- •1.Шар тензоры және кернеу девиаторы.
- •2.Илемдеу өңдірісінің негізгі технологиялық операциялары.
- •3.Қосиінді баспақтар. Орындалу механизмдері. Технологиялық белгілері бойынша классификациясы.
- •11.1Сурет. Қосиінді баспақтардың орындаушы механизмдерінін сұлбалары.
- •11.2 Сурет – Технологиялық қолданылуына байланысты қосиінді баспақтардың классификациясы.
- •1.Дайындама көлемінің өзгермеу принципі.
- •2.Илемдеу әдістері. Металды қарпу шарттары.
- •1.1 Сурет. Илем сортаменті
- •2.2 Сурет. Жанасу ұзындығын l анықтау (қарпу доғасының бойлық проекциясын)
- •3.Илемдеу орнақтары. Қолданылуы, классификациясы.
- •1.Деформация тензоры.
- •1)Кернеу тензоры. Еңкіш алаңдардағы кернеулерді анықтау.
- •1.3 Сурет – Элементарлы тетраэдр
- •3)Жетекті пневматикалық тоқпақтар. Қолданылуы. Классификациясы.Негізгі параметрлері. Тоқпақ пәк-нің жұмыс режімі.
- •1)Максималды жанама кернеулер және оның анықталуы.
- •2)Суықтай илемдеу.
- •3)Гидравликалық баспақтар. Жұмыс істеу принципі және есептеуі.
- •6.1 Сурет - Тоқпақтардың классификациясы
- •6.2 Сурет - Тоқпақтардың сұлбалары.
- •6.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •Илемдеу орнақтары. Қолданылуы, классификациясы.
- •Илемділік пішінөзгеруі кезіңдегі кернеулер және деформациялар арасыңдағы байланыс.
- •1) Дайындаманы тесіп, қалың қабырғалы гильза алу;
- •2) Гильзаны құбырға илемдеу;
- •3) Құбыр қалыңдығын әртүрлі және сопақ болмау үшін және ішкі, сыртқы беттерін жақсарту үшін илеу.
- •Құймасыз илемдеу.
- •1.Газды жағу үшін құралдары, олардың түрлері.
- •2. Соғу кезіңдегі созу операциясы. Созу кезіңдегі кермелеуді интенсификациялау әдістері. Созу процесінің түрлері.
- •3.Ыстықтайқалыптау баспақтары. Қолданылуы, құрылымының ерекшеліктері, жұмысы..
- •1..Деформация жылдамдығы және деформациялау жылдамдығы.
- •8.2 Сурет Тұтас ортаның ағысы
- •2.Металды сымдау процесінің негізі.
- •3.Илемдеу кезіңдегі деформация ошағы, металды біліктермен қарпу бұрышы, деформация ұзыңдығының аймағы және түйісу алаңы.
- •2.2 Сурет. Жанасу ұзындығын l анықтау (қарпу доғасының бойлық проекциясын)
- •1.Монокристалдың суық пластикалық деформациясы.
- •2.Сымдау орнағынынң негізгі түзілімдері. Сымдағыштар конструкциясы волок. Сымдаштардың қолдану аймағы.
- •3.Қосиінді баспақтардың сырғақтары және бағыттаушылары. Конструкциясы, материалдары және есептеуі.
- •15.6 Сурет. Баспақ сырғағы
- •- Билет
- •3... Жетекті пневматикалық тоқпақтар
- •1...Материалдарды ыстықтай және суықтай қө кемшіліктері және артықшылықтары.
- •2...Қаңылтырды қалыптаудың пішінөзгерту операциялары.
- •3...Бұрама баспақтар (Винтті баспақтар). Жұмыс істеу принципі және классификациясы.
- •6.1 Сурет - Тоқпақтардың классификациясы
- •6.2 Сурет - Тоқпақтардың сұлбалары.
- •6.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •1.Қаңылтырды кесу қайшылары. Конструкция ерекшеліктері және есептеуі.
- •2. Илемдеудің қарапайым процесі. Біліктерге әсер ететін күш бағыттары.
- •3.Сымдарды, жұқа қабырғалы құбырларды өндіру.
- •1.Созу операциялары. Созу түрлері.
- •2.1 Сурет Түзеткішпен ұзартудың сұлбасы
- •2.Қосиінді машиналардың бұлғақтары.
- •3.Профилдерді, шыбықтарды және құбырларды өндіру.
- •1.Серпімді және пластикалық деформация
- •2.Әдіп, шақтама, кенерме. Олардың қызметі, қалыптау кезіңде қолданылуы.
- •3.Тоқпақтар. Жұмыс істеу принципі. Классификациясы.
- •1.Серпімді және пластикалық деформация
- •6.1 Сурет - Тоқпақтардың классификациясы
- •6.2 Сурет - Тоқпақтардың сұлбалары.
- •6.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •1...Қорытпалар туралы жалпы түсінік.
- •2....Салқындату кезіндегі аустениттің диффузионды түрленуі. Тілімшелі және түйіршікті перлиттің түзілу сұлбасы. Олардың қасиеттерінің қысқаша сипаттамасы.
- •2.Машина жасау зауыттарын жобалаудағы жалпы талаптар. Өндірісті дайындау.
- •3.Қорытпалар ақаулары және құюдан, пісіруден және термиялық өңдеуден кейінгі өнімнің сапасын бақылау.
- •1)Полиморфты түрленусіз шынықтыру процессінің мазмұны. Қортыпалардың табиғи және жасанды ескіруі.
- •2) Бетінің жоғары қаттылығымен материалдар. Тозудың абразивті, шаршау және кавитациялық түрлеріне тұрақты материалдар.
2....Салқындату кезіндегі аустениттің диффузионды түрленуі. Тілімшелі және түйіршікті перлиттің түзілу сұлбасы. Олардың қасиеттерінің қысқаша сипаттамасы.
Эвтектоидқа дейінгі болаттарды Ас3 нүктесінен 30 – 50оС жоғары температураға дейін қыздырғанда аустенит (Аустенит – -Fe темірге көміртегі атомдарының ену қатты ерітіндісі, кристалдық торы ҚЖТ) түзіледі, ол майда түйірлерімен сипатталады, сондықтан салқындату кезінде жоғары тұтқырлыққа және пластикалықты қамтамасыз ететін майда түйірлі құрылым пайда болады.
Қыздыру температурасын кристикалық нүктеден өте жоғары қыздырғанда аустенит түйірлерінің өсуі байқалады, ол болаттың механикалық қасиеттерін төмендетеді. Жасыту кезіндегі салқындату жылдамдығы аса салқындатылған аустениттің тұрақтылығына және болаттың құрамына тәуелді болады. Перлиттік түрленулер температурасының аймағында аустенит неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым салқындату баяу болуы керек. Көміртекті болаттарға қарағанда (100 – 150 оС/сағ) легірленген болаттар айтарлықтай баяу салқындатылады (40 – 60оС/сағ). Толық жасытуды құрамында 0,3 – 0,4 % С бар болаттың сұрыптық дайындамаларына, соғылмаларға және пішімді құймаларға жүргізеді.
Толық емес жасыту толық жасытудан болатты төмен температурада қыздырумен (Ас1 нүктесінен аз жоғары) ерекшеленеді. Толық емес жасытуды эвтектоидқа дейінгі болаттардың кесумен өңделуін жақсарту үшін жүргізеді; толық емес жасыту кезінде ферриттің бір бөлігінің қайта кристалдануы өтеді (Феррит – α темірге көміртегі атомдарының ену қатты ерітіндісі, кристалдық торы КЖТ).
Артық ферриттің бір бөлігі ғана аустенитке түрленеді. Конструкциялық болаттар үшін жасытудың мұндай түрін 750 – 770 оС температуралар кезінде 30 – 60 оС/сағатына салқындату жылдамдығымен суыту арқылы жүргізеді. Толық емес жасытуды эвтектоидтан кейінгі көміртекті және легірленген болаттарда кеңінен қолданады, нәтижесінде болаттың құрылымында пластинка пішінді перлиттің орнына түйіршікті (сфера тәрізді) құрылымды алуға болады.
Эвтектоидтық құрамға жақын болаттардың түйіршікті перлитке жасыту температурасының интервалы өте аз (750 – 760 оС), эвтектоидтан кейінгі болаттар үшін интервал 770 – 790 оС дейін кеңейеді. Сфераның түзілуі кезіндегі салқындату баяу болуы керек. Ол аустениттің ферритті – карбитті қоспасына ыдырауын қамтамасыз етеді. Түйіршікті перлитті жасытуды төмен және орташа көміртекті болаттардан жасалған жұқа табақтар мен сымдардың пластикалығын жоғарлату үшін суықтай штамптау және сымдау үшін жүргізеді.
27-билет
2.Машина жасау зауыттарын жобалаудағы жалпы талаптар. Өндірісті дайындау.
Қазіргі кезде машинажасау үшін жеке жобалаулардан техникалық жүйелерді және машина жүйелерін жасауға әрекет ету қалыпты жағдай. Мысалы: әуе кемелерін қондыратын жабдықтарды және оларға қажетті қызмет көрсету, яғни техникалық жүйелерден құралған кешенді элементтер көмегінсіз, қазіргі заманға сай жолаушылар самолетін жобалауға болмайды. Механикалық өңдеудің автоматты тізбегін кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен: аспаптық цех, көлік қызметі, құю және дайындама цехтарымен өзара байланысын ескере отырып жасау қажет. Машина жүйелеріне типтік мысал ретінде доңғалақты машина жүйесін келтіруге болады. Олар көлік тасымалдау, ауылшаруашылық жұмыстары, тиеү-түсіру және басқа операцияларды орындауға арналған.
Өз кезегінде өнімнің барлық түрінің сапа көрсеткіші технология деңгейімен, технологиялық жабдықтардың жағдайы, бақылау және сынау әдістерімен анықталады. Белгілі бір бұйымның сапа деңгейін анықтау үшін, сапа денгейін жоспарлау жүйесін, баға қалыптасу және басқа факторларды ескеру қажет. Факторларды іріктей отырып, сапа деңгейін анықтауда келесі түрге бөлуге болады: ұйымдастыру, техникалық, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік. Барлық осы факторлар өзара тығыз байланыста қызмет атқарады және кейбір жүйелердің элементтері түрінде қарастырылады. Бұдан басқа өнімнің сапасы ғылыми зерттеулер, жобалаулар стадиясында қарастырылуы қажет, ол бұйымды жасау процесінде қамтамасыз етіледі. Осы үш стадия өзара тығыз байланысты және өнім сапасы қауіпті ауытқулар пайда болу кезінде үшеуінің біреуі қамтамасыз етпеуі мүмкін емес. Қазіргі уақытта сапа мәселесі жеке элементтерге немесе факторлар тобына әсер ету жолымен шешілмеуі мүмкін емес. Өнім сапасын мәселелерді шешуге жүйелік әрекет ету негізінде бірлескен ғылыми басқаруды ұйымдастыру қажет.
Сонымен қандай да бір мәселені шешуге жүйелік әрекет етудің негізгі принциптері келесі теориялық жағдайларға шоғырланады: жүйе негізінде бүтін бірлікті қалыптастыратын ұйымдастырылған түрде түсіндіріледі. Әрбір жүйе келесі қасиеттерге ие:
Жүйе өзара байланысты элементтердің бүтін кешен екендігін білдіреді. Мысалы , «Жер жұмыстарына арналған машина» жүйесін қарастырғанда, оның элементтері: экскаватор, погрузчик, бульдозер, грейдер, жол катогы болады. «Тербеліс мойын тірегі» жүйесі үшін, оның элементтері сыртқы және ішкі сақиналар, айырғыш, тербелу денесі. Өнімді сапалы басқару жүйесінің элементі қуқықтық, экономикалық, ұйымдастыру және техникалық факторлар болып табылады.
Жүйе ортада бірлікті қалыптастырады. Сапаны басқару жүйесін нақты ортада өндірістік қарым қатынасқа, ғылым мен техниканың деңгейіне, яғни нақты тарихи жағдайға байланысты қарастыру қажет.
Әрбір зерттелетін жүйе өте жоғары ретті элемент жүйесі болып келеді. Мысалы өнімнің сапасын басқару жүйесі халық шаруашылығын басқару жүйесінің элементі болып табылады.
Жүйе элементі төменгі ретті жүйе түрінде қарастырылады. Өнімнің сапасын басқару жүйесінің элементтері мемлекеттік аттестаттау жүйесі, стандарттарды енгізу және сақтау, мемлекеттік қадағалау жүйесі.
Өнімнің сапасын басқару жүйесімен сапыстырғанда жоғарыда аталған екі жүйе оның элементтері болып қарастырылады. Бүтін жүйенің қажетті байланысының болуы. Байланысты машина сапасының көрсеткіші және оның тетіктерімен байланысы, мысалы (фрикциялық мүшелеу ұзақ тұрақтылығы және материалдың механикалық қасиеттері). Байланыстар санды және сапалы болып келеді. Байланыс саны жүйе құрайтын. яғни олардың саны берілген тапсырманы шешуге мүмкіндік береді. Байланыстың жиынтығы әртүрлі дәрежеде иерархиялық тәуелділікті тұрғызуға мүмкіндік беретін құрылым түзілуі қажет. Иерархиялық құрылымды мысалы сапаны басқарудың әртүрлі деңгейі: мемлекеттік деңгей, сапалық, кәсіпорындық деңгей құрайды. Жүйені зерттеу жалпы жағдайда үш сатыдан тұрады: мазмұңдық, формализациялау және квантификациялау. Мазмұндық зерттеу жүйені жазуда, жүйе элементтерінің арасындағы сапалы жазылуды қамтамасыз етеді. Формализациялауға жүйенің сұлбалы және математикалық жазылуы және оның элементтерінің арасындағы байланысты жазу жатады. Формализацияның негізгі жолы модельдеу болып табылады. Ол суретсипатты, жазбаша көлемді немесе сапалы болуы мүмкін. Квантификация сапалы белгілердің санды көрсетілуі. Бұл өте күрделі этап. Негізінен элементтердің сапасына қойылатын талаптарды, сонымен бірге қондыру үшін элементтің сапа көрсеткіші жүйенің сапа көрсеткішіне әсер етуі мүмкін.
Басқару түсінігі тірі табиғаттың қоғам мен техниканың кейбір заңдылықтарын жинақтау нәтижесінде пайда болды. Бұл жайында В.А. Трапезников былай деп жазады: басқару тіршілік пайда болғанға дейін емес, ол табиғатпен бірге пайда болды. «Басқару» түсінігі кибернетикамен тығыз байланысты. Кибернетика ақпаратты түрлендіру тұрғысынан қарағанда басқарушы жүйелерді оқытады, сондықтан теориялық кибернетиканың негізгі буыны басқару жүйелерінің теориясы, яғни берілген алгоритмге сәйкес ақпаратты қайта өндеуді жүзеге асыратын құрылғылар теориясы болып табылады. Академик А.Н. Колмогоров кибернетикаға келесі анықтама береді: «Кибернетика» машинада, тірі организмде және олардың бірлестігінде ақпаратты қабылдау, сақтау, қайта өңдеу және пайдалану әдістері туралы ғылым. Кибернетикада ақпаратты қабылдау, сақтау және оны тарату - байланыс деп, ал қабылданған ақпаратты машиналар мен организмдерге бағыттаушы дыбыстарға қайта өңдеу немесе түрлендіру - басқару деп аталады. Қажетті басқару элементі реттеу болып табылады. Реттеу деп - жүйені берілген тұрақтылықпен қамтамасыз ету процесі. Реттегіштің негізгі қызметі - жүйеге әсер ететін толқуларды (возмущение) шектеу. Реттегішті кибернетикалық жүйелердің тұрақтылығын сақтау мақсатында жүйе мен толқудың арасына орналастырады. Басқару реттеуге қарағанда жүйенің жағдайын өзгерту мүмкіндігіне ие. Егер жүйе қалыпты жағдайда болса, онда толқумен салыстырғанда тұрақты (немесе тұйық). Жүйенің тұрақтылығына екі жолмен жетуге болады: белсенді қорғану және әлсін қарсылық. Мысалы: «автомобиль» жүйесі тұрақты жағдайдан (жұмыс қабілетті) басқа (жұмыс қабілетсіз) ауысуы мүмкін. Кездейсоқ толқу әсерінен, балонның жарылып қалуы. Қаптама (покрышка) бұл жағдайда толқуға қарсы реттегіш болып табылады. Реттеудің басқа мысалы ретінде технологиялық процестерді реттеудің статикалық әдістерін атауға болады. Бұд әдістер БААТ (Білдек- Айлабұйым-Аспап-Тетік) жүйесін берілген өңдеу режімінде сақтауға және ақау тетіктердің пайда болу мүмкіндігін азайтады. Қазіргі жағдайда жүйенің тұрақтылығын, өңдеу дәлдігін бақылау шеқараларымен түсіндіруге болады. Бақылаудың статикалық әдісі ұйымдастыру - *техникалық шаралармен бірге БААТ жүйесін басқаруға мүмкіндік береді.
«Жүйе» және «Басқару» түсінігін анықтағаннан кейін өндірістік өнімнің сапасын басқару жүйесін толығырақ қарастыруға болады.
МЕМСТ 15467-70 стандартқа сәйкес өнімнің саласын басқару деп- өнімді жобалау, шығару және пайдалану немесе тұтыну кезінде сапаны жүйелік бақылау және осы салаға әсер ететін факторлар мен шарттардың мақсатты бағытталуы әсерін жүзеге асыру жолымен, қажетті сапа деңгейін қондыру, қамтамасыз ету және қолдауды айтамыз. Өнімнің саласын басқару жүйесі көп көлемді шексіз элементтерден тұрады. Бірақта іс жүзінде тек негізгі элементтерді қарастыру қажет. Негізгі элементтерге келесілерді жатқызамыз: мемлекеттік масштабта, салада және кәсіпорын деңгейінде өткізілетін сапа туралы жоспарлау және есеп беру; сапаны бақылау, енгізу және стандарттарды бақылау мемлекеттік бақылау жүйесі; -шығарылатын өнімнің сапа деңгейін бағалауды, сапа категориясына енгізу және өнімнің сапасына мемлекеттік белгіні тапсыру; сапаны бағалаудың бірыңғай әдістері: терминдер мен анықтамалардың бірыңғайлылығы, сапа көрсеткіштерінің стандартталған номенклатуралары, өнімнің түрі мен мақсаты бойынша дифференциалдануы, сапа көрсеткіштерін есептеу мен бағалаудың стандартталған әдістері, өлшем бірыңғайлығы -сапамен қамтамасыз ету жүйесі; бақылау мен сынаудың бірыңғай жүйесі: өндірістік бақылау мен сынауды барлық салалар үшін ұйымдастыру тәртібі, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру, прогрессивті әдістер мен бақылау құралдарын енгізу; құрылымдаушы жұмысы автоматтандырылған құрылымдық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі; унификациялау және агрегаттау жүйесі; өндірістік кәсіпорындарды автоматты басқару жүйелері; технологиялық онерацияларды типизациялау, жабдықтар мен әбзелдерді унификациялау, өндірісті дайындау жұмыстарын автоматтандыруға негізделген бірыңғай құрылымдық өндірісті дайындау жүйесі; қосымша тетіктерді жасауға және жөндеуге бейімделген орталықтандырылған арнайы қызмет ету пайдалану және жөндеу жүйесі; сапа туралы ақпарат жүйесі; өнімнің сапасын жоғарылату бойынша шараларды экономикалық қолдау жүйесі.
Сапаны басқару жүйесі дұрыс қызмет атқару үшін, онын барлық элементтері жұмыс жасауы қажет. Элементтердің өзі көп мөлшерде төменгі ретті элементтерден тұрады. Барлық элементтердің кешені сапаны басқаруда иерархиялық құрылымын жасайды.
