- •5В042000 – Сәулет; 5в042100-Дизайн; 5в072900-Құрылыс; 5в073000-Құрылыс материалдары, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру; 5в072500-Ағаш өңдеу технологиясы мамандықтары студентерге арналған
- •Тапсырманың мақсаты
- •2. Тапсырманың мазмұны
- •3. Жалпы мәліметтер және анықтамалар
- •3.1 Сандық белгісі мен проекциялар әдісінің маңызы
- •3.2 Нүктені проекциялау
- •3.3 Түзуді проекциялау
- •3.4 Түзудің жатуының элементтері
- •3.5 Түзудің кесiндiсін бөлiктеу
- •3.6 Дербес жағдайда түзулер
- •3.7 Түзуге тиісті нүкте
- •3.8 Түзулердің өз ара орналасуы.
- •3.9 Жазықтық проекциялау
- •3.10 Беттер
- •3.11 Жазықтықтардың өзара қиылысуы.
- •3.12 Жазықтық топографиялық бетімен қиылысуы
- •3.13 Түзудің жазықтық және топография бетімен қиылысуы
- •3.14 Жер жұмыстарының шекарасын анықтау
- •Әдебиет
- •Мазмұны
- •1. Тапсырманың мақсаты..........................................……………………………....3
- •2. Тапсырманың мазмұны.......................................………………………………... 3
- •3.Жалпы мәліметтер және анықтамалар..............……………………………… ...3
- •Гульнара Габидуловна Шапрова Камиля Габдулловна Жумартова сандық белгісі мен проекциялар. Жер жұмыстарының шекарасын анықтау
- •050043, Алматы қаласы, Рыскулбеков көшесі, 28
- •«Сандық белгісі мен проекциялар. Жер жұмыстарының шекарасын анықтау»
3.14 Жер жұмыстарының шекарасын анықтау
Практикада жиі кездесетін инженерлік есептерді қарастырайық.
3.14.1 Енісі бар тегіс жолдың бөктерінің топография бетімен қиылысатын сызығың анықтау. Жердің учаскесіңде енісі iж = 1:10 автокөліктің магистралі жобаланған (29 - сур.). Үйменің еңку жазықтықтың енісі iү = 1:2. Алдымен жолдың осінің интервалын анықтау керек (берілген жағдайда ол 10 тең), сосын берілген интервал арқылы жол төсемінің горизонталь сызықтарың 20, 21, 22, 23 тұрғызамыз.
Жол төсемінің беті денгей емес, яғни енісімен, сол себепте бөктерінің горизонтальдер жолдың шетіне параллел болмайды.
Бөқтерінің горизонталь сызықтардың орналасуы (қара 3.11 п.) төбесі А нүктеде көмекші конусқа жанамалай өтетін жазықтық арқылы анықталады. А нүктеде шеңбер тұрғызамыз (дөңгелек конустың табаны) радиусы еқі бірлігіне тең, себебі үйменің енісі 1:2. Конустардың табандарының радиустары интервалдың шамасына өзгеріп тұрады. Жол төсемінің В және С нүктелерден конус табандарына жанамалай өтетін сызықтарды тұрғызамыз. Олар бөқтерінің горизонтальдар болады. Рi және Qi еніс масштабтары горизонталь сызықтарына перпендикуляр болады.
Бөқтерінің горизонтальдар топография бетімен қиылысатың нүктелерді байсалды сызығымен қосамыз. Тапқан сызығымыз жер жұмыстарының шекарасы болады.
3.14.2 Жолдың қисық учаскесінде бөктерінің топография бетімен қиылысатын сызығын анықтау.Бөктерің тұрғызу принципі (олар тұрақты еңқу бет болады) осының алдындағы мысалына сәйкес. Конус табандарына жанамалай өтетің қисық сызықтар горизонталь болып қалады (3.10.2 п. горизонтальдарді тұрғызу толық қарастырылған).
29 - Сурет.
Жер жұмыстарының шекарасы байсалды қисық сызық болады, яғни ол белгілері сәйкес үйменің горизонталь сызықтарынын топография бетінің горизонтальдары мен қиылысуынан пайда болып қалады (30 - сур.).
30 - Сурет.
Аланшаға жолдың қіру немесе шығу жерлердің қабысуы іспеттес орындалады. Қіру жердің бөқтері еңкуы тұрақты жазықтықтар болып қалады, ал горизонтальдар - қисық сызықтар (31- сур.).
Аппарельдің осі арқылы интервалдар салыныды. Горизонталь сызықтарын тұрғызу үшін интервалдық жіктеулерің жол шетімен қиылысу нүктелерден радиусы интервалына тең шеңберлерді сызады. Оларға жанамалай қисық сызықтар бөктерінің горизонталь сызықтар болып қалады. Аппарель бөктерінің жер горизонтальдарімен қиылысатын нүктелері аппарельдің жердің бетімен қиылысатын сызығына тиісті болады, ал бөқтерінің өзара қиылысатын сызықтар да қисық сызықтар болады.
Рисунок 31.
3.14.3 Аланша, қіру және шығудан тұратын жер іргетасын тұрғызуы. Топография бет горизонталь сызығымен берілген (32 - сур.). Оң жақтан енісі i = 1:8 кіру камту етеді. Үйме бөктерінің енісі iү = 1:1,5, ойықта - iо = 1:1. Аланшада дөңгелектеу бар және 23 м биіктігінде орналасады.
Жер жұмыстарының шекарасың анықтау есебін келесі ретімен шығаруға болады:
23 горизонталь сызығының қиылысунан нөлдік жұмыстарының сызығын анықтау керек.
Үйме, ойықтың қай жағында орналасатынын табу керек ( біздің жағдайда сол жақта - ойық, оң жақта – үйме).
Қіру жағынан жолдың осің бөліктеу керек (қірудің интервалы 8 м тең болады).
Көмекші конустарын пайдаланып кіру бөктерінің горизонталь сызықтарын тұрғызады.
Аланшаның шекарасына перпендикуляр еніс масштаб сызықтарын сызып, олардың бойында берілген еністеріне сәйкес болатын интервалдарды белгілеу керек.
Еніс масштабында пайда болған нүктелер арқылы ойық және үймедегі бөктерінің горизонталь сызықтарын тұрғызу керек және бөктерінің өзара қиылысатын сызықтарын анықтау керек.
Ойық, үйме бөктерінің горизоталь сызықтарының жер горизонталь сызықтарымен қиылысатын нүктелерің анықтау керек.
Жер жұмыстарын шекарасын құрылатын байсалды қисық сызығымен табылған нүктелерің қосамыз.
Еңку ен үлкен сызықтың бағытына перпендикуляр бергштрихтерді тұрғызамыз.
Шекарасын анықтайтын сызықтар, ереже бойынша, қисық сызықтар және нүкте арқылы тұрғызылады.
32 - Сурет.
3.14.4 Іргетасының профилін тұрғызу (вертикаль жазықтығымен тілу). Есеп өткендегі есептің нәтиже бойынша орыңдалады (32-сур.). 1-1 қиюыі жазықтықтың бағытын еркін таңдау керек (33 - сур.).
33 - Сурет.
Қиюші жазықтықтың топография бетінің горизонталь сызықтарымен (19-25), құрылыс аланшамен (R, S) және тұрғызылған жер жұмыстарының шекарасымен (Q, W) қиылысатын нүктелерін белгілейміз. Горизонталь сызығын тұғызып, бойына көрсетелген нүктелерін көшіреміз (34- сур.).
34- Сурет.
Топография бетінің профильді тұрғызымыз (кар. 3.13.2 п.) және оған сәйкес жер іргетасының профилін. Q және W нүктелерің перпендикуляр тұрғызылған профиліне көтереміз, яғни R және S нүктелерімен қосамыз. МЕСТ2.306-68 сәйкес топырақты және үймені торлау керек.
3.14.5 Семестрлік жұмысын орындау нұсқау. Жұмысты орындағанда келесі ұсыныстарды ұстану керек.
Сызбада горизонталь сызықтарды түгел көрсету керек: үймеде, ойықта және топография бетінде.
Топография бетіндегі горизонтальдарін тегіс жүқа сызықтарымен, ал іргетасының ауданның ішінде - үздік сызығымен көрсетеді (29-сур.).
Горизонталь сызықтарының қалыңдығы - 0,1 мм. Берілген контурлық және бөктерінің табылған қиылысу сызықтарының қалындығы 0,6- 0,8 мм болу керек.
Барлығы көмекші тұрғызылардың сызықтары сызбада қалдыру қажет.
