- •Тақырып 1. Қаржы менеджментінің мазмұны
- •Тақырып 2. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткіштері
- •Тақырып 3. Тәуекелділік және табыстылық. Корпорациялық тәуекелділікті басқару
- •Тақырып 4. Активтер портфелін басқару.
- •Жұмсалымы бюджетін оңтайландыру.
- •2.Кәсіпорындағы ақша ағымдарын жіктеу
- •3.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
- •Сату бюджеті
- •Компаниялардың ағымдағы шығындарын басқару
- •6. Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян.
- •3. «Қарыз капиталы» бағасы.
Жұмсалымы бюджетін оңтайландыру.
Инвестициялық жобаның ақша ағымдарын болжау
1.Ақша ағымдарын бағалау
2.Ақша ағымдарын сипаттаушы негізгі түсініктер
3.Кәсіпорынның ақша ағымдарын жіктеу
4.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
5.Теңсіздік мерзімінде әрекет жасаушы жобаларды бағалау
1. Ақша ағымдарын кәсіпорын жұмысындағы рөлін,орнын және экоромикалық табиғатын зерттеу Қазақстан қаржылық менеджментінде жаңа бағыт болып саналады.Шетелдердің корпорацияларында ақша қаражаттарының бағытын басқару- қаржы директорларының (бас қаржы менеджерлерінің маңызды жұмыстарының бағыты болып есептелінеді).
Нарықтық экономикада Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында ақша қаражатының қозғалымына жүйелі есептеу,талдау және басқаруды жүргізу олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ақша ағымдарын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
а)- тауарларды сатудан (қызмет көрсетуден) түсім
б)- пайда
в)- ақша қаражаттарының ағымы
Аталған көрсеткіштердің абсолюттік мөлшері және олардың жыл басында серпінді өзгеруі кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (жыл,квартал,ай) жұмысының нәтижелілігін сипаттайды.Бірақта созылмалы төленбеген төлем жағдайында,кәсіпорнға әзтүрлі жұмыстың бірінен түсетін,ақша қаражаттарының ағымының маңызы бар.
Ақша қаражатының түсімінің,кәсіпорынның төлемінен артуы,кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы дамуына қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі.Бұл артықшылықтың ерекшелігі сонда,кәсіпорын бас ақша қаражаттарын қосымша табыс алу мақсатымен,бизнестің табысты саласына салуға мүмкіндік тудырады.Сонымен қатар тұрақты ақша қаражатының болуы,ағымдағы төлем қабілеттілігін белгілі деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
Кәсіпорынның қардылық-шаруашылық жұмысын сипаттаушы,ең маңызды түсініктерге жататындар келесілер:
1.Тауарларды сатудан түсім
2.Сатудан пайда
3.Ақша қаражаттарының түсімі (тауарларды сатудан түсім,аванс алу,кредиттер және заимдар алу,қаржылық салымдардан пайыздар және дивиденттер алу)
4.Ақша қаражаттарының шығысталуы және инвестициялануы
5.Таза ақша қаражатының түсуі (барлық ақша қаражаттарының түсуі мен төлемнің айырмашылығы).
Кәсіпорында ақша қаражаттарын басқару саясаты жасалынады,мұндай саясаттың нәтижесі келесідей:
банктегі шотта және кассада қажетті мөлшерде ақша қаражаттарының қалдығы болуы қажет
кәсіпорында сондай активтер және пассивтер балансының құрылымын қалыптастыру керек.Нәтижесінде оларкәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын,төлем қабілеттілігін жыл бойы қамтамасыз етеді.
Сонымен ақша ағымы – бұл есепті және жоспарлы кезеңдегі кәсіпорынға түсетін және төленетін ақша қаражаттарының көлемі.
Ақша қаражаты қаржылық экономикада ең дифициттік ресурс болып есептелінеді,кәсіпорынның табыстылығы көп жағдайларда оның басшыларының қабілеттілігіне ,ақша қаражаттарын тиімді пайдалануына байланысты.
Ақша ағымдарын басқару келесі шиеленістерді қамтиды:
ақша қаражаттарының қозғалымын есептеу
бар ақша ағымдарын талдау
ақша қаражаттары қозғалымы бюджетін жасау
ақша қаражаттары қозғалымының бюджеті
Бұл басқару кәсіпорын жұьысының маңызды бағыттарын,айналымнан тыс және айналымдағы активтерді,меншікті және қарыз капиталын басқаруды қоса қамтиды: (сурет......)
Айналымнан тыс активтер Меншікті капитал
Материалдық
өндірістік АҚША ҚАРАЖАТЫ Кредиттер және
қорлар заимдар
Дебиторлық Кредиторлық
Қарыздар қарыздар
Сурет: кәсіпорындағы ақша қаражататрының қозғалысы
Демек,инфляция және кризис жағдайында ақша қаражатын басқару кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ең бір актуалды міндетінің бірі.
Бақылау сұрақтары:
Кәсіпорын жұмысын бақылауда қандай көрсеткіштер қолданылады?
«Ақша ағымдары» түсінігіне анықтама келтіңіз.
Ақша ағымдарын басқару міндетін және мақсатын атаңыз.
