Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. книга.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

Хирургиялық стоматологиядағы жергіліктім жансыздандыру үшін қолданылатын дәрігерлердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы.

Сезімтал (афферентті) нерв талшықтары мен тікелей байланысқа түскенде оларды нерв импульстарының пайда болуын және өткізгіштігін уақытша тоқтататын заттарды жергілікті жансыздандырғыш заттар деп атайды. Олар жергілікті жансыздандыру жасау үшін ерітінді ретінде нерв стволдарына немесе оларды қоршаған тіндерге ине арқылы және шырышты (үлбір) қабықтарды жансыздандыру үшін ерітінді немесе май (мазь) түрінде қолданылады. Бұл дәрілердің ішінде хирургиялық стоматологияда көп қолданылатындары: новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин, дикаин. Химиялық құрылысына байланысты бұл заттар:

1.Күрделі эфирлер; 2. Амидтер тобы деп бөлінеді.

1. КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕР ТОБЫ:

КОКАИН өте улы зат болғандықтан стоматолгиялық практикада қолданылмайды.

НОВОКАИН (прокаин, аллокаин) – күрделі эфирдің сутегілі хлорлы тұзы. Ол диэтиламиноэтанол және парааминобензойлы қышқылынан құралған. Бұл түсі ақ, ұнтақты кристалдан тұратын зат. Ол суда (1:1) және спиртте (1:8).Ерітінділерді хлорлы натрий изотоникалық ерітіндісіне дайындап 30 минут бойы  +1000 залалсыздандырады.Новокаин ерітіндісі сілтілік ортада дереу гидролизге ұшырайды. Новокаин басқа анестетиктерге қарағанда стоматология практикасында улылығы төмен болғандықтан кеңінен қолданылады. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық жансыздандыру жасағанда, оның 0,25-0,5 - 1% ерітінділері, ал жақ сүйектерінде өткізгіштік және инфильтрациялық жансыздандыру жүргізу үшін 2% ерітінділері пайдаланылады.

Беткейлік (терминалды) жансыздандыру үшін қолданылмайды, өйткені ол бүтіндігі бұзылмаған үлбір қабық арқылы өте алмайды. 1% новокаин ерітіндісінің бір рет салынар дозасы 75-100 мл., ал 2% ерітіндісінің дозасы 50мл. болуы тиіс.

ДИКАИН (тетракаин) – димэтиламиноэтанол күрделі эфирінің парабутиламинобензойлы сутегілі хлор тұзы. Ол иісі жоқ ақ кристалды ұнтақ. Суда, спиртте жылдам ериді. Дикаин новокаинге қарағанда 10-15 есе күшті жансыздандырғыш дәрі, бірақ, сонша есе улы зат. Ол шырышты (үлбір) қабық арқылы жақсы сіңетіндіктен 1% немесе 3% ерітінділері терминалды жансыздандыруда қолданылады. Сонымен бірге дикаин улы болғандықтан ине арқылы тіндерге жіберілмейді. Ересек адамдар үшін қолданылар бір реттік дозасы - 3% ерітіндісінің 3 мл. (0,09г. құрғақ зат).

2. Амидтер тобы:

Бұл күрделі эфирлер тобына қарағанда жаңа жансыздандырғыш дәрілер тобы болып саналады.

ЛИДОКАИН (ксилокаин, ксикаин, лигнокаин) - 2,6 диметиланилидтің диэтил – аминоацетил сутегілі хлор тұзы. Бұл, ақ немесе сәл сарғыш түсті кристалды ұнтақ. Суда, спиртте жеңіл ериді. Жарықта көп тұрса сарғаяды. Ерітінділері инъекция жасайтын суда дайындап, 30 минут бойы +1000 С залалсыздандырылады. Лидокаин новокаинге қарағанда 2,5 есе күшті жансыздандырғыш дәрі. Оны қолданғанда анестезия өте терең, әрі ұзаққа созылады. Ол өткізгіштік, инфильтрациялық және беткейлік (терминалды) жансыздандыру жүргізу үшін қолданылады. Оның кішкене концентрациялы ерітіндісінің улылығы (0,5 %) новокаиннен айнымайды. Бірақ, 1% және 2% ерітінділері новокаиннің осы проценттегі ерітінділерінен улы. Операция кезінде лидокаиннің 0,25% ерітіндісінің мөлшері 1000 мл. ал 0,5% ерітіндісі 500мл.-ден аспауы керек. Стоматологиялық парктикада лидокаиннің 1% және 2% ерітінділері қолданылады және бір рет қолданылатын дозасы 50 және 20 мл., ғана болуы керек.

ТРИМЕКАИН (мезокаин) химиялық құрылысы жағынан лидокаинге өте жақын. Ол 2, 4, 6, тиметиланилидтің диэтиламиноацетил сутегілі хлор тұзы. Дәмі қышқыл, ақ немесе сәл ғана сары түсті ұнтақ, суда және спиртте жеңіл ериді. Оның ерітіндісін натрий хлориді изотоникалық ерітіндісінде дайындап, 30 минут  1000 С – да (стерилизациялау) заласыздандырады. Тримекаин өте ұзақ және күшті жансыздандыратын дәрі. Ол аппликация түрінде де жансыздандыруға қолданылады. Тіндерді тітіркендірмейді және улылығы аз. Оның улылығы дикаиннен 16 есе төмен, бірақ, 1% ерітіндісі новокаиннің осы процентті ерітіндісінен 1,2-1,6 есе улы. Хирургиялық стоматология практикасында тримекаиннің 0,25-0,5% және 1%, 2% ерітінділері қолданылады. Бірден тримекаиннің 0,25 % ерітіндісін 800 мл-ге дейін ғана, 0,5% ерітіндісін 400 мл-ге дейін, 1% ерітіндісін 100 мл-ге дейін және 2% ерітіндісін 20 мл-ге дейін енгізуге болады.

Бұл дәрілерді (дикаиннен басқасын) жарық көзі түспейтін герметикалық ыдыста Б тізімі бойынша сақтайды. Дәріханада дайындалған анестетиктерді 2-3күн ғана сақтау ғана болады. Қолданар алдында анестетиктердің түссіз, мөлдір, яғни тұнбасыз болуын қадағалау қажет. Бөтен дәрілермен шатастырып алмас үшін новокаинге Лукомский И.Г. сынағын жүргізу керек. Ол үшін, 2 мөлшері белгіленген пробирканы алып, оның біріне 2 мл. калий марганец қышқылын (ерітінді 1: 1000) құйып, оның үстіне тексеруге арналған сұйық ерітіндісін құяды. Егер реактивтің түсі 1-2 минуттан соң сары немесе сарғыштау түске боялса, онда ол зат новокаин болғаны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]