Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бес Есенғұл туралы (≈1609≈1700.)

Байболұлы Есенғұлдан: - Есек, Еміл, Өрезек, Нұрбай, Қоңыр.

Ел: - “Есенғұлдың Есекмерген бастаған бес барысы!” – дейтін батырлар осылар. Есекмерген 1723-жыл Сауран айналып,60-үй Адайды Маңғыстауға бастап алып келген болатын. (Ақбота Сатқаннан. Р.Қ.).

Есекмергеннен (≈1640≈1735) - Өтебай, Темір, Болат, “Әйтей”.

Өтебайдан: - Қойсары, Барбый.

Қойсарыдан: - Әбіл, Тұман, Сары.

Емілден: - Қожан.

Қожаннан: - Көлбай, Барақ.

Барақтың:

I - әйелінен: - Алшын, Әлімбай, Жетіру.

II - әйелінен: - Төресиық, Иса, Өзденбай.

Өзденбай батырдан: - Кенжебек батыр.

Өрөзектің:

I - әйелінен: - Қасажан, Тасболат, Мамыр.

II – қалмақ әйелінен (Кәукенейден): - Тұяқ, Шағырай.

Нұрбай ≈ 1658 ≈ 1688 жж жасаған.

Нұрбайдан: - Айдаралы, Айтқұл, Байнеке.

Айдаралыдан: - Пұсырман, Әйменбет, Үсен.

Айтқұлдың (≈1683 ≈ 1753):

I – қазақ әйелінен: - Атақозы, Жылкелді.

II – қалмақ әйелінен: - Иман, Намаз.

Атақозы (≈1704≈1794) батыр жиырма жасынан бастап Адай сарбаздары-ның бас сардары және ханнан кейінгі халқын билеген Әкімі болған.Атақозы-ның оң қолы – көші – қон, атамекен орынбасары – Назарұлы ер Шотан.Ата-қозының сол қолы – Адайлардың ішкі – сыртқы ісін жүргізуші орынбасары – Құнанырыс, –Жанбай,– Сүйіндік, –Қожамжар, –Жиенғұлұлы ер Лабақ, Кенжеұлы Қонай батыр.

Атақозы батырға оққағары, әуелі Қоңырұлы Сырымбет, соң Сырымбетұлы Киікбай батырлар сенімді серік болған.

(Жетімек Мусадан Р.Қ.).

Атақозының:

I – қазақ әйелінен: - Іреусін, Сағырбай, Меңді, Күсеп.

II – сарт әйелінен: - Ыршымбек.

III – қалмақ әйелінен: - Жұмабай.

IV – түрікмен әйелінен: - Қыздар болған.

Иманнан: - Ес, Қойшыекен.

Намаздың:

I - әйелінен : - Нұрман, Бейнеу, Жазықбай

II - әйелінен: Бекбай , Түмен

Намазұлы Бейнеу бай мырзалықпен халық есінде қалып , қазіргі Бейнеу ауданы деп жүргеніміз соның аты.

Намазұлы Бейнеу Мырзағұлұлы Бекеттің жан досы,құрдасы,сыйласы.

Әуелгі піріміз ер Қосайдың құрметіне,төрт Байболдың,бес Есенғұлдың ортасына Бекет ата мешітті сай жиегінен,жоғарғы ернеуінен ойдырып, салғызып берді.

Бейнеу құрдасы Бекетке:-

-Қайыр етсең бүтін ет.Имамыз да өз тұқымыңнан болсын.Себебі, сен ел адамысың.

Бекет:-

-Құрдасым Бейнеу, дұрыс айтасың.Жасы да,жолы да үлкен,ағам Меңдіқұл батыр осы мешітке имам болады.

Меңдіқұл батыр төрт Байбол,бес Есенғұлға имам болып,мәңгілік мекені де сол мешітте.

(Қосқұла Әбіш емшіден, Киікбай Рейімбайдан Р.Қ.)

Байнекенің :

I-әйелінен : - Сапақ.

II-әйелінен: Арал, Көрел , Ақеділ , Айсолақ.

III - әйелінен :- " Басқа ", Торақ.

"Басқаның " өз аты – Орақ.Нағашысына тартып туылғандықтан жеңгелері "Басқа" атап кеткен.( Киікбай Рейімбайдан Р.Қ.)

Нұрбай батыр мен Жұлдыз батыр "Биікжал " соғысында шаһид болған.нұрбай 27- жасында үш баласы –Айдаралы ,Айтқұл ,Байнекемен жесір қалады.Нұрбайдың жыл асында Мамықтың өз қалауымен тетелес қайынінісі – Қоңырға қосып, некелейді.( Киікбай Рейімбайдан Р.Қ.)

Қоңырдың(≈1670≈1755):

I - әлім әйелінен : - Боран (≈1702≈1724).

II -табын жеңгесі – Мамықтан : - Сырымбет , Сырлыбай, Қарабөрік.

Боранның (ұрпағы “ сердалы” аталды.Р.Қ.):

I- Әлім әйелінен : - Бердалы, Сердалы, Барақ

II- қалмақ әйелінен: - Байжігіт , Тінәлі , Жамеңке, Хатен.

Сердалының :

I- қазақ әйелінен : - Байкөбек, Жанкөбек.

II- қалмақ әйелінен : - Қал , Бозай.

Сырымбеттің (≈1690≈1750):

I- қазақ әйелінен : - Киікбай (≈1740≈1813).

II- қалмақ әйелінен: - Тұйғын (≈1747≈1763).

Тұйғын ағасы Киікбайдың жылқысын бағып жүріп, Жем бойында жылқыны жайып, жылқыға тиіскен Жайықтың қазақ-орыстармен соғысып жанды жерінен жаралы болады. Жылқыны құтқарады. Көп ұзамай, шаһид болады. Орын жоқ. (Киікбай Рейімбайдан Р.Қ.)

Киікбайдан:

  1. Әлім әйелінен: - Әлжан,

  2. Табын әйелінен: - Дауылбай, Дүйімбай

  3. Қалмақ әйелінен: - Сүйімбай «Сұңқар»

Сырлыбайдан: - Нанбай.

Қарабөріктен: - Бертіс.

Нанбайдан: - Тоғай, Шобай, Көлбай.

Бертістен: - Ақберді. Бекберді, Бекімбет, Жаңай, Егізбай, Азамат, Тарақ.

Абылай “Абыл” Тарақұлы – 1820 – 1892 жж, туған жері Бесшымырау, бақилық мекені Оймауыт – Желтау. Абыл Тарақұлы қазақ халық сазгері, қазақ, түрікмен, қарақалпақ, өзбекке танымал күйші. Абылдан орын жоқ.

Бес Есенғұлдың қонысы Биікжалдан Ақжігітке дейін, әрине, араласып аталас ағайынмен құдандалы, нағашылы-жиенді ауылдарда бірге жайлаған. Бесшымырау – Есек мерген қаздырған, Есек, Еміл, Өрөзек, Нұрбай, Қоңырлардың құдығы.

(Жары Мусадан,Абота Сатқаннан. Р.Қ.).

* * *