Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

Нитритометрия.

Нитритометрия біріншілік және екіншілік ароматты аминдердің титрант ретінде қолданылатын натрий нитритімен реакциясына негізделген әдіс.

Біріншілік ароматты аминдер натрий нитритімен қышқыл ортада диазоний тұзын түзеді:

Ar – NH2 + NaNO2 + 2HCI → (Ar – N ≡ N) CI- + NaCI + 2H2O

Екіншілік ароматты аминдер осы жағдайда N – нитрозоқосылыс түзеді:

R NO

Ar – NH + NaNO2 + HCI → [Ar – N =N] CI + NaCI + H2O

Эквиваленттік нүктені сыртқы (иодкрахмал қағазы) және ішкі (тропеолин 00, бейтарап қызыл, тропеолин 00-мен метил көгі қоспасы) индикаторлар көмегімен немесе потенциометриялық әдіспен анықтайды.

Титрлеу 18-20ºС температурада, кей жағдайда 0-10ºС аралығында жүргізіледі, себебі диазоний тұзы тұрақсыз қосылыс, тез ыдырайды.

Эквивалент нүктесін қышқыл ортада тропеолин 00 индикаторы түсінің қызыл-күлгін түске дейін, ал HNO2 артық мөлшерінде әлсіз сары түске дейін өзгеруі арқылы анықтайды.

Иод крахмал қағазы – сыртқы индикатор. Бұл крахмалдың сулы ерітіндісі мен калий иодиді ерітіндісіне сіңірілген сүзгі қағаз. Титрленген ерітіндіні шыны таяқша көмегімен иод крахмал қағазына тамызады. Көк түстің пайда болуы бос титранттың хлорсутек қышқылымен әсерлесіп, азотты қышқыл түзуімен түсіндіріледі:

NaNO2 + HCI → HNO2 + NaCI

KI + HNO2 → I2 + KNO2

Бөлінген азотты қышқыл KJ құрамындағы йодты бөліп шығарады, түзілген J2 крахмалмен көк түс береді.

Тұнбаға түсіру титрлеу әдісі

Аргентометриялық титрлеу

Тұнбаға түсіру әдісі галогенидтердің күміс нитратымен тұнбаға түсу реакцияларын қолдануға негізделген. Реакция нәтижесінде анықталатын зат эквивалент нүктесінде түгел тұнбаға өтуі қажет.

Мор әдісі

Күміс нитраты титрлі ерітіндісі көмегімен калий хроматы қатысында хлоридтер мен бромидтерді анықтауды 1856 жылы Мор ұсынған. Әдіс титрлеудің соңғы нүктесінде боялған күміс хроматының түзілуіне негізделген:

2 Ag+ + CrO2-4 → Ag2CrO4

Йодидтер мен роданидтерді Мор әдісімен анықтауға болмайды, себебі күміс йодиді немесе роданиді тұнбалары калий хроматы ерітіндісін адсорбциялап, титрлеудің соңғы нүктесін табуда қиындықтар тудырады. Титрлеу бейтарап немесе әлсіз сілтілі ортада (рН 7,0-10,0) жүргізіледі, ал қышқыл ортада күміс гидроксиді түзіліп,ары қарай ерімейтін күміс оксидіне ыдырайды және су бөледі. Әдіс аммоний тұздары қатысында қолданылмайды, себебі [Ag (NH3)2] ерігіш кешені түзілуі мүмкін. Сонымен бірге, калий хроматы индикаторымен тұнба беретін барий, қорғасын, висмут иондары қатысында әдіс қолданылмайды. Әдіс боялған ерітінділер үшін де тиімсіз. Мырыш, темір марганец, алюминий галоидтары Мор әдісімен анықталмайды, себебі олардың сулы ерітінділері гидролизге ұшырап, қышқыл орта береді.

(AgI * Ag+) NO3 + Ind —→ (AgI * Ag+)Ind + NO3

сары-жасыл қызыл

Кері титрлеу әдісі

Фольгард әдісі күміс нитраты титрлі ерітіндісінің артық мөлшерін аммоний тиоцианатының титрлі ерітіндісімен аммоний темір ашутасы индикаторы қатысында титрлеуге негізделген.

AgNO3 + NH4CNS → AgCNS + NH4NO3

Fe(NH4)(SO4)2 + NH4CNS → Fe(CNS)3 + 2(NH4)2SO4

Әдіс иодидтер, бромидтер және роданидтерді анықтауға мүмкіндік береді. Титрлеу қышқыл ортада жүргізіледі, Ba+2, Pb+2 кедергі етпейді. Сілтілі ортада индикатор құрамына кіретін Fe(ІІІ) ионы темір гидроксиді түрінде тұнбаға түседі, сондықтан ортаны НNO3 бейтараптайды. Титрлеуді тотықтырғыш қатысында жүргізуге болмайды, себебі олар SCN ионын бұзады, ал сынап тұздары қатысында SCN тұнбаға түседі.

Фаянс әдісінде қышқыл немесе олардың тұздары болып келетін қосылыстар, яғни адсорбциялық индикаторлар қолданылады. Ол индикаторлар эквивалент нүктесінде күміс галогениді тұнбасына адсорбцияланып, тұнбаның түсін өзгертеді. Алдымен тұнбаға тұнбамен зарядтас иондар адсорбцияланады. Мысалы, калий иодиді ерітіндісін күміс нитратымен титрлеуде эквивалент нүктесіне дейін иодид-ионы адсорбцияланады және теріс зарядты бейтараптау үшін тұнбаның бір бөлшегіне ерітіндідегі оң зарядты калий-ионы тартылады. Эквивалент нүктесіне жеткенде тұнбаға күміс-ионының артық мөлшері адсобцияланып, тұнбаның оң зарядын бейтараптау үшін ерітіндіден теріс зарядты индикатор-анионы тартылып, күміс иодиді тұнбасының сары түсін қызғылт түске дейін өзгертеді (индикатор – натрий эозинаты).

Титрлеудің соңғы нүктесінде жүретін реакция:

(AgI * Ag+) NO3 + Ind —→ (AgI * Ag+)Ind + NO3

сары-жасыл қызыл

Адсорбциялық индикаторлармен титрлеу индикатор ионды түрде болатын белгілі бір рН ортасында жүргізіледі.