- •7.Қазіргі жағдайдағы этнопедагогиканың көкейкесті мәселелері мен міндеттері
- •9. Тұлға туралы халықтың түсінігі.
- •10. Халықтық тәрбиенің мақсаты - «Жетілген тұлға» болып табылады, оның этникалық сипаттамасы.
- •11. Қазақ қоғамындағы тұлғаның идеалы.
- •12. Тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: тәлімгерлік, алдыңғы буынның жеке үлгілері, еліктеу.
- •13. Халықтық тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: ертегілер, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, халық әндері.
- •14.Тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: табиғат, ойын, сөз және еңбек.
- •16.Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогиканың мәселелері.
- •17. Қазақтың педагогтары мен ағартушыларының (ы. Алтынсарин, а. Байтұрсынов, м. Жұмабаев және т.Б.) еңбектеріндегі халықтық тәрбиенің мәселелері.
- •19. Еңбек пен еңбектің тәрбиесіне халықтық көзқарас.
13. Халықтық тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: ертегілер, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, халық әндері.
Жұмбақтың тәрбиелік мәні
Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдары мен түсініктері ой – қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден – ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толысады. 19 – 20 ғасырларда бу машиналары, электротехника, радио телеграф, самолет, ракета, космос кемелері т.б. техникалық, мәдени прогрестерге байланысты жұмбақтар туады.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиелеуші өзінің білімін дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады.
Мақалдардың тәрбие құралдары
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдарда бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен ( көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қортындысы айтылады («Еңбек етсең, емесің» ). Тура мағынасы (« еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей » ). Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзден нұсқалы сөз ретінде айтылады "өлең сөздің патышасы ", "Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда", т.б. Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Ертегілердің тәрбиелік мәні
Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиеіне ерекше әсер ететін ертегілердің ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері ( төрт мыңға жуық ) сан алуан. Олардың: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге блады. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі
14.Тәрбиенің тәрбиелеу тәсілдері: табиғат, ойын, сөз және еңбек.
Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі – ойындар. Халық педагогикасы оларды бала өсуі, дамуы мен қалыптасуың факторы ретінде көреді. Осыған байланысты халықтың “Бала өсірген ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаз бала болып ойлайды” деуі осыдан.
Ойын балалар үшін тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогикалық тұрғыдан талдауға ұмтылған Ә. Диваевтың “Игры киргизских детей” атты мақаласы ғылыми қызығушылық туғызады. Бұнда ол ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, “Соқыр теке”, “Көк сиыр”, “Бөрік жасырмақ” т. б. ойындарының мазмұнын ашады. Сондай-ақ, “Қырғыз жастарының көне ойындары” мақаласында тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары “Қыз қyу”, “Көкпар”, “Аударыспақ” т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Бұл ойындардың дене тәрбиесін дамытуда алатын орны еркше. Еңбекке баулудың тәжірибесі қазақ халқы тіршілігінің барлық тарихи даму кезеңінде жинақталды және еңбек әрекеті тәрбие практикасымен, оның дамуы жетілуімен тығыз байланыста болды. Білім жүйесін, еңбек іскерліктері мен дағдысын қарастыратын халықтың еңбек әрекетінің тәжірибесі, алдымен, отбасы дәстүрлерін, одан соң халықтың еңбек дәстүрлерін жасай отырып, ғасырдан ғасырға беріліп, жалғаса түсті.
15. Шетел және орыс педагогтары (Я.А. Коменский, Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский және т.б.) еңбектеріндегі халықтық тәрбиенің принциптері. Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған жоқ, әр уақытта бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрие ісін бір-бірімен байланыста қарастырды.
Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие). Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Коменский тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол “кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады”,- деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топтағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді. Адамның өзін-өзі басқара білуі, Коменскийдің көзқарасы бойынша, тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады. Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапарларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды. Даналық ұғымы Коменскийдің көзқарасы бойынша, бұл адамгершілік қасиет негізінен оқыту үрдісінде шәкірттерді ғылым, өнер және тілдер негіздеріне үйретуде, демек, “ғылыми білім” үрдісінде тәрбиелейді. Тәрбиенің негізгі мақсаты, Песталоццидің айтуынша, адамның табиғи қабілеттіктерін дамыту, әруақытта да оны жетілдіріп отыру. Песталоцци "адамның күштері мен қабілеттіктерін үйлесімді дамыту” туралы насихаттады; адамның жақсы нышандарын дамытып отыру қажет. Тәрбиешінің балаға әсері оның табиғатымен сәйкестікте болуы керек. Педагог жас ұрпақтың табиғи дамуын басып отырмау қажет. Негізгі тәрбие қағидасы, Песталоццидің түсіндіруінше, бұл табиғатпен сәйкестік. Песталоцци Руссо сияқты бала табиғатын асыра бағалаған жоқ.Тәрбиенің мақсаты қоғамның пайдалы мүшесі жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу деп түсінді Ушинский. Адамгершілік тәрбиесіне Ушинскийдің педагогикасында негізгі орын берілген. Адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралы Ушинский оқыту деп есептеді. Ол оқытудың тәрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, оқытудың тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері өте бай тәрбиелік мүмкіншіліктермен ерекшеленетіндігін атап көрсетті.
Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек ғана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық санасымен, оның рухани өмірімен, моральдық ұғымдарымен және түсініктерімен танысады.
Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмендегілерді жатқызды:
№ |
Ғалымның аты |
Нақылдары, ойлары |
1 |
Я.А.Коменский |
«Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді. |
2 |
И.Г.Песталоцци |
Тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. «Бала тәрбиесі оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» деген қағиданы ұсынды. |
3 |
К.Д.Ушинский |
Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек. |
