Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Операциялық жүйелер.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835 Кб
Скачать
☆

5 Тақырып. Процесстер мен ағымдарды синхрондау

Синхрондаудың мақсаты және құралдары.

Операциялық жүйенің көптеген жеткілікті құралдары бар, олардың көмегімен процесстер мен ағымдардың синхронизациясы жүреді. Синхронизацияның ағымға қажеттілігі мультипрограммалық операциялық жүйеде ғана туады және ол есептеуіш жүйенің аппараттық және мәліметтік ресурстардың бірдей қолданылуымен байланысты. Синхронизация ағымдардың арасындағы мәліметтердің ауысуы, олардың бөлінуі кезінде жарыстар мен тіреулерді жою үшін қажет.

Көптеген операциялық жүйеде бұл құралдарды процесстер арасындағы байланыс дейді – Inter Process Communications (IPS), бұл «процес » сөзінің мағынасы бұрынғыда «ағым» ұғымының орнына қолданылғанын көрсетеді. Әдетте IPS-тің құралдарына тек процесс аралығындағы синхронизация ғана емес, сонымен қатар процесс аралығындағы мәліметтердің ауыстырылуы да жатады.

Ағымдардың мультипрограммалық ортада орындалуы әрқашан асинхромдық мінез алады. Тұрақты мерзім ішінде процесстің орындалуы қандай сатыда тұратынын дұрыс анықтап айту өте қиын. Тіптен, 1 программалық жүйеде тапсырманың дәл орындалу уақытын бағалау мүмкін емес. Бұл уақыт көп жағдайларда бастапқы мәліметтердің мағынасына бағынышты циклдердің санына әсер етеді, енгізу-шығару операцияларының орындалу уақытына және т.б. байланысты. Өйткені бастапқы мәліметтер тапсырманы енгізу моментінде әртүрлі болуы мүмкін, және де бөлек сатылар мен тапсырмалырдың орындалуы анықталмауы мүмкін.

Мультипрограммалық жүйеде орындалу уақытын, тіптен, анықтау мүмкін емес. Ағымдарды үзіп тастау мезеті, олардың бөлшектелген ресурстарға кезекте тұру уақыты, орындалулары үшін ағымдарды таңдау – бұл құбылыстардың бәрі көптеген жағдайлардың нәтижесі және байқаусыз ретте болуы мүмкін. Жақсы деген жағдайда есептеуіш процесстің мінезін бағалауға болады, мысалы, белгелі бір уақытта оның анықталу мерзімі.

Осылай ағымдар жалпы жағдайда тәуелсіз жүреді, бір-біріне асинхромды. Бұл бір процесс ағымына да, жалпы программалық кодтың орындалуын қамтамасыз ететін және де әртүрлі ағымдарының процесс қатынасына да әділетті.

Процесстер мен ағымдардың жұмыс істеуі олардың синхронизациясымен байланысты, кейбір жағдайлардың болуы ағымдардың тоқтатылуымен және осы жағдайдың қайта пайда болуынан оның жұмыс істеуі. Ағымдардың бірдей жұмыс істеуі синхронизацияның негізін құрайды, бұл ресурстардың бөлінуі мен мәліметтердің ауытырылуымен байланысты. Мысалға, ағымдағы алушы ағымдығы жіберішінің мәліметтерді буферге салғаннан кейін ғана сұрау сала алады. Егер ағымдағы алушы мәліметтерді буферге салынбай тұрып сұраныс берсе, онда ол тоқтатылуы керек.

Аппараттық ресурстарды бірдей қолдану синхронизацияға қажетті.

Егер мысалы, ағымға кезекті портқа ену қажет, ал бұл портпен монополиялы жүйеде басқа ағым жұмыс істейтін болса, онда жалпы жүйе ағымды өзіне керек порт босағанша тоқтады және оны жүйелендірмейді.

Сонымен қатар, ішкі есептегіш жүйесіне қатысты әр жағдайлармен синхронизация жиі керек, мысалы, Ctrl+C клавиш комбинацияларын терген жағдайдағы реакциялар.

Жүйеде әр секунд сайын ресурстардың бөлінуі мен босатылуына байланысты жүздеген жағдайлар болып тұрады және жүйедегі жағдайлармен қоса ағымдарды синхронизациялауда жағдай жасатын жалпы жүйенің сенімді және туынды құралдары болуы керек.

Бағдарламашы қосымша бағдарламалардың ағымдарын синхронизациялау үшін өз құралдары мен синхронизация қабылдағыштарына қоса операциялық жүйенің құралдарын да қолдана алады. Бірақ та көптеген жағдайларда ең тиімді және ең мүмкін болып синхронизациялық құралдыр саналады. Сонымен, әрбір процесстерге қатысты ағымдардың бір-бірінің жұмысына қатысуға мүмкіндіктері болмайды. Операциялық жүйенің қатысуынсыз олар бір-бірін тоқтатуға және болған жағдайды хабарлауға мүмкіндіктері жоқ. Операциялық жүйеге синхронизация құралдарын қосымша процесстерді синхромдау үшін ғана емес, сонымен қатар, оның ішкі қажеттіліктеріне де қолданады.

Әлбетте, операциялық жүйені құрушылар қосымша және жүйелі бағдармашыларға кең жүйелі синхронизация құралдарын жүзеге асырып береді. Бұл құралдар сатылы жүйені құруы мүмкін, егер жай құралдардың арқасында күрделірек құралдар құралатын болса, сонымен қатар функционалды мамандырылған болса, мысалы, бір процессті және әртүрлі процесстік ағымдарды синхронизациялауға арналған құралдары, берілген ақпараттарды ауыстырған жағдайда және т.б.

Әртүрлі жүйелі шақыру синхронизацияның функционалды мүмкіншіліктері жиі жабылып қалады, сондықтанда бір есепті шешу үшін бағдарламашы жеке басының қажеттілігіне қарай бірнеше шақыруларды қолдана алады.

Қудалау мен синхронизацияның қажеттілігі

Көп ағымды жүйеде синхронизация сұрақтарын дұрыс қадағаламау есептердің дұрыс шешілмеуіне немесе жүйенің мүлдем істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бір кәсіпорын тұтынушылары туралы ақпараттар жүйесін енгізуде қарастырайық . Төлем және тапсырыс жолдары бар ақпараттар жүйесінде тұтынушыға жеке жазба арналады. Тұтынушылардан түскен тапсырыс туралы ақпаратты ақпараттар жүйесіне енгізетін А ағымы және тұтунушының шоттары төленгені жөніндегі мәліметті тіркейтін В ағымы сияқты бірнеше ағымдары бар ақпараттар жүйесін жүргізетін бағдарлама біртектес жүйе ретінде рәсімделген. Ақпараттар жүйесінде жалпы файл бойынша бірігіп жұмыс істейтінбұл екі ағым бір бағытты алгоритмді қолдана отырып үш қадам жасайды.

1. Идентификаторы бар тұтынушы туралы жазбаны ақпараттар жүйесі файлынан буферге есептеу.

2. (А ағымына) тапсырыс жолына немесе (В ағымына) төлем жолына жаңа белгілер енгізу.

3. Модификацияланған жазбаны ақпараттар жүйесі файлына қайтару.

А ағымына А1, А2 және А3, ал В ағымына қатысты В1, В2 және В3 қадамдарын белгілейміз. N тұтынушы туралы жазбада төлем жолын А ағымы жаңартады деп алайық. Ол үшін бұл жазбаны өзінің буферіне есептейді (А1 қадамы), төлем жолдарының мәнін модификациялайды (А2 қадамы), мысалы, уақыт квантының аяқталуына байланысты оны орындау тоқталады, бірақ жазбаны ақпараттар жүйесіне енгізуге үлгермейді (А3 қадамы).

N тұтынушы туралы ақпаратты В ағымына енгізу қажет болды деп тұжырымдайық. В ағымының кезегі келгенде ол жазбаны өз буферіне есептеп үлгереді (В1 қадамы) және төлем жолының жаңартуын орындайды (В2 қадамы) да істен шығады. Тапсырыс жолында мағынасы зор N тұтынушы туралы жазба В ағымының буферінен табылатынын ескерейік.

Кезек бойынша басқару А ағымына ауысқанда, өз жұмысын жалғастыра отырып, N т9тынушы туралы модефикациялық жолды тапсырыс жазбасын ақпараттар жүйесіне жазады (А3 қадамы). А ағымын істен шығарғаннан кейін және В ағымын ынталандырғаннан кейін төлем жлдарының мағыналары өзгертілген N ақырғы жазылады. Сондықтанда, ақпараттар жүйесінде N тұтынушының төлемді енгізуі туралы мәлімет тіркелді, бірақ оның тапсырыс туралы ақпараты жоғалған болып саналады.

Синхронизация қиындығы туралы мәселе пайда болатын жағдайлардың қайталанбайтыдығымен анықталады. Сонымен, алдағы мысалда жағдайдың басқаша дамуын қарастыруға болады: тапсырыс туралы ақпарат емес; төлем туралы ақпарат жоғалтуы мүмкін еді (2 сурет) немесе керісінше, барлық өзгертулер ұтымды енгізілді. Барлық жағдай ағымдардың қайтарымды жылдамдықтары мен олардың тоқтатылу кезеңдерімен анықталады. Сондықтанда біріне-бірі әсер ететін ағымдарды жүзеге асыру күрделі іс болып табылады.

Екі немесе одан да көп ағымдар бөлек ақпараттарды жүзеге асырса және соңғы шешім ағымдардың жылдамдылығы қатынасына тәуелді сияқты жағдайлар қудалау деп аталады.

А ағымы

а а1 а2 а3

В ағымы

в1 в2 в3

А ағымы

б а1 а2 а3

В ағымы

в1 в2 в3

А ағымы

в а1 а2 а3

В ағымы

в1 в2 в3 t

2 сурет.

Шиеленіскен секция.

Ағымдар синхронизациясының басты түсініктемесі болып «шиеленіскен секция» бағдарламасы саналады. Шиеленіскен секция дегеніміз- орындалған қорытындысы әрдайым ауыса алатын бағдарлама бөлігі, егер осы бөлімді орындау әлі анықталмаған болса, осы бағдарлама бөліміне қатысты ауысымдар басқалармен ауысады. Шиеленіскен секция әрдайым белгілі бір шиеленіскен анықтамаларға қатысты анықталады және келісілмеген өзгерістерде керексіз ұшқындар пайда болуы мүмкін. Алдағы мысалда мұндай шиеленісулер болып ақпараттар жүйесінің файлын енгізу болып саналады. Берілген шиеленушілермен жұмыс істейтін әр ағымдардағы шиеленіскен секция әр түрлі қайталанбалы командалардан тұратынын атап өткен жөн.

Шиеленісу ақпараттарға қатысты қудалау ұшқынын жою үшін шиеленіскен секцияда әр уақытта осы ақпараттармен байланысты тек бір ағым болуы қажет. Бұл ағым жұмыс үстінде немесе тоқтаулы жағдайда болса да жарайды. Бұл қабылдау екі жақтылы үзіліс деп аталады. Операциялық жүйе екі жақтылы үзілісті жүзеге асырудың әр түрлі жақтыларын қолданады. Кейбір жағдайлар екі жақтылы үзіліс үшін шиеленіскен секцияға кіру үшін бір ғана процесті ағымдарды енгізгені тиімді және бұл уақытта әр түрлі процесті ағымдар екі жақты үзілісті қамтамасыз ете алады.

Екі жақты үзілістің ең жай және ең тиімсіз қамтамасыз ету жағдайы болып ағымдардағы операциялық жүйенің шиеленіскен секцияда болған кезде кез-келген тоқтатуға қарсы болуы саналады. Бірақ-та бұл тәсіл мүлдем қолданылмайды, өйткені ол процессорды көп алуы мүмкін, яғни тұтынушылар ағымында жүйені басқаруға сенуге қиын, ал шиеленіскен секциядағы ағымдардың жойылуын барлық жүйе алады, өйткені тоқтатуға ешқашан рұсат берілмейді.

Шиеленіскен ауысымдар.

Бір процесті ағымдарды синхрондау үшін бағдарламаны шиеленіскен ауысымдарды шексіз түрде қолдана алады. Процестің барлық ағымдарына тиісті бұл ауысымдармен бағдарламаны жалпы жүйе шақырымдарына қарамай жұмыс атқара береді.

Әрбір шиеленіскен ақпаратқа қосарланған ауысымдар қойылады, бұл ағымда 0 белгісі қойылады, және одан шыққан жағдайда 1 белгісі қойылады. Д шиеленіскен ақпаратқа Ғ(Д) ауысымдарының жетістігін көрсететін ағым алгоритмінің фрагменті көрсетілген. Шиеленіскен секцияға кіру үшін (ағымдар тексерімді) берілген Д-мен ағымдар жұмыс атқарып жатқаны жөнінде ағымдар тексеріліп отырады.

Егер өзгермелі Ғ(0) 0-де орналасса, онда мәліметтер бос емес, және тексеріс циклді қайталанады. Егер де мәліметтер бос болса (Ғ (Д)=1), онда өзгерменің мәні Ғ(Д) де орналасады және ағым критикалық секцияға кіреді. Ағым Д мәліметтерімен барлық әрекетті бітіргеннен кейін өзгерменің мәні Ғ(Д) қайта 1-ге тең болады.

Тежемелі өзгермелер бөлінбелі мәліметтерге ғана емес, сондай-ақ кез-келген түрлі бөлінбелі ресуртарға қол жетерлікте қолданыла алады.

Егер барлық ағымдар жоғарыдағы келісімдерге сай жазылса, онда өзара ерекшелеу кепілденбелі. Соған қарамастан ағымдар кез-келген кезде, кез-келген жерде операциялық жүйемен тоқтатылуы мүмкін, критикалық секцияда да.

Бірақ та тоқтатуды шектеу мүмкіндігі бар екенін ұмытпау керек. Тексеріс операцияларын орындау мен тежеу өзгермесін орналастыру арасындағы ағымды тоқтатуға болмайды. Бұны түсіндірейік.

Бірақ бір бөлу жегінің бар екенін ұмытпау керек. Блоктаушы өзгермені тексеру және орналастыру операциясы барысында ағымды бұзбау керек. Түсіндірейік. Өзгермені тексеру барысында ағым ресурстың бос екенін анықтады, бірақ бұдан кейін өзгермені 0-ге келтіруге үлгермей үзіліп кетті. Осы уақыт аралығында ағымды орналастыру кезінде басқа ағым өзінің критикалық секциясына кіріп, басып алды, бірақ ол да бөлшек ресурсымен жұмысын аяқтай алмады. Жұмыс бірінші ағымға берілген кезде ол ресурсты бос деп ойлап оны секциясымен жұмыс істей бастады. Осымен қарым-қатынас жойылды, және ол келеңсіз жағдайларды туғызады. Мұндай жағдайға тап болмау үшін көптеген компьютерлерде бірлік, бөлінбейтін логикалық өзгерменің бұйрығы орындалады (мыс, BTC,BTR және BTS Pentium прцессорының). Процессордың ішінде мұндай бұйрықтардың болмауынан іс-әрекеттер басқа арнайы база системасымен жүзеге асырылуы керек. Олар барлық тексеру және орналастыру операциясы барысында үзілмеуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда келтірілген қарым-қатынас амалы келесідей кемшілігімен сипатталады: бір ағым критикалық секцияда болған уақытта басқа бір ағым процессорге жолы ашық болса да блоктаушы өзгермені сұрап, өзінің көптеген уақытын жоғалтады. Бұндай кемшілікті жою үшін операциялық жүйеде критикалық секцияларымен жұмыс істеуге арналған арнайы шақыру системасы қолданылады.

Осы функциялардың көмегімен операциялық Windows NT қарым-қатынас іске асырылды. Критикалық мәліметтерді өзгерту алдында ағым Enter Critical Sector бұйрығн орындайды.

Егер (Ғ (Д)=0) шақыру жүйесін анықтайтын болса, онда ағымдағы (Д) тосу жағдаын ауыстырады және қосарланған ресурс босайды.

Семафорлар.

Өзгемелердің блоктары семафоралық дийкстр болып табылады. Екілік өзгермелі дийкстрдың орнына бір өзгерменің қолданылуын ұсынады. Олар толық қарсы емес мағыналарды қабылдай алады. Бұндай өзгермелер, санақ процесін синхронизациялау үшін қолданылатын синхронизация семафора деп аталады.

Семафорамен жұмыс істеу үшін P және V қолданылады. S семафора болсын. Онда V(S) және P(S) былай анықталады.

  • V(S): өзгермелі S бір ерт өзгереді. Іріктеме, өсіру және сақтап қалу үзіліп кетпейді. Бұл операцияны жүргізген кезде өзгермелі S-ке басқа ағымдар қол жеткізе алмайды.

  • P(S): S бірге төмендейді, егер бұл мүмкін болса. Ал егер, S=0 және S-ті төмендету мүмкін емес болса, онда бұл жағдайда P операциясын шақыратын ағым оның төмендеуін күтеді. Пайдалы тексерім және төмендеу айырылмайтын операция болып табылады.

V және P кезінде ешқандай тоқтатулар келтірілмейді. Жеке жағдайда, S 0 және 1 мағыналарын қабылдай алғанда, ол блоктаушы өзгермеге айналады, оны кейде екілік семафора деп атайды. P операциясы ағымның өтуін күту барысында қамтамасыз етеді. Сол уақытта V операциясы кейбір жағдайларда басқа P операциясы тоқтатқан ағымды активтендіре алады.

Екі семафорды қарастырамыз. Оның бірі – буфер пулына мәліметтерді жазады, ал екіншісі оны буфер пулынан алады. Бір жазбасы бар N буфер пулы болсын. Жалпы жағдайда жазушы-ағым және оқушы-ағым әртүрлі жылдамдығы бар және өзгермелі интенсивпен буфер пулына тақалады. Бір периодта жазу жылдамдығы оқу жылдамдығын оза алады, ал екіншісінде керісінше. Дұрыс біріккен жұмыс үшін жазу-ағымы барлық буферлер бос емес болған жағдайда және бір буфер босағанда ғана тоқтатылуы керек. Керісінше, оқу-ағым барлық буферлер бос болған кезде жәнен бір буфер болған кезде ғана тоқтатылуы керек.

Екі семафорды енгіземіз: е – бос буферлер саны, f – бос емес буферлер саны, е=N, ал f=0. Онда ағымдардың буфер пулымен жұмысы келісіммен бейнеленеді (4.20сурет).

Жазу-ағымы P(е) операциясын жүргізеді. Ол оның буфер пулында толмаған буфердің бар-жоғын тексереді. P операциясының семантикасына байланысты е семафоры 0-ге тең болса, жазу-ағым күту процесіне көшеді. Егер е-нің мағынасы жақсы сан болса, онда ол бос буферлер санын азайтады, мәліметтерді бос буферге жазады, және одан кейін V(f) операциясының көмегімен бос емес буферларды санайды. Оқу-ағым бос емес буферларды санайды, мәліметтерді оқығаннан кейін бос буферлерді санайды. Берілген жағдайда блоктаушылардың орнына семафораларды қолданған жөн. Бұл жерде буфер пулы критикалық ресурс болып табылады. Оның ішінде қанша буфер болса, сонша ағым буфер пулымен жұмыс істей алады. Критикалық ресурсқа еіклік өзгерме бір ағымнан басқаны жібермейді. Ал, семафор болса бөлек пул ресурсына көптеген ағымдарды жібереді. Біздің мысалда буфер пулымен N ағымдар жұмыс істей алады, оның ішінде «жазушы» және «оқушы» болуы мүмкін.

Осылайша семафоралар ресурс пулына жол ашады. Мысалы, функция ішіндегі орналастырғыш, информациялық структура және т.б. Осы және басқа да жағдайларда семафордың көмегімен бөлшек ресурстарына бірнеше ағымдардың өтуіне жол береді.

Семафор блоктаушы өзгерменің рөлінде де қолданылады. Қарастырылған мысалда бөлінетін ес аумағымен жұмыс істеген кезде оның кемшілігін көрсетпеу үшін буферге жазу және буферден шығу критикалық секция болып табылады. Екілік семафор 6-ның көмегімен бірегей шығаруды қамтамасыз етеді. Екі ағым буферге кіру мүмкіндігін тексергеннен кейін критикалық секцияға кіру мүмкіндігін анықтау керек.

Тығырықтар.

Жоғарыда келтірілген мысал, синхронизицияның тағы бір проблемасын көрсетеді – қайтарымды блокировкалар, оларды дедлок, клинчик, тупик деп те атайды. Көрсетейік, егер жазушы-ағым операциялардың орнын ауыстырсақ Р(е) және Р(в), онда кейбір жағдайға байланысты блокқа түсіруі мүмкін.

Жазушы-ағым жұмысын критикалық секция Р(в) операциясынан бастайды. Р(е) операциясын орындап жатқан кезде, ол бос буферлердің жоқтығын біліп, тосу жағдайына көшеді. Бұл жағдайдан оны тек ағым-оқушы шығара алады, және ол қатардағы келесі жазуды буферден алады. Бірақ ағым-оқушы бұны істей алмайды, өйткені ол үшін оларға критикалық сенсанцияға кіру керек, бірақ оған кіруді ағым-жазушы блок салып қояды. Сондықтан, бірде-бір ағым басталған жұмысын аяқтай алмайды және содан тықырлы ситуация туады.

Тықырға тағы бір мысал келтірейік, әртүрлі үрдіске жататын екі ағым болсын және олар мульпрограммалық режимда орындалсын, ал олардың орындалуы үшін екі ресурс керек: принтер және қатардағы келесі порт. Бұл ситуация қосымша программамен жұмыс істегенде ғана туады, ал олардың жұмысы болып мәліметтерді шығару. 4.22а суретінде сол программалардың фрагменті көрсетілген А ұғымы бірінші принтерді, сосын портты сұрайды, ал В ағымы, керісінше, сұраныс береді.

Мысалға, ОЖ ағымға принтер бергеннен кейін және осы ресурс арқылы өзгермелі блок қойғаннан кейін ағым тоқтатылады. Басқару В ағымына берілді, ол бірінші Сом-порттарды алу сұранысын орындайды, сосын келесі команданың орындалуымен блокқа түседі, өйткені А ағымынан бос емес екен. Басқаруды қайтадан А ағымы алады, ал ол портты алу мақсатында мүмкіншілік жасайды және содан блокқа түседі, өйткені порт В ағымына белгіленеді. Бұл жағдайда А және В ағымдары көп уақыт бола беруі мүмкін.

Олар ағымдардың жылдамдығына қарай бір-бірін блокқа түсіруі мүмкін , немесе бөлінген ресурстар қатарына қосылады, немесе бөлінген ресурстарды тәуелсіз қолдануы мүмкін .

Тығырық жағдайдың жәй реттеуден айырмашылығы және т.б. пайда болғандағы қолданылған ресурстармен ішкі пішіні ұқсас: ағым тоқтатылып ресурстың босағанын тосады. Бірақ реттеу қалыпты болып табылады.

Реттеу ресурс тыс жерде болғанда пайда болады, бірақ біраз уақыттан кейін босатылып, ағым өзінің жұмысын жалғастырады. Топасыздың аты айтып тұрғандай кейбір жағдайларда шешілмейтін мәселе болып табылады. Керекті жағдайларға пайда болған топасыздық қажетті ағым және көптеген ресурстарда болады. Қарастырылған мысалда топасыз екі ағыммен жасалған, бірақ ол бір-бірімен және көптеген ағым сонымен құралған. 2.23-суретте бөлу ресурстары Pi, көптеген ағым арасын Tj, пайда болуына әкеп соқты. Осындағы бағыттар ағым ресурстарының қажеттілігін көрсетеді. Толық бағыттауыштар ресурстардың ағымға бөлінгенін білдіреді, ал үздік сызылған бағыттар ағымды қажетті ресурстармен жалғастырады, бірақ та бұл ресурстар басқа ағымдарға бағытталғандықтан, ол бөлінбейді. Мысалы, Т1 ағымының жұмысына R1 және R2 ресурстары қажет, солардың ішінде R1 бөлініп, R2 ресурсы Т2 ағымымен байланысты. Суретте көрсетілген 4 ағымның біреуі де қажетті ресурстары болмағандықтан жұмыс істей алмайды.

Ағымның өз бастаған жұмыстарының аяқталмауы есептеу жүйенің өндіргіштігін төмендетеді. Сондықтан тығырыққа тірелу проблемасын шешуге көп көңіл бөлінеді. Өзара байланысты блокировкалар қызылдаған жағдайда, жүйе администратор-операторға тығырықты қарапайым блокировкадан ажырататын мүмкіншілік тудыру қажет. Сонымен, егер тығырық анықталса, онда өзара туындаған блокировкаларды шешетін және есептеу процестерін қалпына келтіретін құралдар қажет.

Тығырықты алдын-ала шешуге болады, ол үшін программа ағымның өзара байланысты жылдамдығында тығырықтар туындамау қажет. Көрсетілген А және В ағымдары бірдей тізбектегі ресурстарды қажет етсе, онда тығырық мүмкін емес.

Тығырықты тоқтату үшін қолданылатын ең оңай жол болып, операциялық жүйе әр қосқан сайын ресурстардағы қажеттіліктерді анықтап, мультипрограммалық сместе тығырық пайда болмайтыны анықталыды. Егер тығырық пайда болса, онда жаңа тапсырманы іске қосу кейінге қалдырылады. Операциялық жүйеде ағымдағы ресурстарда тағайындағанда белгілі бір ережелер қолданылады. Мысалы, операциялық жүйеде ресурстар барлық ағымдарға жалпы болып табылады.

Тығырықты жағдайды тотатпағанда, оны тез және анық танып білу қажет, өйткені блокеровкалық ағымдар ешқандай қажетті жұмысты атқармайды. Егер де тығырықты жағдай көптеген ағымдар арасында пайда болса, онда тығырықты танып білу нетривиальды тапсырма болып саналады. Тығырықты танып білу әдісі формальды, программалық жүзеге асыру болып бөлінеді, ресурстар таблицасы және сұраныс таблицасы арқылы орналастырылады. Осы таблтцалардың анализі блокировканы анықтауға мүмкіндік береді.

Егер тығырық жағдай пайда бола қалса, онда блокталған ағымдардың орындалуын шешу аса маңызды. Тек қана қалған ағымдарға қажетті ресурстарды босату үшін, кейбір ағымдарды алып тастап, оларды бақылау нүктелеріне жіберуге болады, мұндай бақылау нүктелері берілген орнына программаны қалпына клтіруге қажетті ақпараттарды сақтайды. Бақылау нүктелерінде тығырықтар туып қалатын жерлерде орналасады.

Операциялық жүйенің синхрондау объектілері.

Жоғарыда қарастырылған синхрондау механизмдері, глобальды ауыстырымдылық процесстерді қолдануға болатын, бірақ оларда маңызды жетіспеушілік бар, олар әртүрлі синхромды ағымдардың әртүрлі процесіне келмейді. Ондай жағдайда жүйелік система ағымды системаға синхромды объекті ұсыну керек, барлық ағымдар үшін көрінетін, басқа да әртүрлі үрдістермен жұмыс істейтін әртүрлі адрестік кеңістіктерде орындалуы тиіс.

Операциялық жүйенің синхрондау объектілерінің мысалдарына жүйелік семафоралар, мьютекстер, таймерлер және т.б. осылардың жиынтығы нақты операциялық жүйеге бағынышты операциялық жүйеде әртүрлі әдістер қолданылады. Кейбір операциялық жүйе объектіге көрсеткішті қайтарады. Басқа жағдайда операциялық жүйе объектілерді жасағанда, синхронизацияландыру аттарын көрсетеді. Әрі қарай бұл аттар әртүрлі үрдістерді басқару үшін қолданылады. Бұл жағдайда синхронизацияланған объектілермен жүретін жұмыс файлдармен істейтін жұмыстарға ұқсас болып келеді және оларды ашып-жауып, өшіруге болады.

Сонымен бірге, синхронизацияға ОС-тың мынадай «жай» объектілері қолданылуы мүмкін – файлдар, үрдістер және ағымдар. Бұл объектілердің бәрі екі жағдайда болуы мүмкін: сигналды және сигналды емес. Әр объектке «сигналды жағдай» ұғымының енуі, сол объектілердің өзіне байланысты. Мысалға, ағым аяқталған кезде ғана сигналды жағдайға көшеді. Ал, үрдіс сигналды жағдайға, барлық ағым біткен кезде көшеді. Файл өзіне деген енгізу-шығару операциясы біткен кезде ғана сигналды жағдайға көшеді. Басқа объектілерге сигналды жағдай арнайы системалық шақыруларды орындағаннан кейін орнатылады. Ағымдардың тоқталуы және қайта жұмыс істеуі ОС-тың синхронизациялану объектілеріне байланысты.

Ағымдар арнайы систермалық шақырулар арқылы операциялық жүйеге кейбір объектілерге деген орындауларын синхронизациялайтынын хабарлайды. Келесіде бұл системалық шақыруды Wait(x) деп аламыз, ал мұндағы х – синхронизацияланған боъектіге көрсеткіш. Синхронизацияланатын объекті сигналды жағдайға келтіретін сигналды шақыруды Set(x) деп атаймыз.

Wait(x) системалық шақыруды орындаған ағым, х объектісін сигналды жағдайға көшпегенше операциялық жүйе қатарда тұрады.

Системалық шақыруға мысал ретінде мыналарды атауға болады:

Ағым сигналды жағдайды 1 объектіге емес, бірнешеуіне орнатуды тосуы мүмкін.

Ағым ОС-тан 1 объектіні немесе бірнешеуін орнатуда өзін қайта жұмыс істеуін сұрауы мүмкін. Ағым аргументі ретінде системалық шақыруда Wait(x) максималды уақытқа сілтеуі мүмкін, бұны орл объекті сигналды жағдайға көшкеннен кейін тосады, осы жағдайда ОС оны қайта жұмысқа кірістіреді.

Сигналды жағдайға кейбір объектілерді орнатуды бір дегенде бірнеше объекті тосуы мүмкін. Объектіні синхронизациялау дайындығына қарай ағымның бүкіл немесе объектіні көшіруі мүмкін.

Синхронизация ағымды жоспарлаумен тығыз байланысты. Біріншіден, ағымның системалық шақырумен қатынасы системалық жоспарлау әрекетіне әкеп соғады, бұл кезде ағым жұмысынан түсіріліп, тосушылар қатарына қосылады, ал дайын ағымдар қатарынан жаңа ағым таңдалады және қайта жұмыс істейді. Екіншіден, объектінің сигналды жағдайға көшу кезеңінде сол объектіні тосқан ағым орындауға дайын ағымдар қатарына ауыстырылады. Осы екі жағдайда ағымдарды қайта жоспарлау жүзеге асады, бірақ егер ОС-та өзгермелі приоритеттер және уақыттар кванты жүзеге асса, олар операциялық жүйеде қабылданған ереже бойынша қайта саналады.

Синхронизацияланған объекті орнына файл, ағым және үрдістер қолданылған жағдайға мысал келтірейік.

Желідентүсетін сұранымдарды орындау үшін, басты ағым көмекші серверлік ағымдарды тудырады дейік. Қолданушыдан жабылу командасы түскенде, басты ағым бүкіл серверлік ағымдар жабылғанша дейін тосу керек және содан кейін ғана өзі жабылады.

Сондықтан, жабылу процедурасы Wait(x1, х2...) шақыруларын қосып алу қажет. Мұндағы х1, х2 – серверлік ағым көрсеткіштері. Осы берілген системалық шақырулар орындалғанннан кейін басты ағым тосу жағдайына ауыстырылады және олар сол жерде серверлі ағымдар сигналды жағдайға көшпегенше және жабылмағанша қолданылады. Осыдан кейін ОС басты ағымды дайын жағдайына көшіреді.

Тағы бір мысал. Кейбір қосымша істердің орындалуы келесі жұсым-этаптарының орындалуын қажет етеді. Әр этаптың өзіндік жеке үрдісі бар. Алдыңғы үрдістің жабылуы, келесісінің жұмыс істеуіне бағыттайды. Осындай логикалық жұмыстың орындалуы әр үрдіске қажет, Біріншіден, басқасына системалық шақыруды орындағанда синхронизацияланатын объект келесі келе жатқан ағым болатынын ойластыру керек.

Файл объектісінің сигналды жағдайға көшірілуі осы файлдың енгізу-шығару операциялардың жабылуымен байланысты, бұл жағдай ағым өзінің есептеулерін жалғастырудан бұрын, алдыңғы операиялардың жабылуын тосуда қолданылады.

Кейбір жағдайда ағым өзінің орындалуларын синхромды қажет етуі мүмкін, бірақ ағымның, үрдістің, енгізу-шығару операцияларын жабумен жойылмайды. Сондықтан ОС-та басқа синхронизацияланған универсалды объектілерде бар болады, жаңалық, мьютекс, семафор сияқты мәліметтерге кіруді жүргізуде қолданылады.

Объект-ағымға қарағанда, объект-үрдіс, объект-файл сигналды жағдайға ауысқан бүкіл ағымдарды дайын жағдайға көшіреді.

Мьютекстің жұмыс істеуі «иемдену» терминында жақсы түсіндіріледі. Критикалық мәліметтерге кіру кезінде ағым, системалық шақыруды Wait(x) орындады дейік, мұндағы х – мьютекстік көрсеткіш.

Мьютекс сигналды жағдайда орналасқан деп алайық, бұл кезде ағым оны сигналды емес жағдайға орнатып, иемденушісі болады.

Ағым критикалық мәліметтермен жұмыс істеп біткеннен кейі, ол мьютексті береді және оны сигналды жағдайға көшіреді. Осы моментте мьютекс бос және бірде-бір ағымға жатпайды. Егер бірде-бір ағым оның босатылуын тосса, онда ол келесі мьютекстің иемденушісі болып табылады, сол уақытта мьютекс сигналды емес жағдайға көшеді.

Объектілі жағдай – ол берілген мәліметтерге қолданбай және де ол басқа да ағымдар үшін қолданылады, осыдан кейбір әрекеттер аяқталынбайды.

Мысалға, кейбір жұмыстар былай ұйымдастырылған, бір ағым файлдік буфердегі мәліметті оқып, ал басқа ағымдар осы мәліметтерді өңдейді, кейін бірінші ағым жаңа мәліметтерді санап, ал басқа ағымдар оны қайтадан өңдеп отырады және т.с.с. Жұмыс алдында бірінші ағым объеки жағдайларын орналастырады, сигналды емес жағдайға. Барлық басқа ағымдар Wait(x) шақыруларын орындайды. Мұндағы х – жағдайдың көрсеткіші және олар осы жағдайдың орындалуын тосып, тоқтатулы тұрады. Буфер толғаннан кейін бірінші ағым Set(x) шақыруын орындай отырып операциялық жүйеге хабарлайды. Операциялық жүйе қатардағы ағымдарға қарап және оларды қайта жұмысқа кірістіреді.

Сигналдар

Сигнал тапсырмаға белгілі бір оқиғаға мән беруге мүмкіндік береді және оның қайнар көзі операциялық жүйе немесе басқа тапсырма болуы мүмкін. Сигналдар тапсырманың бөлінуін және алдын-ала қаралған әрекеттерді қарастырады. Олар синхронды өңделеді, және сол жұмыс үрдісінің нәтижесі бір үрдістен 2-ші үрдіске жолданып асинхронды өңделеді. Синхронды сигналдар жиі жүйелік процессордың үзілуінен келеді, және сол әрекеттерді құлыпталған аппаратпен, мысалы нөлге бөліну, адрестің қатесі, жадтың қорғауының бұзылуымен куәландырады және т.с.с.

Асинхронды сигналдың мысалы ретінде терминал сигналы болып табылады. Көптеген операциялық жүйелерде үрдісті оператиивті шешу қарастырылады. Ол үшін пайдаланушы мына пернелердің комбинациясын ( CTRL+C, CTRL+Break) басып, осының нәтижесінде операциялық жүйе сигнал шығарып оны белсенді үрдіске жолдайды. Сигнал үрдіс орындалып жатқан кезде кез-келген уақытта түсіп,(яғни асинхронды) осы үрдіс жұмысының міндетті түрде аяқталуын талап етеді. Бұл жағдайда сигналдың реакциясы болып, сөзсіз үрдістің аяқталуы болып табылады.

Жүйеде сигналдар жиынтығы анықталады. Сигнал түскен үрдістің программалық коды қабылдамай немесе мән беріп оның стандартты әрекетіне (мысалы, аяқталу) анықталған программисттің спецификалық әрекетімен орындалады. Соңғы жағдайда программалық кодты алдын-ала жасалған жүйелік шақыру қажет, себебі солардың көмегімен операциялық жүйе ақпараттандырылады, және де үрдіске түскен сол немесе басқа сигналға жауап қайтару.

Сигналдар үрдістер мен терминалдар арасындағы логикалық байланысты қамтамасыз етеді. Үрдістің идентификаторын сигнал жібергіш қарастырғандықтан, екіжақты сигналдар арасында жүргізіледі және де сол идентификатордан бір-бірі туралы мәліметтер алынады. Бірнеше прцессорлерден құралған бөлінген системалар, өзіндік операциялық жады, семафорлар, сигналдар және т.б. жарамсыз болып қалады. Бұндай жүйелерде синхрондау тек қана хабар алмасу арқылы ғана жүзеге асады.

Қорытынды

  • Мультипрограммалау немесе көптапсырмалылық- бұл есептеу үрдісінің ұйымдастыру және де бір процессорде бірнеше программалардың орындалуы.

  • Мультипрограммалау есептеу жүйесінің әсерін жоғарылату үшін қолданылады және ол былай түсіндіріледі:

  • есептеу жүйесінің жалпы өткізгіш қабілеті

  • пайдаланушылар жұмысының жайлылығы, мысалы, бірнеше пайдаланушыларға интерактивтік жұмыс мүмкіндігі немесе пайдаланушылардың бір компьютерде бірнеше қосымша істермен жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • жүйенің реактивтігі- яғни жүйенің алдын-ала берілген уақыт интрвалдарында программаны іске қосу және оның нәтижесін күту мүмкіндігі.

  • Операциялық жүйе таңдау критериінің әсеріне қарай: пакеттік қайта өңдеу жүйесі, уақыт және де шынайы уақыт бөлу жүйесі деп бөлінеді.

  • Мультипрограммалық қайта өңдеу дегеніміз-есептеу жүйесінің бірнеше процестер қолданған жүйені ұйымдастыру мүмкіндігі және бірнеше тапсырмалар (үрдістер) бір уақытта жүйедегі бірнеше процессорлерде орындалу қабілеті.

  • Мультипрограммалық операциялық жүйенің басты мақсаты операциялық жүйедегі екі базалық бірліктер жұмысындағы ресурстарымен үрдістерді дұрыс орналастыру.

  • Үрдістер мен ағымдар қолданылатын операциялық жүйеде барлық ресурстарды (процессорлық уақыттан басқа) қолдануға өтініш қаралады. Процессорлық уақыт операциялық жүйеде жұмыс бірліктері-ағымдар арасында орналастырылады.

  • Операциялық жүйелердің ағымдағы есептеулерді параллельдеу, программистің жұмысын жеңілдету үшін қалыптасқан. Ағымдарды қолдамайтын операциялық жүйеде, үрдіс әрқашанда бір ағымнан құралып программисттің бірнеше параллельді тапсырманы синхрондауды қарастырады.

Мультипрограммалауды іске асыру үшін операциялық жүйе ағымның жоспарлау және диспетчеризациялау қызметін атқарады. Операциялық жүйеде ағымдарды қолдамайтын үрдістерді диспетчеризациялау. Жоспарлау – ағымның алмасу уақытын анықтау және жаңа ағымды таңдауды қамтды. Ал диспетчеризация- жоспарлау кезінде табылған нәтиже , яғни процессордың бір ағымнан екінші ағымға қосылуын қамтиды.

Негізгі әдебиет: [1-7]

Қосымша әдебиет: [8-18]