Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_D_1240_RIS.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
431 Кб
Скачать
☆

2. Тср/ір параметрлерін динамикалық конфигурациялау үшін компьютердің баптауын орындаңыз

1. Start\Settings (Қосу\Баптау) бұйрығын орындаңыз және Network And Dial-Up Connections (Желі және желіге алыстатылған қатынау) жарлығын шертіңіз. Бір атаулы терезе пайда болады.

2. Local Area Connection (Жергілікті желі бойынша қосылу) белгісіне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік мәзірден Properties (Қасиеттер) бұйрығын таңдаңыз.

3. General (Жалпы) салымшысында хаттамалар тізіміндегі TCP/IP-ді таңдаңыз және Properties батырмасын шертіңіз. Басқа типтерді қосу үшін Networking (Желі) салымшысына көшіңіз.

4. Obtain An IP Address Automatically (ІР-мекен-жайды автоматты түрде алу) айырып-қосқышын шертіңіз, содан ОК батырмасын басыңыз.

3. Статикалық ір-мекен-жайды қолдану үшін компьютердің баптауын орындаңыз

1. Start\Settings (Қосу\Баптау) бұйрығын орындаңыз және Network And Dial-Up Connections (Желі және желіге алыстатылған қатынау) жарлығын шертіңіз. Бір атаулы терезе пайда болады.

2. Local Area Connection (Жергілікті желі бойынша қосылу) белгісіне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік мәзірден Properties (Қасиеттер) бұйрығын таңдаңыз.

3. General (Жалпы) салымшысында хаттамалар тізіміндегі TCP/IP-ді таңдаңыз және Properties батырмасын шертіңіз.

4. Use The Following IP Address (Келесі ІР-мекен-жайды қолдану) айырып-қосқышын шертіңіз.

4. DNS-ті пайдалану үшін компьютердің баптауын орындаңыз

1. Select The Following DNS Server Addresses (DNS-серверлердің келесідей мекен-жайларын қолдану) айырып-қосқышын шертіңіз.

2. Preferred DNS Server (Қолайлы DNS-сервер) және Alternate DNS Server (Баламалы DNS-сервер) өрістерінде DNS-тің негізгі және қосымша серверлерінің мекен-жайларын көрсетіңіз.

5. Қосымша ір-мекен-жайларды және үнсіз келісім бойынша шлюздерді баптауын орындаңыз

1. TCP/IP хаттамасының қасиеттер терезесінде Advanced (Қосымша) батырмасын басыңыз.

2. IP Settings (ІР параметрлері) салымшысында IP Addresses (ІР-мекен-жайлар) облысындағы Add (Қосу) батырмасын шертіңіз.

3. IP Address (IP-мекен-жай) және Subnet Mask (Ішкі желі маскасы) өрістерінде ІР-мекен-жайды және ішкі желі маскасын енгізіңіз және ОК батырмасын басыңыз.

4. Қосылуы қажетті әрбір ІР-мекен-жай үшін 2-ші және 3-ші пункттерді қайталаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

5. IP Settings салымшысында Default Gateways (негізгі шлюздер) облысындағы Add (Қосу) батырмасын басыңыз.

6. Gateway (Шлюз) және Metric (Метрика) өрістерінде үнсіз келісім бойынша шлюздің ІР-мекен-жайын және метриканы енгізіңіз, содан кейін Add батырмасын басыңыз. Сонымен қатар, аталған байланыс үшін өзіндік метриканы құру үшін метрика мәнін Interface Metric терезесінде енгізуге болады.

7. Қосылуы қажетті әрбір ІР-мекен-жай үшін 5-ші және 6-ші пункттерді қайталаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

6. Tcp/ip пакеттер сүзгісін қосыңыз

1. Start\Settings (Қосу\Баптау) бұйрығын орындаңыз және Network And Dial-Up Connections (Желі және желіге алыстатылған қатынау) жарлығын шертіңіз.

2. Local Area Connection (Жергілікті желі бойынша қосылу) белгісіне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік мәзірден Properties (Қасиеттер) бұйрығын таңдаңыз.

3. Қасиеттер терезесінде TCP/IP хаттамасын таңдаңыз және Properties батырмасын шертіңіз. ТСР/ІР қасиеттер терезесі ашылатын болады.

4. Advanced (Қосымша) батырмасын басыңыз. Advanced TCP/IP Settings (ТСР/ІР-дің қосымша параметрлері) терезесі ашылады.

5. Options (Параметрлер) салымшысына көшіңіз, тізімде TCP/IP Filtering (Сүзгіден өткізу TCP/IP) пунктін таңдаңыз және Properties батырмасын басыңыз. TCP/IP Filtering терезесі ашылатын болады.

6. Enable TCP/IP Filtering (All Adapters) жалаушасына белгі қойыңыз. Енді сіз TCP, UDP және IP хаттамалар пакеттерінің сүзгіден өткізуін бере аласыз. Ол үшін Permit Only (тек қана) айырып-қосқышын шертіңіз, содан кейін TCP Ports (TCP-порттар), UDP Ports (UDP-порттар) немесе IP Protocols (IP-хаттамалар) тізімінің астында Add (Қосу) батырмасын басыңыз.

7. Барлық ашық терезелерді жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]