- •I тарау
- •Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру
- •Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
- •Хирургияда пайдаланылатын тігіс жіптерін залалсыздандыру
- •2 Тарау
- •Стоматологиялық дертпен ауыратын науқастарды тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Науқасты жалпы жансыздандыруға дайындау.
- •Наркозды жүргізу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.
- •2. Амидтер тобы:
- •Жергілікті жансыздандыруды күшейтетін және ұзартатын дәрілер.
- •Жергілікті жансыздандыру түрлері.
- •Өткізгіштік жансыздандыру.
- •Көзасты тесігінде жансыздандыру жүргізу (инфраорбитальді анестезия).
- •Ауыз қуысы арқылы көзасты тесігіне жансыздандыру жүргізу тәсілі
- •Ауыз қуысы сыртынан жансыздандыру жүргізу әдісі
- •Үлкен таңдай тесігінде жансыздану жүргізу (палатиналді жансыздандыру)
- •Мандибулярлы жансыздандырудың саусақты әдісі.
- •Торусты жансыздандыру ( м.М.Вайсбремнің әдісі бойынша)
- •Берше жансыздандыру.
- •Иек тесігінің, ауыз қуысы сыртынан жасалатын жансыздандыруы.
- •Үшкіл нервтің екінші бұтағын жансыздандыру
- •Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар
- •Алын алу шаралары.
- •Новокоинмен, тримекаинмен улану.
- •Жергілікті асқынулар
- •Хирургиялық операциялар алдында жасалған премедикация.
- •IV тарау
- •1841 Жылы Джон Томсон “Анатомиялық экстракциялық қысқыщтар” жасап шығарды, олар көп өзгеріссіз қазірге дейін қолдануда.
- •Тіс жұлуға болатын жағдайлар
- •Жоспарлы түрде жүргізілетін тіс жұлу операциялары:
- •Тістерді жұлу тәсілдері.
- •Дәрігер мен науқастың тіс жұлардағы орналасу жағдайлары
- •Тіс жұлатын аспаптар
- •Саптарының иілу белгісі
- •Қысқыштың жақтық белгісі
- •Тісті қысқыштармен жұлу процессіндегі кейбір ерекшелік жағдайлар
- •Жоғарғы үлкен азу тістерді жұлу
- •Төменгі жақ сүйегіндегі кейбір тістерді жұлу ерекшеліктері
- •Төменгі күрек тістерді жұлу әдістері
- •Төменгі кіші азу тістердің жұлыну әдісі
- •Төменгі үлкен азу тістерді жұлу әдістері
- •Тіс түбірлерінің жұлыну әдісі
- •Тіс түбірлерінің қысқыштар жәрдемімен жұлыну әдістері
- •Тістерді және тіс түбірлерін элеваторлар арқылы жұлу
- •Терең жайласқан тіс түбірлер қалдықтарының жұлыну әдісі
- •Түбірді немесе тісті бормен кесіп шығару
- •Жұлынған тістің орнын өңдеу және олардың күтімі
- •Тіс жұлынғаннан кейін тіс ұясының жазылуы.
- •2 Айдың соңына қарай тіс ұясы қабырғасы мен сүйек арасындағы айырмашылықтар жойылады.
- •Естен тану
- •Тіс жұлынған соң кездесетін жергілікті асқынулар. Қан кетуі.
- •Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.
Құралдарды және таңғыш заттарды залалсыздандыру (өңдеу)
Құралдарды және таңғыш материалдарды залалсыздандыру хирургияның негізгі заңы асептика тұрғысында жүргізіледі.
Асептиканың негізгі заңы – жараға тиетін барлық зат (құралдар, таңғыш материалдар, хирургтың қолы т.б.) барлық микроорганизмнен таза болуы керек.
Операциядан кейінгі жараға инфекция хирургтің қолынан, құрал мен таңғыш материалдардан түсетін болса оны – жанасу инфекциясы дейміз. Егер инфекция жаралағыш заттар (ағаш және сүйек жаңқалары, киім қалдықтары т.б.) арқылы жараға түссе, онда имплантациялық инфекция болып есептелінеді. Ал, енді инфекция операция жасалатын бөлмедегі ауа арқылы түсетін болса, онда ауа инфекциясы туралы, ал хирургтер, медициналық мейірбикелер сөйлескенде ауыздан шыққан майда тамшылар арқылы жара залалданса тамшы инфекциясы туралы сөз болады.
Осындай инфекциялардың түрлеріне қарсы күресудің түрлі алдын-алу жолы бар:
Құрал-аспаптарды, таңғыш материалдарды, дәрі ерітінділерін залалсыздандыру.
Хирургтың қолы, операция аймағын арнайы антисептиктерменен тазалау.
Операция бөлмесіндегі орныққан тәртіпті сақтап, бөлмені дезинфекциялау.
Микробтармен оның спораларын жою үшін физикалық және химиялық тәсілдер қолданылады.
Физикалық тәсілдер: жоғарғы температуралар, ыстық ауа және қысым булары (автоклав). Сонымен бірге материалдарды залалсыздандыру үшін йонизацияланған сәулелер қолданылады.
Қайнатуға немесе автоклавқа салуға болмайтын кескіш құрал-аспаптармен аппараттарды химиялық әдістермен залалсыздандырылуы қажет. Соңғы жылдары залалсыздандыру жасау үшін этилен, пропилен тотықтары, метил бромиды және т.б. заттар пайдаланылады.
Жараны байлайтын, ауруды жабатын материалдарды бикстерге салып автоклавта залалсыздандырылады. Әрбір биксте залалсыздандыру уақыты, күні ішіндегі материалдар туралы анықтама жазылады.
Залалсыздандырылғаннан кейін, бикс ішіндегі материалдарды залалсыздандырылған стол үстіне белгілі тәртіппен орналастырып, үсті стерильді матамен жабылады. Бұндай материалдар күнде өзгертіліп тұрады. Әдетте темір аспаптар 30° суға қайнату арқылы залалсыздандырылады, ал стоматологиялық бөлмелерде құрғақ-ыстық (сухо-жаровой) стерилизатор қолданылады.
Кесетін аспаптар (скальпел, қайшы) суық тәсілдермензалалсыздандырылып антисептикалық ерітінділерде сақталады. Көбінесе үш еселі ерітінді келесі рецепт бойынша жасалады: карбол қышқылы – 3 г., көмір қышқылы натрий – 15 г., формалин – 20 мл., дистилденген су – 1000 г. Қазіргі кезде кесетін аспаптар құмырсқа қышқылының 1 % ерітіндісінде, диоцитте немесе хлор гексидиннің спирттегі ерітіндісінде сақталады. Жедел көмек көрсету керек болған жағдайларда 96 % этил спиртімен жууға болады.
Шприцті залалсыздандыру – шприцтің поршенін қорабынан алып, дәкемен орап, суық тазартылған суға салады, егер ол болмаса екі рет қайнатылған және сүзілген суға салады. Оны қайнаған уақытынан бастап 40 мин. бойы қайнатады. Инесінің көзіне сым (мандрен) өткізіп шприцтен бөлек содалы ерітіндіде залалсыздандырылады. Соңғы жылдары барлық емханалар мен ауруханаларды шприцтерді жалпы бір орталықтан залалсыздандыру жүзеге асырылып отыр. Медицина қызметінің дамуына орай бір реттік шприцтерді қолдану барлық медицина қызметкерлерінің басты мақсаты болып отыр.
