Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Etnopedagogikany_1187_m_1241_ni_1201_ltty_1179...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

16.Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогиканың мәселелері.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.) қазақ халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі алатын орнына, оның жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөліне үлкен мән берген. Оның еңбектерінде халықтың ауыз әдебиеті, музыка шығармашылығы, халық ақын-жыршыларының шеберлігі мәселелері кеңінен орын алған. Ш.Уәлихановтың пікірінше,  қазақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка шығармашылығы аса құнды рухани құндылық болып табылады.  Ол жазып алған халық ауыз әдебиетінің  туындылары  (мысалы,  «Қозы – Көрпеш, Баян - Сұлу», «Ер  - Көкше», «Орақ», «Манас», «Едіге», «Көкетайдың асы»  және т.б.) өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілері болып табылады.

Сонымен қатар оның  «Қырғыз шежіресі», «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар  туралы жазбалар» және т.б. еңбектерінде  қазақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка шығармашылығы туралы құнды пікірлер айтылады. Мысалы, «Қырғыз шежіресі» атты еңбегінде Ш.Уәлиханов қазақтардың суырып салмалық қабілетке, музыкалық-әдеби өнерге бейімділігін, халық ақындарының асқан дарындылығын атап көрсетеді

17. Қазақтың педагогтары мен ағартушыларының (ы. Алтынсарин, а. Байтұрсынов, м. Жұмабаев және т.Б.) еңбектеріндегі халықтық тәрбиенің мәселелері.

Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады. Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді…» Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.  Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.

 Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды. А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы”  деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.

Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.

А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың  бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926),  “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме   ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”. Мағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды.

18. Қазақтың педагогикасы мен психологиясының неғұрлым тереңірек дамуына А.Құнанбаевтың Абай Құнанбаев(1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.

Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

Пайда ойлама, ар ойла Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта Ерінбей оқып көруге –деп жастарды білім– ғылымды меңгеруге шақырды.

Ел  болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін еместігін терең түснген  ол: «Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет…өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…» -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті. Кітапты молда теріс оқыр Дағдардай боп сәлдесі!… – деп Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болған. Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды. Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді.

Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]