Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Кәсіпорындарда-менеджментті-тиімді-ұйымдас...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392 Кб
Скачать
☆

1.3 Әлемнің дамыған елдерінде менеджмент ғылымының ерекшеліктері.

АҚШ-тағы менеджмент ерекшеліктері.

Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшейуі,монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі,ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды.Техникалық тұрғыда күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда,тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан (ұзақ мерзімді капитал жұмсаудан) гөрі,мамандықты арттыру мен ұйымдық басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.

Сол себепті АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу,өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.

Орталықтан басшылық етуден гөрі,пайда табатын орталықтардың,бөлімдер мен кәсіпорындардың құқықтары мен жауапкершілігін ұлғайту АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды.Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды,бөлемше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы басқарма енгізілді,штабтық органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады,төменгі буындарда (зауыттарда) функциялық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді.

Дракер “федералдық принцип” деген ұғымды енгізді,мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады,әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де “жоғары”басшының қызметін орындай алады.

Дракердің ойынша “федералдық принципті”бірте-бірте қолдану мынаған негізделген:жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды,адам ресурстарын ұйымдастырады,болашақ әкімдерді таңдайды,даярлайды және сынайды,қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады,оның менгерушісі автономдық істің басшысы,ол өндіріс пен техникалық прогресске, өткізу мен сатып алуға,есеп беру мен қызметкерлергежауапты. Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады. [5,74-бет]

Друкердің пікірінше ұйымдастырудың федералдық принципі:

1.жоғары басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;

2.жергілікті жердегі жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін жергілікті денгейде ойдағыдай орындауға ықпал етеді;

3.еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;

4.сабақтас проблемаларды шешіп, кең профильді басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.

Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады.Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады,коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда,ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық,ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау мүмкін емес.

Қәзіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсінуі қажет.Сондықтанда мұнда “менеджмент”термині толық сай келеді.Жапондықтардың өзіде,басқару туралы әнгіме болғанда,осы терминді қолданады.

Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады,атар айтқанда,мұның өзі Массанчусетс технологиялық институтында зерттелуде.

Жапонияда істі,өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың жоғары денгейі кімді де болсақайран қалдырады.Жапония - өндірістік қатынасты,сонымен қатар басқару сипатын айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті.Франция мен Голландиямен қоса,Жапония экономиканы программалайтын копиталистік мемлекеттердің бірі.

Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Жапония өз экономикасын басқарудың бірегей жүйесі арқасында дамытты.Басқарудың табанды принциптері арқасында көздеген мақсатына жетіп отырды.

Тұтастай алғанда экономикалық стратегия төрт негізге негізге сүйенеді:

экономикалық ресурстарды жинау және консервілеу;

елдің бәсекелесу қабілеттілігін жоғары денгейде ұстау;

адамдарды ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына бейімделетіндей етіп баулу;

ғылыми зерттеулер мен ізденістерді интенсивтердіру.

Жапондықтарда әлемдік және ұлтық тәжірибе элементтерінің ең тиімдісі жинақталған.Американдық жапонтанушы Фогельдің деректеріне қарағанда,Жапония 1968 жылдан бастап 20 жыл бойы әлемдегі ең таңдаулы институттарды және мемлекет,бизнес,әскери іс білім беру мен өнер саласындағы басшылық етуді мұқиат зерттеді.

Жапондық менеджмент ерекшеліктері қызметшілерді басқару.

Жапонияда қызметшілерді басқару нақтылы, көбінесе дәстүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Оның ең бастылары: жұмыскерлерді ұзақ мерзімге,өмір бойы жалдау,жасына қарай еңбек ақы төлеу және қызметін жоғарылату болып табылады.Осының арқасында жапондықтар ұзақ уақыт бойы жұмыссыздықты барынша азайтып отыр.

Жапрон кәсіпорындарында жұмысшы тобында 4-6,кейде одан көп жұмысшы істейді.Ең қолайлысы 10-20 адам болып табылады.Мұндай топта тығыз байланыс орнату, еңбек операцияларын бірлесіп орындау қамтамасыз етіледі.

Жапон кәсіпорындарында әрбір жас менеджерге қамқоршы,яғни американдық мамандардың айтуынша “Өкіл әке” тағайындалады. Өкіл әке орта денгейдегі беделді басшыдан таңдап алынады. Ол міндетті түрде өзі қамқорлыққа алған адам бітірген жоғарғы оқу орнының түлегі болуы тиіс. Өкіл әкені ешқашанда тікелей басшысы немесе жас менеджер жұмыс істеп жүрген бөлімшенің бастығы тағайындамайды.

Жапонияда шешім қабылдаудың елеулі ерекшелігі – келісу принципі.Еуропалықтардың шешім қабылдау тәсілінен айырмашылығы – жапондықтар әуелі мәжілістер мен ресми емес келіссөздерде түйінді мәселелерді көпшілік дауыспен шешіп алады. Олардың пікірінше,мұндай процедура бірауыздылыққа,келісіп әрекет жасауға ықпал етеді.

Жапон менеджменттеріне тән сипат фирманың корпоративтік рухы,мұның өзі өмірлік жалданатын жұмыскерлердің,олардың еңбек ақысының,жасының ұлғайуына қарай қызметінің жоғарылуының,шағын топтар психологиясын сіңірудің тегеруінді күші болып саналады.

“Корпоративтік рух” ұғымы ұйымдық идеал мен соның жолын ұстаушылық бірліктің, берілгендіктің көрсеткіші ретінде қабылданады. Жапон болмысында фирма идеясына берілгендік бірқатар дәрежеде байқалады.

Біз американдық және жапондық менеджменттің ерекшеліктерін қарастырдық.Жоғарыда айтқандарды түйіндей келе, жапондық және американдық басқару модельдерінің біршама көрнекті салыстырмалы кестесін төменде көрсетіп өттік.

Жапондық және американдық басқару модельдерінің ерекшеліктері.

Жапондық модель

Американдық модель

Басқару шешімі ұжымда бірауыздан қабылданады.

Ұжымдық жауапкершілік.

Басқарудық стандартсыз икемді құрылымы.

Басқаруды ұйымдастырудың бейресмилігі.

Жұмысты баяу бағалау және қызметінің жоғарылауы.

Басшының негізгі критериі –қарамағындағыларды дұрыс үйлестіру және бақылау білуі.

Топқа басшылық етуді ұйымдастыру.

Ұжымдағы үйлесімділікке және ұжымдағы нәтижеге жетуді басқаруды бағалау.

Қарамағындағылармен жеке бейресми қарым-қатынас.

Жасының үлкендігіне және жұмыс стажына қарап қызметін жоғарылату.

Әмбебап типтегі басшыларды даярлау.

Топ жұмысының көрсеткіші және қызмет стажы т.б. бойынша еңбек ақы төлеу.

Шешім қабылдаудың дербес сипаты

Дербес жауапкершілік

Басқарудың қатаң ресми құрылымы

Басқару прцедурасының нақты ресмилігі

Басшының жекелей бақылауы

Басшының басты қасиеті профессионализм және инициатива

Жеке адамға басшылық етуді ұйымдастыру

Жеке нәтижелер бойынша басқаруды бағалау

Қарамағындағылармен ресми қарым-қатынас орнату

Жеке нәтижелеріне негізделген іскерлік мансабы

Тар мамандықтағы басшыларды даярлау

Жеке жетістіктері бойынша еңбек ақы төлеу.

ІІ-ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

2.1. Тауарларды өңдіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастыру

Кез келген кәсіпорын экономикалық өнімдерді: тауарды немесе қызметтерді өндіру үшін ұйымдастырылады. Бұл үшін өндіріс факторлары: жүмыс күші, материалдық-техникалық ресурстар, жер ресурстары, акпарат және ақшалай каржылар пайдаланылады.

Өндіріс ресурстарын үтымды пайдалану мен оның тиімді жүмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыруға тәуелді. Менеджмент ахуалы өндірістің технологиялық деңгейіне де, кадрлардың сапасына да өсер етеді.

Кәсіпорындарды басқарудың негізгі мақсаты — өндірісті клмтамасыз ету жене тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекетін тиімді түрде жүзеге асыру.

Жұмыс істеп тұру үшін кәсіпорын өндіріс құралдарын пайдалануға жөне шығарылған өнімді өткізуге тиіс, яғни жабдықтау мен өнім өткізуді де басқаруы қажет.

Басқарудың негізгі қызметтері мыналар:

  • кәсіпорынның даму болашағын болжай білу жөне алдағы максатты дұрыс таңдай білу;

  • ресурстарды ескеріп, тауардар мен қызметтер өндіруді үнымдастыру;

  • кадрларды дүрыс іріктеу мен орналастыру;

  • қызметтерге бшіік жүргізу және эрекеттерді үйлестіру,

  • кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау. Басқару шешімдерін қабылдау фирманы басқару ұстануларына тәуелді. Көбірек таралған басқару стилдері мен ұстанымдары мыналар болып табылады:

  • Бақылау негізінде басқару;

  • Жаңғарту (экстраполяция) негізінде басқару;

  • Мүлде жаңа стратегаялар әзірлеу негізінде басқару;

  • Жедел шешімдер қабылдау негізінде баскару. Бақылау негізінде басқару тиянақты даму болашағы бар

кәсіпорындарда пайдаланылады, бұл ретте негізінен фирманың және оның бөлімшелерінің іс-ерекетін қаржы жөнінен бакылау кабылданылады

Жаңғырту (экстраполяция) негізінде баскару көсіпорынның бұрынғы даму беталысын {тенденциясын) болашақта сақтау көзделген кезде пайдаланылады. Осы мақсатта ағымдағы бюджеттерді кұрастыру, мақсатты түрде басқару және қол жеткен жетістіктер кезінде ұзақ мерзімдік жоспарлау қолданылады. . [5.76 бет]

Мүлде жаңа стратегиялар әзірлеу кезінде басқару дамудың жаңа беталыстары және кәсіпорын стратегияларын өзгерту қажеттілігі пайда болган кезде қолданылады.

Жаңа стратегия өріден ойластырып (стратегиялык) дамудың: қаржы, өткізуді басқару, өндірістік, инвестициялық үлгілері (моделдері) негізінде әзірленеді.

Жедел шешімдер кабылдау негізінде басқару ойда болмаған, тосын жағдайлар мен даму беталыстары пайда болған кезде кабылданылады.

Фирманы тиімді басқарудың негізгі компоненттері мыналар болып табылады:

  • басқару құрылымы мен билік құрылымы;

  • басқарушылар мен қызметшілердің (персоналдың) біліктілігі;

  • фирманың өз ішіндегі қарым-катынастар мәдениеті;

  • басқарушылардың ұйымдастырушылық қабілеттері. Басқару моделі фирма мөлшеріне, өнім сипатына және

  • бизнестің сыртқы ортасына тәуедді.

Басқарудың қазіргі жүйесі кдрапайым жөне икемді болуға тиіс. Басқару жүйесі мынандай талаптарға сай болуы керек:

  • білікті қызметкерлермен толықтырылған шағын бөлім-шелер;

  • баскару деңгейлерінің саны барынша аз болуы;

  • мамандардың топтасулары негізінде қүрылған құрылымдар;

  • тұтынушыға бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды кдмтамасыз ету.

Ауыл шаруашылык, көсіпорындардагы басқарудың негізгі ұстанымдары мен басқару жүйесі. Ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігімен байланысты ауыл шаруашьшығындағы баскарудың белгілі бір ерекшеліктері бар.

Біріншіден, ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналымдар (циклдер) мен олардың ұзақтығы биологиялық үрдістердің табиғи өрістеуімен тікелей байланысты. Айналма кұралдардың (тұқым, азық және т.б.) белгілі бір бөлігі тікелей шаруашылықтарда ұдайы өндіріледі. Ауыл шаруашылықгық өнімнің басым бөлігі күздікүні өткізілуіне байланысты және ақшалай түсімнің шаруашылықтардың есеп-шоттарына түсуі осы уақытқа сәйкес келетіндіктен ауыл шаруашьшығында несиелер мен көмек қарыздар ұдайы өндірістің экономикалық тұрғыдан кажетті аспабы жөне өндірісті басқару әдісі ретінде рөл көрсетеді.

Екіншіден, казіргі уақытта ауыл шаруашылық еңбегінің кормен жарақтануының техникалық деңгейі өнеркәсіптік деңгейден едәуір дәрежеде кейін калып отыр, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілік деңгейі белгілі шамада төмен. Ауылда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың азаюы орын алган және оның объективті сипаты бар.

Үшіншіден, бұл жалпы мемлекеттік ауқымда әрбір шаруашылықтағы жұмыстың аймақтық айырмашылықтарымен байланысты, мысалы, нарық жағдайларында өндірістің ұтымды құрылымын, егіс алаңдары мен жан-жануардың мал басы құрылымын белгілеудің бірыңғай тәртібін ұсыну, жүмыстардың кажетті айналымдары мен олардың орындалу мерзімдерін және тағы басқаларын алдын ала білу мүмкін емес. Бүкіл осы және басқа мәселелерді тек қана әрбір шаруашылықтың жетекшілері мен мамандары дұрыс және ақылға сай шеше алады. Бұл ұстанымды бұзу өндірістік-қаржы іс-әрекетінің нашарлауына, ауыл шаруашылықтық кәсіпорындарының жетекшілері мен мамандарының жауапкершілігі төмендеуіне әкеліп соғады.

Төртіншіден, басқару ерешелігі, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісінің маусымдылығымен байланысты. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның басшысына жұмыс күшінің бүкіл күнтізбелік жыл бойына толық жұмыс басты болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бұған қосалқы кәсіпорындар мен кәсіпшіліктерді және тағы басқаларды ұйымдастыру салаларын ұтъімды үйлестіру арқылы қол жеткізіледі.

Бесіншіден, басқару әрбір шаруашылықта жеткілікті қорлар мен резервтерді, өндірістің қажетті материалдық-техникалық ресурстарын қамтамасыз етуге тиіс. Мәселен, ауыл шаруашылықөнімнің жалпы өндіру көлемін жоспарлаған кезде оларды өткізу көлемін ғана емес, шаруашылықтың тұқым, азық және тағы баскаларға деген қажеттілігін де; сақтық қорын жасауды да негізге алу керек. [5.79 бет]

Ауыл шаруашылығында басқарудың сатылы, міндеттілік (функционалды) жөне аралас жұйесін ажыратады.

Басқарудың сатылы жүйесі - кезінде төменгі сатыдағы қызметкерлер жоғары түрғыдан басшыға бағынады. Мәселен, жұмысшы - звено жетекшісіне, звено жетекшісі - бригадирге, бригадир — бөлімше баскарушысына, бөлімше басқарушысы көсіпорын басшысына бағынады.

Басқарудың мұндай жүйесі кезінде қарама-қайшы өкімдерге жол берілмейді және басшылықгың тұтастығы қамтамасыз етіледі. Алайда бұл жүйенің елеулі кемшілігі бар, ол — бірнеше салаларды және қазіргі күрделі техниканы басқару үшін қажетті әр алуан біліктің бір кісінің басынан табыла қоюының мүмкін еместігі.

Осыған байланысты басқарудың міндеттілік жүйесі пайдаланылады, ол агрономиялық, зоотехникалық, мал дәрігерлік, инженерлік, жоспарлық-экономикалық, қаржы-коммерциялық секілді және тағы басқа қызметтердің жұмысшыға негізделген.

Сатылы жүйе де, міндеттілік жүйесі де іс жүзінде "таза" күйінде қолданылмайды. Әдетте олар әртүрлі қисындастыруда тіркеседі: басқарудың бригадалық, цехтық және аралас кұрылымы. Осылайша бағаланған құрылым негізінде ауыл шаруашылық кәсшорындарының өндірістік бөлімшелер сипаты жатыр.

Басқарудың бригадалык, түрпаты салыстырмалы түрде шағын және орта шаруашылықтарға, сондай-ақ шағын ауқымда мамандандырылған шаруашылықтарға (аң өсіруші шаруашылықтарға, жылыжай комбинаттарына, құс фабрикаларына) төн. Мұндай кұрылым кезінде шаруашылықгың бүкіл ішкі бөлімшелері олардың іс-өрекетін үйлестіруші кәсіпорын басшысына тікелей бағындырылған.

Басқарудьщ бригадалық құрылымының басқа тұрпаттардан белгілі бір артықшылықтары бар: басқарудың бағыну деңгейлерінің саны ең аз болуынан бригадалық құрылым көбірек үнемді; орта буын жетекшілері мен кәсіпорын басшысы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді, әртүрлі жетекшілер мен мамандар арасында өкілдікгерді (билікгерді) дәл белгілеп беруді қамтамасыз етеді. Басқарудың мүндай құрылымы кезінде бригадалардың жетекшілігіне мамандарды койған жөн. Мысалы, өсімдік өсіруші бригадаға — агроном, мал шаруашылығы бригадасына зоотехник жетекшілік етеді және тағы сондай. Басқарудың бригадалық құрылымы кезівде кәсіпорын басшысына тікелей бағынудың оңтайлы нормасы кызметтер мен бөлімшелердің 5-6 менеджері болып табылады.