Қаржылық есеп беруді құру үшін талап етілетін заңды тұлғаның аспаптары.
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қаржылық есеп – бұл шаруашылық қызметтің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп ақпаратына негізделген. Қаржылық есептің мақсаты – тұтынушыларды қандай да бір құрылымдағы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың шынайы көрінісін бейнелеу. Қаржылық есеп субъект (кәсіпорын, ұйым) қызметіндегі жасалған жұмыстар мен шаруашылық операцияларының түпкілікті қаржылық нәтижесін көрсетеді. Субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын элементтердің активтері, міндеттемелерге және жеке меншіккапиталға топтастыруға болады. Топтастырылған ақпараттар қолда бар экономикалық ресурстарды, субъектінің оларды өркендеуге және бақылауға қабілеті жететінін ашып көрсетеді. Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
4.Қаржылық есеп берудің мазмұны мен құру кезеңділігін реттейтін нормативтік база.
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.
Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын бағалау кезiнде, басшылық, ең болмағанда, баланс күнінен бастап он екі айды қамтитын, бiрақ онымен шектелмейтін болашақ туралы қолда бар ақпараттың барлығын ескереді. Осы ақпарат назарға алынатын деңгей әрбiр жеке жағдайда нақты фактiлерге байланысты болады. Ұйым белгiлi бiр кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөнiндегi пiкiр бекiтiлмес бұрын, бәлкiм, ағымдағы және күтiлетiн пайдалылыққа, борыштық мiндеттемелерді өтеу кестелерiне және баламалы қаржыландырудың әлуеттi көздеріне байланысты факторлардың кең ауқымын қарауы талап етiлетін болар
