Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СӨЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

Дәрілік затты қолдану кезеңдері

Дәрілік терапия емдеу барысында жалпы, маңызды әрекет болып табылады.Дәрілік заттар әр түрлі жолдармен қабылданады.дәрілік заттарды қолдану барысында ағзаға қандай әсер ететіне ықпал жасайды. Сондықтан дәрінің әсері, еру жылдамдығы әсер көрсетеді. Дәрілік заттарды қабылдау бойынша энтеральді - ағзаға асқорыту трактісі арқылы (пероральді, сублингвальді, ректальді, он екі елі ішек арқылы) және парэнтеральді – ағзада асқорыту трактісінен басқа жолдар.

Пероральді жол(ауыз қуысы арқылы)– ауыз қуысы арқылы. Бұл ең қарапайым және қолайлы енгізу жолы. Ауыз қуысы арқылы қабылданған дәрілік құралдар ащы ішекте салыстырмалы түрде баяу сіңіріледі. Ол ішектің кілегей қабықшасының функционалдық жағдайына, ортаның pH мәніне байланысты.

Пероральді жолдың модификациясы жергілікті және жалпы әсер көрсету мақсатында қолданылатын енгізу жолы сублингвальді(тіл астына) түрі болып табылады. Дәрілік құралдар ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез сіңіріліп, асқазан – ішек трактісі және бауыр барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне түседі. Сублингвальді түрде белсенділігі жоғары дәрілік құралдары белгілейді: жыныс гормондары, валидол, нитроглицерин.

Ректальді (тіке) – жергілікті және жалпы әсер көрсету үшін тік ішекке енгізу арқылы қолданылатын енгізу жолы. Енгізудің ректальді жолын балалар тәжірибесінде, ес – түссіз жағдайдағы аурулар үшін, гериатрияда қолдану қолайлы. Дәрілік заттардың сіңірілуі 7 – 10 минуттан соң төменгі және орта геморроидальді күре тамырлар, асқазан асты күре тамыры, төменгі қуысты күре тамырлар арқылы жүреді. Бұл кезде дәрілік заттар, бауырға соқпай, жалпы қан айналымына түседі. Дәрілік құралдар ас қорыту трактісінің ферменттері әсеріне ұшырамайды. Сондықтан улы, есірткі заттар дозасын міндетті түрде тексеру қажет.

Парентеральді (жанынан)енгізу тәсілі әркелкілігімен ерекшеленеді. Бұл теріге жағуға, шаншуға арналған және ингаляциялық енгізу жолдары.

Теріге әсерету үшін көптеген дәрілік түрлер қолданылады. Дәрілік құралдардың әсері жергілікті немесе жалпы болуы мүмкін. Теріде жүйке ұштары болғандықтан, дәрілік құралдарды енгізудің рефлекторлық жолын пайдалану мүмкіндігі бар.

Ингаляциялық дәрілік түрлерді тыныс алу жолдары арқылы енгізуге болады. Дәрілік заттар тікелей қанға түсетіндіктен, әсер тез көрсетеді.

Ағзаға шприц көмегімен енгізілетін шаншуға арналған дәрілік түрлер жатады. Дәрілік құралдар тез қанға өтіп, 1 - 2 минуттан соң әсер көрсетеді. Шаншуға арналған дәрілік түрлер тез көмек көрсету үшін, асқазан трактісінде бұзылатын дәрілік құралдарды енгізу үшін қолайлы.

Қорытынды

Дәрілік заттардың дәрілік шөптерден алыну тәсілдерін, дәрілік өсімдіктер шикізаттарының және олардың препараттарының сапаларын бақылауды зерделеуді фармацевтикалық химия фармакогнозия пәнімен бірге жүргізеді. Фармацевтикалық химия дәрілік заттардың түрін және оларды дайындау тәсілдерін таңдау үшін дәрілік заттардың физикалық , химиялық қасиеттерін зерделеу сұрақтары бойынша дәрілер технологиясы, биофармация пәндерімен тығыз байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Т.Ә.Арыстанова «Жалпы фармацевтикалық химия» оқу құралы 2008.

2. А.П. Арзамасцев. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.-640с.

3. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. И доп. –М.: МЕДпресс-информ. 2007. -624с.

4. Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. –М.: Медицина, 2001.- 384с.

5. google.kz.