- •Тақырыбы: желілердің сыныпталуы
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
- •1. Жергілікті желі бойынша қосылу үшін тср/ір хаттамасын орнатыңыз
- •5. Қосымша ір-мекен-жайларды және үнсіз келісім бойынша шлюздерді баптауын орындаңыз
- •6. Tcp/ip пакеттер сүзгісін қосыңыз
- •2. Тср/ір параметрлерін динамикалық конфигурациялау үшін компьютердің баптауын орындаңыз
- •3. Статикалық ір-мекен-жайды қолдану үшін компьютердің баптауын орындаңыз
- •7. Маршруттар кестесін жаңартыңыз
- •8. Маршруттаушыны администрациялау
- •3.Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
7. Маршруттар кестесін жаңартыңыз
1. Командалық жол терезесін ашыңыз.
2. Маршрутты қосу үшін route add IP-мекен-жай mask шлюздің ішкі желі маскасын енгізіңіз, бұл бір желі компьютерлерін басқа желі түйіндерімен өзара әрекетке түсуге мүмкіндік береді.
8. Маршруттаушыны администрациялау
1. Start\Programs\Administrative Tools бұйрығын орындаңыз және Routing And Remote Access (Маршруттау және алыстатылған қатынау) жарлығын шертіңіз.
2. Консоль ағашында Server Status (Сервердің күйі) түйініне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз және контекстік мәзірден Add Server (Серверді қосу) бұйрығын таңдаңыз.
3. Add Server терезесінде келесі операциялардың бірін орындаңыз.
• The Following Computer (Төменде көрсетілген компьютер) айырып-қосқышын шертіңіз және компьютердің атын немесе сервердің ІР-мекен-жайын енгізіңіз.
• All Routing And Remote Access Servers In The Domain (Маршруттаудың және алыстатылған қатынаудың барлық компьютерлері) айырып-қосқышын шертіңіз және содан кейін администрациялау қажет сервері бар доменді көрсетіңіз.
• ОК батырмасын шертіңіз және серверді таңдаңыз.
• Browse The Active Directory (Active Directory шолу) айырып-қосқышын шертіңіз.
• Next батырмасын шертіңіз және Find Routers Or Remote Access Servers (Іздеу: Алыстатылған қатынаудың маршруттаушылары және серверлері) терезесінде іздеп отырған серверлерге қарсы орналасқан жалаушаларды белгілеңіз. ОК батырмасын шертіңіз және серверді таңдаңыз.
4. Алыстатылған сервер консоль ағашында пайда болған кезде, сіз оны администрациялай аласыз.
3.Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1.Fast Ethernet технологиясында уақыттың әрбір мезетінде ... тек бір компьютерге тиісті болады.
ақпарат
желі
кабель
моноарна
ресурс
2. ISO дегеніміз не?
халықаралық шекара ұжымы
халықаралық стандарттар ұжымы
халықаралық өнімдер ұжымы
әскери ұжымдар
саяси ұжымдар
3. OSІ эталон моделінің анықтамасы?
жүйелердің өзара әрекеттесуі
жабық жүйелердің өзара әрекеттесуі
ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі
функциялардың әрекеттесуі
аппараттық жүйелер
4. OSІ эталон моделінің желілік функциялары неше деңгей арасына қатысты таратылған?
жеті
үш
бес
екі
бір
5. OSІ эталон моделінің желілік функцияларының әр деңгейінің мақсатын атаңыз:
аппараттық байланысты сипаттау
көп деңгейлі стандартты құру
ұжыммен байланыс орнату
бір саты төмен орналасқан деңгейге қызмет көрсету
бір саты жоғары орналасқан деңгейге қызмет көрсету
6. Екі байланысқан компьютерлердің деңгейлері қабылданған ережелерге сәйкес әрекеттеседі, байланысты реттейтін ережелер мен процедуралар жиынтығын не деп атайды?
ipі мекен-жай
желі архитектура
интерфейс
хаттама
клиент-сервер
7. Екі деңгей арасында операциялар жиынтығы ұсынылады. Ол операцияларды төмендегі деңгей жоғарыдағыға қатысты орындайды. Бұл операциялар жиыны қалай аталады?
ip мекен-жай операциясы
желі архитектура
интерфейс операциясы
хаттама (protocol)
клиент-сервер
8. Деңгейлер мен хаттамалар жиынтығы нені құрайды?
ip мекен-жайды
желі архитектураны
интерфейсті
хаттаманы
клиент-серверді
9. Деректерді желіге жіберу алдында нелерге бөледі?
бағалы қағаздарға
құжаттарға
пакеттер немесе дестелерге
бағдарламаларға
жүйелерге
10. Дестелер қадамдап желінің қай жерінен өтеді?
хаттамадан
ір мекен-жайдан
құжаттан
деңгейлерден
жүйеден
11. Десте компоненттері неше түрге бөлінеді?
үш
екі
төрт
бес
алты
12. Десте компонентін атаңыз?
тақырыпша
кесте
форма
отчет (есептеме)
модуль
13. Деректердің өлшемі неге сәйкес өзгеріп отырады?
отчетқа (есептемеге)
формаға
кестеге
желі түріне
модульге
14. Желілік ережелер компьютерде қалай орындалуы керек?
параллель
бірдей тізбекте
тік тізбекте
қисық тізбекте
бүтін тізбекте
15. Компьютер-жөнелткіште әрекет қалай орындалады?
солға қарай
жоғары
төмен
жоғарыдан төмен
оңға қарай
16. Компьютер-қабылдағышта әрекет қалай орындалады?
солға қарай
жоғары
төмен
төменнен жоғары
оңға қарай
17. Архитектура сипаттамасы қандай мәліметтерді ұстауға міндетті?
администратор ретінде басқаруға мүмкіндік беретін
компьютердің ішкі құрылысы туралы
желіге қатысты барлық мәліметтер
желіні топология бойынша бөлу туралы
хаттама ережелерін дұрыс орындауға мүмкіндік беретін
18. Егер компьютерлер бір кабель бойында жалғанса, онда бұл топология қалай деп аталады?
шинa топологиясы
жұлдызша (star)
сақина (ring)
терминатор
жұлдызша-сақина
19. Ресурстар мен басқа желі тапсырмаларын орындап, компьютерлер бір-біріне қосылуы үшін не қолданылады?
трансформатор
маршруттаушы
кабель
модулятор
терминатор
20. Егер де компьютер жалғанған кабель сақина түрінде болса, онда топологияны қалай атайды?
шина
сақина
жұлдызша
сызықтық шина
сигнал беру
