Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodich_ukazanie_po_proizvodst_praktike.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

5. Сараман қорытындысын шығару тәртібі

Сараман қорытындысы бойынша студент есеп жазады, оны кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Студенттер қорғайтын барлық сараман бойынша есептер жүз балдық жүйеде бағаланады.

Білімді бағалау критерийлері.

90-нан 100-ге дейінгі баға «үздік» деген бағаға сәйкес келеді және есеп сараман бағдарламасы және студенттің жеке тапсырмалары талаптарына сәйкес, қатесіз, оқу құжаттарын ресімдеу ережелерін сақтап толық орындалғанда және сәйкесінше қорғалғанда қойылады. Бұл баға студент сараман бағдарламасын 95-100% деңгейде меңгерген жағдайда қойылады.

75-тен 89-ға дейінгі балмен бағалау «жақсы» деген бағаға сәйкес келеді және студент есепті жазуда және ресімдеуде немесе сұлбалар, графиктер құрастыруда өзі түзеткен елеусіз қателер және принципиалды емес дәлсіздіктер жіберген жағдайда қойылады. Бұл баға оқушы сараман бағдарламасын 75% меңгерген жағдайда қойылады.

50-ден 74-ке дейінгі балмен бағалау «қанағаттанарлық» деген бағаға сәйкес келеді және студент есеп жазуда, сұлбалар, графиктер құрастыруда қателіктер жіберіп, оларды сараман жетекшісінің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады. Бұл баға студент сараман бағдарламасын 50% кем емес деңгейде меңгерген жағдайда қойылады.

0-ден 49-ға дейінгі балмен бағалау «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға сәйкес келеді және студент есеп жазуда немесе сұлбалар, графиктер құруда елеулі қателер жіберген, сараман бойынша жеке тапсырманы орындамаған жағдайда қойылады.

Сараманнан өту нәтижелері бойынша қорытынды балл студенттің оқу үлгерімділігінің (GPA) орта балын шығаруда және академиялық рейтингісін анықтау кезінде есепке алынады.

Қосымшалар:

Қосымша №1. Сараман есебінің титулдық беті

Үлгі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  Тарих, экономика және құқық факультеті

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Мамандық ____________________ Топ __________________

Студент______________________________________________

(аты-жөні, тегі)

_______________________________________________________________

(мекеме, кәсіпорын атауы)

өндірістік сараманды өтуі туралы есебі

 

 

 

 

Есеп ______________ қорғалды

(бағасы)

Комиссия _____________________________

(қолы)

_____________________________

(қолы)

_____________________________

(қолы)

_____ _________________201__ж.

Орал, 2014 ж.