- •7.Қазіргі жағдайдағы этнопедагогиканың көкейкесті мәселелері мен міндеттері
- •9. Тұлға туралы халықтың түсінігі.
- •10. Халықтық тәрбиенің мақсаты - «Жетілген тұлға» болып табылады, оның этникалық сипаттамасы.
- •11. Қазақ қоғамындағы тұлғаның идеалы.
- •12. Тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: тәлімгерлік, алдыңғы буынның жеке үлгілері, еліктеу.
- •13. Халықтық тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: ертегілер, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, халық әндері.
- •14.Тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: табиғат, ойын, сөз және еңбек.
- •16.Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогиканың мәселелері.
- •17. Қазақтың педагогтары мен ағартушыларының (ы. Алтынсарин, а. Байтұрсынов, м. Жұмабаев және т.Б.) еңбектеріндегі халықтық тәрбиенің мәселелері.
- •19. Еңбек пен еңбектің тәрбиесіне халықтық көзқарас.
9. Тұлға туралы халықтың түсінігі.
Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі.
Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді. Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар мен дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Өзінің қызметінде міндетті түрде мерекелік сипатқа ие еңбек дәсүрлері барлық халықтарда алдыңғы орында. Күнделікті іске айналған ұжымдық көмек, өзара көмек көмек салтын қалыптастырады.
Халықтық педагогика – халық шығармашылығында көрініс тапқан, тәрбие ісіне тікелей не жанама қызмет ететін халық шығармашылығының тереңінен шыққан тәрбие саласындағы түсініктер, көзқарастар, пікірлер, сенімдер, дағдылар мен тәсілдер.
Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Бұған көз жеткізу үшін барлық халықтарға белгілі әдістерді атаса да жеткілікті, бұл – көрсету, үйрету, сенім, ізгі тілек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, сөгіс, ескерту, көндіру, ант беру, жазалау және т. б.
10. Халықтық тәрбиенің мақсаты - «Жетілген тұлға» болып табылады, оның этникалық сипаттамасы.
Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан.Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тәрбиелейді, барлығы тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі.
Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөзі жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай ақ нақты жетілулер еңбекте, ақыл – ой адамгершілік – құлық, әсемдікке жетілуді қалыптастыруды қамтамасыз ету жайында болды. Жетілген тұлғаның нақты сипаттары тек тілек – сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының қуатты тұстарының бірі болып табылады.
Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасында кеңінен мәлім болды.
Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлнрі бар. Дәстүрлі бата – тілектер әсерлі ықпал етуді көздеді. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата- аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттер сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатында болды. Халықтық пікір анттарға байыпты қарым – қатынасты ұдайы қолдап отырды.
