- •Мазмұны.
- •Қазақстанда менеджмент теориясы мен тәжірибесінің даму тарихы.
- •Менеджменттің ғылым ретіндегі құрылымы.
- •1.2.Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.
- •Басқарудың жалпы және нақты қызметтері
- •Менеджменттің жалпы қызметтері
- •Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты
- •1.3 Әлемнің дамыған елдерінде менеджмент ғылымының ерекшеліктері.
- •Кәсіпорын жетекшісі
- •2.2. Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
- •Бригадалық тұрпаттағы ауылшаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
- •2.3. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру.
- •Мақтарал ауданы бойынша инвестициялық жобалары
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •Жоспары
- •Ќорытынды Пайдаланѓан єдебиеттер
Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты
К.Маркс өзінің “Капитал”деген еңбегінде былай деп жазады: капиталист өзінің жеке меншігіндегі кәсіпорында басқару, оның тиімділігін арттыру үшін арнайы адам жалдап, еңбекақы төлейді. Бұл менеджерлер деп жазады К.Маркс, капиталисттік кәсіпорында сол кәсіпорын біршама іріленгенде, мұндай басқарушы өзін-өзі ақтағанда пайда болады.
Өндірісті басқару үшін жалдамалы қызметшілерді пайлалану, әрине капиталистік таптық формацияларға дейін де болған. К.Маркс Аристотельге сүйене отырып, құл иеленуші басқару қызметін басқа адамға жүктеп, өзіне ауырпалық түсірмеуді ойластырғандығын атап көрсетті: “Бұл мырзалар мұндай ауырпалықты (яғни басшылықты) қалмаған жағдайда бұл міндеттің бір бөлігін бақылаушыға жүктейді де, олардың өзі мемлекеттік іспен емес философиямен шұғылданады” (4) Капиталист бұл қызметті менеджерге ақыл-ой жұмысын тапсыру үшін емес, басқару еңбегі ең алдымен ерекше мамандық екендігіне және де онымен тек білікті мамандар ғана тиімді айналысатындығын көзі жеткендіктен беріп отыр.
Менеджерлер деп аталатын басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмаларда жұмыс істейді. “Өзінің офицерлері унтерофициерлерін қажет ететін армия секілді, деп жазды К.Маркс, - бұқара жұмысшылар үшін дәл осындай өнеркәсіп офицерлері, басқарушы менеджерлер қажет болды” (4)
Қазіргі мемлекеттік –монополистік капитализм жағдайында экономикалық және ұйымдық басқару процестерінің күрделенуі монополияның басқару аппаратын сөзсіз арттырады.
АҚШ-та 1990 –шы жылы 40 жұмысшыға бір зауыт басқарма қызметкері болды, 1935 жылы өніркәсіп өндірісінде істейтіндердің оннан бірі инженер-техник қызметкерлері мен қызметкерлері болса, қазіргі кезде бұл категорияға әрбір төртіншісі жатады.
Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады.
Топ менеджмент – басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы анықтамалық басылымында “бұған директорлар кеңесі төрағасын, президенті, аға вице-президенттерді, фирмалар вицепрезиденттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен казначейлерді жатқызады”. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен, және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады. Осы деңгейде өнім ассортиментінің өзгертуі, рынок өтімі, өріс қуатын ұлғайту, шетел бөлімше-лерін ұйымдастыру т.б. мәселелерімен шұғылданады.
Мидле менеджмент- өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгерушісі басшылары, завод директорлары, олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге есеп пен бақылауды жолға қоюға кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді: “дәстүрлі ортаңғы басшылардың жұмысы, -деп есептейді Друкер, -көп жағдайда бір сарынды. Оған шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Оның міндеті қабылданған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдайды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс”.
Ловер менеджмент – басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар –цех жетекшісі, өндрістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары- жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді. Олардың алдында тұрған негізгі міндеттер –жұмыскерлерді компанияға, адал болуға тәрбиелеу, әр түрлі әлеуметтік жанжалды басу, компания мақсатына жету үшін тек дене күшін ғана емес, ақыл-ой энергиясын да жұмылдыра білуі тиіс.
“Босс” және “менеджер” ұғымдарын бірдей деуге болмайды, меншік иесі және басқарушы –бұлар мүлде бөлек жандар.
Менеджер деген кім?
Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды.
Ағылшын “to manage”деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгерушісі, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.
Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл –басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды. [ 3, 6-бет ]
Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Еуропалықтардың түснігінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
“Менеджер- бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесін бағындыра білуге, өзінің жанұясы – фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс”. Жапониядағы менеджерлер мектебінің, негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Менеджер табиғатына П.Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.
Менеджердің бірінші міндетіне-қолда бар ресурстармен “нағыз тұтас” өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, “менеджер” -әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады”(2)
“Өндірістік бірлікті” құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдында әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс-әрекетін қадағалай білуі тиіс.
Менеджердің екінші міндетіне –кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетіне кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болшағы туралы да ойланып –толғануы жатады. әрбір менеджерге, деп атап көрсетеді Друкер, өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланылады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдауды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Әрбір менеджер –деп тұжырымдайды Друкер, -өзіне есеп берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған қызметтерін міндетті түрде атқаруы тиіс. Бұлардың барлығы атқаруы да, жаман атқаруы да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір жайт, осы атлаған қызметтердің әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық нышанда болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі кешен болып саналады және де қызметтің әрбір түрін орындау үшін алуан түрлі сапа мен біліктілікті қажет етеді.
Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да “бесаспап данышпан” болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды және ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол сөз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пірікін айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жайттарының бірі – келіссөз жүргізе білуі- әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнер болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады. [ 9,24-бет]
Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:
өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін
немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет;
өзің келісім жүргізетін жақты ұнататындығынды, оның пікірлерін
ескеретіндігінді білдіру
келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста.
Мұндайда “Мен бұға келісе алмаймын”, деп айтуды үйрен және де не себепті келісе алмайтынныңды айқын түсіндіру;
өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде
тәрбиленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудің американдық жолы-бірден бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. “Әңгіме-лесушіге өктемдік айту –келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз”.
Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті – жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету. Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушы-лармен кездесу өткізуді және де мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.
О.С. Виханский мен а.И. Наумовтың айтуынша менеджерлер басқа адамдардың есебінен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін адамдар. Сонымен қатар, менеджер тек басқару бойынша ғана маман емес, сонымен бірге ол персоналдық немесе кәсіпорынның қызметіне жауапты адам.
“Менеджмент” кітабының авторы И.н. Герчикова менеджердің келесідей анықтамасын береді. Менежер –бұл нарық жағдайындағы фирма қызметінің нақты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты қызмет атқаратын жетекшісі немесе басқарушысы (54).
Сонымен, менеджер –бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын-ала болжай алатын, адамдардың ұйымдастыратын, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қысқаша айтқанда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дұрыс.
Қандайда бір фирма болмасын жұмысына кірісетін жаңа менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап беруі керек. Ол жоспарды мына сауалдарға: “не істеу?” “қалай істеу?” “қашан істеу керек?” нақты жауап болғаны жөн. Жоспарды жасау –бұл тек қана алғашқы қадам. Егер менеджер көздеген нәрсені көп жоспарлап және белсенділік танытып орындамаса, ең жақсы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін. Жетістікке жету үшін ол өзінің қарауындағылармен белсенді әрі мақсатты бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл жұмыстағы басты мақсат -әрбір жекелеген адамын “өз кілтін” таба білуде. Жетістікті бағалай отырып, оның белгіленген нәрсені артық әрі өте жақсы орындаудағы ынтасын және творчестволық қалыпын барынша қолдау қажет.
Жұмыс барысында менеджер өз ұжымындағы ресми емес басшыны табуға тиіс және оның іс-әрекетін зорлық-зомбылықсыз жалпы істің пайдасына бағыттауы қажет.
Нарық жағдайында менеджер нартәуекелділікке бел бууы және оны басқара білуі де керек. Менеджер үшін нартәуекел болатын саланы таба білу өте қажет. Оның болатын мүмкіндігінің дәрежесін бағалап, алдын-ала шаралар қолдануы керек. Бұл жағдайда менеджерге мынадай сипаттар-батылдық, іс-қимылдың стандартты еместігі, тәуелсіздік, экспериментке жақындығы, парасатты есеп, көп қырлы қабілеттілік және жағдайы тез бағалап, оның өзгергендігіне жедел реакция жасау, түпкі нәтижені нақты бағалау тән болғаны дұрыс.
Менеджердің осындай кең спектрлі қызметті қолдануы оның басқаруда жоғарғы тиімділікке қолын жеткізеді яғни, кәсіпорын жұмысының жоғарғы нәтижелілігі, алдымен пайда табу жағдайы ескеріледі. Нарық жағдайында пайда алға қойған міндеттерге жетудің түпкі мақсаты болып табылады.
