Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дип улг и.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

2.3.6. Жарнаманың аудивизуалдық құралдары

Жарнамалық кинофильмдер (жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық жедел ақпарат) — әдетте қысқа жарнамалық фильмдер. Оларды кинотеатрда, көрме мен фестивальда, радиостанцияда көрсетеді.

Аудио жарнаманың өзіне тән ерекшелігі — дыбысты тілді қолдану жарнаманы радиоға даярлағанда мәтіннің қысқа және дәйекті болғанына, ерекше формамен берілгеніне назар аударылады. Сөйлемдер қысқа болып, бір ойдан артық ой білдірмеуі керек. Тыңдаушының назарын сөз басыңда өзіне қаратып алуды ойлау керек. Радиожарнамада музыканың орны ерекше. Дұрыс таңдалған музыка мәтінді қабылдауды жеңілдетеді. Сонда да болса, музыкалық сүйемелдеу, акустикалық эффекттер радио-телетыңдаушылардың назарын хабардың негізгі айтпақ ойынан ауытқытпауы қажет.

Радионың басқа бұқаралық ақпараттардан артықшылығы: 24 сағат бойы үлкен аумақтарға тарай алады және бағдарламасы әртүрлі бола алады. Радионы үйде, жұмыста, автомобильде отырып, жұмыс істей жүріп, қыдырып жүріп тындай аламыз. Сондықтан керекті деген радиобағдарламада орналастырылған жарнамалар қай жерде жүргеніне қарамастан, тұтынушылардың көп бөлігіне жете алады. Сонымен қатар радиожарнаманы қабылдауда сыртқы дүние ақпаратының 90 пайызын беретін көз-көру органы қатыспайтынын да есте ұстаған жөн.

Радиостанцияларда жарнама шығарумен арнайы шұғылданатын жарнама белімдері бар. Тапсырыс беруші хабарламаның қай бөліктеріне баса назар аудару керек екенін айтса болды, қалғанын радиоқызметкерлері өздері тындырады. Жарнаманың мәтінін құрастыру, стилін белгілеу, оны радиоға шығару — мамаңдардың жұмысы. Әдетте дайын жарнамалық роликтер қабылдайды, қабылдана қалған күнде де оны әуелі жарнама бөлімі қарап шығады, олай етпесе нашар жарнама радио беделін түсіруі мүмкін. Жарнаманың тиімділігі радиостанция беделіне, оның аумақ пен қалаларда таралуына, жарнама сапасына, тындармандарға (қоғамдық орны, жасы) байланысты.

Слайдтар — мамаңдар арасында кең тараған. Ол көрмелер мен тұсаукесерде қолданылады.

Теледидардағы жарнамаға жарнама роликтері, хабарландырулар жатады. Жарнаманы теледидарда таратуда сурет, дыбыс, қимыл, түс — бәрі қызмет етеді, сондықтан баспа жарнама күн санап қызық ақпаратты, сонымен бірге күрделі де қымбат болып барады. Егер ол компьютерлік графикамен орындалалатын болса, онда бағасы да еседі. Отаңдық тележарнаманың сапасы артқанын, олардың батыстық жарнамаларды теледидардан ығыстырып шығарғанынан білуге болады. Сонымен бірге отандық тележарнама халықаралық фестивальдар мен кермелерде орын ала бастады.

Тележарнаманың бір кемшілігі — жарнаманы көрсетіп жатқан мезетте көрермен, яғни ықтимал тұтынушы экраннан көріп отыруы керек. Олай болмаған күнде жарнамалық хабар халыққа жетпейді. Сондықтан тапсырыс берушілер өз жарнамаларын халық көп көретін сериалдар, концерттер, бағдарламалар арасына қосуды сұрайды. Әрине оның бағасы да қымбаттайды.

Тележарнама қалай болғанда да мүмкіндігі мол жарнама болып табылады. Оның тиімділігін арттыру үшін көптеген психологиялық ережелер мен әдістер белгіленген: көрнекті көркем болуы керек, қысқа, басқаларға ұқсамайтын, тұтынушыға жақын болуы керек.

Тағы бір қиыншылығы тележарнама — ең қымбат жарнама. Оның ең тиімді мезгілдері — таңертеңгі, жұрт жұмысқа жиналатын уақыт және кешкі демалыс уақыты. Бұл кездерде адамдар үйіңде болу мүмкіншілігі мол. Сондықтан қалтасы қалың жарнама берушілер өз жарнамасын дәл осы уақытқа белгілейді, әрине бағасы да қымбат болады.

Көрермендер қалауына салса, эфирде жарнаманың аз болғанын (әсіресе қызықты фильмдер мен бағдарламаларды көрсеткенде) қалар еді.

Имидж — жарнама беруші ұйымдарға қоғам мүшелерінің жақсы көзқарасын қалыптастырып, олардың имиджі мен беделін арттыру үшін жасалатын шаралар жиынтығы. Мұңдай шараларға презентация, баспасөз конференциясы, демеуші болу, қоғамдық пайдалы шараларды қаржыландыру, көрмелер, арнайы жәрмеңкелер жатады. Мұндай шаралардың маркетингілік зерттеулерге негізделген, жоспарлы тұрақты түрде болып тұратын жарнамалық іс-шара екенін атап өту керек. Жарнамалық фирмалар өздеріне тапсырыс берушілерге паблик рилейшнз (РК) шараларын жүргізуді ұсынады. Бұл шаралар жарнама беруші кең ақпараттық мәлімет беріп, өздерінің сенімділігін көрсеткісі келгенде, қоғам мүшелерімен қарым-қатынасты нығайту үшін жасалады.