- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •Типтік оқу бағдарламасы «Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі»
- •5В010900 – «Математика» мамандығының студенттері үшін
- •Түсініктеме хат
- •Шжм оқыту үрдісінің теориялық негізі
- •Шағын жинақты мектептегі математика сабағында оқушыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру
- •Шағын жинақты мектепте математика пәнін оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
- •Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті Математика және физика кафедрасы жұмыс оқу бағдарламасы
- •Дәріс сабақтарының мазмұны Модуль 1.Шжм оқыту үрдісінің теориялық негізі Дәріс -5с., практика-10с., сөж -30с., оның ішінде осөж-15с.
- •А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------
- •Модуль II. Шағын жинақты мектептегі математика сабағында оқушыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру Дәріс -4с., практика-8с., сөж -24 с., оның ішінде осөж-12 с.
- •Модуль III. Шағын жинақты мектепте математика пәнін оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар Дәріс -6с., практика-12с., сөж -36с., оның ішінде осөж-18с.
- •Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:
- •1** Ұйымдастыру кезеңі.
- •2** Өткен материалмен жұмыс
- •1 . Оқытушы туралы мәліметтер
- •2. Байланыс ақпараты және кафедрада болатын уақыты
- •Пән туралы мәліметтер:
- •Модуль II. Шағын жинақты мектептегі математика сабағында оқушыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру Дәріс -4с., практика-8с., сөж -24 с., оның ішінде осөж-12 с.
- •Модуль III. Шағын жинақты мектепте математика пәнін оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар Дәріс -6с., практика-12с., сөж -36с., оның ішінде осөж-18с.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары:
- •Емтихан бойынша кеңес
- •Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •Студенттердің рейтингін бағалау шкаласы
- •Курстық жұмыс және рефераттар тақырыбы
- •Әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен тізбесі
- •2.1Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.2 Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •2.3 Дәрістердің тезисі Модуль 1.Шжм оқыту үрдісінің теориялық негізі Дәріс -5с., практика-10с., сөж -30с., оның ішінде осөж-15с.
- •Модуль II. Шағын жинақты мектептегі математика сабағында оқушыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру Дәріс -4с., практика-8с., сөж -24 с., оның ішінде осөж-12 с.
- •Модуль III. Шағын жинақты мектепте математика пәнін оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар Дәріс -6с., практика-12с., сөж -36с., оның ішінде осөж-18с.
Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:
1 сынып |
2 сынып |
6 санын қосу және азайту |
Білімді тиянақтау |
Мақсаты |
|
Санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, қосылғыштардың біреуі 6 болатын өрнектер құрастыра білуге және тез есептеуге дағдыландыру |
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту тәсілдерін көрсетіп беру, оны есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру; есеп құрастыру және шығару, түрлендіру. |
Сабақтың түрі; аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері; әңгіме, көрнекілік, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілігі: карточкалар, геометриялық фигуралар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
Ескерту: ** - мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс.
* - оқушылардың өзіндік жұмысы.
1 сынып |
2 сынып |
1** Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, қазір математика сабағы, мен сендерге жұмбақ оқимын, шешіп көріңдер.
а) Бір шеңберді бір шеңбер
Көтеріп тұр білсеңдер.
Бұл не? (8 саны)
ә) Бүкірлеумін, имекпін
Мойынындай үйректің
Оқымасаң, білмесең
Мені аласын күнде сен. ( 2 саны)
2** Өткен материалмен жұмыс
а) Сандарды оқы, жаз:
Тақтада мынадай сандар жазылған?
Бір таңбалы сандарды 1 сынып, екітаңбалы сандарды
2 сынып оқушылары жазады.
0, 1, 14, 26, 3, 80, 18, 5, 91, 7.
(жазу барысында әр сынып оқушыларыда дауыстап, қандай санды жазғанын айтып отырады).
ә) көркем жазу сәті
6. . . . . . . . . 1 66 . . . . . . . . . . 61
3. * + 6, - 6 өрнектер жазыңдар. |
3**. Жаңа материалмен жұмыс. - Балалар № 1 жаттығуға қарайық не берілген? - түсіндірмелер және кесте. - Осы түсіндірмелер және кестені пайдаланып, жазбаша есептеу тәсілдерін үйренейік. |
4**. Қандай қосындылар жаздық. 0 + 6 2 + 6 4 + 6 1 + 6 3 + 6 6 + 4 6 + 0 6 + 2 6 + 1 6 + 3 Енді мәнін табайық - Неше қосынды болды? - 10 қосынды. - Басқа қосынды жаза аламыз ба? (жоқ) |
|
5**. а) Оқулықпен жұмыс. № 3 жаттығуға қарайық а) 0-ден болатын өсу ретімен жазайық. 0, 5, 10. 1-ден бастап, 4 сан аттай жазайық. 1, 6; 2, 7; 3, 8; 4, 9; ә) Кему ретімен жазайық 10, 5, 0. 9, 4; 8, 3; 7, 2; 6, 1; |
5*. № 2 жаттығуды талдап жіберейік. (Тақтаға плакат ілінеді. Онда жазбаша есептеудің алгоритмі жазылған.) Сандарды баған түрінде жазып орындап көрейік.
|
6**. Сергіту сәті Бір, еік, үш, Дем аламыз жинап күш. Қандай есеп болса да, Шығарамыз біз. |
|
әр оқушының тапсырмаларын алып, тексеремін. |
- Берілген өрнектердің мәнін тауып көрелік. - Алдымен сандарды қалай жазатынымызды еске түсірейік. - Бірінің астына бірін келтіріп, жазамыз. - Осылай етіп, барлық мысалдарды өздерің орындаңдар. |
8.** Әр оқушының білім деңгейлерін тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі. |
|
№ 1 тест
а) 5 ә) 6 б) 7 в) 4 |
№ 1 тест
а) 20 ә) 25 б) 30 в) 35 |
№2 тест х + 0 = 5 а) 5 ә) 4 б) 3 в) 6 |
№2 тест х + 2 = 24 а) 22 ә) 24 б) 25 в) 26 |
№2 тест Нүктені тап. а) ○ ә) б), в) . |
№2 тест Шаршыны тап а) ○ ә) б), в) . |
9. ** Сабақты қорыту
- Балалар біз сабақта не өттік?
- Математика сабағы сендерге ұнады ма?
10.** Бағалау:
Әр оқушы тапсырманы орындағанына қарай геометриялық фигуралар («5» - бесбұрыш, «4»-төртбұрыш, «3» –үшбұрыш, «2»-дөңгелек) таратылған. Фигуралардың санына қарай оқушылардың білімі бағаланады.
14-15 дәріс тақырыбы: ШЖМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары
Жоспары:
ШЖМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары Компьютерлік технология – мамандардың өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. Компьютерлік оқыту технологиясы жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік редактор; есептегіш машина; модельдеу құралы сияқты қызметтерді атқарады.
«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «республика мектептерін Интернетке қосу; қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеу және оқу үдерiне енгізу, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негізгі пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кiрiктірудi жүзеге асыру...» міндеттері қойылып, «2010 жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетiн арақатынасқа жеткiзiлетiн болатыны» айтылғаны белгілі. Сонымен бірге, жалпы білім беретін мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болса, бастауыш буында «Информатика» пәні екінші сыныптан бастап оқытылатыны жоспарланып отыр. Осыған орай, университет қабырғасында болашақ мамандарға математика сабақтарында компьютерді қолдануға үйрету – қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Компьютер мектептегі оқу-тәрбие үдерісін түрлендіруге мүмкін болатын тиімді техникалық құрал болып табылады.
Компьютерлік оқыту технологияларының негізгі формалары мыналар.
компьютерлік сауаттылық.
компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдану.
модельдеу.
компьютерлік оқыту бағдарламалары.
қашықтан оқыту. (Internet желісі).
Компьютерлік сауаттылық дегеніміз болашақ маманның компьютердің құрылысы, компьютерге қосылатын құралдар (тышқан, дискодод, монитор, қатты дискілер, принтер, модемдер мен факс-модемдер, мультимедия құралдары) мен олардың қызметтерін білуін және компьютерге арналған бағдарламалар (қолданбалы, жүйелі, инструменталды) жайлы түсініктерінің болуын және компьютермен жұмыс жасай алуын айтамыз. Компьютер оқыту үдерісінің кез келген кезеңінде, атап айтсақ, жаңа материалды өтуге дайындық, жаңа материалмен таныстыру, материалды қайталау, бекіту, сондай-ақ оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын тексеру кезінде қолдануға болатынын білуі тиіс. Компьютерге арналған бағдарламалардың ішіндегі қолданбалы бағдарламаның өте жиі қолданылатын түрлері ретінде мыналарды атауға болады:
мәтіндік редактормен жұмыс жасау;
кестемен жұмыс жасау;
типографиялық құжаттарды дайындау – баспа жүйесі;
мәліметтер базасын басқару жүйесі – ақпараттарды өңдеу;
презентацияларды дайындау (слайд-шоу);
экономикалық мақсаттағы бағдарламалар (бухгалтерлік бағдарламалар, қаржылық талдау бағдарламалары, құқықтық мәліметтер базасы);
суреттер салуға, анимациялық және видеофильмдер дайындауға арналған бағдарламалар;
автоматтандырылған жобалар жүйесі (әртүрлі затар мен механизмдерді сызу және жобалау бағдарламалары);
мәліметтерді статистикалық тұрғыдан талдауға арналған бағдарламалар;
компьютерлік ойындар, оқыту бағдарламалары, электронды сөздіктер, электронды оқулықтар.
Мамандардың компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдана алуы жоғарыда аталған қолданбалы бағдарламалардың кейбір түрлерін орындай алудан тұрады. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қолданылатын жұмыс түрінің бірі – мәтіндік редактормен жұмыс жасай алу. Маман математика сабақтарына қажетті күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарларын, бақылау жұмысының және тест тапсырмаларының мәтінін жаза алуы, ШЖБМ ерекшелігіне орай сабақ кестесін құрастыру, ол үшін Word-та жұмыс жасай алуы қажет. Осы бағдарлама бойынша аспаптар панеліндегі әрбір әйнектердің нені білдіретіндігін, мәтінді теру, ондағы қателерді түзету, сөздердің не сөйлемдердің, сандардың не өрнектердің орындарын ауыстырып қою, өшіру және сақтау операцияларын орындай алулары қажет. Мысалы студент біріктірілген екі (1 және 3-сыныптарға) сыныпқа арналған тест тапсырмаларын ұсынуы мүмкін:
3 пен 3-тің қосындысының мәні нешеге тең?
А) 5 Ә) 4 Б) 6
7 мен 4-нің айырмасының мәні нешеге тең?
А) 3 Ә) 4 Б) 5
3 пен 3-тің көбейтіндісінің мәні нешеге тең?
А) 5 Ә) 9 Б) 6
12 мен 4-тің бөліндісінің мәні нешеге тең?
А) 3 Ә) 4 Б) 5
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында кестені қолдану да негізгі жұмыстардың біріне жатады. Мұнда болашақ мамандарға кестені Word-та да және Eхsel-де де салуға болатыны айтылады. Eхsel-де жұмыс жасаудың бір артықшылығы – математикалық есептеулер автоматты түрде орындалатыны. Сонымен бірге, оқушылардың білімдерін мониторингілеу кезінде әр түрлі диаграммалар тұрғызуға да үйренеді. Мысалы кестеде біріктірілген үш сыныпқа арналған арифметикалық амалдарды орындау дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар келтірілген.
3-сынып |
1-сынып |
2-сынып |
64:8 77:11 6·4 10·3 50:10 15:3 42:6 |
3+2 4-2 10-5 7+1 4+4 5+5 2+4 |
20+10 6+6 13-5 8+3 20-1 14-7 8+4 |
Мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын (реферат, баяндама дайындау), курс және диплом жұмыстарын, баспасөз беттерінде не жинақтарда басып шығаруға мақалалар дайындау жұмыстарын орындайды. Материалдарды дайындау барысында белгілі бір жұмыс түрін редакциялай алулары, мәтінге кестені, суретті, диаграмманы не көшірмелерді дұрыс орналастыруы қажет.
Математика сабақтарының қызықты өтілуі немесе оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыруда презентациялар дайындау және оларды орынды қолдану маңызды болып табылады. Сабақтың бір кезеңінде ғана қолдануға болатын бір-екі слайд түрін немесе бір сабаққа жоспарланған барлық тапсырмалар бойынша бірнеше слайдтар дайындауға болады. Ол PowerPoint бағдарламасы бойынша жүргізіледі және де болашақ мамандар слайдтар дайындау, олардағы суреттер не жазулардың дизайнін жасау, слайдтардың ретін өзгерту, слайдтардың тақырыбы мен мәтінін теру мен сақтауға үйренеді. Презентация автордың түсіндіруі арқылы үлкен экранда ұсынылатын материалдарының негізгі бөлімдері немесе негізгі мәселелерін, қозғалыстағы немесе қозғалмайтын заттарды (суреттер, видеофильмдер, мультипликациялар) көрсету болып табылады.
Үшінші сынып оқушыларының нөл мен бірдің қасиеттері жөніндегі білімдерін бекіте түсуге арналған сабақтың тапсырмаларын толығымен презентациялап алып, өткізуге болады.
Амалдарды орында:
3 ∙ 1 1 ∙ 4 99 ∙ 1
10 ∙ 1 100 ∙ 1 1 ∙ 999
Қандай қорытынды жасауға болады?
3 : 3 100 : 100
5 : 5 10 : 10
Қандай қорытынды жасауға болады?
3. 0 ∙ 5 100 ∙ 0
10 ∙ 0 0 ∙ 99
0 : 10 0 : 999
Қандай қорытынды жасауға болады?
2 – жаттығу.
∙ 1
- бір таңбалы сан
3-жаттығу
1∙
- бір таңбалы сан
7-жаттығу7
Мұғалім 10 дәптер әкелді де, оны екі-екіден балаларға бөліп берді. Әр бала неше қалам алды?
Бұл есеп пе?
Есепке айналдыруға бола ма?
«Компьютер ойнайық» айдарымен көбейтудің «ерекше» жағдайлары жөніндегі білімді тиянақтау жұмысы жүргізіледі.
Студенттердің көрнекі құралдарды дайындау және оларды математика сабақтарында шығармашылықпен қолдана алуларын үйрету де көзделген. Сондықтан олар компьютердің көмегімен суреттер салу, сәйкес түсті таңдап алу, бояу, заттың контурын түспен бөліп көрсету, қоршау, оларды өшіру және сақтау жұмыстарын орындай алулары тиіс. Аталмыш жұмыстар компьютердің Paint бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатыны белгілі, сондықтан студенттер суреттердің өздері салулары, оларды бояулары мүмкін, сондай-ақ, суреттегі заттардың сызықтарының қалыңдығын және түсін анықтау, суреттерді толығымен бояу (толтыра бояу), қажет емес нәрселерді өшіруі, салнған объектілерді өзге бір бағдарламаға көшіру және сақтау операцияларын орындап, оны ШЖБМ жағдайында қолдана алулары тиіс. Сонымен бірге, компьютерде сақталған суреттерді тауып, оларды көшіру, мөлшерлерін өзгерту (кішірейту не үлкейту), қажетті суреттерді іздестіріп, оларды белгілі бір бағдарламаға көшіре алу, оларды орналастыра алу да жүзеге асырылады.
&LKJ Q (
Компьютерлік оқыту технологиясында оқыту құралы ретінде электронды оқулық пен интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес «оқушы – электронды оқулық» және «мектеп-интернет» жүйесін құруға болады.
Студенттер үшін электронды оқулық – университет қабырғасында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде мемлекеттік аралық бақылау мен бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электронды оқулықтар бойынша ШЖБМ оқушылары да тапсырманы қызыға орындайды.
Қашықтан оқыту технологиясы (Internet желісі) белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген.
Қашықтан оқытудың дидактикалық құралдарына электрондық және мультимедиялық оқулықтар мен оқу құралдары, теле, видео-аудиодәрістер және т.б. оқу-танымдық қызметті ұйымдастырудың формалары жатады.
Қашықтан оқыту технологиясының артықшылығы – оқыту барысында қоладылатын мультимедия жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын оқушылар тез қадылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі. 2007 жылы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын сырттай оқу бөлімі студенттерне арналған «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен қашықтан оқытуға арналған курстық кейс дайындалды. Мұндай құралдар студенттің болашақта атқаратын қызметіне қажетті білімдерді қайталау мен жүйелеуге септігін тигізеді. Курстық кейсте пәннің бағдарламалары (типтік, жұмыс оқу, силлабустар) оқу-әдістемелік кешен келтіріледі, сонымен бірге, материалдар модульдік-блоктық тұрғыда беріледі.
Қашықтан оқыту жүйесінің материалдарын қолдана алу үшін студенттер интернетпен жұмыс жасауға, ондағы іздестіру жұмыстарын жүргізуге, табылған материалдарды әр нұсқада сақтау, оны басқа құралдарға (диск, дискета, флешка) көшіре алуға, сонымен бірге, электронды пошта ашып, онымен жұмыс жасауға үйренулері тиіс.
ШЖБМ жағдайында мамандар оқушылардың білімдерін мониторингілеуде белгілі бір тақырып, тарау бойынша не қорытынды бақылау кезінде тест тапсырмаларын қолданулары мүмкін. 12 жылдық білім беретін мектептің бастауыш буынына арналған «Атамұра» баспасынан Информатикадан байқау оқулықтары шығарылды. Оқулыққа қосымша ретінде оқушылардың компьютермен жұмыс жасай алу біліктерін дамыта түсуге бағытталған, математикадан оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауға арналған бірнеше тапсырмалар берілген. Қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға орындату үшін студент өзі құралмен жұмыс жасау әдістемесін игеруі тиіс.
Мамандар мынадай КТ-ның тұжырымдық ережелерін білулері тиіс:
- оқыту – оқушының компьютермен жұмыс істеуі;
- бейімдеу – компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау;
- диалогтық сұхбаттасу – оқушының компьютермен өзара қатынасы;
- басқару – кез келген уақыттағы оқытушының енгізген түзетуі; оқытушының нұсқау беруі; сыныпішілік желіні басқаруы;
- дидактикалық басқару – жеке және топтық жұмыстың тиімді үйлестірілуі;
- психологиялық басқару – оқушының компьютермен жұмысы кезінде қолайлы жағдай жасау;
- бағалау – оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау.
«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «Шағын жинақталған мектептерде оқу процесiн толыққанды және сапалы өткiзу үшiн негiзгi және аға буындағы бiрiктiрiлген сыныптар бiрте-бiрте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердiң балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу көзделiп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың қашықтан оқыту әрi басқа инновациялық нысандары кеңiнен енгізілетiн болады» деген болашақта атқарылатын жұмыс түрлері анықталған.
Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі:
№ |
СӨЖ тапсырма тақырыптары |
Бақылау түрі |
Орындалу мерзімі (апта) |
Күндізгі оқу |
|||
1 |
Шағын жинақты мектептегі оқушылардың сабақтан тыс әрекетері |
Реферат, сөзжұмбақ, тірек сызба, ребус |
2 апта |
2 |
Шағын жинақты мектеп, мәнді белгісі. Оқу үрдісінің басты міндеттері |
Реферат, сөзжұмбақ, тірек сызба, ребус |
3 апта |
3 |
Шағын жинақты мектептің тарихы мен қазіргі жайы. ШЖМ ерекшелігі |
Реферат, сөзжұмбақ, тірек сызба, ребус |
4 апта |
4 |
Шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі. |
Презентация Есептер |
5 апта |
5 |
ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама |
Реферат сөзжұмбақ слайд |
6 апта |
6 |
ШЖМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау |
Есептер |
7апта |
7 |
Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы |
Реферат сөзжұмбақ слайд |
8 апта |
8 |
Шағын жинақты мектепте математика сабағын бағалау |
Есептер Реферат сөзжұмбақ слайд |
9 апта |
9 |
Оқушылардың ауызша, жазбаша жауаптарын бағалау |
Реферат Есептер слайд |
10 апта |
10 |
ШЖМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары |
Реферат сөзжұмбақ слайд |
11 апта |
11 |
ШЖБМ жағдайында компьютерлік технологияны қолдану |
Есептер Реферат сөзжұмбақ слайд |
12 апта |
12 |
Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесі |
Реферат Есептер слайд |
13 апта |
13 |
ШЖМ-тегі сабақ жоспарларының үлгілері |
Реферат Есептер слайд |
14 апта |
Сырттай оқу |
|||
|
Шағын жинақты мектептегі оқушылардың сабақтан тыс әрекетері Шағын жинақты мектеп, мәнді белгісі. Оқу үрдісінің басты міндеттері Шағын жинақты мектептің тарихы мен қазіргі жайы. ШЖМ ерекшелігі |
Реферат, сөзжұмбақ, тірек сызба, ребус
|
1 апта |
|
Шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі. ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама ШЖМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы |
Реферат, сөзжұмбақ, тірек сызба, ребус
|
2 апта |
СОӨЖ тапсырмаларын орындау жоспары
№ |
Тапсырма тақырыптары |
ОСӨЖ өткізу түрі
|
Күндізгі оқу |
||
1 |
Шағын жинақты мектептегі оқушылардың сабақтан тыс әрекетері |
Реферат 2 апта |
2 |
Шағын жинақты мектеп, мәнді белгісі. Оқу үрдісінің басты міндеттері |
Есептер шығару 3 апта |
3 |
Шағын жинақты мектептің тарихы мен қазіргі жайы. ШЖМ ерекшелігі |
Презентация құру 4 апта |
4 |
Шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі. |
Презентация құру 5 апта |
5 |
ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама |
Реферат 6 апта |
6 |
ШЖМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау |
Есептер шығару 7 апта |
7 |
Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы |
Есептер шығару 8 апта |
8 |
Шағын жинақты мектепте математика сабағын бағалау |
Реферат 9 апта |
9 |
Оқушылардың ауызша, жазбаша жауаптарын бағалау |
Есептер шығару 10 апта |
10 |
ШЖМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары |
Есептер шығару 11 апта |
11 |
ШЖБМ жағдайында компьютерлік технологияны қолдану |
Презентация құру Есептер шығару 12 апта |
12 |
Әр пәндік және бір пәндік сабақ кестесі |
Презентация құру Есептер шығару 13 апта |
13 |
ШЖМ-тегі сабақ жоспарларының үлгілері |
Презентация құру Есептер шығару 14 апта |
Сырттай оқу |
||
|
|
Шағын жинақты мектептегі оқушылардың сабақтан тыс әрекетері Шағын жинақты мектеп, мәнді белгісі. Оқу үрдісінің басты міндеттері Шағын жинақты мектептің тарихы мен қазіргі жайы. ШЖМ ерекшелігі |
Реферат 1 апта
|
|
|
Шағын жинақты мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Шағын жинақты мектептеғі оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі. ШЖМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама ШЖМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы |
Есептер шығару 1 апта |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
“Бекітемін”
ОжДж проректоры
Б.Д Искакова
200_ ж. “___” _______
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Математика және физика кафедрасы
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
Пәні: «Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту әдістемесі»
Мамандығы: 5В010900 – «Математика»
|
Оқу түрі |
|
Күндізгі |
Сырттай |
|
Кредит саны |
3 |
|
курсы |
2 |
|
Семестр |
4 |
|
Емтихан |
4 |
|
Дәріс |
15 |
|
Практикалық (семинар) сабақ |
30 |
|
Зертханалық сабақ |
- |
|
ОСӨЖ |
45 |
|
СӨЖ |
90 |
|
Арқалық , 2014
Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Джакетова С.Д.
Математика және физика кафедрасы
Мамандығы: 5В010900 Математика
(Мамандықтың шифры, толық атауы)
Оқу нысаны күндізгі, жоғары
( күндізгі, сырттай жоғары кәсіби білім)
Пәннің типтік бағдарламасы кафедра мәжілісінде бекітілген 27.08.12. №2 хаттама
(ҚР МЖМБС, типтік бағдарламаның толық атауы, бекіткен күні және ұйым атауы, ОӘБ және пән индексі)
Кафедра мәжілісінде ұсынылды 20 __ ж. “___” _______№_____ хаттама
Кафедра меңгерушісі: _____________ Жұмабаева С.Б..
(Қолы, Т. Е. Ә.)
20 __ ж. “____”_______ хаттама № ___ Факультеттің ғылыми әдістемелік кеңесінде қабылданды
ҒӘК төрайымы ________________________________________________________________
(Қолы, Т. Е. Ә.)
КЕЛІСІЛДІ:
_________________ факультетінің деканы __________ Умбетов А.У.
(Қолы, Т. Е. Ә.)
Институттың ғылыми - әдістемелік кеңесінде мақұлданды:
20___ж. “___” _______ хаттама №
ОӘБ бастығы __________М.С. Кожахмет
(Қолы)
