Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FOP_bilet(4).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

8.Бухгалтерлік баланс түсінігі

Компанияларды қаржылық есепті көрсетудің ж/е жасаудың негізігі рөлі бух/к балансқа жүктеледі. Баластың жай ғана мағынасы к.о/ң қарж/қ кестесін қалыптастыру.

Баланс- к.о/ң қарж/қ жағдайы туралы есеп көрсетеді, яғни оның активтері, міндеттемелері ж/е меншік капиталы бір күнге анықталады. Есепті құру күні әр түрлі болуы мүмкін, әдетте бұл есептік кезең соңғы.

Ережеге б/ша бух/ к баласқа сәйкес негізгі 3 функцияны көрсетеді:

- компания жағдайымен танысу;

- компания перспективасын бағалау;

- кең ауқымда қолданылады.

Бух/к баланс қарж/қ есептің орталық нысаны бола тұрып мынадай көрсеткіштерді анықтауғы мүмкіндік береді:

- мүлік құрамы мен құрылымы;

- ағымдық активтердің ағымдылығы мен өтімділігі;

- меншік капиталының ж/е міндетте/ң бар болуы;

- дебиторлық ж/е кредиторлық қарыздар динамикасы;

- несие берушілік ж/е төлеу қабілеттілігі;

- капиталды орналастыру ж/е оның жеткіліктілігінің тиімділігі;

- қарыз ресурстарын тарату тиімділігі ж/е т.б.

9.Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларының сипаттамасы.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]