Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кажиахметов С.А. Экология жане туракты даму ПОС...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тест сұрақтары: Аутэкология

001

Тірі ағзаға әсер ететін қоршаған ортаның элементтері:

А) Экологиялық спектр.

В) Экологиялық фактор.

С) Экологиялық орта.

D) Экологиялық орын.

Е) Экожүйе.

002

Ағзаға әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы:

А) Абиотикалық фактор.

В) Биотикалық фактор.

С) Антропогенді фактор.

D) Эдафикалық фактор.

Е) Биологиялы фактор.

003

Минимум заңын ашқан ғалым:

А) В.Шелфорд.

В) Б. Коммонер.

С) В.Вернадский.

D) Ю.Либих.

Е) Ч.Элтон.

004

Төзімділігі жоғары ағзалар:

А) Стенобионт.

В) Атмобионт.

С) Эврибионт.

D) Эдафобионт.

Е) Гидробионт.

005

Тірі ағзалардың денесінен жарық шығару құбылысы:

А) Симбиоз.

В) Адаптация.

С) Паразитизм.

D) Фотопериодизм.

Е) Биолюминесценция.

006

Дене температурасы тұрақты ағзалар:

А) Пойкилотермділер.

В) Гомойотермділер.

С) Гетеротермділер.

D) Эвритермділер.

Е) Стенотермділер.

007

Гетеротермді жануарлар өкілдері:

А) Қоян, қасқыр.

В) Жылан, бақа.

С) Құстар.

D) Аю, кірпі.

Е) Балықтар.

008

Өзара пайдалы қарым-қатынас:

А) Мутуализм.

В) Комменсализм.

С) Аменсализм.

D) Паразитизм.

Е) Аллелопатия.

009

Екі түрге де жағымсыз қарым-қатынас:

А) Комменсализм.

В) Бәсекелестік.

С) Мутуализм.

D) Паразитизм.

Е) Зоохория.

010

Температураның ауытқуына төзімді ағзалар:

А) Оксибионттар.

В) Стенобионттар.

С) Стенотермділер.

D) Пойкилотермділер.

Е) Эвритермділер.

011

Жеке ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді:

А) Аутэкология.

В) Демэкология.

С) Синэкология.

D) Эйдэкология.

Е) Нооэкология.

012

Абиотикалық фактор:

А) Бәсекелестік.

В) Адамның қызыметі.

С) Паразитизм.

D) Температура.

Е) Симбиоз.

013

Биотикалық фактор:

А) Жарық.

В) Радиация.

С) Температура.

D) Комменсализм.

Е) Сукцессия.

014

Антропогендік фактор:

А) Қысым.

В) Комменсализм.

С) Өнеркәсіптің дамуы.

D) Температура.

Е) Симбиоз.

015

Толеранттылық заңын тұжырымдаған ғалым:

А) В. Сукачев.

В) В. Шелфорд.

С) Б. Коммонер.

D) В. Вавилов.

Е) Г. Гаузе.

016

Бәсекелестікке қайсы мысал болады:

А) Акула мен жабысқақ балық.

В) Ағаш пен саңырауқұлақ.

С) Ормандағы өсімдіктер.

D) Ара мен гүл.

Е) Адам мен мәдени өсімдік.

017

Биотикалық компоненттерді ата:

А) Түрішілік, түраралық.

В) Климаттық, гидрологиялық.

С) Эдафикалық факторлар.

D) Жарық, температура.

Е) Қысым.

018

Толеранттылық нені білдіреді:

А) Ағзаның тұрақсыздығы.

В) Ағзаның тұрақтылығы.

С) Адаптация.

D) Акклиматизация.

Е) Идиоадаптация.

019

Бәсекелестіктің болуын анықтайды:

А) Ортақ ресурстың шектелуі.

В) Ортақ ресурстың жеткілікті болуы.

С) Жыртқыштардың саны.

D) Тек қоректік ресурспен анықталады.

Е) Жемтік санының көбейіп кетуі.

020

Толеранттылық диапазоны төмен ағзалар:

А) Эврибионт.

В) Галлофит.

С) Стенобионт.

D) Суккулент.

Е) Гелиофит.

021

Қорек талғамайтын ағзалар:

А) Стенофаг.

В) Полифаг.

С) Фагоцит.

D) Монофаг.

Е) Детритофаг.

022

Табиғи бірлестікте жыртқыштар:

А) Жемтіктер популяциясының санын азайтады.

В) Жемтіктер популяциясының көбеюіне әсер етеді.

С) Жемтіктер популяциясының санына әсер етпейді.

D) Жемтіктер популяциясын сауықтырып, санын реттейді.

Е) Жемтіктер популяциясын жойып жібереді.

023

Дене температурасы тұрақсыз жануарлар:

А) Пойкилотермді.

В) Гомойотермді.

С) Гетеротермді.

D) Эвритермді.

Е) Полифаг.

024

Бір түрдің екінші түрді қорек және мекен ортасы ретінде пайдалануы:

А) Комменсализм.

В) Аменсализм.

С) Паразитизм.

D) Нейтрализм.

Е) Форезия.

025

Тіршілікке қолайлы аймақ:

А) Пессимум.

В) Өлім аймағы.

С) Минимум.

D) Максимум.

Е) Оптимум.

026

Қолайсыз жағдайда ағзаның уақытша тіршілігін тоқтатуы:

А) Мутуализм.

В) Фотопериодизм.

С) Анабиоз.

D) Метаболизм.

Е) Катаболизм.

027

Ағзаның бейімделгіштік қасиеті:

А) Альбедо.

В) Адсорбция.

С) Адаптация.

D) Афтотроф.

Е) Анабиоз.

028

Екі түр бір- бірінен тәуелсіз, тура қатынасқа түспейді:

А) Комменсализм.

В) Аменсализм.

С) Симбиоз.

D) Жыртқыштық.

Е) Нейтрализм.

029

Эдафикалық фактор:

А) Климаттың өзгеруі.

В) Су деңгейінің жоғарылауы.

С) Ағзаның бір-бірімен қарым-қатынасы.

D) Топырақтың құрамы, ылғалдылығы.

Е) Адамның табиғатқа әсері.

030

Озон тесіктерінің пайда болу себебі:

А) Антропогендік.

В) Биотикалық.

С) Абиотикалық.

D) Эдафикалық.

Е) Физикалық.

031

Ағзаның тіршілігін шектеуші фактор:

А) Биологиялық.

В) Антропогендік.

С) Лимитті.

D) Абиотикалық.

Е) Биотикалық.

032

Тірі ағзалардың мекен ету ортасының саны:

А) 1.

В) 2.

С) 3.

D) 4.

Е) 5.

033

Қоректену диапазоны тар ағзалар:

А) Полифаг.

В) Монофаг.

С) Сапрофаг.

D) Детритофаг.

Е) Фитофаг.

034

Жарық сүйгіш өсімдіктер:

А) Гелиофиттер.

В) Сциофиттер.

С) Ксерофиттер.

D) Галлофиттер.

Е) Псаммофиттер.

035

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер:

А) Гелиофиттер.

В) Сциофиттер.

С) Ксерофиттер.

D) Галлофиттер.

Е) Псаммофиттер

036

Құмда тіршілік ететін өсімдіктер:

А) Гелиофиттер.

В) Сциофиттер.

С) Ксерофиттер.

D) Галлофиттер.

Е) Псаммофиттер

037

Ылғалдылығы жоғары ортада өседі:

А) Мезафиттер.

В) Ксерофиттер.

С) Гигрофиттер.

D) Галлофиттер.

Е) Псаммофиттер.

038

Шөлді және құрғақ аймақтарда өседі:

А) Мезафиттер.

В) Ксерофиттер.

С) Гигрофиттер.

D) Галлофиттер.

Е) Псаммофиттер

039

Адамның қоршаған ортаға кері әсері:

А) Абиотикалық фактор.

В) Эдафикалық фактор.

С) Биотикалық фактор.

D) Физикалық фактор.

Е) Антропогендік фактор.

040

Автотрофтыларға жатады:

А) Жануарлар.

В) Бунақденелілер.

С) Саңырауқұлақтар.

D) Өсімдіктер.

Е) Құрттар.

2-нұсқа

Демэкология

001

«Популяция» терминін енгізген ғалым:

А) А.Тенсли.

В) В.Вернадский..

С) В.Сукачев.

D) Иогансен.

Е) В.Докучаев.

002

Белгілі бір территорияны мекендейтін, бір түрге жататын ағзалар:

А) Түр.

В) Бірлестік.

С) Биогеоценоз.

D) Биоценоз.

Е) Популяция.

003

Популяцияның мекен ету ортасы:

А) Биотоп.

В) Локус.

С) Ареал.

D) Генофонд.

Е) Экотип.

004

Популяцияның қазіргі күйін сипаттайтын Көрсеткіштер:

А) Статикалық.

В) Динамикалық.

С) Локальдық.

D) Хронологиялық.

Е) Территориялық.

005

Популяциядағы жануарлар мен өсімдіктердің жалпы санын анықтайтын көрсеткіш:

А) Тығыздық.

В) Саны.

С) Көбею.

D) Өсім.

Е) Өлім.

006

Кеңістіктің бірлігіне шаққандағы даралар саны:

А) Тығыздық.

В) Саны.

С) Көбею.

D) Өсім.

Е) Өлім.

007

Белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүріп жататын өзгерістер:

А) Статикалық.

В) Локальдық.

С) Динамикалық.

D) Хронологиялық.

Е) Территориялық.

008

Популяциядағы көбею мен өлімнің арасындағы айырмашылық:

А) Иммиграция.

В) Өлім.

С) Көбею.

D) Өсім.

Е) Өнімділік.

009

Ағзалардың бір орыннан екінші орынға қоныс аударуы:

А) Миграция.

В) Транспирация.

С) Интродукция.

D) Акклиматизация.

Е) Толеранттылық.

010

Көбеюге қарама-қарсы құбылыс:

А) Өсім.

В) Өлім.

С) Өмір ұзақтығы.

D) Тығыздық.

Е) Саны.

011

Популяцияның санының өсуі қай заңдылыққа бағынады:

А) Толеранттылық.

В) Либих заңы.

С) Шелфорд заңы.

D) Геометриялық прогрессия.

Е) Арифметикалық прогрессия.

012

Геометриялық прогрессиядағы халық санының өсу теориясын ұсынған:

А) В.Вернадский.

В) Т.Мальтус.

С) Ч.Дарвин.

D) К.Вилли.

Е) Ю.Одум.

013

Түрлерді жаңа мекен ету ортасына көшіру:

А) Флуктуация.

В) Эмиграция.

С) Миграция.

D) Осцилляция.

Е) Интродукция.

014

Популяциядағы даралар санының ауытқуы:

А) Флуктуация.

В) Эмиграция.

С) Миграция.

D) Осцилляция.

Е) Интродукция.

015

Даралар санының тұрақтылығының сақталуы:

А) Экспоненциалды өсу.

В) Интродукция.

С) Гомеостаз.

D) Онтогенез.

Е) Филогенез.

016

Популяцияның құрлымы мен динамикасын зерттейді:

А) Демэкология.

В) Аутэкология.

С) Эйдэкология.

D) Синэкология.

Е) Антропоэкология.

017

Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді:

А) Демэкология.

В) Аутэкология.

С) Эйдэкология.

D) Синэкология.

Е) Антропоэкология.

018

«Популяция» термині енгізілді:

А) 1850 ж.

В) 1800 ж.

С) 1903 ж.

D) 1940 ж.

Е) 1990 ж.

019

Адамдар популяциясын бөледі:

А) 2 нәсілге.

В) 3 нәсілге.

С) 4 нәсілге.

D) 5 нәсілге.

Е) 6 нәсілге.

020

Елді- мекенді қоныстанған жануарлар:

А) Космополиттер.

В) Эндемиктер.

С) Реликт.

D) Синантроптар.

Е) Убиквис

3-нұсқа

Экологиялық жүйелер

001

Адамның ауылшаруашылық әрекетінен пайда болған жасанды экожүйе:

А) Урбожүйе.

В) Биогеоценоз.

С) Құрлық экожүйесі.

D) Агроэкожүйе.

Е) Биотоп.

002

Бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездеп шығаратын ағзалар:

А) Продуцент.

В) Консумент.

С) Литотрофтар.

D) Редуцент.

Е) Сапрофаг.

003

Энергияның бір деңгейден екінші деңгейге өтуі:

А) Трофикалық деңгей.

В) Экологиялық төсем.

С) Қоректік тізбек.

D) Биоценоз.

Е) Биогеоценоз.

004

Тірі ағзалар мен қоршаған орта арасында зат және энергия алмасуы жүріп жататын орта:

А) Биотоп.

В) Биоценоз.

С) Биогеоценоз.

D) Экожүйе.

Е) Биома.

005

Гетеротрофты ағзалар:

А) Продуцент.

В) Консумент.

С) Афтотроф.

D) Литотроф.

Е) Редуцент.

006

«Биоценоз» терминін енгізген:

А) В.Н. Сукачев.

В) В.И.Вернадский.

С) К. Мебиус.

D) Э. Геккель.

Е) А. Тенсли.

007

Жануарлар арқылы өсімдіктердің споралары, тұқымдарының таралуы:

А) Форезия.

В) Сукцессия.

С) Анемохория.

D) Гидрохория.

Е) Зоохория.

008

«Өсімдік- қоян- түлкі» қоректік тізбегінің компоненттерін көрсет:

А) Афтотроф- гетеротроф- редуцент.

В) Продуцент- 1-ші ретті консумент- 2-ші ретті консумент.

С) Продуцент- гетеротроф- редуцент.

D) Продуцент- консумент- редуцент.

Е) Редуцент- консумент- продуцент.

009

Бір биоценоздың екінші биоценозбен алмасуы:

А) Сукцессия.

В) Сублимация.

С) Стация.

D) Гомеостаз.

Е) Динамика.

010

Жасыл өсімдіктер мен афтотрофты бактериялар:

А) Гетеротрофтылар.

В) Миксотрофтылар.

С) Редуценттер.

D) Афтотрофтылар.

Е) Сапрофагтар.

011

Органикалық заттарды бейорганикалық затқа дейін ыдыратады:

А) Редуцент.

В) Консумент.

С) Продуцент.

D) Автотрофты.

Е) Миксотрофты.

012

Афтотрофты ярус:

А) «Көк».

В) «Қоңыр».

С) «Қызыл».

D) «Сары».

Е) «Жасыл».

013

Гетеротрофты ярус:

А) «Көк».

В) «Қоңыр».

С) «Қызыл».

D) «Сары».

Е) «Жасыл».

014

Бірлестіктер экологиясы:

А) Аутэкология.

В) Демэкология.

С) Синэкология.

D) Геоэкология.

Е) Нооэкология.

015

Аралас қоректену типі тән ағзалар:

А) Миксотрофтар.

В) Фототрофтар.

С) Афтотрофтар.

D) Хемотрофтар.

Е) Гетеротрофтар.

016

Экожүйедегі ағынды сулар:

А) Лентті.

В) Лотты.

С) Батпақты.

D) Мұхит.

Е) Көл.

017

Ағынсыз, «тыныш», тұщы сулар:

А) Батпақты.

В) Лотты.

С) Өзен.

D) Лентті.

Е) Көл.

018

Тірі ағзалармен қоректенеді:

А) Биофаг.

В) Сапрофаг.

С) Детритофаг.

D) Продуцент.

Е) Редуцент.

019

Өлі органикалық қосылыстармен қоректенеді:

А) Продуцент.

В) Консумент.

С) Сапрофаг.

D) 1-ші ретті консумент.

Е) Афтотрофтылар.

020

Бейорганикалық заттардан органикалық заттардың синтезделуі:

А) Сукцессия.

В) Фотосинтез.

С) Гомеостаз.

D) Фотопериодизм.

Е) Климакс.

021

Энергия бір деңгейден екінші деңгейге өткенде азаяды:

А) 40%-ке.

В) 20%-ке.

С) 10%-ке.

D) 1%-ке.

Е) 5%-ке.

022

Шөп қоректілер:

А) Фитофаг.

В) Зоофаг.

С) Детритофаг.

D) Сапрофаг.

Е) Жыртқыш.

023

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру шаралары:

А) Рекреация.

В) Мониторинг.

С) Стагнация.

D) Стратификация.

Е) Рекультивация.

024

Аюдың қысқы ұйқыға кетуі:

А) Маусымдық өзгеріс.

В) Тәуліктік өзгеріс.

С) Көп жылдық өзгеріс.

D) Биологиялық сағат.

Е) Сукцессия.

025

Ағзалардың қоректік байланысы:

А) Топикалық.

В) Трофикалық.

С) Фабрикалық.

D) Форикалық.

Е) Мутуализм.

026

Сукцессияның соңғы, тұрақты деңгейі:

А) Миграция.

В) Адаптация.

С) Дефляция.

D) Климакс.

Е) Акклиматизация.

027

Ұсақ жәндіктердің жануарлар арқылы тасымалдануы:

А) Зоохория.

В) Миграция.

С) Форезия.

D) Аменсализм.

Е) Паразитизм.

028 Судың түбінде тіршілік ететін ағзалар:

А) Бентос.

В) Планктон.

С) Пелагос.

D) Нектон.

Е) Нейстон.

029

Суда еркін жүзетін ағзалар:

А) Пелагос.

В) Бентос

С) Планктон.

D) Нектон.

Е) Зообентос.

030

Биоценоз бен биотоптың қосындысы:

А) Биосфера.

В) Биогеоценоз.

С) Ноосфера.

D) Биома.

Е) Популяция.

031

Күн мен түннің алмасуы:

А) Маусымдық өзгеріс.

В) Көп жылдық өзгеріс.

С) Тәуліктік өзгеріс.

D) Сукцессия.

Е) Аклимация.

032

Экожүйенің тұрақтылығының сақталуы:

А) Гомеостаз.

В) Динамика.

С) Деградация.

D) Стресс.

Е) Эрозия.

033

Биоценоз тіршілік ететін кеңістік:

А) Биома.

В) Экожүйе.

С) Биотоп.

D) Биосфера.

Е) Ноосфера.

034 Өсімдіктер бірлестігі:

А) Зооценоз.

В) Микробоценоз.

С) Биоценоз.

D) Экотип.

Е) Фитоценоз.

4-нұсқа

Синэкология

001

«Биоценоз» терминін енгізген ғалым:

А) Аристотель.

В) Ж. Бюффон.

С) Т. Мальтус.

D) В. Докучаев.

Е) К. Мебиус.

002

Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер бірлестігі:

А) Түр.

В) Популяция.

С) Биоценоз.

D) Биогеоценоз.

Е) Биосфера.

003

Биоценоз мекен ететін кеңістік:

А) Биотоп.

В) Ареал.

С) Локус.

D) Экотип.

Е) Экотон.

004

«Биогеоценоз» терминнің синонимі:

А) Биосфера.

В) Популяция.

С) Түр.

D) Экожүйе.

Е) Биоценоз.

005

Таулы аймақ, шөл және жщғары ендік экожүйелерінің таралуын шектейтін фактор:

А) Эдафикалық.

В) Антропогендік.

С) Химиялық.

D) Биотикалық.

Е) Абиотикалық.

006

Түрге бай биоценоз:

А) Шөл.

В) Тропикалық орман.

С) Тундра.

D) Дала.

Е) Тайга.

007

Сандық көрсеткіші басым түрлер:

А) Патиенттер.

В) Виоленттер.

С) Эдификаторлар..

D) Доминантты түрлер.

Е) Индикаторлар.

008

Бірлестіктің микроклиматын қалыптастыратын түрлер:

А) Патиенттер.

В) Виоленттер.

С) Эдификаторлар..

D) Доминантты түрлер.

Е) Индикаторлар.

009

Қоршаған ортаның жай-күйін анықтайтын түрлер:

А) Патиенттер.

В) Виоленттер.

С) Эдификаторлар..

D) Доминантты түрлер.

Е) Индикаторлар.

010

Бір түрдің денесінде тіршілік ететін әр түрге жататын ағзалардың тобы:

А) Кооперация.

В) Мутация.

С) Консорция.

D) Сукцессия.

Е) Иерархия.

011

Өсімдіктер биоценозындағы кеңістіктік құрылым:

А) Адаптация.

В) Циклдік.

С) Иерархия.

D) Мозайкалық.

Е) Ярустылық.

012

Өсімдіктер мен жануарлардың кеңістіктік құрылымының көлбеу бағытта өзгеруі:

А) Адаптация.

В) Циклдік.

С) Иерархия.

D) Мозайкалық.

Е) Ярустылық.

013

Түрдің табиғаттағы орны:

А) Ареал.

В) Экотоп.

С) Экологиялық орын.

D) Биотоп.

Е) Локус.

014

«Биоценоз» термині енгізгізілді

А) 1877ж.

В) 1990ж.

С) 1999ж.

D) 2000ж.

Е) 2003ж.

015

Флора мен фаунаның бірігуінен құралады:

А) Биогеоценоз.

В) Детрит.

С) Биота.

D) Популяция.

Е) Апвеллинг.

016

Планетада кең тараған түрлер:

А) Эндемиктер.

В) Космополиттер.

С) Реликтілер.

D) Убиквисттер.

Е) Виоленттер.

017

Таралу аймағы шектеулі түрлер:

А) Эндемиктер.

В) Космополиттер.

С) Реликтілер.

D) Убиквисттер.

Е) Виоленттер.

018

Біздің заманымызға дейін сақталған көне ағзалардың жиынтығы:

А) Эндемиктер.

В) Космополиттер.

С) Реликтілер.

D) Убиквисттер.

Е) Виоленттер.

019

Қазақстан территориясында кең таралған зона:

А) Орман.

В) Орманды дала.

С) Дала.

D) Шөлейт.

Е) Шөл.

020

«Биоценоз» терминін ғылымға енгізген:

А) А. Тенсли,1935 ж.

В) В. Вернадский,1926 ж.

С) Э. Зюсс,1875 ж.

D) В. Сукачев,1940 ж.

Е) Э. Леруа,1940 ж.

021

Бір түрдің тіршілік әрекетінен екінші түрдің зиян шегуі:

А) Мутуализм.

В) Аменсализм.

С) Комменсализм.

D) Нейтрализм.

Е) Симбиоз

5-нұсқа

Биосфера

001

Тас көмір-

А) Биогенді.

В) Жанама.

С) Биожанама.

D) Радиактивті.

Е) Шашыранды атом.

002

Жердің ауа қабаты:

А) Литосфера.

В) Атмосфера.

С) Гидросфера.

D) Педосфера.

Е) Ноосфера.

003

Жердің топырақ қабаты:

А) Литосфера.

В) Атмосфера.

С) Педосфера.

D) Гидросфера.

Е) Ноосфера.

004

Атмосферадағы азоттың мөлшері:

А) 21%.

В) 0,03%.

С) 0,93%.

D) 78%.

Е) 0,01%.

005

Озон қабаты орналасқан:

А) Литосферада.

В) Гидросферада.

С) Педосферада.

D) Тропосферада.

Е) Стратосферада.

006

Биосфера терминін енгізген:

А) Зюсс, 1875 ж.

В) Вернадский, 1926 ж.

С) Тенсли, 1935 ж.

D) Геккель, 1866 ж.

Е) Сукачев, 1943 ж.

007

Биосфера туралы ілімнің негізін салған:

А) Зюсс, 1875 ж.

В) Вернадский, 1926 ж.

С) Тенсли, 1935 ж.

D) Геккель, 1866 ж.

Е) Сукачев, 1943 ж.

008

Тірі ағзалардың геологиялық процестермен әрекеттесуінен пайда болатын заттар:

А) Биогенді.

В) Жанама.

С) Биожанама.

D)Тірі зат.

Е) Радиактивті зат.

009

Атмосферадағы оттегінің тірі ағзалар арқылы өтуіне жұмсалатын уақыт:

А) 2000 ж.

В) 300 ж.

С) 2 млн.

D) 1 млрд.

Е) 100 ж.

010

Биосферадағы су айналымы өтеді:

А) 2000 ж.

В) 2 млн.

С) 300 ж.

D) 1 млрд.

Е) 100 ж.

011

Көмірқышқыл газының айналу уақыты:

А) 2 млрд.

В) 700 ж.

С) 5000 ж.

D) 100 ж.

Е) 300 ж.

012

Озон қабатының қалыңдығы:

А) 10 см.

В) 1 см.

С) 3 мм.

D) 1 м.

Е) 3 м.

013

Озонның орналасу биіктігі:

А) 22-24 км.

В) 10-15 км.

С) 100 км.

D) 200-230 км.

Е) 30-300 км.

014

Озон қабатын бұзатын зат:

А) Аргон.

В) Азот тотығы.

С) Күкірттің қос тотығы.

D) Радиактивті зат.

Е) Фреон.

015

Озон қабаты қорғайды:

А) Ультракүлгін сәулелерінен.

В) Инфрақызыл сәулелерден.

С) Жарық сәулелерінен.

D) Хлор иондарынан.

Е) Тұз қышқылынан.

016

Жер планетасындағы ең ірі экожүйе:

А) Биотоп.

В) Мұхит.

С) Биосфера.

D) Өзен.

Е) Биоценоз.

017

Биосфераның тірі заттары құрайды:

А) Барлық жануарлар түрлері, адаммен бірге.

В) Барлық жануарлар мен өсімдік түрлері.

С) Биосфераны мекендейтін барлық организмдер, адаммен бірге.

D) Барлық өсімдік түрлері, адаммен бірге.

Е) Микроағзалар.

018

Топырақты мекендейтін организмдер:

А) Атмобионттар.

В) Гидробионттар.

С) Эдафобионттар.

D) Амфибионттар.

Е) Аэробионт.

019