Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodich_ukazanie_po_proizvodst_praktike.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

4. Сараман қорытындысы бойынша есепке қойылатын талаптар

Сараман күнделігін жүргізу

Әрбір студент алғашқы күннен бастап күні бойы істеген жұмысын жазып күнделік жүргізеді. Күнделікте студенттің қай күндері қай жерлерде жұмыс істегені көрсетілуі керек. Күнделіктен, сондай-ақ, жұмыстың неден тұрғаны, өздігінен жүргізілді ме, мүмкіндігінше, қандай көлемде орындалғаны көрініп тұруы керек. Күнделік күн сайын мұқият толтырылады. Күнделіктегі жазбаларға күн сайын жазылған жұмысты бақылаған кәсіпорындағы сараман жетекшісі растап қол қояды.

Жұмысты аяқтағаннан кейін сараман базасындағы сараман жетекшісі жұмыс орнында студенттің тәжірибелік дағдыларды игеру деңгейін тексереді және күнделікке бағасын қойып, студент жұмысы туралы ескертулерін жазады.

Сараман аяқталған соң күнделік сараман жетекшісінің қолымен және кәсіпорын мөр таңбасымен расталады. Сараман нәтижелері туралы сараманнан өтуші студент есеп жазады. Бұл есеп әр тарау бойынша, сараман соңында есеп құрастыру да аяқталатындай, сараман өту үрдісінде дайындалады.

Есепке сараманнан өту күнделігі қоса беріледі. Күнделіксіз есеп кафедраға қабылданбайды.

Сараман бойынша есеп жасау.

Есеп материалы мәтіндік және графикалық ресімдеу талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Сараман бойынша аналитикалық есеп дегеніміз көлемі компьютерлік жазу мәтінімен кем дегенде 10-15 бет болатын (бұл көлемге қажетті иллюстрациялық, графикалық, кестелік және басқа материалдар енбейді) жазба.

Есепке студент, кәсіпорындағы сараман жетекшісі және университеттегі сараман жетекшісі қол қояды.

Есепті ресімдеуге қойылатын талаптар. Есеп стандарттық беттерде (ф.А-4 (210х297 мм), шрифт 14 (Times New Roman), жазу бетінің барлық жақтары келтірілген (по ширине), интервал 1,5, беттердің жақтары: сол - 30 мм., оң – 15 мм., жоғарға және төменгі жақтары – 20 мм), беттердің төменгі жағында ортаңғы бөлігінде араб сандарымен нүкте қоюсыз белгіленген беттің номері болу керек, есеп папкаға салынып тігілу керек. Есепте әрбір сұрақтың басы бөлек көрсетілу керек, әрбір кестеде – алынған бастама көрсетілу керек. Өндірістік сараман материалдары келесі тәртіппен жинақталады:

  • титулдық бет;

  • мазмұны (беттердің номерін көрсетумен);

  • сараманды өту туралы жеке күнтізбелік жоспар (қосымша №4);

  • сараман күнделігі (қосымша №2);

  • сараман жетекшісінің мінездемесі (қосымша №3);

  • сараман есебі (титулдық беті бірыңғай бекітілген үлгі бойынша рәсімделеді - қосымша №1);

  • қосымшалар (құжаттардың жобалары,  құжаттардың нысандары, кестелер, еспетер, схемалар).

Есеп құрылымы

Есеп келесі тараулардан тұруы керек:

- сараман орнының жалпы сипаттамасы көрсетілетін кіріспе;

- сараман орнының қысқаша сипаттамасы, соңғы 2-3 жылдағы оның сыртқы ортасының талдауы. Сараман орнын сипаттауда оның ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар студент жұмыс істеген бөліністің барынша егжей-тегжейлі ұйымдастырушылық құрылымы осы бөліністің міндеттері мен қызметтерін сипаттаумен келтіріледі;

- соңғы 2-3 жылдағы кәсіпорын қызметінің жедел-талдауы;

- практика барысында студенттің жүргізген жұмыстарының барлық спектрі талданатын қорытынды;

- есепке қосымшалар (есеп жазу үшін практика барысында жиналған материалдар мен деректер тізімдемесі, мысалы, кәсіпорын жарғысы (ереже), келісімшарттар түрлері, іскерлік отырыс хаттамалары, меморандумдар және т.б.).