Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дип улг и.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481 Кб
Скачать
☆

2.3.3. Сыртқы жарнама

Сыртқы жарнамаға кітапхана, оның мүмкіндіктері мен қызмет түрлері туралы халықты қызықтыратын мәліметтерді территорияға тұрақты түрде орналастыру жатады. Сыртқы жарнаманы орналастыруға жергілікті басқару органының рұқсаты керек.

Ең басты сыртқы жарнама — кітапхана ғимараты мен оның айналасындағы территория екені күмәнсіз. Кітапхана құрылысы мен қайта реконструкция жасау проблемалары жайындағы тамаша кітаптың авторы — француз қызы Ж. Гаскюэль әртүрлі муниципалды кітапханалардың фотосуреттерін көрсеткен. Фасадтарды сипаттайтын мінездемелердегі сыртқы жазу мынадай: «Кітапхана кіруге шақыра алады..., байқаусыз қалу» деген жазулар сондай кіруге деген ықыласыңызды жояды».

Отандық және шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, кітапхананың сыртқы жағымды бейнесін жасау үшін қазіргі заманғы жаңа ғимаратқа көшудің қажеті жоқ.

Қайта өңделген ескі ғимарат немесе ауылдық, ағаштан жасалған ғимарат, егер олар сирень, жасыл көгалмен қоршалған болса, әдемі де жанға жайлы әсер қалдырады. Оның үстіне бұлар мәдени мұраларды сақтаудың көрнекті үлгісі, символы болып көрінеді.

Қаладағы үлкен тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатында ресторан, кафе, магазиндермен көрші орналасқан кітапханалардың қиын жағдайында дизайнердің көмегімен тығырықтан шығуға болады. Мысалы, кіре беріске төбесі жабық баспалдақтар орналастыруға (егер тротуар кең болса), витрина терезелерін дәстүршілдіктен өзгеше көркемдеуге болады Бұның бәрі кітапхананы басқа объектілерден бөліп, ерекше көрсетеді.

Сыртқы жарнамаға сондай-ақ стенділер (арнайы әдебиеттерде оларды «билборд» деп атайды), витриналар, көрсеткіш сілтемелер (кітапханаға апаратын стрелка түрінде), транспорт сыртыңдағы суреттер мен жазулар (әдетте библиобустарда) жатады. Осы қатарға сонымен бірге кітапханаға шақырған хабарландыруларды да жатқызуға болады.

Шартты түрде сыртқы жарнамаға аялдама аттарын да жатқызуға болады («Кітапхана»). Бірақ бұған жергілікті үкімет орындарының рұқсаты керек. Жарнамалық стенділер тұрақты, бағана немесе шарбаққа ілінеді, оларды әдетте кітапхана маңындағы, көше жақ бетке қаратып іледі. Олар өтіп бара жатқан жүргіншілердің назарын аударады. Психологтар бұндай әсерді аудиторияны «ұстап алу» эффекті дейді. Олардың көркемделуіне зор назар аударылуы керек, өйткені көркем стенд — кітапхананы жарнамалудың бір түрі. Көбінесе стендінің бетіне алдағы болатын шараның хабарламасы ілінеді. Боялған стенді бетіне басқа бояумен кітапхана туралы мәліметтер жазылады.

Мазмұны әртүрлі болғанымен стенд хабарларына тән нәрсе — ірі шрифт, қысқа стиль, ашық түс, иллюстрация аздығы. Кейде стенд пен қалқанның ролін афишалық тумба да атқарады.

Ілулі материалдарды ішінен жарықпен өңдеген дұрыс. Оларды кронштнейнмен кіре беріс есіктің үстінен іледі. Егер кіру есігі болса, онда ілінетін материалды фасадқа, алыстан көретіндей етіп іледі. Ілінетін әріптерден тұратын материалдар лездік назарға арналып жасалғандықтан, тек қана қажетті ақпараттарды беруі керек (кітапхананың аты, саласы).

Кәсіби жарнамашылар витриналарды мекеменің визит карточкасы деп есептейді. Дұрыс ойластырылып жасалған витрина көшедегі жүргіншілерге кітапхана жұмысы, оның қызмет түрлері, жұмыс уақыты туралы мағлұматтар береді. Өкінішке орай, кітапханалар витринаның бұл мүмкіндіктерін пайдалана бермейді. Ал көптеген кітапханалар қазіргі бір қабатты аквариум-ғимараттарда (фасады әйнектен жасалған) орналасқан. Осы мүмкіндіктер толық пайдаланбайды: әйнек қабырғалардың бетін ғана емес, олардың аралық кеңістігін де жарнама мақсатында пайдалануға болады. Әйнек бетіне суреттер салып, қабырғалар арасына балалар ертегілері кейіпкерлерінің фигурасын қойып қоюга болады. Кей жағдайда, егер кітапхана экология проблемаларына мамандандырылған болса, витринаны су асты патшалығы ретінде әдеп, жартастар арасына табиғат туралы көпке танымал кітаптарды қоюға болады. Кейде витринаны ұдайы ауыстырылып отыратын жаңа кітаптар көрмесі ретінде пайдаланады. Витринаны жауып тұратын перделер оқу залын басқа шулы дүниеден оқшаулап, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасайды деп есептейді, жеңіл, тор шілтерді қалайды. Даладан қарағанда бұндай перделер күндізгі жарықта да, қараңғыда да әдемі көрінеді. Торлы суреттердің ар жағынан кітап сөрелері мен оқу залындағы адамдардың сұлбасы көрініп, кітапхананы тартымды етіп көрсетеді деп есептейді. Витринаны керкемдегенде, оның сюжетін аракідік ауыстырып отыруды ұмытпаған жөн. Әйтпеген жағдайда оған көз үйреніп кетеді де, назар аударылмайды, күнге күйіп бояуы оңып кетеді.