Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Операциялық жүйелер.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835 Кб
Скачать
☆

2.6 Курстың жазба жұмыстарының тақырыптары

Бақылау жұмысының тақырыптары:

        1. Операциялық жүйе. АЖ қызметі, функциялары

        2. Процесстер мен ағымдарды синхронизациялау

        3. Жадты басқару

Курстық жобаның тақырыптары:

        1. Операциялық жүйелер тарихы

        2. Операциялық жүйелердің жалпы негіздері

        3. Серверлік операциялық жүйелер

        4. Көппроцессорлы операциялық жүйелер

        5. Нақты уақыттың операциялық жүйесі

        6. Дербес компьютерлердің операциялық жүйелері

        7. Жүйелік программалар

        8. Операциялық жүйелердің архитектурасы

        9. Операциялық жүйелердің сәйкестілігі

        10. Операциялық жүйелердің ауысулығы

        11. Операциялық жүйелердің қауіпсіздігі

        12. Страуст алгоритмі

        13. Жадты басқару

        14. Файлдык жүйелер

        15. Енгізу-шығару құрылғылары

        16. Құрылғының контроллерлері

        17. DMA-ны колдану аркылы енгізу-шығару

        18. Енгізу-шыгарудың программалык деңгейі

        19. Windows Vista операциялық жүйесі

        20. Қолданушылық программалау интерфейстері

        21. BIOS

2.7 Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық бағыттау

Тақырыбы

Сабақ түрі

Бағдарламалық өнімнің түрі

Жүзеге асыру орны

Арнайы мамандалған дәрісхана-ның атауы

Операциялық жүйенің архитектурасы

лекция

PowerPoint-тағы презентация

Оқытудағы техникалық құрал-жабдықтар бөлімі

Мультиме-диялық кеңейтілген аудитория-лар

Процесстер мен ағымдарды синхронизациялау

лекция

PowerPoint-тағы презентация

Оқытудағы техникалық құрал-жабдықтар бөлімі

Мультиме-диялық кеңейтілген аудитория-лар

Жадты басқару

лекция

PowerPoint-тағы презентация

Оқытудағы техникалық құрал-жабдықтар бөлімі

Мультиме-диялық кеңейтілген аудитория-лар

2.8 Өзін-өзі тексеруге арналған тесттік тапсырмалар

1. Операциялық жүйенің ядросы –

A) ОЖ-нің негізгі функцияларын орындайтын модульдер

B) ОЖ-нің қосымша функцияларын орындайтын модульдер

C) ОЖ-нің транзитті модульдері

D) ОЖ-нің резидентті модульдері

E) есептеу жүйесін басқарудың жеке есептерін шешетін программалар

2. Көпесепті жүйедегі процесс жағдайлары

A) ЖОСПАРЛАУ, ДАЙЫНДЫҚ, ОРЫНДАУ

B) ЖОСПАРЛАУ, КҮТУ, ДАЙЫНДЫҚ, ОРЫНДАУ

C) ОРЫНДАУ, КҮТУ, ДАЙЫНДЫҚ

D) ЖОСПАРЛАУ, ДАЙЫНДЫҚ, ОРЫНДАУ, АЯҚТАУ

E) ЖОСПАРЛАУ, КҮТУ, ДАЙЫНДЫҚ, ОРЫНДАУ, АЯҚТАУ

3. Пакеттік өңдеу жүйелері

A) нәтижелері тез алынуды талап етпейтін есептерді шығаруға арналған

B) қолданушы- программисті есеп шығару процесінен алшақтау кемшілігін түзейді

C) әртүрлі техникалық объектілерді басқаруға арналған

D) желілік ортадағы жұмысты жеңілдетеді

E) дұрыс жауабы жоқ

4. Уақытты бөлу жүйелерінің тиімділік критериі

A) ең жоғары өткізу мүмкіндігі

B) қолданушы жұмысының ыңғайлылығы және тиімділігі

C) программаны іске қосу және нәтижені алу арасындағы уақыт алдын ала берілген уақыт интервалында болуын сақтау қабілеті

D) желілік ортадағы жұмыстың жеңілдегі және ыңғайлылығы

E) дұрыс жауабы жоқ

5. Операциялық жүйенің ауысулығы

A) кодтың, қажет болған жағдайда, өзгертулер мен толықтыруларды жүйенің бүтіндігін бұзбай енгізуге болатындай етіп жазылуы

B) код бір процессор түрінен екінші процессор түріне және бір аппараттық платформадан екінші платформаға жеңіл апарылуы

C) ОЖ-де басқа операциялық жүйеге арналып жазылған қолданбалы программаларды орындау құралдарының бар болуы

D) жүйенің ішкі және сыртқы қателерден, тоқтап қалудан сақталуы

E) ОЖ-де бір қолданушы ресурстарының басқа қолданушыдан қорғау құралдарының бар болуы

6. Процесстің контексті қандай ақпараттан құралады

A) процессордың жұмыс режимі, регистрлердің қалып-күйі, ашылған файлдарға сілтемелер, аяқталмаған енгізу-шығару операциялары туралы ақпарат

B) процесстің идентификаторы, процесстің қалып-күйі, процесстің привилегия денгейі туралы ақпарат, кодтық сегмент орналасу орны

C) процесстің идентификаторы, процесстің қалып-күйі, процесстің программалық коды, процесстің орындалу уақыты

D) процессордың жұмыс режимі, регистрлердің қалып-күйі, процесстің программалық коды, процесстің орындалу уақыты

E) аяқталмаған енгізу-шығару операциялары туралы ақпарат, процесстің привилегия денгейі туралы ақпарат

7. Процесcтерді жоспарлау есептері: 1) осы сәтте орындалып жатқан процессті ауыстыру уақыт моментін анықтау 2) процесстер кезегін құру 3) дайын процесстер кезегімен келесі орындалатын процессті таңдау 4) процесстің кодтық сегментін жедел жадқа жүктеу 5) «ескі» және «жаңа» процесстердің контекстерін ауыстыру

A) 1, 2, 3

B) 1, 3, 4

C) 3, 4, 5

D) 1, 3, 5

E) 2, 3, 4

8. Критикалық секция

A) дискіде сақталған деректермен жұмыс істейтін операциялық жүйенің бөлігі

B) аяқталмаған енгізу-шығару операциялары

C) бөлінетін берілгендерге (ресурстарғA) қатынасуды жүсеге асыратын программаның бөлігі

D) құрылғылар ортақ пайдаланатын ресурстар

E) енгізу-шығару құрылғылары туралы ақпаратты сақтайтын кесте

9. Қолданушы процессі –

A) қолданушы тудырған процесс

B) операциялық жүйе құрған процесс

C) қолданбалы программа тудырған процесс

D) жүйелік программа тудырған процесс

E) дұрыс жауабы жоқ

10. Аппаратура жұмысының привилегияланған режимінде: 1) процессордың есептер арасында ауысу, енгізу/шығару құрылғыларын басқару,жадты қорғау командаларын орындауға тыйым салынған 2) ядро функциялары орындалады 3) кез келген командалар орындалады 4) орындалатын есептерді қолданушы өзі таңдайды 5) қолданбалы программалар орындалады

A) 1, 4

B) 1, 5

C) 2, 3

D) 2

E) 3

11. Микроядролық ОЖ кемшілігі (қай қасиеті төмен)

A) ауысулығы

B) кеңейтілуі

C) өнімділігі

D) сенімділігі

E) сәйкестігі

12. Келесі келтірілген терминдердің қайсылары синоним болады? 1) провилегияланған режим 2) қорғалған режим 3) супервизор режимі 4) қолданушы режимі 5) нақты режим 6) ядро режимі

A) 1, 2, 3

B) 1, 3, 5

C) 4, 5, 6

D) 1, 3, 6

E) 1, 2, 5

13. Тиімділік критерийі бойынша ОЖ-лер келесідей түрлерге бөлінеді: 1) нақты уақыт жүйелері 2) топтық өңдеу жүйелері 3) уақытты бөлу жүйелері 4) ресурсты бөлу жүйелері 5) пакеттік өңдеу жүйелері

A) 1, 2, 3

B) 2, 3, 4

C) 2, 4, 5

D) 1, 3 ,5

E) 3, 4, 5

14. Узілімді тудырған көзі бойынша үзілімлер қандай үш топқа бөлінеді? 1) ішкі 2) кодтық 3) сыртқы 4) программалық 5) жүйелік

A) 1, 2, 3

B) 2, 3, 4

C) 3, 4, 5

D) 1, 2, 4

E) 1, 3, 4

15. Мультипрограммалық жүйеде ОЖ-нің жадты басқару бойынша орындайтын қызметіне жатпайды

A) бос және бос емес жадты қадағалау

B) процесстерге жадты бөлу және процесс аяқталған соң жадты босату

C) процесстер арасындағы конфликтіні шешу

D) барлық процесстерді орналастыру үшін жедел жад көлемі жеткіліксіз болғанда, процесстер кодтары мен берілгендерді жедел жадтан дискіге ығыстыру (ауыстыру)

E) программаның адрестерін физикалық жадтың нақты аймағына баптау

16. Ортақ ресурстарды пайдалатын процесстерді синхронизациялау үшін қолданылатын арнайы құралдар: 1) критикалық секция 2) мьютекс 3) семафор 4) жарыс 5) тупик

A) 1, 2, 3

B) 2, 3, 4

C) 3, 4

D) 1, 3, 5

E) 4, 5

17. Файлдық жүйе –

A) қолданушы файлдары мен жүйелік программалар жұмысы нәтижесінде құрылатын файлдар жиыны, файлдарды басқару үшін қолданылатын берілгендер структурасы жиыны

B) дискідегі барлық файлдар жиыны, файлдарды басқару үшін қолданылатын берілгендер структурасы жиыны, файлдарға қолданылатын әр түрлі операцияларды жүзеге асыратын жүйелік программалық құралдар комплексі

C) қандай да бір қасиет бойынша топталған файлдар жиыны, файлдарға қолданылатын әр түрлі операцияларды жүзеге асыратын жүйелік программалық құралдар комплексі

D) қолданушы файлдары мен жүйелік программалар жұмысы нәтижесінде құрылатын файлдар жиыны, қандай да бір қасиет бойынша топталған файлдар жиыны, файлдарды басқару үшін қолданылатын берілгендер структурасы жиыны

E) қандай да бір қасиет бойынша топталған файлдар жиыны, файлдарға қолданылатын әр түрлі операцияларды жүзеге асыратын жүйелік программалық құралдар комплексі

18. Реестрдің HKEY LOCAL MACHINE бөлімінде

A) компьютерлік жүйе туралы глобальды ақпарат: аппараттық құралдар (шина типі, жүйелік жад, құрылғылар драйверлері және т.б.) және операциялық жүйе туралы берілгендер сақталады

B) қосымшалар және файлдар типі (файл атауының кеңейтілуі бойынша) арасындағы ассоциациялар, СОМ объектілерімен ассоцияланған OLE (Object Linking and Embedding) ақпарат сақталады

C) ағымдағы аппараттық профильдің конфигурациялық берілгендері сақталады

D) дәл қазіргі мезетте жүйеде тіркелген қолданушының профилі сақталады

E) барлық жүктелген қолданушылық профильдер, HKEY_CURRENT_USER және үнсіз келісім бойынша профильмен қоса, сақталады

19. Ағымдағы аппараттық профильдің конфигурациялық берілгендері реестрдің __________ бөлімінде сақталады

A) HKEY LOCAL MACHINE

B) HKEY_CLASSES_ROOT

C) HKEY_CURRENT_CONFIG

D) HKEY_CURRENT_USER

E) HKEY_USERS

20. BIOS. Standard CMOS Setup бөлімінде

A) компьютер конфигурациясы (жад көлемі, қатты дискілердің саны және типі, дисководтар) туралы минимальды ақпарат келтірілген

B) BIOS сипаттамаларын орнатылады

C) жад және шина жұмыс режимдері көрсетіледі

D) энергосақтау параметрлерін орнатылады

E) PCI шинасының және өздері бапталатын адаптерлердің конфигурациясы көрсетіледі

Тест кілттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

C

A

B

B

A

D

C

A

C

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

C

D

D

E

C

A

B

A

C

A

Білімді бағалау критериі (өзін бағалау шкаласы)

Дұрыс

жауаптар

саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Балл

2

4

6

8

10

12

14

16

18

20

Дұрыс

жауаптар

саны

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Балл

22

24

26

28

30

32

34

36

38

40

Студенттердің білімін бағалау критериі

Дұрыс жауаптар саны

Бағасы

19-20

өте жақсы

16-18

жақсы

10-15

қанағаттанарлық

10 баллдан төмен

қанағаттанарлықсыз