- •26.05.2011 Ж. Хаттама №10
- •Қабынудың этиологиясы
- •Қабынудың патогенезі
- •IX тәсім. Қабынудың фазалары
- •X тәсім. Қабынудың плазмалық (гуморальдық) медиаторларының әрекеті
- •Гематогендік жасушалар Гистиогендік жасушалар
- •XII тәсім. Қабыну ошағындағы жасушалардың толысуы және басқа жасушаларға айналуы
- •Қабынудың терминологиясы мен классификациясы
- •Қабынудың морфологиялық нысандары
- •Тәжірибелік сабақтың оқу картасы
- •Білімді бағалауға арналған негізгі сұрақтар:
- •Білімді қорытынды бағалауға арналған сұрақтар:
- •Тесттілік с±раќтары:
- •Ситуациялық есептер:
- •Тесттілік с±раќтардың жауаптары:
- •Ситуациялық есептердің жауаптары:
- •22.06.10. Басуға қол қойылды
Қабынудың патогенезі
Қабыну микроскопиялық ошақтар түзіп немесе белгілі бір жерді ауқымды қамтып, ошақты ғана болмай, диффузды сипатта да дамиды. Бірде белгілі бір тіндік жүйеде дамып, жүйелік (дәнекер тін жүйесін зақымдайтын ревматизмдік ауруларда) деп аталады. Енді бірде, қабынудың шектеулі (локальді) немесе жүйелік екенін ажырату қиын болады.
Қабыну гистионда дамып, біртіндеп бірі екіншісіне ұласатын, сабақтас үш фазадан: 1) альтерация; 2) экссудация; 3) гематогендік және гистиогендік жасушалар, кейде паренхималық жасушалар да көбейетін – пролиферация үдерістерінен қалыптасады. Бұл фазалардың өзара сабақтастығы IX тәсімде бейнеленген.
Альтерация – тіндердің зақымдалуы, қабынудың бастапқы (инициал-дық) фазасы; оның мофологиялыќ бейнесі әр түрлі дистрофиялық үдерістер мен некроз. Қабынудың осы фазасында биологиялық белсенді заттар – ме-диаторлар бөлінеді. Қабынуды бастайтын бұл механизм – қабынулық жауаптың кенетикалық негізі. Қабынулық медиаторлар түзілу табиғатына қарай, плазмалық және жасушалық болады. Плазмалық медиаторлар – ки-нин-калликреиндік, қанның ұю-ұйытуға қарсы (қан ұюының ХІІ факторы, яғни Хагеман факторы, плазмин) және комплементтік жүйелерге (С3–С5 коплементтер) қатысты заттар. Бұл медиаторлар микротамырлардың өткіз-гіштігін арттырып, полиморфядролы лейкоциттердің хемотаксисін, фагоци-тоз бен коагуляцияны жандандырады (X тәсім).
Экссудация
Альтерация (қабынудың бастапқы фазасы)
Микроциркуляцияның жауабы мен қанның реологиялық өзгерістері
Медиаторлардың бөлінуі
(қабынуды бастайтын механизм)
Микроциркуляциялық арна тамырларының өткізгіштігінің артуы, қанның плазмасының құрамына кіретін заттардың экссудациясы
Пролиферация
(жасушалардың көбеюі)
Қан жасушаларының эмиграциясы
Фагоцитоз
Экссудат пен жасушалық инфильтраттың (сіңбенің) түзілуі
IX тәсім. Қабынудың фазалары
Жасушалық медиаторлар тобына эффекторлық жасушалар – лаброцит-тер мен гистамин, серотинин, анафилаксияның баяу әрекеттесетін субстан-циясын, т.б. бөлетін базофильді лейкоциттер; гистаминмен қоса, серотонин, простагландин, лизосомалық ферменттер түзетін тромбоциттер; лейкокин-дері, лизосомалық ферменттері, катиондық белоктары мен нейтрал протеаза-лары көп полиморфядролы лейкоциттер жатады. Ал қабынулық медиатор-ларды түзетін эффекторлық жасушалар қатарына өзінің монокиндерін (интерлейкин I) қарқынды бөлетін иммундық жауап жасушалары – макро-фагтар мен лимфокиндер (интерлейкин II) түзетін лимфоциттер де жатады. Жасушалық медиаторлар микротамырлардың өтізгіштігін артырып, фагоцитозды жандандарып қана қоймайды, олардың бактериоцидтік әсері де бар, сондай-ақ салдарлық альтерация дамытып, қабынулық үдеріс-ке иммундық механизмдерді сабақтастырып, қабыну ошағындағы жасуша-лардың көбейіп (пролиферация), толысуын (дифференцировка) реттеп, репарациялық үдерістерді және зақымды жерді дәнекер тіннің жай-лауын қамтамасыз етеді (ХІ тәсім). Қабыну ошағындағы жасушалардың өзара әрекеттесуінің дирижеры – макрофагтар.
Плазмалық және жасушалық медиаторлар өз әрәкетін тығыз сабақатастықта және бірін-бірі қолдай отырып, аутокатализдік жауап ұстанымы тұрғысынан атқарады (Х,ХІ тәсімдерді қара). Медиаторлардың әсері жасушалар беткейіндегі рецепторлар арқылы жүзеге асады. Сол себепті қабыну ошағындағы медиатор түрінің ауысуы жасушалар түрінің алмасуымен сабақтасып отырады; мысалы, полиморфядролы лейкоциттер фагоцитозды қамтамасыз еткеннен соң оның орнын репарацияны жүзеге асыратын, макрофагтық монокиндер жандандырған фибробластылар басады.
Микротамырлар өткізгіштігінің артуы
Кининдер
Калликреин-кининдік жүйе
Полиморфядролы лейко-циттер хемотаксисінің жандануы
Калликреиндер
Хагеманның
факторы (XII)
Ұю және үйытуға қарсы жүйелер
Қанның ұю жүйесін жандандыру (тамырдағы коагуляция)
Плазмин
Комплемен-тарлық жүйе
Фагоцитоздың жандануы
С3 – С5 компоненттер
