- •Тақырып 1. Қаржы менеджментінің мазмұны
- •Тақырып 2. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткіштері
- •Тақырып 3. Тәуекелділік және табыстылық. Корпорациялық тәуекелділікті басқару
- •Тақырып 4. Активтер портфелін басқару.
- •Жұмсалымы бюджетін оңтайландыру.
- •2.Кәсіпорындағы ақша ағымдарын жіктеу
- •3.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
- •Сату бюджеті
- •Компаниялардың ағымдағы шығындарын басқару
- •6. Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян.
- •3. «Қарыз капиталы» бағасы.
Тақырып 4. Активтер портфелін басқару.
Қаржы активтер портфелін басқарудың міндеттері мен мақсаты.
Инвестициялық портфелге салынатын қаржылық активтердің ерекшеліктерінің сипаты.
Эмиссияланған бағалы қағаздардың табыстылығын және құнын бағалау әдістері.
Инвестициялық стратегия және бағалы қағаздар портфелінің типтері.
Кәсіпорындардың (корпорациялардың) инвестициялық портфелін басқару технологиясы.
Қор портфелінің табыстылығын бағалау.
Қор портфелінің тәуекелдігін азайту әдістері және түрлері.
Қаржылық активтерді басқарудың басты мақсаты – қаржылық рыноктағы кәсіпорын немесе корпорацияның инвестициялық стратегиясын орындалуы үшін ең ұтымды жолдарды қамтамасыз ету. Сонымен бірге эмитенттер және инвесторлардың рыноктағы мақсаттары бірдей емес.
Кәсіпорынның (корпорацияның) – эмитенттің инвестициялық стратегиясы – қосымша капитал тарту мақсатымен потенциалды инвесторлар арасында корпоративтік инвестор ролін атқарушы кәсіпорындар (корпорациялар) инвестициялық стратегиясының мақсаты әртүрлі және көп жоспарлы. Айталық, тікелей стратегиялық инвестор қаржылық салымдардың көмегімен өзіне инвестициялайтын объектілерді тікелей басқаруды қамтамасыз етуге тырысады.
Портфелдік инвестор қаржылық салымдар көмегімен бағалы қағаздардың курстық құнын арттыру нәтижесінде (дивиденд немесе %)табыс табу мақсатымен қор портфелін қалыптастыруды іске асырады.
Бағалы қағаздар рыногында акционерлік кәсіпорындардың инвестициялық жұмысының көлемін анықтаушы факторлар, келесілер:
Кәсіпорын (корпорацияның) өмірлік кезеңінің сатысы.
Қор рыногының сиымдылығы.
Сол рыноктағы қаржылық саясат.
Портфелдік немесе тура инвестициялауға инвестициялық ресурстардың жеткіліктілігі
Қазір, қолма-қол табыс әкелмейтін, жоғары табыстылықты болашақта алуға есептелген, барынша инвестициялық шығындарды салуға дайындық.
Потенциалды инвесторлар үшін, бағалы қағаздар рыногындағы тәуекелдік деңгейі.
Портфелдік инвесторлар өз алдына келесі міндеттер мен мақсаттарды қоя алады:
Салымдардың сақталуы, мысалы, жоғарғы инфляция салдарынан. Қауіпсіздік түсінігі – бұл қор рыногында портфелдік инвестицияның кезеңдік ауытқуынан қорғаным және тұрақты табыс алудың тұрақтылығы.
Қарқынды операцияның тәуекелдігін азайту және қаржы тұрақтылығын азайту және қаржы тұрақтылығын арттыру, инвестордың табыстылық базасын әртараптандыру және кеңейту.
Капиталдың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді болашақта тиімді инвестициялық жұмыстарды қалыптастыра алады.
Табыстылықтың қарқынды өсуіне жету, портфелге жоғары табыстылықты қаржылық активтерді тартуды (қосуды) талап етеді. Ағымдағы табыстың бір бөлігі оңтайлы қор портфелінің құрылымын қолдау үшін капитализациаланады.
Инвестициялық тәуекелді минимизациялауды қамтамасыз ету. Жекелген жоғары табыстылықты қаржы активтерді ең жоғарғы тәуекелдікке ие. Бірақта инвестициялық шеңберде бұл тәуекелдік минималданады. Ең жоғарғы тәуекелдік корпоративтік бағалы қағаздар және олардың жекелеген түрлеріне тән. Мысалы, “ Көк фишкаларға” әлбетте Ресейдің мұнайгаз кешені компанияларының акцияларын жатқызады.
Портфельге салуға өтімділікті қалдық бағалы қағаздарды алу,. Бұл мақсатқа жету үшін портфелде белгілі жоғарғы табысты бағалы қағаздар бөлігі болуы керек, 10% кем болмауы керек, оларды керек кезде тез ақша қаражатына айналдыруға болады.
Қаржылық активтердің портфелін басқару процессі келесі міндеттерді шешеді:
Кәсіпорынның тиімді инвестициялық жұмыстары есебінен зкономикалық дамудың жоғарғы қарқынын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың тиімділігі және қарқынды экономикалық дамудың арасында тура байланыс бар. Практикада, сату көлемі және пайда неғұрлым көп болса, соғұрлым инвестициялауға қаражат көп қалады.
Инвестициялық жұмыстан пайданы (табысты) максимизацияға (барынша көбейтуге) жету. Кәсіпорынның экономикасының дамуына приоритеттілікті – бухгалтерия емес, таза пайда. Сондықтан, портфелді қалыптастырғанда, бірнеше вариант ішінен ең көп таза пайда әкелетін вариант таңдалады.
Инвестициялық тәуекел деңгейін азайтуды қамтамасыз ету. Олар барлық инвестициялық .... түрінде кездеседі.
Инвестициялық процессінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ол қаржылық ресурстардың біршама бөлігін ұзақ мерзімге бөлумен байланысты, кәсіпорынның ағымдағы операцияларының төлем қабілеттілігін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Бұдан басқа, ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға аудару, кәсіпорынның болашақта қаржылық тұрақтылығынан айырылуына әсер етеді. Сондықтан, инвестициялауға қаржы көздерін қалыптастырғанда, алдын ала болжамдау, инвестордың қаржылық жағдайына қандай әсер ететіндігін білу қажет.
Соныменен, кәсіпорынның қор портфелін қалыптастырудың міндеті инвестицияланған ақша қаражаттарын қаржы активтердің арасында тарату арқылы портфелдің өмір сүру мерзімінде барынша табыстылықты қамтамасыз ету.
Аталған міндеттерді есепке ала отырып, инвестициялық портфелді оперативті басқару және қалыптастыру үшін бағдарламаны анықтайды. Келесі бағдарламаны ұсынуға болады:
Бағалы қағаздар рыногын талдау.
Инвестициялық саясатты талдау.
Қаржы ресурстарының құрамын қалыптастыру.
Қор портфелін қалыптастыру.
Қор портфелінің тиімділігін бағалау.
Қор портфелін қайта қарау.
Бұл бағдарламалы өзгерту және толықтыру келесідей болады:
Қаржы рыногын іскерлік жағдайларды болжамдау және сыртқы инвестициялық ортаны зерттеу.
Инвестициялық әрекеттің стратегиялық бағыттарын әзірлеу.
Таңдалған инвестициялық стратегияны іске асыру үшін инвестициялық ресурстар стратегиясын қалыптастыруды әзірлеу.
Қор портфеліне қосу үшін жекелеген бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалау және іздену.
инвестициялық портфелді қалыптастыру және оны өтімділігі және табыстылық критерилері арқылы арқылы бағалау.
Қор портфелін ағымдағы басқаруды ұйымдастыру (оның мониторингі)
Практикада қор портфелін басқарудың екі әдісі қолданылады:
а) қарқынды
б) енжарлық (пассивный)
Қарқынды оперативті басқарудың базалық сипаттамасы болып:
қор портфеліне қосатын бағалы қағаздарды таңдау.
қаржы активтерін сату немесе сатып алу мезімдерін анықтау.
Қарқынды басқарудың негізгі міндеті инвестицияланған қаражаттан алынатын мүмкінді табыстар мөлшерін болжау. Қарқынды инвестордың ойынша,
Енжарлық басқарудың ойынша – бағалы қағаздарды таңдауда табыстылыққа жетуге және тиімді. Бұл мақсат үшін әртараптандырылған портфелді қалыптастыру. Ол негізінен, мемлекеттік бағалы қағаздардан тұрады, тәуекелдік деңгейі төмен. Шетел инвесторлары енжарлық қор портфелін сирек қолданады, өйткені ол жоғарғы табыс әкелмейді.
Жекелеген қаржылық активтерді сату туралы шешім қабылдау. Егер бағалы қағаздардың нақтылы табыстылығы күткен табыстылығы кем болса, онда қаржы активтерін туралы шешім қабылданады. Соңынан қор портфеліне корректировка жасалынады, яғни басқа бағалы қағаздарды сатып алу арқылы.
Бақылау сұрақтары:
Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы эмитенттер және инвесторлар өз алдына қойған мақсаттарының мағынасын ашыңыз.
Инвестициялық портфелді басқарудан міндеттерін дәлелдеңіз.
Қаржылық активтер портфелін оперативті басқару және қалыптастыруда инвесторлар әрекетінің бағдарламасы неден тұрады?
5- тақырып. Капитал құны және бағасы
Кәсіпорын үшін қаржыландырудың түрлі көздерін тарту (сыртқы және ішкі) шығындармен байланысты, сондықтан тартылған капиталдың әрдайым нақты құны болады. Бұл капитал көздері бойынша түрлі болғандықтан, кәсіпорынның осы көздерді көлемдері де, капиталдың әр түрінің құны бойынша да баламалы таңдау мүмкіндігі болады. Капиталдың әр түрін тартудың нәтижесінде оның нақты құрылымы қалыптасады және акционерлерге дивидендтер, несие үшін банктық пайыздар, инвесторларға пайыздар және т.б. түрінде нақты шығындардың қажеттілігі пайда болады. Осыдан капитал құны (немесе бағасы) дегеніміз қаржылық қорлардың нақты көлемін пайдаланғаны үшін төлеуге қажетті қаражаттардың жалпы сомасы. Капиталдың құны ұғымы ақшалай төлемдердің қатысты шамасын есептеуді ғана білдірмейді, сонымен қатар, өзінің нарықтық құнын азайтпау үшін кәсіпорынды қамсыздандыратын инвестицияланған капиталдың рентабельділік (табыстылық) деңгейін сипаттайды.
Капитал құны көрсеткішінің экономикалық мазмұны әрбір ақшалай көзден бірлік капиталды тартумен байланысты шығындарды анықтау болып табылады. Көздердің көп түрлілігі капиталдың орта өлшенген бағасын есептеу қажеттілігіне алып келеді. Капиталдың орта өлшенген құны (КҚорт) – жалпылама көрсеткіш, капиталды тарту мен пайдаланумен байланысты пайда болатын шығындардың қатысты деңгейі немесе барлық шығындардың жалпы сомасын сипаттайды. Былайша айтқанда, ол салынған капиталдың минимум қайтарымы.
Капиталдың орта өлшенген құнының формуласы орта өлшенген арифметикалық шамаға негізделеді, мұнда жалпы сомадағы жеке көздердің үлестері таразы ретінде болады, ал орта өлшенген шама көрсеткіші орта жылдық құнды айқындайды (%):
КҚорт = ∑ di × КҚi,
мұндағы di – жалпы сомадағы әрбір көздің шекті салмағы;
КҚi – і-ші көздің бағасы.
Әрбір ақша көзінің бағасын анықтауды тізбектей қарастырайық.
Меншік капитал құрамында бөлінеді:
қосымша (үстеме) капитал – құны жоқ және инвестициялық ресурс көзі ретінде қолданыла алмайды, өйткені бұл капитал кәсіпорынның активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде қалыптасады;
артықшылығы бар акциялар – белгіленген дивиденд деңгейімен бағаланады, ол жыл сайын қандай-да жағдайларда төленеді;
қарапайым акциялар – оның бағасы (Бқ.а.) түрлі әдістер негізінде өлшенеді, бірақ кең таралған есептеу дивидендтің болжанған деңгейін өлшеуге немесе есеп беру кезеңіндегі төленген, дивидендтердің болжанған өсіміне қарай түзетілген дивидендтік өлшеуге негізделген, формуласы:
Бқ.а. = (Дқ.а. / Барт) + ∆Дқ.а.;
бөлінбеген пайда, капиталға айналдыру, реинвестициялауға қажетті пайда. Бұл көз ақысыз емес, өйткені салықтар мен артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлегеннен кейінгі таза пайда қарапайым акционерлерге барады. Бөлінбеген пайда құнын бағалаудың көбінесе кең тараған әдісі қарапайым акциялар бойынша төленген дивидендтер деңгейі бойынша бағалау болып табылады.
Заемдық капиталға енеді:
банктық ссудалар. Бұл көздің бағасы капитал тартылатын мерзім шамасына, сонымен қатар, несие бойынша пайыз шамасына және төленетін пайыздардың кәсіпорын шығындарына қосылу сипатына тәуелді. Жалпы алғанда заемдық капиталдың бағасы банктық пайыздың шамасына тең. Бірақ банктың ссудасын пайдаланғаны үшін пайыздарды өнімнің өзіндік құнына қосса, онда қаражаттың бұл көзінің бір бірлігінің құны (Ц б.с) банктық пайыздан корпоративтік салық ставкасының шамасына (С) кіші болады, яғни:
Цб.с = Цкр х (1- С)
облигациялық займдар. Баға әр түрлі әдістермен анықталады, бірақ ең тараған әдіс – пайыздық қатынаста бір уақыттағы дисконттық (ДД) және пайыздық табысты (ДП) бағалау, өйткені көбінесе облигациялар номинал бойынша емес, дисконтпен жүзеге асрылады. Облигациялық займның бағасын (ОЗБ) есептеу үшін келесі формула қолданылады:
ОЗБ = (ДД + ДП)
Егер облигациялар бойынша төленетін табыстар а) толығымен не б) бөлшектей төленсе, кәсіпорынның шыындарына қосылса, онда салықтық үнемдеу пайда болады және ОЗБ корпоративті салықтың ставкасын есепке алумен түзетіледі:
а) ОЗБ = (ДД + ДП) х (1 – С) не б) ОЗБ = ДД + [(ДП х (1 – С)]
Капиталдың шекті құны – болжамды мәндерінің негізінде есептелетін шығындар, компания бұл шығындарды қалыптасқан қор нарығының жағдайларында инвестиция көлемін өсіру үшін жұмсауға мәжбүр болады. Бұл құн өнімнің қосымша бірлігін өндіруге қажетті шекті (маржиналды) шығындарын есепке алумен есептеледі. Меншік қаражаттардың көздері шектелген болғандықтан, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін заемдық қаражаттарды тартуға мәжбүр болады. Бұл пассив құрылымының өзгерісіне алып келеді және тәуекелдің дәрежесін жоғарылатады. Сондықтан капиталдың шекті құны тұрақты болып қала алады, бірақ тартылатын қорлардың қандай-да бір ауыспалы көлеміне жеткенде ол лезде өседі.
6- тақырып. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері. Жоба тәуекелін талдау.
Нарық экономикасында капиталдың құнын анықтау негізгі үш факторға байланысты жүргізіледі:
1. Капиталды құрастыруға кеткен шығындардың төмен болуы.
2.Инвесициялық шешімдерді бағалау және қабылдау процесіндекапиталдың максимилизациялануы анықталады.
3. Капитал өсімділігін анықтау үшін әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынас негізінде шығындарды төмендету.
Капитал салымдық шешім қабылдау әр түрлі жобаларды инвестициялау кезінде капиталды жоғарлату мақсатында ұзақ мерзімді шешім қабылдау. Салымдық шешім қабылдау, инвестиция бойынша сметаны құрастыру процесімен оларды бағалау мен қайтарымдық немесе өтемділік мерзімімен тығыз байланысты. Инвестициялық шешім қабылдау процесі төмендегі бағыттарда жүргізіледі:
Компанияның қандай инвестициялық жобаны таңдау мүмкіншілігі;
Капитал салымдық процестің жалпы сомасын анықтау және капитал салымдық соманы өткізу кезіндегі қосымша шығындарды анықтау.
Инвестициялық процесс немесе капитал салымдық жоба портфелі қандай ресурстар арқылы қаржыландырылатының анықтау.
Инвестициялық шешім қабылдау капитал салымдық жобаны әр түрлі экономикалық жағдайлардағы бағасына, оның табыстылығына және бәсекелестіктің дамуына байланысты тәуекелдерін анықтауға болады.
Инвестицияның бағасын анықтау процесі:
1. Компанияның стратегиясына байланысты инвестициялық процестің әр түрлі бағыттарын анықтау.
2.Таңдап алынған эскиздік жобалық ерекшеліктерін қарастыру негізінде құжаттарды дайындау, осы жобаны талдау, осы саланың ерекшеліктерін талдау.
3. Бастапқы негізде әр түрлі өткізілетін жобалар бойынша нақты варианттарды анықтау.
4. Барлық таңдап алынған варианттардың бағасын салыстыру.
5. Инвестициялық жобаны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім анықтау.
Инвестициялық салымдарды бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
1. Дисконтталмаған әдістері
2. Дисконталған әдістері
Дисконтталмаған әдістердің іс жүзінде екі түрі қарастырылады:
өтімділік, қайтарымдылық әдісі
өтімділіктің немесе қайтарымдылықтың есепті коэффициенті арқылы бағалау.
Өтімділік немесе қайтарымдылық әдісі инвестициялық салымның қайтарымдылығын және одан түсетін ақша қаражаттарына қажет уақытты анықтайды. Егер де салынған инвестициядан әр жыл сайын таза ақша түсімдері бірдей мөлшерде болса, онда қайтарымдылық немесе өтімділік кезең алғашқы салынған инвестицияны жыл сайынғы күтілетін ақша түсімдеріне бөлу арқылы анықталады.
Өтімділік кезең = алғашқы салым / жыл сайынғы таза ақша ағымы
Егер жыл сайынғы ақша түсімдері бір қалыпты болмаса, онда қайтарымдылық ткезеңін анықтау үшін таза ақша ағымдарын алғашқы инвестиция қайтарылғанға дейін анықтау қажет. Бұл әдістің негізгі кемшілігі инвестицияның немесе капиталдың уақытқа байланысты құнының ескерілмеуі. Екінші кемшілігі инвестициялық салымның немесе капиталдың өтімділік кезеңінен кейінгі ақша ағымдарын немесе ақша тәукелділіктерін қарастырады.
Дисконтталған әдітері:
Дискотталмаған ақша ағымы әдісі ―инвестициялық салымдар үшін күтілетін ақша түсімдерінің барлығын және олардың белгілі бір мерзімге төленетіндігін анықтайды. Дисконтталмаған әдістер ақша салымының немесе ақша бірліктерінің мерзімдік белгілі бір уақытқа бекітілген құнын анықтауға бағытталған . Бұл әдістердің негізгі мақсаты инвестициялық салымдардар бойынша қазіргі кезде немесе бүгінгі күнге алынған ақша бірлігі болашақтағы ақша бірлігінен қ―мбат тұрады. Бұл мақсат, қағида ақша бірліктерінің бүгінгі күнгі мөлшерін процентке беру мұмкіншілігін анықтайды.
Капитал мен инвестициялардың болашақтағы құнын анықтау төмендеі коэфициент арқылы жүзеге асырылады.
FVn = V0``(1+ К)т , мұндағы
FVn ― инвестициялық қорлардың долашатағы құны
V0 ―инвестициялық салымның алғашқы құны
К ― салынған капиталдың табыстылықтың нормасы
n― қанша жылдағы құнын анықтау
Капитал салымдарының болашақтағы құнын ақша бірліктерінің болашақтағы құнын анықтау таблицаның негізінде анықтауға болады. Ақша бірліктерінің болашақта алынатын мөлшерін анықтау кезінде капиталдың ағымдағы құнын анықау процесін дисконттау процесі деп атаймыз. Ал алынған көрсеткішті капиталдың құнын дисконтталған деп аталады. Дисконтталған құн ағымдағы немесе келтірілген құн ретінде қарастырылады. Инвестициялық немесе капитал салымдарының келтірілген құнын анықтау үшін формуланы төмендегідей түрлендіре аламыз.
V0= FV / (1+K)n
Осы формуладан дисконттау факторын анықтауға болады:
DF= 1 / (1+K)n
Таза келтірілген құн әдісі. Таза келтірілген құн әдісі белгілі бір инвестициялық жобадан күтілетін ақша табысын анықтауға бағытталған. Бұл әдіс бойынша барлық күтілетін ақша түсімдерінен және ағымдағы кезеңдердегі күтілетін табыстылық ставкасын қолдана отырып, төлемдерді қайтару процесін дисконттауды көрсетеді
7- тақырып.Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау. Күрделі қаржы
