Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodich_ukazanie_po_proizvodst_praktike.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

«Халықаралық қатынастар» мамандығының 4 курс студенттері қызметінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

р/с

Қызмет мазмұны

Оны ұйымдастыру формалары мен әдістері

Бақылау формасы

Мерзімі

1

2

3

4

5

1

Өндірістік сараман міндетімен, мазмұнымен таныстыру. Студенттердің сараман барысында жинақтайтын құжаттарының рәсімделуін түсіндіру

Факультеттегі сараман өту бойынша алдын-ала конференция

Студенттердің қатысу парағы

Сараман басталуынан 1 апта бұрын

2

Базалық ұйыммен алғашқы танысу. Студенттер ұйымның құрылу тарихымен, ұжыммен танысады.

Ұйым басшысымен әңгімелесу

1-ші аптаның 1-ші күні

3

Ұйым қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен танысу.

Құжаттар мазмұнын жазу

Сараман күнделігін тексеру

1-ші аптаның 2-3 күндері

4

Ұйым құжаттарымен жұмыс, құжаттарды құрастыру бойынша тапсырмаларды орындау, құжаттарды шет тіліне аудару.

Үлгі үшін құжаттар дайындау

Сараман күнделігін тексеру

Күн сайын

5

Компьютерлік, көшіруші, сканерлеуші, есептеуші құралдармен жұмыс, факс қабылдау-жіберу.

Тапсырмаларды орындау үшін құжаттарды дайындау

Сараман күнделігін тексеру

Күн сайын

6

Ұйымға келушілермен жұмыс: кез-келген сұрақ бойынша мәлімет береді, қызықтырған сұрақтар бойынша ақпарат береді және т.с.с.

Студенттің жеке жоспарының кестесін құрастыру

Жеке жопарын тексеру

Күн сайын

7

Курьерлік қызметті орындау

Студенттің жеке жоспарының кестесін құрастыру

Жеке жопарын тексеру

Күн сайын

8

Атқарылған жұмыстар сараптамасымен күнделікті жүргізу

Күнделікті тексеру

Күн сайын

9

Сараманды өту туралы есепті құрастыру

Есепті тексеру

Сараманның соңғы аптасының 5-6-шы күндері

10

Өндірістік сараман қорытындысын шығару

Факультеттегі қорытынды конференция

Кафедра жоспарына сәйкес

Ескерту: студенттің тапсырмаларының сипаты сараман базасының ерекшелігіне тәуелді.

2. Сараман жетекшісі және студенттердің міндеттері

2.1 Университеттегі сараман жетекшісінің міндеттері

Университетпен тағайындалған жетекші міндетті:

  • сараман базасымен тағайындалған сараман жетекшісімен бірге және сараман бағдарламасына сәйкес әр мекемедегі студенттер жұмысының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;

  • сараман мәселелері, күнделіктер жүргізу және жасалған жұмыстар туралы есеп жасау бойынша студенттерге кеңес беруге;

  • бекітілген уақытта сараман орнына баруға;

  • сараман базасының басшылығы арқылы сараман өтуге қажетті жағдай жасауға шаралар қолдануға;

  • студенттер жұмысының сапасын тексеруге және күнтізбелік кестенің орындалуын бақылауға.