- •Тақырыбы: желілердің сыныпталуы
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
- •1. Жергілікті желі бойынша қосылу үшін тср/ір хаттамасын орнатыңыз
- •5. Қосымша ір-мекен-жайларды және үнсіз келісім бойынша шлюздерді баптауын орындаңыз
- •6. Tcp/ip пакеттер сүзгісін қосыңыз
- •2. Тср/ір параметрлерін динамикалық конфигурациялау үшін компьютердің баптауын орындаңыз
- •3. Статикалық ір-мекен-жайды қолдану үшін компьютердің баптауын орындаңыз
- •7. Маршруттар кестесін жаңартыңыз
- •8. Маршруттаушыны администрациялау
- •3.Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
Қорытынды
Абоненттері бір-бірінен алыс емес ара-қашықтықта (10–15 км-ге дейін) орналасқан желі локалды есептеуіш желі (ЛЕЖ) деп аталады. ЛЕЖ жақын аумақ шегінде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Қазіргі таңда ЛЕЖ-нің абоненттерін аумақтық шашырауына нақты шектеулер жоқ. Көбінесе, ондай желі нақты объектіге қосылған. ЛЕЖ сыныбына жеке кәсіпорындар, фирмалар, банкілер, офистер, корпорациялар және т.б. желілері жатады. Егер мұндай ЛЕЖ-нің әр түрлі жайларда орналасқан абоненттері бар болса, онда олар Интернет ауқымды желінің инфрақұрылымын қолданады және осындай желілер корпоративті желілер немесе Интернет (Internet) желілер деп аталады.
Аймақтық желілер қала, аудан, облыс және ұсақ елдің де абоненттерін байланыстырады. Көбінесе аймақтық АЕЖ-нің абоненттері арасындағы ара-қашықтық ондаған-жүздеген километрлер құрайды.
Ауқымды желілер жиі түрде әр елдерде немесе құрлықтарда орналасқан үлкен ара-қашықтардағы абоненттерді қосады. Мұндай желі абоненттерінің арасындағы өзара әрекет ету байланыстың телефон желілері, радиобайланыс желілері және де спутниктік байланыс негізінде жүзеге асуы мүмкін.
Ауқымды, аймақтық және локалды есептеуіш желілердің бірігуі көпжелілік иерархияларды құруға мүмкіндік береді. Олар өте үлкен ақпараттық массивтерді өңдеудің қуаты, экономиканың мақсатты бағытталған құралдарды және шектелген ақпараттық қорларға қатынауды қамтамасыз етеді. Локалды есептеуіш желілер компоненттер ретінде аймақтық желілер құрамына кіре алады, аймақтық желілер – ауқымды желі құрамында бірігеді және ауқымды желілер күрделі құрылымдар құра алады. Нақ осындай құрылым қазіргі кезде бүкіл әлемде өте белгілі супер ауқымды Интернет ақпараттық жүйеде қолданылады.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: TCP/IP хаттамаларын баптау. Маршруттаудың негізгі принциптерін зерделеу.
Тапсырма:
TCP/IP параметрлерін баптау.
TCP/IP кейбір таралған утилиттерін зерделеу.
Пакеттерді сүзгілеуді зерделеу.
Windows 2000 маршруттау кестесін статикалық маршруттармен толықтыру.
Ішкі маршруттауды басқаруды зерделеу.
Шеткі маршруттауды басқаруды зерделеу.
Соөж және сөж тапсырмалары:
Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
Топология деп нені айтамыз?
Қандай топологияларды білесіз?
Біріктірілген топологияларда қандай топологиялар бірігіп қызмет атқарады?
Қай топологияда маркер беру термині қолданылады?
Терминатор дегеніміз не?
Шина топологиясында қандай кабель қолданылады?
Жұлдызша топологиясында қандай кабель қолданылады?
Терминатор қызметі.
Концентратор дегеніміз не?
Маркер дегеніміз не және қандай желі топологиясында орын алады?
Желі көпірі дегеніміз не?
Шлюз қызметі.
Маршруттауыш қызметі.
Топологияның физикалық және логикалық конфигурациясы дегеніміз не?
Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
1. Жергілікті желі бойынша қосылу үшін тср/ір хаттамасын орнатыңыз
1. Start\Settings (Қосу\Баптау) бұйрығын орындаңыз және Network And Dial-Up Connections (Желі және желіге алыстатылған қатынау) жарлығын шертіңіз. Бір атаулы терезе пайда болады.
2. Local Area Connection (Жергілікті желі бойынша қосылу) белгісіне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік мәзірден Properties (Қасиеттер) бұйрығын таңдаңыз. Жергілікті қосылу қасиеттерінің сұхбаттық терезесі ашылатын болады.
3. Install (Орнату) батырмасын басыңыз. Select Network Component Type (Желілік компонент типін таңдау) терезесі ашылады.
4. Protocol-ды (Хаттама) шертіңіз, содан кейін Add (Қосу) батырмасын басыңыз. Select Network Protocol (Желілік хаттаманы таңдау) терезесі ашылады.
5. Internet Protocol (TCP/IP) таңдаңыз және ОК батырмасын шертіңіз. TCP/IP хаттамалар пакеті орнатылатын болады және жергілікті қосылу қасиеттерінің терезесіндегі компоненттер тізіміне қосылатын болады.
6. Close (Жабу) батырмасын басыңыз.
