Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
байбол есембет шежіресі.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Бабакулов Аманкелді (1951 ж.)

Бабакулов Аманкелді Төлеуұлы 1951 жылы 10 шілдеде Түрікменстанның Қызыл Арбат қаласында дүниеге келген. 1966 жылы отбасымен Қазақстанға оралып, Маңғыстау облысының Қызылсай кентінде қоныс тепкен. Мектепті үздік аяқтаған Амангелді Алматыдағы политехникалық институттың мұнай өнеркәсібі факультетіне оқуға түскен. Ол 1975 жылы аталған білім ошағын мұнай өндіру ісінің инженер-механигі бойынша тәмамдап, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігіне қызметке қабылданған. Алдымен механик, ал 1979 жылы Өзен бұрғылау мекемесіне бас механик болып тағайындалады. Өзінің жинақтаған мол білімінің арқасында Өзен монтаждау басқармасына бас инженер лауазымына жоғарылатылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мұнай өнеркәсібі саласына оңай соққан жоқ. Іргелі ұжымдар тоқырап, бірінен соң бірі жабылып жатты. Жоғарыда аталған мекеме нарықтың қыспағы қызып тұрған шақта білікті маман ауқымды өндірістен шағын көлемдегі «Ер Қосай» шағын мемлекеттік кәсіпорынды өзінің басқаруымен құрып, 5 жыл осы мекемеде бас директор қызметін атқарды. Мекеменің міндеті Маңғышлақ бұрғылау басқармасының барлау жұмыстарын атқаратын қондырғыларына монтаждық жұмыстар жүргізу болған. 1996 жылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестіктің ашылуына байланысты аталған мекеме Өзен бұрғылау басқармасына қосылды. Өзін білікті ұйымдастырушы ретінде танытқан Амангелді бұл жерде де басқарма директорының мұнай өнімдерні өндіруді жоғарылату және бұрғылау ұңғыларын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Әр іске жаңаша көзқараспен қарайтын дарынды жетекшіге, «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің басшылары еншілес жаңа кәсіпорын ашуды тапсырды. Осыдан кейін Аманкелді Төлеуұлының тікелей басшылығымен Ақтау қаласында «Су-сервис» кәсіпорыны жасақталып, ол оның алғашқы директоры болып тағайындалды.Еңбекқор азамат 2006 жылға дейін Өзен бұрғылау мекемесінде жұмыс жасады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін молдавандық Каспий «Азия сервис Компани» мекемесінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік басқармасы бастығы қызметтін атқарды. Ал 2010 жылдан бастап сол мекеменің бастықтың бірінші орынбасары абыроймен атқарған білікті маман бас директор болып қызмет атқаруда. Зайыбы Гүлнар Ақдәулетқызы Өзен бұрғылау мекемесінде 25 жыл темір жонушы қызметін ақарған маман. Амангелді мен Гүлнар үш ұл, бір қызды тәрбиелеп өсірді. Қазір олардың барлығы әр салада абыройлы қызмет атқарып жүр. Үлкен ұлы Расул елімізге белгілі «Қазмұнайтеңіз» мекемесінде газ өңдейтін кіші зауыттың бастығы, ортаншы ұлы Қуаныш құқық қорғау мекемесінде бастықтың орынбасары, кенже ұлы Қайырахмет банкте менеджер. Бақытгүлі Румыниядағы мұнай, газ университетін тәмамдап, қазір «КазНИИ-де белді маман. Екі келіні Эльмира адам жанының арашасы-дәрігер, ортаншы келіні Динара «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде белді қызметте еңбек етуде. Амангелді мен Гүлнар бұл күнде 4 немересінің ортасында еңбегін елеген ұл-қыздарымен бірге бақытты өмір кешуде.

Дүйсенов Нұр Қаражаұлы (1955 ж)

Есембет-Күсіл-Кете-Ералы-Аманқұл-Дүйсен-Тынышбай-Қаража-Нұр.

Дүйсенов Нұр Қаражаұлы 1955 жылы Красноводск қаласы Түрікменстан Республикасында дүниеге келген,жоғары білімді,инженер-құрлысшы. Қарағанды қаласындағы политехникалық институтты 1977 жылы бітірген. 1977-1983 жылы Түркменхимстрой трестінің құрлыс-монтаж басқармасында мастер, 1983-1984 жж.прораб,Красноводск ауданының архитекторы болып жұмыс жасаған. 1984-1985 жылдарда ат басын ата қонысқа бұрып Маңғыстау Каспий аймақтық құрлыс бірлестігінің (ПУС) СМУ-6 мекемесінде мастер,прораб қызметтерін жалғастырды. 1991-1993 жылдары облыстық атқару комитетінің,кейінен облыс әкімшілігінің күрделі құрлыс бөлімінде құрлысты қадағалау (технадзор) инженері. 1993-1996 ж.ж. облыс әкімшілігінде бас маман-кеңесші, құрлыс, транспорт, байланыс, тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1996/1997 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары басшылық қызметінде болған. 1997-2005ж.ж. тұрғын-үй коммунальдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры,ал 2005 жылдан бері тұрғн-үй коммунальдық жолаушылар транспорты,қалалық автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметтерінде, 2009 жылдан Мұнайлы ауданының Өмірзақ елді мекенінің әкімі қызметін атқарған.

Қазіргі таңда Нұр ініміз «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың Қазақстандық орталығы ААҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметін атқарып отыр. Нұр елге беделді, ағайыншыл бауырмашыл. Осы Есембет шежіресінің шығуына қол ұшын беріп қаржылай көмектескен Ел азаматы. Қазіргі кезде ұлын ұяға,қызын қияға қондырып,олардан немерелер сүйіп отырған ата. Ағайын туыстары,балдары мен Ақтау қаласында тұрады.

Астаналық ағамыз Тағаберді мен Жансұлу жеңгеміздің

немерелерінің сүндет тойына А Р Н А У

Мақтаралда өсіп-өндің тарланым,

Ағайынның арын талай арладың,

Ізгі тілек шын жүректен шығарып,

Өзіңізге осы өлеңді арнадым.

Астаналық ағайынды түгендеп,

Арғы тегің әкеңді де білем деп,

Туыстарды татулыққа баулисың,

Ынтымақсыз қалай өмір сүрем деп.

Өсті олар да таза еңбек нанын жеп.

Намысыңды қай кезде де бермедің,

Адалдығым-абыройым арым деп.

Қосай атам аруағына сыйындың,

Бәрін жеңіп тұрмыстағы қиынның,

Мықтылығың талай жерде байқаттың,

Содан болар артықтығы сиыңның.

Мақтаралда қалған игі істерің,

Бауыр тұтып пейіліңнің түскенін.

Қаңқу сөздің біреуіне пысқырмай,

Күтіп жүрдің өз егісің піскенін.

Жеңгей сізді қадірледі,қолдады,

Жақсы әйелден ер бақытты болмағы.

Өсірдіңдер ұл мен қызды тәлімді,

Ақталды үміт-бір бақытың сол дағы.

Перзенттерің талантты да талапты,

Сенімменен болашаққа қарапты.

Президент саясатын бағдарға ап,

Көтеріп жүр Қосайлардан санатты.

Шаңырақта той-думаның тарқамай,

Елдің жүгін көтере бер шаршамай,

Көз қуаныш,болашақтың патшасы,

Немерелер жауыр етсін арқаны-ай.

Солар өсіп Астанадан алар шың,

Қызығы мен шаттығына қанарсың.

Өнегелі үлгіңменен көңілде

Эверестей асқағы боп қаларсың.

Қарындас пен інімізге алғыс мол,

Өмір жолы бұралаңды алыс жол.

Астанада абыройларың асқақтап,

Барша қазақ тұлға тұтар арыс бол.

Ел бақыты бастау алар қайнарым,

Астаналық асылдарым,айбарым

Ыстық сәлем Мақтаралдан –еліңнен

Сізді естиді туып өскен аймағың.

Үміт нұры сәулеленген жүздермен,

Мұндағы ел мақтанады Сіздермен

Ел мұратын ақтайды деп сенеді,

Шыққаннан соң ол азамат біздерден.

Жетісайда ауылым бар –байтағым,

Дәм бұйырса сәлем беріп қайтамын.

Астанада беріп жатқан думанды,

Тойларыңа құтты болсын айтамын.

Тойларыңыз тарқамасын толайым,

Ұрпақтарың өсіп-өніп молайың.

Дәреже өсіп,мерейлерің үстем боп,

Алла берсін бақ-береке орайын.

Ғалия мен Берікжан –мерейлерім,

Иірген алшы түссін кенейлерің.

Мақтадай аппақ таза пейілімен,

Сіздерді асылына теңейді елім.

Ақ ордалы алыптардың қаласы,

Ел тұтқасы- алашымның ағасы.

Ғалия мен Берік інім Сіздерге,

Сенім артсын биіктен деп санасы.

Ізгі тілекпен: Исаев Әбдіғаппар Исаұлы –ОҚ облыстық Ер Қосай және Мақтарал аудандық Кіші жүз қауымдастықтарының төрағасы

Жетісай қаласы 10.08.2013 жыл